Бастауыш мектебі жабылады дегенді естіген халық шу шығарды

  Рет қаралды 1,039

Информбюро 31

Информбюро 31

16 күн бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Биыл Жетісу облысында 22 бастауыш мектеп жабылады. Оның бірі Қаратал ауданына қарасты Ұмтыл ауылында орналасқан. Бұл жаңалықты естігелі бері елдімекен халқынан маза кетті. Олар білім ошағының есігіне қара құлып салынбасын деп шу шығарды. Халық ауылдың болашағына, балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды. Себебі, көрші ауылға ұл-қыздарды күн сайын тасу оңай емес.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Бүгінгі шығарылымда:
Халықпен кездесуге келген аудандық білім бөлімінің басшысы бұл бастама білім сапасын көтеру үшін жасалып жатқанын жеткізді. Сондықтан балаларды келесі оқу жылынан бастап жеті шақырымдық жерде орналасқан көрші Жаңаталап ауылына апаруды ұсынды. Алайда бұған ата-аналар үзілді-кесілді қарсы.
САНДУҒАШ ҚАСЫМОВА, Ұмтыл ауылының тұрғыны:
- Далада ит-құс деген сияқты бар мысалы, оны да естіп жатамыз, уайымдаймыз. Кейде көлік жүреді, кейде жүрмейді, соған уайымдаймыз.
АҚЖАМАЛ ТЕМІРЖАНОВА, Ұмтыл ауылының тұрғыны:
- Мен ол жаққа жібере алмаймын баламды. Мына мектеп жабылмаса екен деймін. Осында оқиды түгел. 5 балам бар, екеуі инвалид.
Ауылдағы бастауыш мектеп осыдан 22 жыл бұрын ашылған. Қазір мұнда төрт мұғалім он бес балаға сабақ береді. 2020 жылы бюджеттен 5 миллион теңге бөлініп, нысанның есік-терезесі, едені ауыстырылып, ыстық және суық суы тартылыпты.
ӘСЕЛ ЫРЫСБЕКОВА, Ұмтыл ауылының тұрғыны:
- Қазір ауылымызда жастар көбейіп келе жатыр. Мына мектеп жабылатын болса балаларымызды қайдан оқытамыз?! Әр жыл сайын 7-8 баладан дүниеге алып келіп жатыр.
Бүгінде Ұмтыл ауылында 200-ге жуық тұрғын бар. Басым бөлігі жас отбасылар. Дені мал шаруашылығымен айналысады. Олар мектеп жабылатын болса ауылдың да болашағы бұлыңғыр деп алаңдаулы. Ал, шенеуніктер ұл-қыздардың ары-бері қатынап оқуына толық жағдай жасалады деп сендірді.
ЖАНДОС ТЕНЕБАЕВ, Қаратал аудандық білім бөлімінің басшысы:
- Біз ол балалардың қауіпсіздігі үшін жаңа автобус та беріп отырмыз. Кезекші мұғалімге дейін қойып береміз. Осыған дейін тасымалданып келе жатыр ғой үлкен сынып оқушылары. Балалардың білім сапасын жоғарлату үшін біз осындай қадамға барып тұрмыз.
Атқамінерлер ауылдағы төрт ұстаз жұмыссыз қалмайтынын жеткізді. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, биыл өңірде 22 бастауыш мектеп жабылады. Білім нысандары жергілікті әкімдіктердің балансына берілмек.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 7
@user-mu9rj9wt3l
@user-mu9rj9wt3l 13 күн бұрын
Жаңа мектеп салып берсін, оған дейін осы ғимаратта оқи тұрсын.
@user-em6vd4qf9t
@user-em6vd4qf9t 14 күн бұрын
Асхана жоқдеп мектепті жабама??
@user-xo1gb2pc9s
@user-xo1gb2pc9s 13 күн бұрын
Кеңес үкіметі кезінде мектепте оқып едім ауылда асхана деген болмайтын сол дұрыс еді асханадан тамақ ішіп жарытпайды , бұның бәрі ауылды құртып жерді сату .
@user-wl9mz2fn8n
@user-wl9mz2fn8n 14 күн бұрын
Ай,ептиалмайттар-ай...
@user-et7le3ii6r
@user-et7le3ii6r 12 күн бұрын
Сол автобуспен өздері жүрсін, бір сыныптын балалары ерте шығат екіншісі кеш шығат сонда қақиып тосып отырама? 1бала болсада оқыта берсін, сонда ауыл көбейеді, әйтеу ақша жымқырылып тек кетет!
@user-lu7py7bf7h
@user-lu7py7bf7h 13 күн бұрын
Дамыған Қазақстан гой
@svetlananusipovna4812
@svetlananusipovna4812 13 күн бұрын
... 👩‍💻💫🙇🪑🧸🧮🗺️🏫👩‍🏫 Балаларга обал емес па , автобус бар , Бирак бензин жок , жол нашар ! Ойланып барып истеу керек шыгар ! ...
I Need Your Help..
00:33
Stokes Twins
Рет қаралды 89 МЛН
Қазақстанға Қытай камераларынан қауіп бар ма? (рус.субтитры)
22:42
АПТАП / МИЛЛИАРДЕР КІМ?
7:58
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 1,7 МЛН
Listen every morning! Surah Yasin. Serik qari Akhmetov. Surah Yaseen
18:41
МЕКТЕП АСХАНАСЫНДАҒЫ ДАУ-2/ KOREMIZ
46:48
Көреміз / «KÖREMIZ»
Рет қаралды 111 М.
Астарлы ақиқат: Қорадан қаштым - 2
45:01
Қазақтың тойы қадірін жоғалтып алған жоқ па?
3:29