Рет қаралды 294
Баяндаманың мақсаты: Оқытудың инновациясы туралы сипаттама бере отырып, инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жолдарын айқындау
Педагогикалық идеяның міндеттері:
Мектеп оқушыларының білім деңгейін дамытудың инновациялық әдістерін зерделеу.
Мектеп оқушыларының білім деңгейін дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
Оқытуда кең тараған инновациялық әдістерге шолу жасау;
Кейбір әдіс түрлеріне сипаттама беру;
Орта мектепте оқыту үрдісінің сапасын арттыру мақсатында негізгі сабақ түрлерінің және оқыту әдіс-тәсілдерінің күрделі педагогикалық проблемасына теориялық түсінік беру, сабақ түрлерінің және әдіс-тәсілдерінің көп қырлы мәнін, олардың арасындағы байланысын, топтастырудың әр түрлі жолдарын және жеке оқыту әдістерінің мазмұнын, рөлін, тиімділігін анықтау;