Бекболат Тілеухан - Абай ''Қартайдық қайғы ойладық'' /Bekbolat Tileuhan - Abai/

  Рет қаралды 274,207

Zauresh

Zauresh

Күн бұрын

Пікірлер: 241
@ТигрЛев-л4с
@ТигрЛев-л4с 5 жыл бұрын
Мен 7 классымда М Ауезов атабыздын " Абайдын жолу" китебин окуп коп таасир алгам. Мен кыргызмын бирок Абайды озумдун бабам деп билем. Кыргыз- Казак бир тууганбыз.Досум баласынын атын Абай койгон.
@НииикНииикк
@НииикНииикк 5 жыл бұрын
Шыңғыс Айтматовпен Мұхтар Шахановтын бірігіп жазған кітабы бар: "Құз басындағы аңшы зары немесе ғасыр айлағындағы сырласу" деген сол кітапты оқып көрініз. Керемет кітап!
@МоеНикакое
@МоеНикакое 4 жыл бұрын
Алла разы болсын
@СайранОспанов-т8п
@СайранОспанов-т8п 3 жыл бұрын
Казактын баласы жыласа, Кыргыздын Анасы толкиды екен. Ким не десе де Кыргыз бизге биртуган! Казак-Кыргыз биртуган!
@РинатНургалиев-к7л
@РинатНургалиев-к7л Жыл бұрын
Жарайсың Қырғыз бауырым
@ДаригаТолеухан-ж5и
@ДаригаТолеухан-ж5и 3 ай бұрын
Неше ң😮ң😅4😅😮😮😅4​u😂😮🎉😅🎉😅🎉😮😮@@НииикНииикк
@andrejlaganowski8022
@andrejlaganowski8022 7 жыл бұрын
Рахмет казах поэт из далекой Германии близкому сердцу Казахстану
@СаятТлеубаев-й4щ
@СаятТлеубаев-й4щ 2 жыл бұрын
Это не просто поэт а наш поэт и философ Абай Құнанбаев.
@СаятТлеубаев-й4щ
@СаятТлеубаев-й4щ 2 жыл бұрын
Это же не просто поэт а наш поэт Абай кунанбаев!
@balnuryessen2920
@balnuryessen2920 Жыл бұрын
@loghhirruthe-67j0
@loghhirruthe-67j0 5 ай бұрын
Хэрцлихэн данк дойчам Дойчлянда!
@ДӘУРЕНБЕКМАХАНҰЛЫ
@ДӘУРЕНБЕКМАХАНҰЛЫ 2 ай бұрын
Бәрекелді Абай атамыз бәрін біліп жазып кеткен екен ғой Алла рақымына алсын. Қазіргі уақытқа да көріп, білгендей дөп айтқан екен.🤲🤝👏👍✊🇰🇿
@СандугашБекенқызы
@СандугашБекенқызы 4 ай бұрын
Мен Семей обл. Шұбартау ауданында туып, өстім. АБАЙ АТАМ ШОЛМЫЛҒАН БАҚАНАС ӨЗЕНІНЕ МЕН ДЕ, ШОЛЫПЫП БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМ ӨТКЕН. МАҚТАН ЕТЕМ. АРУАҒЫҢМЕН ҚАЗАҒЫҢДЫ ҚОРҒАП, ҚОШТАСЫ АБАЙ АТАМ. ❤❤❤
@selimkhan4725
@selimkhan4725 Жыл бұрын
Бекболболат ағаға Аллам разы болсын! Ұзақ жасасын. Бәледен, жаманшылықтардан сақтасын!
@ХақназарӨміртай
@ХақназарӨміртай 7 жыл бұрын
Қандай дана ұрпақтың тұяғы қазір жоғалып бара жатқанына ішім удай ашиды. Ұлтымызды жоғалтпайықшы Қазақ елі.
@ЕрболатИргебаев
@ЕрболатИргебаев 6 жыл бұрын
Хақназар Өміртай олай айтпа бауырым
@ЕрболатИргебаев
@ЕрболатИргебаев 6 жыл бұрын
Быз бармыз жане де бар боламыз
@ХақназарӨміртай
@ХақназарӨміртай 6 жыл бұрын
Ерболат Иргебаев бармыз бірақ азбыз. Жастарымыз көбі шет елге еліктеуде. Тіпті бұрынғыдай ақыл айтатын ата-əжелеріміз де аз. Көбі басында орамалы жоқ. Ауызында иманы жоқ елге айналудамыз. Əрине тәрбие көзі қазақи тәрбие жойылып барады
@aim_kz
@aim_kz 2 күн бұрын
Өте терең екен мағынасы❤Бұл өлеңді ұғу үшін сана биіктігі қажет❤әр сөзіне мән берсем, таңырқаудамын❤🎉
@mereimeirbek4580
@mereimeirbek4580 5 жыл бұрын
бекболат аға болмағанда біз Абайды, қазтуған, дарды танымас едік қойййй. Бекболат аға керемет жан ғой осы кісімен кездесу арман ғой!
@sbtl.racurs-kz
@sbtl.racurs-kz 7 жыл бұрын
Өсы өлеңді менің қайран әкем өте жақсы көруші еді. Мен 5 жасқа келгенде осы өленді жатқа білуші едім. Қонаққа барған жерде, әкем ойнап жұрген жерімнен шақыртып алып ұлкендердің алдында оқып беруді сүраушы еді. Ол кезде біздің ауылда youtube түгіл теледидар болмауші еді. Түгел аулдың ішінде, біздің және тағы бір ағайындың үйінде радиоқабылдаушы болатын. Бекболат інім, өркенің өсе берсін, елге танымалы жігітсің, жетістіктен жетістікке жете бер. Өнеріңе өте ризамын!
@ҚаратайАқберген
@ҚаратайАқберген Жыл бұрын
Бекболатты жамандайтын қазақтар осы əнді неге тыңдамайды?
@botabushmanovaa7612
@botabushmanovaa7612 9 ай бұрын
Бұрын жөні түзу кезіндегі орындау ғой, кейін іблистің жолына түсіп кетті ғой
@ЖахаОмирбай
@ЖахаОмирбай Ай бұрын
Бекболатты халык жаман кормид ози тек сонгы кезде шайып кетип журген
@ЕрмекНурханов
@ЕрмекНурханов 7 жыл бұрын
Қайран Абай аруагыңнан айналдым. Алла сізден разы болсын. Кәзірде елдің қамын жеген. қаншама азаматтар. куғынға кеттіғой.
@balnuryessen2920
@balnuryessen2920 Жыл бұрын
@СандугашБекенқызы
@СандугашБекенқызы 4 ай бұрын
Бекболат өте талант қой. Бірақ, жолдан тайып, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АЛДЫНДА АБЫРОЙЫН ТӨГІП АЛДЫ ҒОЙ😢😢😢
@aim_kz
@aim_kz Күн бұрын
Рахмет Бекболат аға❤ әдемі, әсерлі, мағыналы әуен үшін алғысымды білдіремін ❤️
@ҚуанышбекАмирханов
@ҚуанышбекАмирханов 6 жыл бұрын
Уа шіркін ай не деген керемет сөздер рахмет ұлы Абай атама артынан жақсы сөз айтып кеткен алла разы болсын
@ЕрнұрҚабыш
@ЕрнұрҚабыш 6 жыл бұрын
Мұхтар Шахан,Бекболат Тілеухан ағаларымызға,ілескен,сөздерін тыңдап,санасына құйған қазақтар нағыз Қазақтар.Бізге дəл қазір ұлтшылдық керек ақ.
@ДамешЖолдасова
@ДамешЖолдасова 5 жыл бұрын
Д.Жолдасова Осы өлеңді мен тыңдағанды жақсы көрем өте тамаша айтылған.Ұлы Абай аруағы қолдасын. Елімізде ұлы Абайдай азаматтар көп болғай.
@АбуталипБаймамиров
@АбуталипБаймамиров 5 жыл бұрын
Недеген, әсерлі терме. Жарайсыз Бекболат аға, қазағым деп журген азаматтардын бірісіз, осы қыйын жолда Аллахым сізге күш қуат берсін👍
@nurdauletislam7191
@nurdauletislam7191 7 жыл бұрын
Бастауыш сыныпқа домбыра пәнін қосу керек сол кезде ұлтшыл боламыз буйырса
@ХақназарӨміртай
@ХақназарӨміртай 7 жыл бұрын
Nurdaulet Islam келісемін
@МакоМурат-у5з
@МакоМурат-у5з 6 жыл бұрын
Өте орынды! Домбра, сурет, қобыз, күресті мектеп қабырғасында тегін болса дурыс болар еді. Балалардың қызығушылығы мен білімділігі арта түсер еді, уақыттарын текке өткізбес еді.
@СымбатНургалиева-п3ъ
@СымбатНургалиева-п3ъ 4 жыл бұрын
Иә. Тамаша болар еді. Әр қазақ домбыра шертуді білуі міндетті ғой.
@жасулантилеккабылов
@жасулантилеккабылов 6 ай бұрын
​@@ХақназарӨміртай😊
@МенҚазақпын-х3ю
@МенҚазақпын-х3ю 6 жыл бұрын
Бекболаттың дауысы ғажап. Əн қандай керемет.
@jenisulyisatai5547
@jenisulyisatai5547 5 жыл бұрын
Магнасы кандай терен, шыркын Абай (жалгыз кысы акикатка жеткен) Ар созы омырмен далелденген, АЛЛАны таныган данышпан.
@ТолеубекЗайсанбаев
@ТолеубекЗайсанбаев 4 жыл бұрын
Абайдың философия өнегеге толы өлеңдерін насихаттаудың ең үздік үлгісі. Әуен мен сөзі жымдасып тұр, оған орындаушылық шеберлік пен керемет дауысты қосыңыз. Әуені Бекболаттың өзінікі. Абайдың өлеңдерінің ішінен қаймағын қалқып алған.
@qazaqkrutoi8466
@qazaqkrutoi8466 5 жыл бұрын
В то время когда все говорили на русском и бухали по черному,не признавая ничего казахского.мой отец жаткан жеры жайлы болсын,пел на казахском и играл на домбыре.Правда или нет в ауле больше никто не играл в то время на домбыре,помню прихожу со школы, издалека слышно было эти звуки пронизывающие сердце...ар казагым жалгызым.
@akmoshen3014
@akmoshen3014 Жыл бұрын
Әкеңіз домбыра тартып,қазақша ән айтпағанда,сіз мына жерге келмес едіңіз.
@brat9501
@brat9501 Жыл бұрын
Это наверное в России?
@АиткумисТаласбаева
@АиткумисТаласбаева 4 жыл бұрын
Керемет! Айтқан өлеңізге әнгіме жоқ, қандай даусың сайрап саңқылдап тұр, жүректі тербелтіп тұр! Бақытты бол! Аман бол!
@ГазизЖумашев-к1ч
@ГазизЖумашев-к1ч 4 жыл бұрын
Оһ ,шіркін-ай,өзі өлсе де сөзі өлмес,асыл сөздер, деген осы шығар
@mansurbaz9007
@mansurbaz9007 5 жыл бұрын
Бекболат аға, рахмет сізге. Тыңдап көзіме жас келіп отыр.
@nurbolmasson9416
@nurbolmasson9416 3 жыл бұрын
Рахметті Абай атаңа айт
@erbolatzhunusov9414
@erbolatzhunusov9414 5 күн бұрын
Қандай керемет дана Абай қалай айтқан. Бекболат сағанда рақмет жақсы айтасың 👏👏👏
@МейірбекСулейменов
@МейірбекСулейменов 5 жыл бұрын
Ұлы Абай бабамыздың қара сөздері Қазаққа мәңгілік ел болуға жазған Конституциясы.
@МенҚазақпын-х3ю
@МенҚазақпын-х3ю 6 жыл бұрын
Ұлы адамнан қалған асыл мұраны бүгінгі ұрпаққа осылай керемет қылып жеткізіп жатқанызға шексіз ризамын. Үніңіз ғажап енді, сізге үлкен денсаулық тілеймін. Қай жағынан алсақ та нағыз қазақсыз. Аман болыңызшы.
@aikaaik3151
@aikaaik3151 6 жыл бұрын
Тамаша Бекболат ағамыз өзі Абайдай терең ойланады ғой мен де Абайдың әрбір сөзін өте жоғары бағалаймын әр қазақ Абай атамыздай болсын
@БалкенРахметбаева
@БалкенРахметбаева 3 жыл бұрын
Жүректеріңізде атам заманнан келе жатқан рухтарыңызға Аллаһ Тағала сабырлық пен сана берсин. Қазақ елі.
@ДастанЖиенбаев-ц4ф
@ДастанЖиенбаев-ц4ф 6 жыл бұрын
Бекболат ага Алла разы болсын Абай дын жолын берсин
@bytatti
@bytatti 7 жыл бұрын
Абай ұлы - ғұлама ақын ғой осындай өлең жазған.
@МадиярБалгабаев-ю5ъ
@МадиярБалгабаев-ю5ъ 6 жыл бұрын
Абай улы тулга мын жылда бир туар.
@nurlantastemirov9277
@nurlantastemirov9277 6 жыл бұрын
Ассалаумағалейкум Бекболат аға сыздың даусыңызды естып қазақ болып туғаныма қуанам бірақ неге жасық болдық бұл өмір бірақ рет беріледі ғой қазақ болудан қалып барамыз.
@РаисШалабаев
@РаисШалабаев 3 жыл бұрын
Бекболат баурымыз. Енбегин зор,!
@tleuhanm6301
@tleuhanm6301 5 жыл бұрын
Не деген керемет бекболат абаи атамыз кезіне барып қаитьық
@erlikserikov6091
@erlikserikov6091 7 жыл бұрын
Керемет!!!! "Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек"..... Не деген керемет , мағыналы сөз. Құнанбайдай ұлы тұлғаның, Зередей кемеңгер ананың тәрбиесінде болғанының өзі бір Алланың сыйы ғой....
@АлмашЫнтыкбаева
@АлмашЫнтыкбаева 6 жыл бұрын
Ақын айтам деп айтпайды.. Құдай аузына сөз салады...
@АлмашЫнтыкбаева
@АлмашЫнтыкбаева 6 жыл бұрын
Если собаки лают; То ты на коне...
@jamalabdramsnova9244
@jamalabdramsnova9244 6 жыл бұрын
Алмаш Ынтыкбаева
@ЗиданХажи
@ЗиданХажи 6 жыл бұрын
Анасы даретсиз емизбеген Абайды,акеси Кунанбай кажылыкка барган.
@БакытжанКусаинова-ц2б
@БакытжанКусаинова-ц2б 4 жыл бұрын
Абай менің құрдасым ! Енді 59 жас жасасам да ғұламаның айтып кеткендеріне өрем жетпес . Осындай ғұламаның айтып кеткендерін халқына барынша жеткізіп отырған бекболатқа тіл тигізуді тоқтатыңдар.
@gabitkhassan5011
@gabitkhassan5011 3 жыл бұрын
Ұлы ақынның сөздерін бұзып айтады екен. Аллаһ емес Алла т.т. Орындауы ғаламат. Рахмет көп-көп
@СемейЕЛІ
@СемейЕЛІ 7 жыл бұрын
Алла жар болсын аға аман болшы
@dogoods9330
@dogoods9330 5 жыл бұрын
Great profound poet. Бекболат рахмет. Қандай керемет мағынасы терең сөздер!
@НуржанБаймаханбетов-г7у
@НуржанБаймаханбетов-г7у 7 жыл бұрын
Па шіркін! Не деген зор дауыс !
@МунгушКөк-жатык
@МунгушКөк-жатык 6 жыл бұрын
Казак боордошторго салам
@СандугашБекенқызы
@СандугашБекенқызы 4 ай бұрын
КЕРЕМЕТ. АБАЙ АТАМНЫҢ ЖЫРЛАРЫНЫҢ СӨЗІ СҮЙЕКТЕН ӨТЕДІ ҒОЙ. 😢😢😢 ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН ОСЫНДАЙЛАРМЕН ӨМІР КЕШІП ЖАТЫРМЫН😢😢😢😢
@ДинТугелов
@ДинТугелов 7 жыл бұрын
нағыз жүрекке жеткізіп орындаған.
@nabiratazh22
@nabiratazh22 7 жыл бұрын
Бекболат тума талантты бір туар жігіт, қадірін қашан біліп марапаттар екенбіз???
@ЕржанЕржан-ь6р
@ЕржанЕржан-ь6р 2 жыл бұрын
Сарай аншисиго нан кетип еды уни шыкпай калды.
@СаятТлеубаев-й4щ
@СаятТлеубаев-й4щ 2 жыл бұрын
Нағыз марапат халықтың құрметі!
@LLMTokenizationID
@LLMTokenizationID Жыл бұрын
Оны халық сенімі үшін салафит деп жүр.
@Мағжаншығыс
@Мағжаншығыс Жыл бұрын
Сектабасың "аллаһ" өзгертіп отыр, абай атамыздың сөзін
@aburaikhankurbankulov3756
@aburaikhankurbankulov3756 Жыл бұрын
Орнды айтылған сөз
@МухитСалиев-ь2м
@МухитСалиев-ь2м 3 жыл бұрын
Бекболат аға сіздің Алла берген өнеріңіз, қазақтын кеңдаласымен байтақ жерін, жырлап муңдауға берген. Керемет дауысымен. Билекке барып басында жақсы болып, соңында сағыңызды сындырып алдыңыз. Аман болыңыз
@atabaiziaden3434
@atabaiziaden3434 5 жыл бұрын
Рахмет Зәуреш!! Өте жақсы жасалған. Керемет сөз, аманат. "... Ол кетер бастан жығаң қисайғанда..." Жығаны бүгін біле бермейді. "Өлді деуге сия ма, айтыңдаршы...
@ДадаНетнет-п7ы
@ДадаНетнет-п7ы 5 жыл бұрын
Бекболат макамына келтирип орындапты! Мын жаса!
@aigulaitmukashkyzy601
@aigulaitmukashkyzy601 5 жыл бұрын
Тамаша! Шынында тәңiрден басқаның несi қызық
@АсетЕлибек
@АсетЕлибек Жыл бұрын
Осындай қазақтын болымысын, санасын сипаттайтын тарихын, жастарға рухани азық болатын ағаларымызға жасалып жатқан қианат жанға батады. Құлдық санадағы қазақтар түсінбей, өсекке сеніп, қазақ қазақтын қадіріне жетпей жатыр.
@КарлыгашБайбекова-с3ъ
@КарлыгашБайбекова-с3ъ 6 жыл бұрын
Казагым елим кайкайып белин сынуга таянып турган кезде Бекболатка тил тигизуди койсандаршы
@МайраИскакова-т1о
@МайраИскакова-т1о 2 жыл бұрын
Дай Аллах тебе Бекболат здоровья счастья удачи живите долго спасибо за ролик желаю удачи и долголетия будьте счастливы и здоровье живите долго за песню великого Абая.
@Кайрат-е6и
@Кайрат-е6и Жыл бұрын
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, Ашуың - ашыған у, ойың - кермек. Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық, Кім көңілді көтеріп, болады ермек? Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек. Ер ісі - ақылға ермек, бойды жеңбек, Өнерсіздің қылығы өле көрмек. Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай, Еріншек ездігінен көпке көнбек. Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек, Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек. Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек. Адамзат тірілікті дәулет білмек, Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек. Екеуінің бірі жоқ, ауыл кезіп, Не қорлық құр қылжаңмен күн өткізбек? Наданға арам - ақылды құлаққа ілмек, Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек. Рас сөздің кім білер қасиетін, Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек. Қызыл арай[1], ақ күміс, алтын бергек Қызықты ертегіге көтерілмек. Ақсақалдың, әкенің, білімдінің, Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек. Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек, Әр нәрсеге өзіндей баға бермек. Таразы да, қазы да өз бойында, Наданның сүйенгені - көппен дүрмек. Алашқа іші жау боп, сырты күлмек, Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек. Бір-екі жолы болған кісі көрсе, Құдай сүйіп жаратқан осы демек. Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек, Періште төменшіктеп, қайғы жемек. Өзімнің иттігімнен болды демей, Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек. Сырттансынбақ, қусынбақ, өршілденбек, Сыбырменен топ жасап бөлек-бөлек. Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ, Өзімен өзі бір күн болмай ма әлек? Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек, Адалдық, арамдықты кім теңгермек? Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ, Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.
@НурсултанНурпейсов-ш8с
@НурсултанНурпейсов-ш8с 2 жыл бұрын
Сізді ішім түсінеді. Түсінуге дәйегім бар. Бірақ қарсы оқталған жалаларға сене жаздаймын, бірақ нақтылық, дәйегі жоқ, дәрменсіз болған соң ысырып қоя беремін. Аман болыңыз, сіз біз боп бұл қазақтың көзін ашамвз
@bekzthasen6485
@bekzthasen6485 4 жыл бұрын
Өте керемет, Шыны керек тыңдап отырып бір шабыт аласың!!!
@АзаматНурмухамбетов-е1я
@АзаматНурмухамбетов-е1я 6 жыл бұрын
Рахмет Бекболат Ага
@atabaiziaden3434
@atabaiziaden3434 5 жыл бұрын
Зәуреш, рахмет. Керемет. Мынау басқаларынан да жақсы шыққан екен.
@zaure2013
@zaure2013 5 жыл бұрын
Көп көп рахмет
@adilbaidauletov7160
@adilbaidauletov7160 6 жыл бұрын
Акыл сурауга киси тапаганда Абайдын кара созин окысан озинди иесиз калмайсын
@СағындықОзаев
@СағындықОзаев 25 күн бұрын
Басқан із көрген қызық артта қалар біл Алладан басқаның бәрі өзгермек🥹
@АлимжанАбдигаппар-ф1к
@АлимжанАбдигаппар-ф1к 5 жыл бұрын
Абай атамыз оз аузынан уағыз айтып бергендей сезіндімғой,,
@АружанНурмуратова
@АружанНурмуратова 5 жыл бұрын
Abay ata máńgilik júregimizdesiz! Máńgilik RÝH 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿💙💙💙💙
@КукаЖан-д4ч
@КукаЖан-д4ч 6 жыл бұрын
Массагааан Рахмет Бекболат ага мумкиндик болса тагы шыгарынызшы
@ТимерланТимнровичь
@ТимерланТимнровичь 3 жыл бұрын
Велики человек вавсех смыслах
@loghhirruthe-67j0
@loghhirruthe-67j0 5 ай бұрын
Замечательно! Спасибо большое!
@АйбекҚуандықұлы
@АйбекҚуандықұлы 2 жыл бұрын
Абай атамызда Аллаһ деп айтқандай айтты
@mobilamobila7984
@mobilamobila7984 5 жыл бұрын
Қазір теледидардан текқана əртістерді өсекегенше осындай ұлттық , патриоттық нəрселерді насихаттаса.
@СаламатМамаев-в7з
@СаламатМамаев-в7з 6 жыл бұрын
Магыналы создер жаксы орындалган рахмет!
@ЗиданХажи
@ЗиданХажи 6 жыл бұрын
Керемет.Рахмет Ибрахим атамызга да,Бекболат агамызга да.
@ОлжасТургораев
@ОлжасТургораев 6 жыл бұрын
Кайран жалган омир .
@МолдабайРасулов
@МолдабайРасулов 6 жыл бұрын
Бекболат агам тума таланткой, Баке сизге Алла разы болсын
@ЗейнешТулегенова-щ3в
@ЗейнешТулегенова-щ3в 3 жыл бұрын
Алла жаратқан тілеуімді берді операция сәтті өтті Жасағаным басымды иемін
@ТилеубекНурдолда-ч6н
@ТилеубекНурдолда-ч6н 6 жыл бұрын
Керемет орындау мағыналы сөздер рахмет
@МоеНикакое
@МоеНикакое 4 жыл бұрын
Оте керемет.айтылган сози да магынасы
@серикмендешов
@серикмендешов 4 жыл бұрын
өте күшті айтылған
@nazekanazeka7410
@nazekanazeka7410 7 жыл бұрын
керемет!!!
@АиткумисТаласбаева
@АиткумисТаласбаева 4 жыл бұрын
Бекболат Тілеухан осы домбыраңды шертіп жүре бермедіңбе! Барі сонда жақсы болып, жаның тыныш болатын еди ғой! Өзінді өзін танй алмай адасып қайда кеттің! Бойындағы тылсым күшті қайда жібердің, алдеде Алланын берген жанын тануға болады ғой! Осының барін қазіргі кезде қайда жібердің!
@ТогжанЖакишева
@ТогжанЖакишева Жыл бұрын
Сөзді жетесіне жеткізе түсінген жан ғана дыбыс пен мақамды осылай керемет қабыстырып жырлар.
@ЖанарбекИманкулов-в3т
@ЖанарбекИманкулов-в3т 5 жыл бұрын
Бәрекелді
@ГулзипаСауранбаева
@ГулзипаСауранбаева 4 ай бұрын
Ешқашан екірмейтін сөздер, жүрегің езілед, толқынданасың.Жасап өткен өмірің бәрі көз алдыңнан өтет күшті.❤
@БагилаМырзағали
@БагилаМырзағали 5 ай бұрын
Сен мені кешіресен мен кожанан улымын Тәуке ханның жеті жарғысы 😊
@moonshwhiteiron7919
@moonshwhiteiron7919 2 жыл бұрын
Бекболатын айткан олендери керемет.Шебер орындайды.
@miracle-3565
@miracle-3565 6 жыл бұрын
Жылағым келеді , сөзім жоқ
@БалкияБазарбаева
@БалкияБазарбаева 6 жыл бұрын
Бекболат керемет əнші.
@Анафиа
@Анафиа 5 ай бұрын
Абай атамыздың әр өлеңін осылай жырласа рухымызды оятар Бекболат тамаша жырлайды
@sanshosaco748
@sanshosaco748 2 ай бұрын
Қиаметеріңе әрекет істеңдер деп тұр ғой тоқетерін айытқанда
@olli1k37
@olli1k37 2 жыл бұрын
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? Махаббат, ғадауат[1] пен майдандасқан, Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма? Біреуге жай, біреуге тез болмай ма? Асау жүрек аяғын шалыс басқан, Жерін тауып артқыға сөз болмай ма? Сонда жауап бере алман мен бишара, Сіздерге еркін тиер, байқап қара. Екі күймек бір жанға әділет пе? Қаны қара бір жанмын, жаны жара. Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ, Айлаға, ашуға да жақтым шырақ. Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым, Етекбасты көп көрдім елден бірақ. Ой кіргелі тимеді ерік өзіме, Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме. Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті, Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме! Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей, Мен келмеске кетермін түк өндірмей. Өлең шіркін - өсекші, жүртқа жаяр, Сырымды тоқтатайын айта бермей.
@Жибек-ы8ы
@Жибек-ы8ы 4 ай бұрын
❤❤👍👍
@atabaiziaden3434
@atabaiziaden3434 4 жыл бұрын
алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір
@KabdenNurpeisov-oq5rt
@KabdenNurpeisov-oq5rt Жыл бұрын
Керемет Абай атамыздай шежіре ақын жазушы болмағанғой
@naimanqarakerei117
@naimanqarakerei117 6 жыл бұрын
Ой шіркін дүние!
@СерикАйтжанов-х8р
@СерикАйтжанов-х8р 3 жыл бұрын
Шіркін Абай ата айттың ғой еститін құлақ болса
@АлмагульБилялова-э3б
@АлмагульБилялова-э3б 8 ай бұрын
Ғажап ' Арғын елі ' Бәрін Әкелді ғой ' Небір ' Ерлерді ! Қызғаныш ' Қызыл Ит ' Қара Пышақ ' Айналдырмайды ! Алла тағала ' Өзі Берсін ' Жазаларыңды ' Өңшең ' қиқым тобы ' Тұз Жалаңдар ' !!! Алланың 'Ерекше назар аударылды ' Біз ' Өр ' Арғындарға !
@серикмендешов
@серикмендешов 4 жыл бұрын
тамаша мағынасы бар өлең
@ДулатТыныбеков
@ДулатТыныбеков Жыл бұрын
Керемет, рахмет!
@ДауренЕсболов-э8и
@ДауренЕсболов-э8и 4 жыл бұрын
Керемет браво
@АиткумисТаласбаева
@АиткумисТаласбаева 4 жыл бұрын
Бекболат Тілеухан: сенің ішкі жан дүниең Абайды таныған адамсың, қазір қай жерден табылып жүрсің! Халық сені қай жерде жүрсеңде саған жамандық тілемейді сен әдеми бинеңмен, әсем дауысты сазыңмен, домбыраңмен елге танылдың, қазір сол Бекболат Тілеухан қайда дегенге қалай жауап берер едіңіз!
@Uzer012
@Uzer012 4 жыл бұрын
Тағдыры солай шығар
@СалтанатАбиш-н3ф
@СалтанатАбиш-н3ф Жыл бұрын
Кушти дауыс керемет аитат Жуз жасасын
@СаятТлеубаев-й4щ
@СаятТлеубаев-й4щ 3 жыл бұрын
Ең үлкен марапат халық құрметі.
@БагилаМырзағали
@БагилаМырзағали 5 ай бұрын
Күдай ау казакха сыймай кеткен дауыс 😊
@oktomkanmoldo8440
@oktomkanmoldo8440 6 ай бұрын
Бекболот ен сонун ырдайт
@birzhan62
@birzhan62 2 жыл бұрын
Керемет орындау
@dastantauekelov5930
@dastantauekelov5930 Жыл бұрын
Ай қазағым ай әлі өзгерген жоқ сол заманнан бері
Бекболат Тілеухан Қазтуған Қайран Еділ
3:44
Qazaqeli. ru (Қазақ елі)
Рет қаралды 68 М.
Sigma girl VS Sigma Error girl 2  #shorts #sigma
0:27
Jin and Hattie
Рет қаралды 124 МЛН
Жездуха 41-серия
36:26
Million Show
Рет қаралды 5 МЛН
Ингуши настоящая реальность
59:02
Rooms Coworking
Рет қаралды 9 М.
Қырғыз жеріндегі бәйге/КҮРЕҢШҰНАҚ.
36:06
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 49 М.
А Байтұрсыновтың өз дауысы
16:57
Dosmuhambetov mektebi
Рет қаралды 493 М.
ЗЫН ТЕРМЕЛЕР  019
41:31
Alisher Baydullaev
Рет қаралды 4,1 МЛН
Sigma girl VS Sigma Error girl 2  #shorts #sigma
0:27
Jin and Hattie
Рет қаралды 124 МЛН