Бекболат Тілеухан мен "Дикий Арманның" қатысы бар ма? - Спорт та салафиттер торына айналып барады

  Рет қаралды 14,930

NE BOLDY

NE BOLDY

Күн бұрын

Уахабизм немесе салафизм деген не өзі? Қазақстанға қайдан келді, кім әкелді? Мұнда оны кімнің әкелгені маңызды ма? Егер алдыңызда намаз оқитын екі адам отырса, біреуі теріс ағымның өкілі десек, оны қалай танимыз? Уахабшылардың басты белгісі? Саны Қазақстанда бір млн-ға жуықтады деген рас па? Хиджаб кимесін деп орамалдылармен радикалды әдіспен күрескен қаншалықты дұрыс? Қазіргі заң уахабшыларды жоюға неге қауқарсыз? Ендігі жаңа заңнан пайда бар ма? Бізде неге жамағатты жинап, уағыз айтатын медиа тұлға - имам аз? Теріс ағымның кіруінің төрт кезеңі қандай? 2024 жылы дін мәселесі ушығып кетпей ме?
Соңғы уақытта қоғамды алаңдатқан дін төңірегінде осындай сұрақтар өте көп. Мұның бәрін біз танымал теолог Жандәулет Сүлейменовке қойдық. Жауапқа қарағанда «Овертон терезесі» келе жатыр. Бұл сонда не? Оны сұхбаттан тыңдап біліңіздер.
Көруге ыңғайлы болуы үшін:
00:00 Анонс
01:46 Теріс діни ағым мәселесі парламентке жетті. Депутаттарға карт бланш берілген бе?
03:19 "Овертонның терезесі"
04:11 Парламенттен дін тақырыбы көтеріліп жатса демек алаңдайтын дүние бар. Өтірік теологтер де қаптады
05:16 Бізден заң бар, бірақ оның әдейі орындамай отыр
06:01 Неге билік салафизм мен уахабизмді нақтылап, халыққа ескерту айтпайды?
07:23 Діни мотивпен 100 адам сотталса, соның 90 пайызы белгіл бір мектепті ұстанатын жамағат, демек қауіпті
08:58 Салафизм идеологиясы ауылдарға жетті
10:49 Қазақ қоғамына тәуелсіздік алғаннан кейін әдейін әкеліп енгізді
12:24 Ақтөбедегі терактіге қатысқан жігіттің бірін білемін. Бізде неге экстремизмге қарсы идеологиялық мамандар дайындалмайды?
13:00 30 жылдағы экстремизмді біздіге 4 кезеңге бөліп қарастыру керек. бірінші кезең - ешкім оны түсінген жоқ 1990-2000 жылдар
13.35 Екінші кезең: Теріс ағым отбасыларға кірді - "шеше мұның харам" дейтін бала көбейді. 2000-2010 жылдар
14:06 Үшінші кезең: қылмысқа өтіп, мемлекетке қарсы шыға бастады - 2010-2020 жылдар
14:25 Билік не істей алды?
16:10 Төртінші кезең: қазіргі шақ. 2024 жылы дін ахуал қандай болатыны белгісіз
17:10 Сириядан қайтарылғандар қауіпті ме?
18:48 Уахабисттер мен салафиттер деген кімдер өзі?
20:56 Бізге қалай келді?
22.08 Салафиттер бізге 5 кезеңмен кірді. Олардың да старатегиялық бағдарламалары бар
23:39 Спортшылар ішіндегі әсіре діншілдерді тексеру керек
26:10 Уахабшыларды қалай танимыз?
29:27 Хиджаб мәселесіне нүкте қойылған жоқ, үтір тұр. Негізі леп белгісі қойылуы керек
35:41 "Сириядан келгендер қазір терорлық әлекетке бармайды"
38:00 "дінге келдік" деген уахабшылардың сөзі
39:12 Бұл да коронавирус сияқты қанымызға сіңіп барады
40:46 Діни ұстазды қалай таңдаған дұрыс?
41:35 Неге жамағатта ұйытып ұстап, пәтуасы жететін медиа тұлға-имандар өте аз?
44:11 Қанша уахабшы бар - Статистика жасау мүмкін бе?
46:06 Қазақи ислам деген не?
46:17 Тәңіршілдік деген проблема бар
48:15 Радикалдарды қалай дұрыс жолға түсіруге болады?
50:00 Радикалдардың көбі нене жоғалтады?
51:00 Адасудың басты себебі
Әлеуметтік желілеріміз:
www.tiktok.com/@nukte.kaz?lan...
/ nukte_kaz
/ neboldy.kz
profile.php?...

Пікірлер: 248
@aidynoljaev1305
@aidynoljaev1305 Ай бұрын
Әкесі мен атасы Тірі бола тұра , Жап -- жас бозбала жігіттердің , сапситып сақал қойып , шолақ дамбал , тізеден төмен , екі жаны жырым көйлек киіп , Вахаф , Салаф т.б ИТизмге кіріп кетіп жатыр ! Заң шығару керек , 18 ге келгенше , діни медіресе дегенге жолатпау керек ! Сақалды 35 -- 40 жасқа жетпейінше , сапситып өсіруге мүлдем тиым салу керек ! . Ал , хижап , нихап дегенді мүлде жойып , тек өзіміздің Ұлттық киімдерге басымдық беру керек !!! Ал хиджап пен. нихап кигендерге. ҮЛКЕН ШТРАФ төлеттіру керек !. Заңды қаталдандыру керек , әйтпесе 15 жыл болды СЕКТАНТТАРмен құр ғана айту , жазуды тыңдап жатқан жоқ , сондықтан заңмен Талап ету керек !!!.
@user-jo1bf2pv6p
@user-jo1bf2pv6p Ай бұрын
Адасқан Қазақ жастары салафит бахаб хиджап болып Арабқұл болып Қазақ ұлтын жойып жібермекші Жоғарыда отқан Діни басқарма Ұлттық қауіпсіздік қайда қарап отыр 😢😢😢 Елге қасірет
@user-qz1yp4ve5k
@user-qz1yp4ve5k Ай бұрын
Олардың мақсаты бөліп бағу))
@user-gq9gi6ot3f
@user-gq9gi6ot3f Ай бұрын
Бул салаты уахабты хижапты жоию керек
@user-ek8pr5zj5r
@user-ek8pr5zj5r Ай бұрын
Дурыс айтады спортшыларды кадагалау керек. Олар биздин нагыз ултшыл жауынгерлеримиз болу керек
@user-cs8kq2bg4r
@user-cs8kq2bg4r Ай бұрын
Жандаулет інім өте дұрыс нақты ойын жеткізді және елге деген патироттық сүіспеншілігі жоғары екен рахмет саған қазақ елі үшін шырылдап отыр.
@user-zr7vy7ig2s
@user-zr7vy7ig2s Ай бұрын
Дінмен біздер жастарды улап жатырмыз.Қазір ораза ұстаимын деп балаларда аитады. Балаларға ораза ұстау керек емес деп оилаимын. Кеибіреулер ауыз ашарда насыбаи атады. Қазір оразаны әншеиін бір нәрсе деп оилаиды. Дінмен аиналысатындар текқана намаз оқу емес,ол кішіпеиіл болу керек,үлкендерді сыилау керек.
@atyraukazakhstan1708
@atyraukazakhstan1708 Ай бұрын
Дін қалай жастардың басын улайды а !. Егер билік абу ханифа сектасында болса ?.
@user-mx1bt4jd5x
@user-mx1bt4jd5x Ай бұрын
​@@atyraukazakhstan1708өзің сәләф сектасындасындасың ба?
@sarmatarmat9301
@sarmatarmat9301 Ай бұрын
​@@atyraukazakhstan1708Абуханифа мойындалған мазхап бүкіл мұсылмандар мойындаған ал салафит секта болады ол далелденген
@user-hg5fv9is7g
@user-hg5fv9is7g Ай бұрын
Аллаға шүкір мұсылманмын -- сәләфизм,уаһабизм,таблиғи жамағат,сүлейменші,талибандарға қарғанда -- Тәңірші қазағым әлде қайда жақсы - Негізінде .
@sarmatarmat9301
@sarmatarmat9301 Ай бұрын
Ия арақ ішіу керек өмін деп айтыу керек ар ақ мағынасын түсініу керек ө мін мағынасын түсініу керек ойнас жасау керек секс жасағанды мақтан тұтыу керек 😅 танір жарылқасын аспандағы көк цвет жарылқасын
@user-hg5fv9is7g
@user-hg5fv9is7g Ай бұрын
@@era-px9lq Алла тағаланың - Исламын : жік- жікке бөлгендерде мұсылман емес : сәләфит,уахабит.тб.
@user-hg5fv9is7g
@user-hg5fv9is7g Ай бұрын
@@era-px9lq Алла тағаланың - Исламын : жік- жікке бөлгендерде мұсылман емес : сәләфит,уахабит.тб.
@user-jo1bf2pv6p
@user-jo1bf2pv6p Ай бұрын
Қазақ ұлтының жанашыр азаматы🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@aigolek79
@aigolek79 Ай бұрын
Спорттарта жастар көп,әл бастан адасып жатыр,осыны ортаға салғандарыңызға рахмет сіздерге! Енді дұрыс жолға салатын көзі ашық мамандар осыны қолға алу керек.Осы сұрақтарды мемлекет,депутаттар тарапынан қолға алса
@user-gg4ct9fs7h
@user-gg4ct9fs7h Ай бұрын
Өте сауатты жігіт екен. Әрбір екінші қазақ отбасын мазалаған ойларды айтты.
@user-qf5pc6qb8i
@user-qf5pc6qb8i Ай бұрын
Бекболат қазақты екіге бөлді.
@user-oq3wt9ed4e
@user-oq3wt9ed4e Ай бұрын
Дұрыс айтады, спортшылар арасында әсіре діншілдерді май шаммен қарау керек, қазір боксшылардың белгілі бір дәрежеде жетістіктерге жете алмауының себебі сол.
@user-jo1bf2pv6p
@user-jo1bf2pv6p Ай бұрын
Аңқау Қазақ қайда баражатыр бір тобы арабқұл бір тобы орысқұл бір тобы түрікқұл бір тобы европа құл болып Қазақ жастары адасып батпаққа батып жатыр 😢😢😢
@Play-gz7er
@Play-gz7er Ай бұрын
Казак надан,билимсиз кайда барарын билмей адасып аласуруда!?
@zhasmin888
@zhasmin888 Ай бұрын
Дұрыс айтасыз. Өзім де бала өсіріп отырмын. Заңсыз жүріп жатқан агитация бәле болды.
@user-um7jl8ju2e
@user-um7jl8ju2e Ай бұрын
Бізде әкемнің ағасы 1941-1945 жылғы соғыста хабарсыз кетті. Әжем сол баласын 82 жаста қайтыс болғанша күтіп жүрді. Папам соғым сойғанда, апам бір табақ етті орап тығып қоятын "бұл Бекеннің сыбағасы" деп. Келесі соғым уақыты келгенде сол етті пісіріп туыстарды шақыратын "Бекеннің сыбасын жеңдер" деп. Құран оқытпайтын " мен қара қағаз алған жоқпын, жер басып жүрген шығар" деп. Сол үмітін өзімен қабырға алып кетті.
@bahitaljanov60aljanovbakit62
@bahitaljanov60aljanovbakit62 Ай бұрын
Спортшылар арасында бұлар қөбеіп барады. Білекте қүш бар бырақ ми жоқ болса мықты мемлекет болу өте қыиын сяқты. Білім және ғылым технология мықты дамыған евреилер өздері өте аз,,430 миллион арабтарды тырп еткізбеи отыр.жалпы мұсылман мемлекеттерде білім және ғылым технология мүлдем дамымаған. Бір дұғамен ештеме бітпейтін сяқты 21ғасырда.
@user-st1tt7ky8u
@user-st1tt7ky8u Ай бұрын
Жандаулет балам бәрін орынды,тиянақты түсіндіріп бердің.Адамгершілік тәрбиесіндегі істеріне Алла берекесін беріп,ғұмырлы болуыңды Алладан сұраймын.
@user-oq3wt9ed4e
@user-oq3wt9ed4e Ай бұрын
Жақсы сұхбат, жастар жағы көбірек көрсе екен.
@user-ut6ws6wv4b
@user-ut6ws6wv4b Ай бұрын
Әсіре діншіл қоғам ешқашан азаматтық қоғам құра алмайды. Кез-келген діндер өздерін ғана дұрысқа шығарып, басқаның бәрін адасқан санайды. Әсіре діншіл адам басқа адамдардың қақына араласа бастайды. Мысалы: анау қарам, мунау дінде жоқ, бұл дінде тиым салынған, мынаған дін рұқсат бермейді, бұл киім дұрыс емес, былай жүр - былай тұр... т. б осылай кете береді. Біз дін талабымен жүретін дін басқаратын мемлекет емеспіз. Біз демократиялық зайырлы елміз. Ата заңымыз бар, азаматтық қоғамымыз бар өркениетті жолға түскен заманауи елміз. Мынау 21- ғасырда, орта ғасырлық өзгенің дүние танымдарын тіршілік дәптерінен сызып тастайтын уақыт әлде қашан келді. Бізге діндер емес ғылым-білім ауадай қажет. Әлемде 57 елден тұратын, ислам ынтымақтастық ұйымы бар. Бұл елдерде 2 миллиард адам өмір сүреді. Әлем жер асты байлығының 70% осы елдерде. Бірақ бұл 57 елдің экономикасы, еуропадағы 5- экономика саналатын аграрлық ел испания мен ғана теңеседі. Ғылым-білімге жалпы ішкі өнімнің 7% ғана бөледі. Медицина сапасы төмен. Орташа жас 60 тан аспайды. Дамыған елдерде орташа жас 85 жас. Олимпиада ойындарында осы 57 елдің бүкіл медаль саны, жалғыз жапонияның өзіне жетпейді. Осындай мысалдар өте көп. Енді ойланып көруге болады. Қандай жол елді өркендетіп дамытады екен?
@daulsad5843
@daulsad5843 Ай бұрын
Қырта бермей бірінші ақриетті ойлау керек және соған амал жасау.Бірінші,төртінші жетпісінші орын және алпыс-жетпіс жас дей бермей.
@user-hy1xm5ui6x
@user-hy1xm5ui6x Ай бұрын
Кім..қандай..болсын..мұсылман..елдерінің..өздерінің...өмір..сүруі..бар...осыны..түсін..
@user-mq8xm5ed8j
@user-mq8xm5ed8j Ай бұрын
дурыс айтасыз , оку керек , билимге талпыну керек, адамзаттын артында салпылдай бермей
@user-ut6ws6wv4b
@user-ut6ws6wv4b Ай бұрын
@@daulsad5843 Не ол?)) Ертегімен өмір сүргенше. Мынау ертегі сияқты әдемі өмірді дұрыстап тұрып сүрген дұрыс.
@user-om5nb9cl7q
@user-om5nb9cl7q Ай бұрын
​@@daulsad5843ертегілерді өз араларыңда айтыңдаршы, адамның басын катырмай. Сендерге 1001 ночи деген ат кою керек 😀
@seitkassymaouelbekov4098
@seitkassymaouelbekov4098 Ай бұрын
Жалпы, сұқпаттың соңына дейін қызыға тыңдадым. Ғылыми тірлікпен айналысқаны көрініп тұр Сүлейменовтің. Тартымды. Қызық әңгіме. Келіспейтін сұрақ «Тәңіршілдіктен» басталды. Негізінде, метафизикалық сенімді дін ретінде қабылдаудың критериі Священное писание, Пророк и религиозные ритуалы деп түсіну 18 ғасырдың соңында, эволюционистер мен Просвещение ойшылдарының тұсында қалыптасқан, ескі қағида. Баста политеизм болды. Ол дами келе, монотеистік діндер қалыптасты. Анимизм, тотемиз и прочие формы верования - это не религия деу - сол сөздің басша айтылған түрі. Бірақ, бүгінгі ғылыми тұрғыдан қарағанда, бұндай пікір - анахоронизм, ғылымға қатысы жоқ ой. Монотеизм деген терминнің өзін күманның астына қояды қазіргі дінтанушы ғалымдар. Мысалы, Thomas Römer, Jacqueline Chabbi. Осындай үлкен қателіктің теологтардың аузынан шығып жатуының себебі, олар дін тарихы мен анропологиясын білмейді. Егерде теолог мырза «Религиозная антроплогия» деген кітапты ағылшын, француз немесе неміс тілінде тауып, оқып шықса, Тәңіршілік жайындағы пікірін өзгертер еді, - деп ойлаймын. Негізінде, ешбір діни қағида ешбір мәдени тұтастықтың қойнына ойнастай кіре салмайды. Ол бірнеше сатыдан тұрып, тіпті соңғы сатысына дейін синкреттік қасиетін сақтап жатады. «Тәңірі Құдай сақтасын» деп батасын да беретін бізге әжелеріміз. Бұл жайында белгілі антропологтар Латын Америкасы, Африка материалдары негізінде жақсы көрсеткен. Мәселенің осы тұсын тем елеусіз қалдырғаны өкінішті.
@user-hp5mr6qc9e
@user-hp5mr6qc9e Ай бұрын
Өте дұрыс мәселе көтеріп отыр мемлекет дереу қолға алмаса ертең кеш болуы мүмкін, егер уже кеш болмаса. Шындығына келсек осыған да кінәлі мемлекет тамыры тереңге кеткен жемқорлық кеше қайғылы қаңтардан кейін сәл ойланғандай болған (ол қорқыныштан екен) қазір бұрынғыдан әрмен жемқорлық жәйләп барады. Ал енді спортшыларға келсек кеше боксшыларымыз лицензиялық турнирде көрдім он сөз айтса тоғызы аллахтың қалауымен аллахтың қалауымен не сұмдық министрлік қайда, КНБ қайда жаттықтырушылар қайда ұлттық құрамаға алмау керек қажетті жоқ алсын апарсын басқаларын заңға бағынатындарын қалғандарға сабақ болсын сақалдарын алдырсын заңға бағындырсын ,олимпиаданы қырып жатқандары жоқ бір қолаға бола әлем чемпионатында да соншама қаражат бөлінеді сияқылары сұмдық елге танымал артарынан көп жастар ереді олардың Мырзағали Айтжанов қайда қарап жүр әлде оларға ақша болса болды ма
@user-tr4ho7zo3w
@user-tr4ho7zo3w Ай бұрын
Рахмет бауырым. Ақылы бар адам баласына осы әңгімеден біршама тәлім алуға болады деп санаймын. Асыра діншілдікке және кез келген салада фанатизмнен ауылын аулақ салған бабаларымыз адамгершілік пен табиғаттың арасындағы тепе -теңдікті ешқандай дінсіз -ақ жан дүниесімен бесіктен алған түркілік тәрбиесімен -,ақ қанына сіңген.
@user-jo1bf2pv6p
@user-jo1bf2pv6p Ай бұрын
Атаңа мың алғыс білімді жанашыр Азамат 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-dk7ol1oy4h
@user-dk7ol1oy4h Ай бұрын
Өте дұрыс жастар әр түрлі уагызшылар ға ерип анау дұрыс мынау дұрыс деп БОЛИНИП кырылысып жатады өте қауіпти Уагызшылар оздерин кудаи санаи дау аузына келген оттаи ды Тарихтан кабарсыз Мадениеттиктен журдаи Аруақ Домбра Харам деп 8наурыз тоилагандар Аиуандар деп ким оларға ондаи аитуга кукк береди Аналарымыз ТАИТ деп Текти ұрпақ тарбиеленген диндерди тексере ин уақыт келди бұл кезек кутпес мәселе Қазақтын Ұрпақтың тағдыры тұр Сиздерге Үлкен Рақмет
@user-jo1bf2pv6p
@user-jo1bf2pv6p Ай бұрын
Арабқұлдарға Тосқауыл қоймаса қазірден Кейін кеш болады Ұлттық қауіпсіздік қайда қарап отыр😢😢😢
@user-rm3nr7su6p
@user-rm3nr7su6p Ай бұрын
😂😂😂😂😂😂😂
@user-ik7dj8xj9g
@user-ik7dj8xj9g Ай бұрын
Өте тамаша сұқбат! Толық қолдаймын! Осындай мамандарға көбірек мүмкіншілік беру керек, олар бұқарамен көптеп жұмыс істеу керек!
@tektiBau
@tektiBau Ай бұрын
Әруақтан аттамайық. Өзімізді құрмет қылайық.
@atyrau2620
@atyrau2620 Ай бұрын
Әруақ деген қазақтың сөзі ма, әруақтан кім аттады?
@tektiBau
@tektiBau Ай бұрын
@@atyrau2620 шайнама
@mad.max.5238
@mad.max.5238 Ай бұрын
Оліп калган аруакты ешкім козгап казып жаткан жок ей карангы надан
@tektiBau
@tektiBau Ай бұрын
@@mad.max.5238 шешеңнің ::::::
@user-yb7ps3zw8f
@user-yb7ps3zw8f Ай бұрын
Занга,багыну,керек😊
@user-ej8qw3ww9m
@user-ej8qw3ww9m Ай бұрын
Уа Аруақ деп атойлап елін қорғаған бабаларым ұстанған ілімді мойындаймын
@h-nz1bj
@h-nz1bj Ай бұрын
Ата бабаларынмен бирге шаикасып единбе
@user-eq3yt3yd4d
@user-eq3yt3yd4d Ай бұрын
Аруақ деп өлген кісілерді айтып шапқан жоқ, аррух деп әркім өз рухын айтып рухтарын көтерген.
@neoqazaq
@neoqazaq Ай бұрын
​@@h-nz1bjсен мұхалектің соңынан неге еріп жүрсің, екеуін бірге шай ішіп па едің
@user-gq9gi6ot3f
@user-gq9gi6ot3f Ай бұрын
Жараисын дурыс аитасын аруак.ол куш Берген бабаларымызга
@user-gc6js1qv8h
@user-gc6js1qv8h Ай бұрын
​@@h-nz1bjесек
@user-rv2np7un1y
@user-rv2np7un1y Ай бұрын
Ислам Каримов, немесе Ататүрік құсап жарып суға батырып жіберу керек діншілдерді болды шшс
@user-nf2fc8wg3j
@user-nf2fc8wg3j Ай бұрын
ӨТЕ ДҰРЫС АИТТЫҢ,БІРАҚ,ОНДАИ ЖҮРЕК ЖҰТҚАН ,БІЗДЕН ШЫҚПАИ ТҰРҒОИ.
@user-wd4by1gq6v
@user-wd4by1gq6v Ай бұрын
Жандәлет бауырыма дұрысын айтып жеткізді Алла тағалаға тәуба қазаққа керекті биліке осындай жігітер болады, ақ жол тілеймін!!!
@nurlankamel3062
@nurlankamel3062 Ай бұрын
Білімді азамат екен! Алар шыңың біиік болсын!
@user-hp5mr6qc9e
@user-hp5mr6qc9e Ай бұрын
Айта-айта Алтайды Жамал апай қартайды дегендей, айтқан сайын үдеп жарнамаланып жатқан сияқты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшыларының түрі анау бәрі абақтыда общим бұл ойыншық емес дереу қолға алмаса елдігімізді егемендігімізді жоғалтып алуымыз қаупі үлкен
@user-jo1bf2pv6p
@user-jo1bf2pv6p Ай бұрын
Атырау Ақтөбе Орал Алматы Астанада Арабқұлдар қаптап кетті 😢😢😢 Тәуелсіздікке Қазақстанға Үлкен қауіп төндіріп отыр 😢😢😢
@user-mx1bt4jd5x
@user-mx1bt4jd5x Ай бұрын
Иә,Батыстықтарды,Қарағандылықтарды сол ағымға кіргізіп адастырды.
@user-qz1yp4ve5k
@user-qz1yp4ve5k Ай бұрын
Қазақтың мойнына арқан салып аштан қырып бағындырмақ болған совет өкіметі де құлап қалған. Он мың жыл тарихы бар ұлтты адастыру оңай емес. Біздің жастар ол біздің ғана жастар
@sarmatarmat9301
@sarmatarmat9301 Ай бұрын
Мен мұсылманмын бірақ арабқұл емеспін. ҚОТАҚТЫ ЖЕПСІН мұсылманын барі арабқұл емес
@user-fj7qi6oc6l
@user-fj7qi6oc6l Ай бұрын
Осындай билимди азаматтар кооооп болсын
@user-ip2il6ln6k
@user-ip2il6ln6k Ай бұрын
Билікке жету үшін дін ағымдарын пайдалану елде өршіді, оны бәріміз білеміз! Сол ағымдардың кесірі дәстүрлі дінге де тиді. Ол ағымдар аздай, тәңіршілер, сопылар, зікіршілер дегендер шықты. Сонымен бәрі бір бірімен кереғар болған кезде, халық дінге салқындай бастады. Аш құлақтан тиыш құлақ деп, үйімізде отырып қана, бір аллаға сиынып отырмыз
@user-gq9gi6ot3f
@user-gq9gi6ot3f Ай бұрын
Оте дурыс аитады.бул саясат оларды куыу керек ертен жауымыз болады Солар елдын аттын шыгармаиае коисыншы сакалдылар онып жатканымыз шамалыгои
@user-id2et8vn5f
@user-id2et8vn5f Ай бұрын
Казирги замандагы когамдагы молда Иман кажылар.Оздерида билмейди не болып жатканын.Халыкты абден битирген шатастырып.Кез келген жерде айтатындары Артурли уагыз.О дуние мына дуние барганда деп айтатындары.Баска ешбир шаруалары жокаудим.
@user-nf2fc8wg3j
@user-nf2fc8wg3j Ай бұрын
КӨМЕИІНЕН КӨР КӨРІНГЕН ИМАМДАР КӨБЕИДІ.СОЛ ЖАҚҚА ӨЗДЕРІ БАРЫП КЕЛІП,СОСЫН АИТСЫН.
@akzholmynbaev2013
@akzholmynbaev2013 Ай бұрын
Керемет сұхбат
@user-db4tj1es2n
@user-db4tj1es2n Ай бұрын
Бекболат Тілеухан сайраук тіл 👅😛 жағына сенген төрт аяқты 🐶
@user-ek1mh7ez6d
@user-ek1mh7ez6d Ай бұрын
👍👍👍👍👍👍✊️✊️✊️✊️✊️✊️
@rinatrii7224
@rinatrii7224 Ай бұрын
Керемет
@user-um7jl8ju2e
@user-um7jl8ju2e Ай бұрын
Қазақстанда бір ғана дін болу керек, ол дін ата-бабаларымыз ұстаған ұлттық қазахи дәстүрге келістіріп қабылдаған ислам.
@k.alax7524
@k.alax7524 Ай бұрын
Барлық жағын қамтыған сауатты сұхпат болды. Жандәуелет сыяқты дін саласының сауатты, отанға , ұлтқа адал қызмет ететін жастарын көбейту керек! Ал, Құралай осы саланың ғылымый деңгейі жоғары мамандарымен болған сұқпатты көбейтіп , біздің қоғамда үлкен қауіпке айналған бұл саланың пердесін ашып еліміздің болашағына атсалсуды арттыруларыңыз керек!
@user-rv2np7un1y
@user-rv2np7un1y Ай бұрын
Дұрыс спортшыларды толық тексеру керек
@user-bl3pr2ky4z
@user-bl3pr2ky4z Ай бұрын
,дұрыс .қолға алу.керек.Спорт дейсіздер. Охранный агенства түгел солар көз.көріп жүр Тоқтату керек.
@user-ls9tf8bj9v
@user-ls9tf8bj9v Ай бұрын
Аруак деп коп айткан улкен кисилер Алга деп
@aruzhansaykomova3460
@aruzhansaykomova3460 Ай бұрын
Кейбір пікірлеріңізбен келіспеймін. Мектепте ешқандай дін өкілдеріне басымдық беруге болмайды. Барлық баланың құқығы тең. Бізге осындай тамақ мәзірі керек дейді, содан кейін қыздар бөлек, ұлдар бөлек оқысын дейді, одан қалды кейбір пәндерді алып таста дейді, оның шегі жоқ…
@clashclasher977
@clashclasher977 Ай бұрын
Тәңір діні жасасын
@user-tq3my2un9o
@user-tq3my2un9o Ай бұрын
Бауырым өте дұрыс аитвп отыр спортшылар жаиында
@user-oi6rb7tp1z
@user-oi6rb7tp1z Ай бұрын
Осы қазіргі салафиттердің балдары өспейме,олар одан бетер көбеймейме сонда не болады болашақ.
@user-hh5dm7mw4p
@user-hh5dm7mw4p Ай бұрын
Сакалдарын алдыру керек, жап жас балдар сакал коиып шал боп журеди,жиркеништи!
@A-km4di
@A-km4di Ай бұрын
Талибан ұстанымы: абу Ханифа мазхабы, матруди ақидасы
@user-hg5fv9is7g
@user-hg5fv9is7g Ай бұрын
ҚМДБ - нан басқаның бәріне заңмен тыйым салу керек : одан басқа дұрыс жол жоқ.
@Sss-zu3fz
@Sss-zu3fz Ай бұрын
Мына журналист қыздың білімі орташа екен талқылауға
@user-st1tt7ky8u
@user-st1tt7ky8u Ай бұрын
Кейінгі кезде журналистер неге ананың атын ата.мынаның атын ата деп жағымсыз,адамгершілікке жатпайтын тұрпайы сұрақтарды қоятын болған.Жиркенішті.Мына баланың білімділігі көрініп ақтұр.
@user-ik7dj8xj9g
@user-ik7dj8xj9g Ай бұрын
Тамаша сұқбат!
@user-rz8qz7hx4z
@user-rz8qz7hx4z Ай бұрын
Бізге Каримов пен Ататүрік керек
@user-bs6wi8sf8m
@user-bs6wi8sf8m Ай бұрын
Өте білімді адам екен. Алла разы болсын, негізі бұл өте маңызды тақырып және өте күрделі, бұл тек заңмен ғана шеліледі, бірақ байқау керек дәстүрлі ислам дінімен күресіп кетпеу керек. Егер дәстүрлі ислам дінін шектейтін болса онда одан күрделі мәселе туады, азғындықтың есігі ашылады. Соны да ойлау керек!
@user-hh5dm7mw4p
@user-hh5dm7mw4p Ай бұрын
Дурыс аитады,спортсмендердин барин катты тексеру керек,бари уланып калган,ауылдык жерден бастау керек,толып жур букпантаилап,жас балдарды билимсиздикке уиретип,намазга уиретип,жумакка барасын о дуниеде деп,катты тексеру керек,шынында нуктесин кою керек
@user-lt1nt4ho4v
@user-lt1nt4ho4v Ай бұрын
Хиджапқа тиымсалу керек жиіркенішті
@bakitzhanbokhanov1138
@bakitzhanbokhanov1138 Ай бұрын
Неге дін танушы ғалымдар қайда
@user-kr5xd2qe9i
@user-kr5xd2qe9i Ай бұрын
Қолдаушылар үкімет басында да болып тұр ғой КНБ жақсылап араласуы керек
@user-di8ye3pn6i
@user-di8ye3pn6i Ай бұрын
ӘУРЕТІН ЖАПҚАНДЫ КІНӘЛАМАЙ, ЖАРТЫЛАЙ ЖАЛАҢАШТАРДЫ ТЫЮ КЕРЕК. ОРАМАЛ -АЛЛАНЫҢ БҰЙРЫҒЫ, ЖАЛАҢАШТЫҚ- ҰЯТСЫЗДАРДЫҢ МОДАСЫ.
@user-ce3wn1mq8u
@user-ce3wn1mq8u Ай бұрын
Дін бизнес болып кеткен,қажылық ойыншық болды
@user-nf2fc8wg3j
@user-nf2fc8wg3j Ай бұрын
ҚАЖЫЛЫҚ,ДЕГЕН ПОКАЗУХА ҒОИ.ОСЫЛАР,БАИЛЫҒЫНЫҢ АРҚАСЫНДА ҚҰТЫРЫП ЖҮРГЕНДЕР ҒОИ.
@A-km4di
@A-km4di Ай бұрын
Теріс ағым белгілері: қатыны жаланбас, өзі сақалсыз
@user-wk7jg6ry8z
@user-wk7jg6ry8z Ай бұрын
Бунын барине назарбай кинали ,адейи студенттерге жат агымдарга уагыз айттырды миларын улады буны типти ата аналарда билмеди ,
@user-lu5zf2ps8x
@user-lu5zf2ps8x Ай бұрын
Сақалды хиджап киген дерді жүргізбеу керек жастарды.
@user-to6ks6bl6i
@user-to6ks6bl6i Ай бұрын
Пионер деген тағы бір кәпір шығыпты.
@Kazakstan217
@Kazakstan217 Ай бұрын
👍
@user-tr1gg5sc2d
@user-tr1gg5sc2d Ай бұрын
журналист дурыс аитады иделогия угіт насихат жургізу керек
@user-wk7jg6ry8z
@user-wk7jg6ry8z Ай бұрын
Уагызшыларды курту керек ,сиздер жумыс жасап жатсаныз не кайыр ,уы агызшылар куртып жатыр , осыны тусинбей кормей отыр дегенге акымакта сенбейди , жемкорлар ултты ойламайды деген соз ,бул бир бизнес сякты ,
@user-xc6cv2fz3l
@user-xc6cv2fz3l Ай бұрын
Мына бауырымның айтып отырғаны 💯 пайыз дұрыс айтып отыр
@Sss-zu3fz
@Sss-zu3fz Ай бұрын
Идеалныи адам тек пайғамбар болған болды
@poiytrr939
@poiytrr939 Ай бұрын
оз байкаганым 7милон асады динге киргендер . депудаттар бар . жогары жактанда бар . ЕГЕР БАСКА диндегилер окиметке отырса онда казакстан КУЛАЙДЫ.
@user-nf2fc8wg3j
@user-nf2fc8wg3j Ай бұрын
ДҰРЫС АИТТЫҢ,АУҒАНСТАН БОЛАМЫЗ,
@user-fg1lj6fi7s
@user-fg1lj6fi7s Ай бұрын
САУАТТЫ ОҚЫҒАН ТОҚЫҒАНЫ БАР АЗАМАТ . ТУРА АЙТАДЫ ЕКЕН КӨП МƏСЕЛЕ БОЙЫНША . ТАЛАНТТЫ АДАМ БƏРЕКЕЛДІ .ЖАРАЙСЫҢ . ЕҢБЕГІҢ ЖЕМІСТІ БОЛСЫН . ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗГЕ ЖАҢА ҚАЗАҚ ЕЛІ . БОЛУЫНА ОСЫНДАЙ ЖАСТАР КЕРЕК . СҰХБАТ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ СИПАТТА БОЛДЫ .
@user-cu1jj8fv4h
@user-cu1jj8fv4h Ай бұрын
Мына теологтың айтуынша уахабпен сахаба ға қарағанда тәңіршілер қауіпті көрінеді,тәңіршілер не қауіп төндіреді екен.соған қарағанда өтірік салафтарға бүйрегі бүрып тұрған сияқты
@user-vz6sg8lg7l
@user-vz6sg8lg7l Ай бұрын
Тәрбие тал бесіктен деген . Жастарға ес білген кезден тәрбиені дұрыстау керек.Улкенді сыйлау, жасты құрметтеу ,, бір-біріне қианат жане ғайбат сөз айтпауға. Исламда Абу Һанифа мазхабын барлық мұсылман қауымға дұрыстап түсіндіру керек . Сол вахавизм және салафизм ағымдары , Абу Һанифа мазхабы атына кір келтіріп жатыр, оны көп халық тусінбейді.
@ygffgy5040
@ygffgy5040 Ай бұрын
Казактар ешуакытта аруак деп жауга шаппаган жауга Аллах деп шапкан
@atyrau2620
@atyrau2620 Ай бұрын
Дінмен айналысқанша, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту керек емес пе? Әлде халықтың жүзін бұру ма?
@user-fi1hu3wy2i
@user-fi1hu3wy2i Ай бұрын
Дұрыс айтады осыны түсінбейдіғо олар
@user-jo1bf2pv6p
@user-jo1bf2pv6p Ай бұрын
боқболат халықты тонап кетті хайуан иттің баласы😢😢😢 Қазақ кедей ауылда ұл қызын үйлендіре алмай қыйналып жүр 😢😢😢
@user-yh9zh2lh1c
@user-yh9zh2lh1c Ай бұрын
Орынды!
@user-sj6lw3xs5j
@user-sj6lw3xs5j Ай бұрын
Ақтөбеде алдыңғы қатарда жұмыс жасасаңдар, террористер қайдан шықты. Бірінші орында емес пе олар салафит, вахабит жанынан.
@user-di8ye3pn6i
@user-di8ye3pn6i Ай бұрын
ИСЛАМ КІШІПЕЙІЛДІК, ҚАРАПАЙЫМДЫҚ, ҚАМҚОРЛЫҚ, ІЗГІЛІК, БЕЙБІТШІЛІК, ЖАҚСЫЛЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ. ТЕРЕҢ, ІЗГІ ДІН. МҰСЫЛМАНМЫН ДЕП ЖҮРГЕНДЕРДІҢ БӘРІ БІРДЕЙ ЖАҚСЫ БІЛМЕЙДІ. МЫСАЛЫ, ПРАВО АЛУ ҮШІН АВТОШКОЛДА ОҚИСЫҢ. ОНДА ІШІП ЖҮРГІЗБЕ, ҚЫЗЫЛ ШАМДА ЖҮРМЕ, РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН ЖЫЛДАМДЫҚПЕН ЖҮРМЕ ДЕП ОҚЫТАДЫ. АЛ ПРАВО ҚОЛҒА ТИГЕСІН ТЫҢДАМАЙ АВАРИЯ ЖАСАСАҢ, ОҒАН АВТОШКОЛА КІНӘЛІ ЕМЕС. СОЛ СИЯҚТЫ ЖАМАНДЫҚҚА ИСЛАМ КІНӘЛІ ЕМЕС.
@noorik8778
@noorik8778 Ай бұрын
А что все наши девушки валят замуж за турков@
@ygffgy5040
@ygffgy5040 Ай бұрын
Диннен аирылсак казак куриды
@user-tr1gg5sc2d
@user-tr1gg5sc2d Ай бұрын
Европада олар дым істеиалмаиды ол жакта аз
@user-zq6sv9pb6t
@user-zq6sv9pb6t Ай бұрын
Катар мұсылман елінде болып, жергіікті халық-300 мың 2м-7000мың сыртан келген соларға жалданып жұмыс істейді төмен айлығы 4000 доллар... Ал жергікті
@atyraukazakhstan1708
@atyraukazakhstan1708 Ай бұрын
Таурат , забур , інжіл, коран . Бұл адамзатты топқа бөлу емес пе !. Дін - дәстүрге қарсы шығарылған проект !. Мұсылмандардың шариғаты қазақтың салт - дәстүрімен күресе береді , ақыр заманға дейін. Тәңіршіл қазақтан сәлем болсын !.
@user-hg5fv9is7g
@user-hg5fv9is7g Ай бұрын
Хадис :" Ислам шариғаты : жергілікті халықтардың салт- дәстүр,әдет - ғұрыптарына қарсы келмесе тимеңдер"- деген тәрбиелі,жақсы,мән - мағыналы істеріне яғни. салт- дәстүрді,жақсы істерді - исламға қарсы қоятын - Исламды құрту үшін - пайда болған кейінгі саяси топ,ағымдардың ісі. Ағылшын арабтың мұнайына еге болғысы келді : арабтардың басын ірітк үшін( кезіндегі қазақтарды іріткен- орыстар) намаз оқитын арабқа - намаз оқымайтынын,( кәпір) деп айдап салып.
@user-wk7jg6ry8z
@user-wk7jg6ry8z Ай бұрын
Казак ултынын озинин салт дастури бар орамалга келсек турмыска шыкпаган кыз баласы жаулык салмау керек
@user-di8ye3pn6i
@user-di8ye3pn6i Ай бұрын
ТЕРЕҢ БІЛІМДІ ТЕОЛОГ ЕКЕН. МЕНІҢ ОЙЫМНАН ДӨП ТҮСТІ. НҰРЛАН ИМАМ СИЯҚТЫ ЖАҚСЫ ТҮСІНДІРЕДІ ЕКЕН.
@user-el1gr4mu8w
@user-el1gr4mu8w Ай бұрын
Омирге келдик кулшылык пен тиршилик жасау ушин Тиршилик жаксы таза омир суру семьянды бала шаганды асыра когамга пайданды тигезу Кулшылыктын Ен таза жолы Ханафий маскабын устансан еш адаспайсын кияметтиде ойлау керек Аллага Гана сиынып с а с Мухамед онын елшисе екенин мойындауымыз керек сонда сен тура жолдасын
@DOS7.
@DOS7. Ай бұрын
Ислам дініне қарсы болып жүрген қазағым. Өлгелі жатқанда, мені мұсылманша жерлемеңдер, құран бағыштамаңдар деп айтып кеттіңдерші жақындарыңа. Бірақ олай айта алмайсыңдар! Ислам діні арабтардыкы емес, ол бүкіл адам баласы мен жындарға жіберілген дін, және таңдау беріліп қойылған. Ислам дінін жамандай бермеңдер. Оқып білім алыңдар ,анау-мынау айтып жүр демей, қазір дамыған заман. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!
@user-th3ql3ue6f
@user-th3ql3ue6f Ай бұрын
Тақырыпқа мүлде қатысы жоқ.
@user-mb7jr4bb6d
@user-mb7jr4bb6d Ай бұрын
Бұл араф құлдар күшіне мініп келет бұлар өліп қалған муха сенет
@user-tr1gg5sc2d
@user-tr1gg5sc2d Ай бұрын
Олар улауы мумкін геракт не ушін аита. бересің
@atyrau2620
@atyrau2620 Ай бұрын
Проблема Ислам дінінде емес, проблема адамдаодп
@user-yk1sm8oc7o
@user-yk1sm8oc7o Ай бұрын
Атын атау маңызды. Айтсаңшы қорықпай! Ұстаздары бар Дарын Мубаров, қолдушылары Бекболат Тілеухан, насихаттаушы Тазабеков, Қайрат Сатыбалды, анау Сарыағаштағы медреселер
@user-oi6rb7tp1z
@user-oi6rb7tp1z Ай бұрын
Шыныменде сол сарыағаштағы медресені салафиттер салдырған болуы керек. Вирус кезінде әнебір салафиттердің басшысыма біреу өліп еді,вирусқа қарамай сол жердің халқы соның өлігін қоршап әллау акбар деп шулап жүргендерін көрген едік.
@user-om5nb9cl7q
@user-om5nb9cl7q Ай бұрын
Мына кісі кызық екен, тәңіршілдік деген топ емес қой. Ол ертеден келе жатқан қазақтың діні. Ал неге сіз исламды қабылдайсыз дін ретінде, ал төл тәңіршілдікті радикал топ дейсіз. Міндетті түрде кітап болу керек емес қой, исламның кітабына да сенбейтіндер көп мысалы. Ал тәңіршілдер несімен қауіпті, ол жерде менің білуімше ешқандай шарт жоқ, тек қазақтың салт-дәстүрін ұстансаң болды. Маған мысалы түсінбейтін араб тіліндегі дін мүлде керек емес. Мен оны қабылдамаймын. Одан да құдайыммен қазақ тілінде сәйлескенім жақсы. Сондықтан мына кісінің ислам жақсы, ал басқа діндер жаман дегені алаңдатарлық жағдай екен.
@user-nf2fc8wg3j
@user-nf2fc8wg3j Ай бұрын
ДҰРЫС АИТАСЫҢ,ОСЫНЫҢ ӨЗІ ВАХАБТЫ ЖАҚТАП ОТЫР.
@daulsad5843
@daulsad5843 Ай бұрын
Мұсылман спорт шеберлері әдемі көрінеді.Красавчиктер. Намаздарын қаза қылмай, Алланың тиыл дегендерінен тиылып,осы дүниемен болашақ дүниені теңестіруге амал жасап жүрген жастарға жетіп алындар. Ана ел бай, мыналар кедей, статистика-мстатистика, Ғылым-білімнен қатты хабары бар адамдар сияқты білгіштер. Жалғыз дің ол Алланың діңі.
@user-nf2fc8wg3j
@user-nf2fc8wg3j Ай бұрын
ЕШТЕҢЕДЕ ШЫҒАРА АЛМАИДЫ,ОСЫЛАИ,ЮТУБТА ОТЫРЫП,САИРАИТЫН ТОТЫ ҚҰСТАР КӨБЕИДІ.СОЛАРДЫҢ БӘРІН БІЛІП ОТЫРҒАНДАР,НЕГЕ БАСТАН ТӘРТІП БЕРМЕИДІ.ЖЫРЛАР КӨП,ЕНДІ ДАСТАНҒА АИНАЛЫП ЖАТЫР.
@user-mz4lz5di1h
@user-mz4lz5di1h Ай бұрын
Дагестан Жігіттері 100 пайыз Намаз хандар ешқандай қедергі сі жоқ . Савет Үқметі идеологиясы қанымыз қа сыніп қетқен Қүлдық сана әлі басым Орыс тілінің әсері ..
@user-mx1bt4jd5x
@user-mx1bt4jd5x Ай бұрын
Қатесіз жызып үйрен.
@user-mx1bt4jd5x
@user-mx1bt4jd5x Ай бұрын
Қатесіз жаз!
Зомби Апокалипсис  часть 1 🤯#shorts
00:29
INNA SERG
Рет қаралды 4,2 МЛН
АВДА КЕДАВРАААААА😂
00:11
Romanov BY
Рет қаралды 8 МЛН
ISSEI funny story 😂😂😂Strange World 🌏 Green
00:27
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 88 МЛН
Халық Әкіммен Қырылысты!
5:37
ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
Рет қаралды 915
Адам аласы ішінде
15:40
Talim TV online
Рет қаралды 89 М.
Зомби Апокалипсис  часть 1 🤯#shorts
00:29
INNA SERG
Рет қаралды 4,2 МЛН