бекболат тілеухан жылап... НАЗАРБАЕВҚА НЕ БОЛДЫ!

  Рет қаралды 193,201

BILGEN DURYS

BILGEN DURYS

3 жыл бұрын

"АСАР ЖАМАҒАТЫ" мұқтаждар тобына қосыламын, қайырымдылық жасаймын, қол ұшын созамын деген жандарға біздің сілтемеміз chat.whatsapp.com/EqQWUPyZklz...
KASPI GOLD 5169 4931 4847 1363
ИИН 8505 1030 1275
ТЕЛ.: 8 747 714 01 14
ИСКАКОВ КУАНЫШ КУАТОВИЧ
Бәріңізге Ассалаумағалейкум!
Күн көсем Хрущевтың қызы айтыпты: "Әкем өзін ешкімге мақтатқызбаған. Сталиннен кейін, өтірік мақтаулармен және жеке басқа табынумен күресті. Бірақ әкемді тоқтамай мақтай берді. Әкем сол өтірік мақтаулармен 2 жыл күресті. Үшінші жылы сол мақтауларға, өзі де сене бастады" депті.
Біздегі шектен шыққан жағымпаздық пен табан жалағыштықты қатаң сынап, қоғамға зияны мен кері әсерін барынша әшкерелеп жазған журналист Сәкен Сыбанбайдың мақаласын ұсынамыз.
Бізде жағымпаздар көп. Әсіресе үкімет жақта, билік жүйесінде, әкімдік орындарда. Керек десеңіз, сол қызметтерге жете алмай жанталасып жүрген қаншама потенциальный жағымпаздар бар! «Пәлен жерге Елбасының есімін берейік!» деген жалпыш ұсыныстардың жиі шығатыны да сондықтан. Қыза-қыза келе, «Абай арена спорт кешенін де, сол кісінің атымен атайық» дегендерге аса таңқалуға болмайды.
Себебі: осындай жағымпаздар қоғамын өз қолымен жасаған сол Елбасыңыздың өзі. Со Кісінің өзі жұрттың қоғадай жапырылып, жағымпазданғанын қалап тұрады. Тіпті Елбасыңыздың өзі мақтаншақ. Әйтпесе атам қазақ: «Ұлық болсаң, кішік бол». «Біреуге жасаған жақсылығыңды ұмыт, ал өзіңе жасалған жақсылықты ұмытпа». «Ешқашан еткен еңбегіңді бұлдама» демеуші ме еді? Әрине солай дейтін бабаларымыз.
Осының бәрі зая кеткен сөз екен-ау. Мейлі, Тоқаев бастап, бәрі де «Елбасыға айрықша ықылас көрсетуге асығып, шектен тыс ұраншылдыққа салынған» екен. Соларға елбасының өзі тоқтау айтатын жөні бар емес пе еді? «Ау, шырақтарым, қойыңдар, тоқтатыңдар мына науқанды!» демей ме? Ел үшін сіңірген еңбегіне, түрлі мемлекеттік атақ-дәрежелерді алып жатыр, соны қанағат тұтпай ма? Көзі тірісінде әр қалаға ескерткіш қойғызып, ірі шаһарлардың басты көшелеріне есімін бергізіп, соның бәрі аз болғандай, астананың атын үн-түнсіз иемденіп алғанына жол болсын?! «Ықыластарыңа разымын, жігіттер, бірақ бұларың артық» деп, бас тартса, ел ішіндегі абыройы арта түспесе, еш кемімейтін еді ғой.
«Тәуелсіздігімізді сақтады, астананы көтерді, жалпы еңбегі сіңді ғой» деушілер көп, білемін. Бұ кісінің еңбегін, ешкім де жоққа шығармайды. Бірақ «сондай еңбегім бар екен» деп, «есіре» беруге бола ма? Еңбегі еленбей жатқан жоқ қой? «Тұңғыш президент» дейтін атаулы мейрамы да бар, «Елбасы», алуан түрлі ордендер, «Халық Қаһарманы», «Еңбек Ері»... тағысын-тағы толып жатыр. Туған күні 6 шілде, Астана күнімен яғни 13 маусым болса да орайластырылып, мемлекеттік мерекеге айналып кетті. Бұдан артық не керек, бір адамға?!
Жоқ, керек екен. Қанша жесе де тойғанын білмейтін мешкей секілді, атақ пен даңққа құныққан адам да сондай тойымсыз болады екен. Біз сталинизмді «жеке басқа табынудың шектен шыққан үлгісі шығар» деп білдік, бірақ одан да сорақысы алдымызда екенін және оның өз арамыздан шығатынын болжамаппыз. «Халықтар көсемі» де осындай тойымсыз болса керек: Сталинград, Сталино, Сталинабад секілді қалалар болды, көптеген ескерткіштері қойылды, айтқан сөздері мен суреттері көрінген жерде ілініп тұрды. Ал қазір солар қайда? Сталинград - бүгінде Волгоград, Сталино - Донецк, Сталинабад - Душанбе болып өзгерді. Ескерткіштер құлатылды, сөзі де, суреті де ұмытылды. Тіпті Ленинград пен Ленин ескерткіштері де жоқ қазір. Осының бәрін көріп өскен Назарбаев, қалай ғана жеке басқа табынудың жаңа - «тәуелсіз нұсқасына» тыйым салмады? Неге ақылға келмеді? Тоқтаусыз мақтау-мадақтан санасы тұманданып, көзін шел басты ма?
Тыйым салмады. Өйткені өзі мақтаншақ. Өйткені өз алдына келгенде, «өзгелердің құйрығын бұлғаңдатып, құрдай жорғалауын, жалпылдап, жағымпаздануын өлердей сүйеді, содан рақат табады». Әйтпесе әу баста мұндай жағымпаздыққа қатаң тыйым салса, жағымпаздануды жақтырмайтынын білдіріп, шара қолданса, жағымпаздар да ақымақ емес, «қой, құрысын, кәріне ілігіп жүрерміз, тыныштық керек» деп бұ кісіден аулағырақ жүрер еді. Өз тәсілінің өтпейтініне көзі жетер еді. «Мені жер-көкке сыйғызбай қолпаштай берсе екен, пір тұтып, табына берсе екен» деп тілеп тұратын «ауру» адамды мақтап-мақтап, мақсатына жетіп жүргендерді кейде түсінуге де болатын сияқты ма, қалай. Диагнозына сай емі де.
Ал енді, біреудің «өзіне жағымпазданғанын қалап тұратын, сондай көзіне мақтап, көлгірсігендерге тоқтау салып, тыйып тастамайтын, ел үшін сіңірген еңбегін бұлдап, соның өтеуі ретінде атын көшеге, қалаға қойып жатса, көзін бақырайтып қойып, тірідей ескерткішке айналдырып жатса, қарсы шықпайтын адамды кім деуге болады? Мұндай адамның моральдық-адамгершілік негізін, кісілік келбетін қалай бағалау керек? «Өзіне-өзі масаттану мен өзін-өзі дәріптеу - бақытсыздық, бұл қасиеттер адамды ақымақ етеді» деген неміс саясаткері Карл Либкнехттің сөзі рас екен-ау. толығырақ видеода...

Пікірлер: 369
@BILGENDURYSKZ
@BILGENDURYSKZ 3 жыл бұрын
Видеодағы, мақалалар, біздің БІЛГЕН ДҰРЫС Ютуб арнасының пікірі болып табылмайды. Біз, тек, Әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде жарияланған, журналистер, блогерлер мен сарапшылардың күнделікті өмірдің әр қиырында, еліміз бен әлемде болып жатқан оқиғалар мен резонанстарға; сонымен қатар, саяси мен экономикалық талдауларға; олардың айтқан көз-қарастары мен жазған пікірлерін ұсынамыз! Және видеоның соңында, мақала авторының кім екенін де айтуды ұмытпаймыз! Видео ұнаса, арнаға жазылып, лайк басып, өз пікірлеріңізді қалдыруларыңызды сұраймыз!
@user-uj1jx7vk2d
@user-uj1jx7vk2d 3 жыл бұрын
Актив
@user-mo3nl4ir6w
@user-mo3nl4ir6w 3 жыл бұрын
.
@user-dc1jb1zx7m
@user-dc1jb1zx7m 3 жыл бұрын
Нұр ата аман болсын сіз сиякты ешкім елбасы бола алмайды хан болғаннан кеиін ондай болады ондай болмаса халык не болады шашырап кетпейма аман болыныз
@user-gc1vc7ig1z
@user-gc1vc7ig1z 3 жыл бұрын
0
@mastername5161
@mastername5161 3 жыл бұрын
Абайдын қасында Елбасы ешкім емес
@turabektemirov1234
@turabektemirov1234 3 жыл бұрын
Динмухамед Кунаев
@user-os4no3qh9r
@user-os4no3qh9r 3 жыл бұрын
👍✊
@rahat-ulserik6jm9sn7m
@rahat-ulserik6jm9sn7m 3 жыл бұрын
Елбасы емес елқасы, қас жауы деп айтсақ жарасады негізінде.
@azharhanbisenbaeva8926
@azharhanbisenbaeva8926 3 жыл бұрын
Мактау тек Аллага гана жарасады
@rahat-ulserik6jm9sn7m
@rahat-ulserik6jm9sn7m 3 жыл бұрын
@@azharhanbisenbaeva8926 Ия ол солайына солайғой просто бұл жерде Абай атамыздың назарбаевтан 1000 есе артық екені, Өзінің еліне 30 жыл басқарып сатып, жеп келген біреу секілді емес Өзінің Еліне, Ұлтына өлшеусіз жақсылықтар, еңбектер істеп кеткені яғни Абай Атамыз Қазақ Халқына әрқашанда аты өшпейтін қадірлі екендігі туралы айтылуда.
@beknazarabishev9809
@beknazarabishev9809 3 жыл бұрын
МƏШХҮР ЖҮСІПТІҢ АЙТҚАН УАҚЫТЫ ЖАҚЫН ҚАЛДЫ АЛЛА ҚАЛАСА КӨРЕРМІЗ СОЛ КЕЗДЕ СОЛ УАҚЫТ КЕЛСЕ САТҚЫН БИЛІКТІ.
@azamatuni2394
@azamatuni2394 3 жыл бұрын
*Әлйқан Бөкейқан, ең алғашқы елбасы, елағасы. Қазақстан ресрұблйкасын құрушы ардагер... Алланың тағы бір аты халық...*
@beknazarabishev9809
@beknazarabishev9809 3 жыл бұрын
ДҰРЫС АЙТАСЫЗ.
@muslimoral3559
@muslimoral3559 3 жыл бұрын
Одан кейін Димаш Қонаев атамыз
@user-bl8pf7wk5v
@user-bl8pf7wk5v 3 жыл бұрын
Алла қазаққа ауызбіршілік берсін
@user-fe5lm6oo2c
@user-fe5lm6oo2c 3 жыл бұрын
Әумин!
@user-ce1qx9ug1b
@user-ce1qx9ug1b 3 жыл бұрын
Аумин!.
@user-md9qb3wd3r
@user-md9qb3wd3r 3 жыл бұрын
Әмин.
@user-nh6pq6xh7j
@user-nh6pq6xh7j 3 жыл бұрын
Амин
@kairateshmahanov6111
@kairateshmahanov6111 3 жыл бұрын
Өте дұрыс айтылған екен, жағымпаздық жаман аурудан да жаман эхх бір кем дүние....
@Abdullamira
@Abdullamira 3 жыл бұрын
Алла тағала Менің Қазақстанымды кешір және Жарылқасын лайықты Ұлт көшбасшысын жібершы
@user-no4gs3hj4l
@user-no4gs3hj4l 3 жыл бұрын
Нағыз ер азаматтар жоқ қазір елімізде бас көтеретін -сол өкінішті, қорқынышты, жиеркенішті. Әшейін шалбар киіп жүргендер...
@user-fx9pb5zs4y
@user-fx9pb5zs4y 3 жыл бұрын
Тарихта ит патша бұл Ұрысұлтан!
@user-vs4ug8yf1y
@user-vs4ug8yf1y 3 жыл бұрын
Өте дұрыс айтылған, әділетсздікпен, жемқорлықпен, жағымпаздықпен күреспей немқұрұрайдылық танытсақ, қазақ ел болудан қаламыз, бірігіп жүйені ауыстыруға атсалысуымыз керек... Олай болмаған жағдайда қытай мен еврейге құл боламыз...
@sandygul5059
@sandygul5059 3 жыл бұрын
Шорабек Тулендиев,ҚОҒАМДАҒЫ ӘЛІЛЕТСІЗДІКТІ ЖЕҢУ ҮШІН Жанболат Мамай ақ тер, көк тер боп митингке шығып, халыққа жолдау айтып жүр. Бүкіл ҚАЗАҚ іші тар -АНАҒАН СЕНБЕҢДЕР , МЫНАҒАН СЕНБЕҢДЕР ДЕП ауызбіршілікті, БІРЛІКТІ ОЙЛАМАЙ, құл боп кету қаупін ойлай алмай ЖҮРМІЗ ҒОЙ. Қоғамды қалай өзгертеміз сонда? КОРРУПЦИЯ ЖАЙЛАҒАН ЕЛ БОЛДЫҚ.
@user-ys1iu6jn1g
@user-ys1iu6jn1g 3 жыл бұрын
Өте жақсы әрі шынайылыққа өте жақын шығарлым. Ісіңіз алға баса берсін👍👍👍👍👍👍👍🤲
@zhanar_adilbekkyzy
@zhanar_adilbekkyzy 3 жыл бұрын
Бұл кісі өзі заказ береді мақтаңдар, жағымпазданыңдар деп
@user-xr3lt6gi7k
@user-xr3lt6gi7k 3 жыл бұрын
Жагымпаздыктында пайдасы бар екен,бир жас жигит ,депутат болды емесра?!...
@kassak8625
@kassak8625 3 жыл бұрын
назарбайып тексіз құл құтаннан шыққан Сондықтан ешуақытта тоймайды! Қара жер толтырар тойымсыз малғұнды !
@user-kb8qj8tx5j
@user-kb8qj8tx5j 3 жыл бұрын
Дұрыс.
@user-fx9xz6ww3p
@user-fx9xz6ww3p 3 жыл бұрын
М.Шаханов: "Жастар жағымпаздықтың қамытын киді."
@bekzhylandy6334
@bekzhylandy6334 3 жыл бұрын
Сол қамытты дайындаушы,кигіушінің бірі М,Ш өзіғой, желтоқсан оқиғасын бұрмалаған
@kuatbaiseitekenov3984
@kuatbaiseitekenov3984 3 жыл бұрын
Абай бабамыздың атында тұра берсін.
@user-sw8wg5rl5r
@user-sw8wg5rl5r 3 жыл бұрын
Министрлер акимдер депутаттар бас муфти барлыгы котен суиер кауымдар😘
@user-jy5hk1cu4j
@user-jy5hk1cu4j 3 жыл бұрын
Айткандарыныз оте дурыс
@user-ob2lg8lj5i
@user-ob2lg8lj5i 3 жыл бұрын
Алла береке берсін!!!! бәрін дұрыс айттың!!!!
@qazaq2595
@qazaq2595 3 жыл бұрын
ТЫМ БОЛМАСА ҚЫТАЙДАН ЕЛІМ ДЕП КЕЛГЕН ЕКІ ЖІГІТКЕ( МҰРАГЕР,,ҚАСТЕРГЕ) БОСҚЫН ҚҰЖАТЫН ӘПЕРУГЕ КӨМЕКТЕССЕҢШІ!!! ҚАЗАҚИЯ,,,ҚАЗАҚИЯ- - ДЕП БОС САЙРАМАЙ....
@amanzhankabd9949
@amanzhankabd9949 3 жыл бұрын
Дами бер
@user-cq1lc1lq6g
@user-cq1lc1lq6g 3 жыл бұрын
Өлгеннен кейін ертеңіне назарбаев атындағы не болса құлдырай ,өше бастайды,нағыз ақымақ.
@user-yg7mo5ic9s
@user-yg7mo5ic9s 3 жыл бұрын
Аллаһ жар болсын бізге
@user-vz9fp3yx9q
@user-vz9fp3yx9q 3 жыл бұрын
Керемет 👍👋👌
@user-yt9db8yv9j
@user-yt9db8yv9j 3 жыл бұрын
Бәрімізде бір алланың қолындамыз 😔
@user-md4qx2hk6k
@user-md4qx2hk6k 3 жыл бұрын
Дами бер билген дурыс каналы
@user-rd4uf3wm2y
@user-rd4uf3wm2y 3 жыл бұрын
Садақа. Беретін. Қазақ. Қалмады. Бари. Кедеи. Болса. Жұмыссыз. Ким. Береди. Одан да. Зарплата. Көтеріп. Салықты. Аза ту. Керек
@rahimabulgazin5286
@rahimabulgazin5286 3 жыл бұрын
назарбаев деген есім қазақ елінде халық жауы болған жиркенішті есім ретінде қалатын болар.
@user-fg6pp4zg8z
@user-fg6pp4zg8z 3 жыл бұрын
Семиздикти кой көтереді деген бар емеспе сол жағымпаздар ертең біринши болып артынан топырақ шашар .тири болсақ оныда көрерміз
@user-rl9ry3ur1e
@user-rl9ry3ur1e 3 жыл бұрын
Омарга Алла разы болсын!!! Исимен тарбие корсеткен!!!
@koshkarteke389
@koshkarteke389 3 жыл бұрын
Шалдар өлми еш өзгеріссіз бола бермек.
@user-xr3lt6gi7k
@user-xr3lt6gi7k 3 жыл бұрын
Шалдар десен барша шалдарга айткан боласыныз ...айтсан озине багыштаныз.
@user-ym8bp2wj2q
@user-ym8bp2wj2q 3 жыл бұрын
Ас Саляаму Алейкум Агайн Алла дан дуга жасайк Агайын адилдик елимиздин ураны болсын Патшага иман гидаят БЕРСИН деп.
@__-fr1xr
@__-fr1xr 3 жыл бұрын
Өте дұрыс айтылған сөз
@user-il8bi9eg3o
@user-il8bi9eg3o 3 жыл бұрын
Бссмилла ,,бір жол ,бір белбеу ,, Әлемде Ұлы дала көші Қазақстан танымы жүріп келеді де, осыған қандай көңіл күйіңізбен қосындысы,менде сізге ұқсата ,бастадым жүрек оның мазасыз Мырза жігіт ,бірақта мен ақ сөйлеймін ,осылай шынығып жүргіземіз, тек ақ сөйлеңізші ,қорытындылап сөйлеу шағындамыз ,басқа алып қосылысы болмаса ,ағай сіздің лұқсатыңызбен мен айтар ойымды айтып болдым ,рақмет оразаңыз қабыл болсын ,аман болыңыз
@magauiya1959
@magauiya1959 3 жыл бұрын
Құмарлықпен ауру адамды билікке және дінге жақындатпау керек.
@farizakhumarkhan9806
@farizakhumarkhan9806 3 жыл бұрын
Өте шын айтылған балық басынан шіриді деген ғой елбасы жеуді тонауды үйретті
@user-ij3nz3od4u
@user-ij3nz3od4u 3 жыл бұрын
Казак бос дангазалыкты койю керек. Козди ашып жан -жагына карап,болашакты ойлап,бугинги кателигимиз ертенги ойсырап сан согып калудын кориниси. Абайландар бауырлар!!!!.
@user-tq1iv7cj8n
@user-tq1iv7cj8n 3 жыл бұрын
Казакстанда турып жаткан кай улт болсын кай халык болсын асиресе жастар мен орта жастагылар жагымпаздыкка катты бейимделип барады
@bend2607
@bend2607 3 жыл бұрын
Ол Назарбаев калмак жонгардын каны бар екенин билмейсиндерма. Казактын саны оспей уйсиз жесир киналып жургенен лаззат алады. Ата бабасынын кегин кайтарып.
@abubakiralshynbek8437
@abubakiralshynbek8437 3 жыл бұрын
Әркім өз нәпсісімен күрессін! Дозақта көп ғайбаттаушылар болады екен сақ болайық бауырлар!?
@user-sn3ct2ug3m
@user-sn3ct2ug3m 2 жыл бұрын
Аман болсын елбасы. Патшаны жамандауға болмайды. Соғыс жоқ бейбітшілік заман. Аллаға шүкіршілік етіңдер! Бәріміз бір Алланың алдында жауап береміз. Бұл өмір сынау уақытша.
@user-hb2je9dk5y
@user-hb2je9dk5y 3 жыл бұрын
Имамдарда тойым жок екен,жума сайын түсетін капшык- капшык акша кайда кетип жатыр!
@user-zy3sb6zj4e
@user-zy3sb6zj4e 3 жыл бұрын
Бекболат Тілеухан таза актер екен ғой😂
@abuali227
@abuali227 3 жыл бұрын
Сəке ол малғұн актёр емес əртіс деші иа болмаса орысша ШУТ де
@user-cq9tk5md7e
@user-cq9tk5md7e 3 жыл бұрын
Кайдагы актер бекболат сидик коз екен. Козин агарып алдына туссин ойланбайма не ушин жылаганын
@user-qg2he9ex8u
@user-qg2he9ex8u 3 жыл бұрын
Бекболат емес Көтболад
@user-sn3ct2ug3m
@user-sn3ct2ug3m 2 жыл бұрын
Ал сендер Бекболаттың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
@user-ut7hr8qp6h
@user-ut7hr8qp6h 2 жыл бұрын
@@user-sn3ct2ug3m накты Бекболат сиякты котжалак болмас едым. Намысым жыбермейды.
@user-qv1kz9yg3r
@user-qv1kz9yg3r 3 жыл бұрын
Барин корип отырмыз амалымыз қанша
@kokborikerei7309
@kokborikerei7309 3 жыл бұрын
Біз жерденде, елденде айырылғалытұрмыз. Қытайлардың жазғандарын оқысаңыз төбе шәшіңіз тік тұрады. Түптің түбі құрймыз. Сондықтан кәзірден бастап халық ес жиып оянуымыз керек. Қытайдың не жазып жатқанын ҚАРАСТЫРАЙЫҚ арнасынан тыңдаңыздар
@kerimbektynysbayev647
@kerimbektynysbayev647 3 жыл бұрын
👍👍👍 Өте дұрыс айтады.
@user-tx9oh4vp2m
@user-tx9oh4vp2m 3 жыл бұрын
Жогары жактагы министирлер депутаттар садага берсин шириген байлар неге бербейт бергендер жүгегинде ыйманы бар касипкерлер жана карапайым калк азын олак болса да берет бирин бири колдайды байлар өлсе прастой адамдар сийякты кара жерге көмилет осоны унутпаса екен байлыгын о дүнеге алып кетпейт
@user-ft8px5rx1b
@user-ft8px5rx1b 3 жыл бұрын
Кушигимнин атын Нуртобет десем руксат береди ма екен а?
@qazaqeli6030
@qazaqeli6030 3 жыл бұрын
😄
@rahat-ulserik6jm9sn7m
@rahat-ulserik6jm9sn7m 3 жыл бұрын
Малик Малик 😂🤣😂👍👍👍
@user-xt8hg2qc6n
@user-xt8hg2qc6n 3 жыл бұрын
Нұртөс де
@profilekz479
@profilekz479 3 жыл бұрын
Нурсултанбет деп қой
@user-ue1gl6fq6k
@user-ue1gl6fq6k 3 жыл бұрын
Малик Малик 😃😃😃😆😆👍👍👍
@user-js7dq5go7c
@user-js7dq5go7c 3 жыл бұрын
Жагымпаз Бекболат
@user-vb6fw2in3n
@user-vb6fw2in3n 3 жыл бұрын
Шет елде президенттер аз болған жоқ, бәрінің атымен атай берсе не болмақ.
@daurenkoshpankulov3517
@daurenkoshpankulov3517 3 жыл бұрын
Алла тағала жауабын корсетіп жатыр судыңда сұрауы бар деген атам қазақ бұл байлық мансап өзінің ұрпағына кері әсерін береді енді тарихта мәңгі қалады жаман жағынан ұрпағы мойнымен көтереді
@user-ph8wm8ti7o
@user-ph8wm8ti7o 3 жыл бұрын
Барине бага беретин халык осиретин де оширетин де
@user-Daukenti
@user-Daukenti 3 жыл бұрын
Өте жақсы айтылған сөз
@user-gb1zz1wn9i
@user-gb1zz1wn9i 3 жыл бұрын
Алланын каргысы атсын назарбаевты жагымпаздарымен коса.
@abzalamantai6327
@abzalamantai6327 3 жыл бұрын
Уағаликум ассалам
@user-wj2vx9qu2k
@user-wj2vx9qu2k 3 жыл бұрын
Кудаи каласа Назарбаевтын токаевтын Масимовтын осылаодын карамагындагылардын Нур-отаннын даурени ошер сонда баримиз жети Нан 70,тенге акшасы,барлар700,тенгеден таратаиык кудаидын паиганбарлардын, периштелердин кулагына жетип,хабардар болын коп, Адам разы,емес екен кудаиына Сол ушун молынан берип атыр деп Назарбаев токаев Масимоа и карамагындагыларды Нур-отандагыларды бул дуние Жане о Дуниеде тозактан орын берип жазасын молынан берсин булар казакстанды 31,жыл тонады брилянт,топаз,жемчуг, Алтын,кумис Жане баска баилыктарымызды тыккан тесиктерине молынан тыкты Эвро, доллорларымызды жет ел банктерине милиярттап салды халыктын коз жасы жибермес казагымыздын Ата сы бурынгы призидентимиз Дин-мухаммет Конаев Бир тиын жемеген.гос-пособияда Болатын кобинесе поезбен журип коп Халык Пен кездесетин хал -жагдаиларын сураитын турмысы томендерге коптеп жардем беретин казирги мазакпаев-назарбаеавтаи емес Конаевка брилянттан Мусин коиу керек бундаи кисилер 100,жылда Бир туылады менин елим болек Конаевтан Бирактан енбегине тантимин оте ризамын Салеммен кари-ишан Сагынбек баласы намазхан 66,дагы Ахмет бек Аталарын
@user-hw2sr7ho2n
@user-hw2sr7ho2n 3 жыл бұрын
Шал жагымпаздарды жаксы кореды ау деимын жагымпаз итер кобеиып кетты быр адамды мактаи берсе кол шапалактаи берсе ол адамнын козы кормеи кулагы естымеи калады жагымпаздар шалды ауру кылды отырык мактап адам озы кандаи болса жанына сондаи пендены жинаиды
@user-gr5sj7ml7c
@user-gr5sj7ml7c 3 жыл бұрын
Жақсы шығарылған видео екен.
@ilekemake4343
@ilekemake4343 3 жыл бұрын
Ертең өліп қапты десе қалық қуанбаса қаиғрмаитын шығар
@qazaq2595
@qazaq2595 3 жыл бұрын
БЕКБОЛАТ ЖЫЛАҒАННАН ЕШТЕҢЕСІ КЕТКЕН ЖОҚ,,,ЖЫЛАП- - ЖЫЛАП КӨТЕРІЛДІ,,,ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАР ,,ЖЕПУТАТ,,, ҮШ- ТӨРТ ҚАТЫНЫ БАР,,,ТІЛІМЕН ОРАҚ ОРАДЫ... БІРАҚ ХАЛҚЫ ҮШІН БІТІРІП ЖАТҚАН ЕШТЕҢЕСІ ЖОҚ...
@user-il8bi9eg3o
@user-il8bi9eg3o 3 жыл бұрын
Ағай бәріміздің аузымызға біреу түкіріп қойғанда, одан не ұтпақсыңыздар ,жоқ айтпай қоюға болмайды ма ,ішімізде сақтап ,ол ойды ақ батамен бақ ,бағбан ,әлем сүйіспеншілік ,не бір азғыншылықтың алдын алу деп неге ой жүргіземіз, ағай абайлайықшы өтінеміз ....
@user-fl5vj2le5h
@user-fl5vj2le5h 3 жыл бұрын
Айтпақшы Айдос Оразай қайда кетті? Оныңда үнін тихоря кнб өшірдіме?
@MakeTaraz08
@MakeTaraz08 3 жыл бұрын
Алга
@user-zr7iu8mg9b
@user-zr7iu8mg9b 3 жыл бұрын
👍👍👍
@user-xl4qw7hn3j
@user-xl4qw7hn3j 3 жыл бұрын
Азғындар
@bahabaha8714
@bahabaha8714 3 жыл бұрын
Ел басыларын бар , зиалы кауымын т.б . Елге 30 жылда ешкандаи жаксылыктарын.синирген енбектерин жок,бар боса ел иши мундаи жагдаига келмес еди
@user-cp9lw8qr5y
@user-cp9lw8qr5y 3 жыл бұрын
БАРИБИР КАР ЕТПИТ ШАЛГА БИР ЖАСАП КАЛАЙН ДЕП ЖУРГЕН ШАЙТАНГО
@zhzhk8665
@zhzhk8665 3 жыл бұрын
Айтуың дұрыс. Бірақ ақша мен мансап қуған азғындардан қалай құтыламыз? Елімізді құртуға айналған бұл билік өздерінің азғанын түсінбей ме екен! Мансап дегенде бәрі өлімтікке ұмтылған құзғын сияқты! Осы азғындардан құтылатын заман болар ма екен!
@user-zr7iu8mg9b
@user-zr7iu8mg9b 3 жыл бұрын
Ислам👍👍👍
@magrifaimansharip2624
@magrifaimansharip2624 3 жыл бұрын
Білген дұрыс каналын қарап тұрам, керемет, жалпы шенеуніктер еліне азда болса жанашыр болу үшін Ислами тәрбие алса екен, Орысқа табына бермей!
@user-gk9tl8js1v
@user-gk9tl8js1v 3 жыл бұрын
Ақиқатын керемет айтты.
@aibolkerimbaev8807
@aibolkerimbaev8807 3 жыл бұрын
Жагымпаздык жемкорлык рушылдык казактын тубине жететин дерт
@user-bc7pg6rj6r
@user-bc7pg6rj6r 3 жыл бұрын
ӨЛЕ ҚАЛСЫН...🤧🤮🤢🥳☝️👐
@user-zl2vr2sj5x
@user-zl2vr2sj5x 3 жыл бұрын
Бізде ешектің аты нұрсылтан қодығын қалмақ ұрғашысы дариға осындаи аттар бар
@user-bv4jj2tw2b
@user-bv4jj2tw2b 3 жыл бұрын
Халыктв кул ету болган максаты о баста, Жер жутсын тукымынмен
@user-cr5pq1hz4i
@user-cr5pq1hz4i 3 жыл бұрын
Алла разы болсын
@user-gq8qv3hs7s
@user-gq8qv3hs7s 3 жыл бұрын
ӨТЕ ДҰРЫС АИТЫЛҒАН БҰЛ БАҒДАРЛАМАҒА РИЗАМЫЗ,ӘРИНЕ ӘДКЛДІКТІ ТУ ЕТІП ШЫНАИЫ ШЫНДЫҚПЕН ПАРАҚОРЛЫҚПЕН АРАҚҚОРЛЫҚТЫ ЖОИЫП ҚОҒАМДЫ ТӘРТІПКЕ ШАҚЫРЫП ЖАҢА ҚОҒАМ БОЛЫП БАҚЫТТЫ ӨМІР СҮРУГЕ БОЛАДЫ ҒОИ ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІК БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ ЕМЕСПЕ ҚАЗАҚ ЕЛІ
@tez01z
@tez01z 3 жыл бұрын
Ар жиналыста коп каржы кетеди соларды кыскартып соган кеткен каржыга елдге бирнеше заут салуга болады
@user-hs1hs6hs1b
@user-hs1hs6hs1b 2 жыл бұрын
Дүние жүзінде бізде ғана жеке басқа табыныуға ерекше көңіл бөлген жалғыз мемлекет.
@attilaattila6327
@attilaattila6327 3 жыл бұрын
*ӘЙ, НҰРСҰЛТАН, НҰРСҰЛТАН!!!* Әй, Нұрсұлтан, Нұрсұлтан! Басыңды бері бұр сұлтан! Тазара алмай былықтан, Өлесің бір күн инсульттан! «Хан болам!» - деп Дариғаң, Танкке мініп жарбиған, Елдің ішін бүлдірді, Сұм ашынаң жырбиған. Сексенге келіп, селкілдеп, Тоқал десе желкілдеп. Бүлдіршіндей қыздарға, Артыласың еңкілдеп. Қазақтарға өшігіп, Жаулық жасап, өршігіп, Апатына әкелдің, Терең қазған көр шығып. Тастап кеттің Сараны, «Таныған өзін» дараны. Қызыңа бала тудырдың, Айсұлтандай жараны... Президент қып Тоқайды, Тоқайың әлден тоңқайды. Құтырттың әбден Масимді, Ұлты басқа шоқайды. Ашкенази дегенде, Құлыбаев көгенде. Пандемия кезінде, Ойнас жасар кезең бе? Көзі қыли Алияң, Наркоман боп жарияң. Қылмыстарың тойдырды, Қашан бітед арияң? Арам екен пиғылың, Үш жүзді де жым қылдың. Қарсы қойып қазаққа, Шапырашты би қылдың. Шапыраштың қолымен, Сыпатайдың жолымен, Жерді беріп Қытайға, Құтылмақсың соныңмен. «Жаудың ісі жаумен» - деп, «Тау қосылмас таумен» - деп, Қойғаның сол ғой қалмақша, Ұлыңның атын Таумен деп... Ажалыңды қайтардым, Алжымай өл айтарым. Каддафидей қазыққа, Отырасың тортайым. Арандары ашылған, Маңайыңды сасыған, Дарға ассам деп едім, Орындауға асығам. Сантехник алқаш ініңмен, Педофил екеу өзіңмен, Көресіні көрдік-ау, Алаңдаған көзіңнен. Жабысқан елге дерттейсің, Жазадан қашып кетпейсің! Ізіңнен басқан шөп шықпай, Тосыннан келген өрттейсің. Жетер осы қарғысым, Ұлтым айтар арғысын. Қауызындай тарының, Қабіріңді тар қылсын! Қазақты құртпай қоймадың, Болашағын жалмадың. Нұрсұлтандай жауызды, А, Құдайым, алмадың! *Қуаныш МҰҚТАЙ* ақын, қоғам қайраткері 20.03.2020 жыл Алматы - Атырау темір жолында. Таратуға рұқсат.
@user-vf1es3bx5x
@user-vf1es3bx5x 3 жыл бұрын
Жалган жагымпаздыкты оз козимен, тири кезинде Корип кетейин деген гой сол ескерткиштердин иеси! Озинен кеин шоп шыпкасада болады!
@altynorda3031
@altynorda3031 3 жыл бұрын
Барин плошадка шыгарып халыктын козинше атар меди атанаглеттер ди.
@user-lt1qk5bt7h
@user-lt1qk5bt7h 3 жыл бұрын
Мыкты
@user-vm9ki1ko6n
@user-vm9ki1ko6n 3 жыл бұрын
Мынау неге жылаиды ешким олген жоккои куанбаима екнши пизидент келетиндигне куану керек кои жаман ырым шакырмандар еи депутатар амандыгын тлендер елдин
@user-xu2qw1sj9o
@user-xu2qw1sj9o 3 жыл бұрын
жарайсыз автор
@user-ry8cz8fx4u
@user-ry8cz8fx4u 3 жыл бұрын
Біз дамымай қалдық.Шындоқ осы
@rahat-ulserik6jm9sn7m
@rahat-ulserik6jm9sn7m 3 жыл бұрын
Ее бауырым несін айтасың осыны айта, айта әбден шаршап осы сөз қотыр, жауыр болып кеттіғой, енді Бір☝ Аллаға тапсырамызда енді басқа қайтеміз, басқа істергеде, айтарғада шамамыз қалмақ түгілі осындай шексіз бітпейтін былықты, жемқорлықты, сатқындықты, көзін шел басуды, ақкөз болып тоймауды айтпақ түгілі тыңдағымызда келмей кеттіғой, Алла Тағала Әділғой, ертең қияметте ИНШААЛЛА бәрінің ақысын қайтарыды.☝🤲🤲🤲
@jaslan.Uzakov
@jaslan.Uzakov 3 жыл бұрын
Қарғыс атқан өлсең бәрін бұзып тастайдығо келесі Ел басы ұяатқо бет жоқ
@user-it5cq3oz3c
@user-it5cq3oz3c 3 жыл бұрын
Абаидан баска бэры отырык патша отырык министр отырык
@adaapa8456
@adaapa8456 3 жыл бұрын
Жыласын.
@aktobeaktobe8158
@aktobeaktobe8158 3 жыл бұрын
Динди жамылып жагымпазданып жургендерде, куйыршыктарда Алла алдына дымсыз барар сол келде оз куналарина оздери жауап берер. Жагымпаздык болмаса адилдик болар еди
@Gameover7769
@Gameover7769 3 жыл бұрын
Ассалам алейкум білген дұрыс арнасы соңғы кездері қазақ хандығының туы жайлы күдікті фотолар жариялап жүр сіздер зерттеп нақты туды жарияласаңыздар димін өтініш
@mirasultaniarovna2384
@mirasultaniarovna2384 3 жыл бұрын
Жагымпаздардын. заманы болды гои кызметин жогарылату ушин табанын жалауга даиын турады Корип отырып мен уяламын
@user-dv8dr7nx5z
@user-dv8dr7nx5z 2 жыл бұрын
Ертең уақыты келгенде сол жақтаушылар мен арт жалаушылар "біз амал жоқтан жүрген едік" деп шалды сатып кетеді, сайқалдар
@user-le9im5fm6v
@user-le9im5fm6v 3 жыл бұрын
Біздің мүфтилерге қиын болды. Расында оның алдында қоғадай жапырылмай, шындықты бетке айту керек еді. Ақыры не болды...
@user-nq8yo8dw4t
@user-nq8yo8dw4t 3 жыл бұрын
Мақтау Мадаққа Тек Бір Алла ИЕ.
@user-mi3ru2ff6t
@user-mi3ru2ff6t 3 жыл бұрын
Текти халыкпыз деп калай уялмай айтамыз
@nabitalim2148
@nabitalim2148 3 жыл бұрын
ұялмай ақ қойды ғой, бәлкім дозақ үшін жаратылған шығар, астағфйралла
@pushstart6801
@pushstart6801 3 жыл бұрын
Назарбаевты мақтай бергеннен көкеміз ақылынан адастырып , қоғамды талқандағанын Аллам кешірер ме екен ??
@user-nq8fx6ve4f
@user-nq8fx6ve4f 3 жыл бұрын
Не деген керемет ангиме, Омар халифа кандай адил болган. Аллахтын суйген кулы гой. Сиздерге Алла разы болсын! Касиптеринизге Алла берекет берсин!
@user-j6u8nk7u
@user-j6u8nk7u 3 жыл бұрын
Бұлар өз өтірігіне өздері сенеді.
@user-zd4nk3xy2e
@user-zd4nk3xy2e 3 жыл бұрын
Өтірік.айтқанда.көзі.бір. Орнында Тұрмайды.
@user-xd5qb4ko5m
@user-xd5qb4ko5m 3 жыл бұрын
Жарайсың Дінмұхаммед Қонаев туралы видео шығаршы өтінем
ОПЯТЬ СИРЕНА ВКЛЮЧАЕТСЯ!?😲😲😲
00:56
Chapitosiki
Рет қаралды 46 МЛН
Самый большой бутер в столовке! @krus-kos
00:42
Кушать Хочу
Рет қаралды 4,5 МЛН
Não pode Comprar Tudo 5
00:29
DUDU e CAROL
Рет қаралды 61 МЛН
Астанада қырғын болып Жатыр!
8:12
BILGEN DURYS
Рет қаралды 631 М.
КТК: Қазақстан жаңалықтары 25.04.2024
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 2,2 М.
Мөлдір Әуелбекова: Төртінші әйел болдым
1:34:49
Мамский әңгіме
Рет қаралды 518 М.
Please Rescue Skibidi DOG Toilet #skibiditoilet #dafugboom #dog
0:14
TiTan Dinosaur
Рет қаралды 15 МЛН
ФОКУС С ЧИПСАМИ (секрет)
0:44
Masomka
Рет қаралды 912 М.
ТОМАТНЫЙ ДОЖДЬ #shorts
0:28
Паша Осадчий
Рет қаралды 8 МЛН
ТОМАТНЫЙ ДОЖДЬ #shorts
0:28
Паша Осадчий
Рет қаралды 8 МЛН