Бес айлық баланың дамуы.

  Рет қаралды 456

payda_kz

payda_kz

Жыл бұрын

Бес айда көптеген нәрестелер белсенді бола бастайды, кейбіреулері арқасынан ішке керісінше аунап бастайды.
Сондықтан оны кереуетке жатқызып, қараусыз қалдыру қауіпті.
Сәлем, бақуатты көрермен. Сіздермен PAYDA _KZ арнасы.
Бүгін 5 айлық баланың дамуы жайлы айтатын боламыз!
Видео басталмас бұрын каналға тіркеліп, қоңыраушаны баса кетіңіз, және осы видеоның сілтемесін өзіңіз сияқты ата-аналарға пайдалы болу үшін таратыңыз!
Сонымен 5 айлық баланың дамуының нормаларын бірге санайық.
1-ші. 5 айлық Бала әлі де өздігінен отыра алмайды, бірақ отыруға ыңғайланып бастайды, сондықтан оны әдейі отырғызудың қажеті жоқ, бірақ сіз нәрестені отыруғызуға жәймен үйретсеңіз болады.
2-ші. Бес айда нәресте жұдырықты мықтап қысуды, ойыншықтарды және басқа заттарды, мысалы, бөтелкелерді ұстауды біледі.
3-ші. 5 айлық баланың салмағы мен бойына келсек.
Әдетте, өмірдің бесінші айында баланың салмағы туған кездегіден екі есе артады.
Сонымен, бес айлық балаға арналған диапазон:
Салмағы
6,5 кг - 8,5 кг
Биіктігі
63 см - 69 см аралығында болады.
4-ші. Көруі:
Бір заттан екінші затқа зейін қойып қарай алады.
5-ші. Есту
Музыка тыңдай бастайды.
Анасының дауысын таниды, дыбыс интонацияларын ажырата бастайды. Қатты дыбыстан қорқады.
6-шы. Сөйлеу
Дауыссыз дыбыстар мен буындарды «ба», «ға», «па» айта бастайды. Гуілдейді
7-ші. Эмоциялары
Қуанады. Жаңа ойыншықтарға, бейтаныс адамдарға жатырқап эмоция білдіреді. Жылауы, қорқуы мүмкін. Дауыс интонацияларын ажырата бастайды - қарым-қатынастың қатал немесе нәзік үні. Қабақ түйіп, мұңайып сөйлегенге жылап қалады.
8-ші. Есте сақтауы
Есте сақтауы жақсарады, бірақ соған қарамастан ол қысқа мерзімді болып қала береді. Сонымен қатар, екі апта бойы нәресте кейбір оқиғаларды есінде сақтай алады.
9-шы. Әрбір балада толығымен жеке күнделікті режим бар, кейбір нәрестелер түнде тек 1-2 рет оянуы мүмкін, ал басқалары үш төрт рет оянады. Көптеген балалар түні бойы оянбай ұйықтай алады, бұл да қалыпты жағдай. Баланың тыныш болуы және қалыпты дамуы үшін оның күнделікті бақыланатын өз режимі болуы керек.
Әдетте, бес айда балалар таңғы 6-7 шамасында оянады, содан кейін тамақтанады, ойнайды және таза ауада серуендейді.
Ұйқы режимі
Бір күнде бұл жастағы бала үш-төрт рет ұйықтайды. Маңызды мәселе - өсіп келе жатқан дене күйзеліске ұшырамауы үшін баланы бір уақытта ұйықтату керек.
10-шы. Бес айға дейін нәрестенің асқазаны ұлғаяды, ас қорыту жүйесінің ферменттері қалыптасады, жұтыну рефлексі белсенді түрде дамиды. Бірақ шайнау рефлексі дамымаған.
Сондықтан бала әлі де ана сүтімен немесе арнайы бейімделген сүтпен қоректенеді.
Бес айдың соңына қарай кейбір балаларда алғашқы сүт тісі шығып та бастайды. ДДҰ ұсынысы бойынша қосымша тамақты балаңызға. тек 6 айдан бастап берсеңіз болады.
Әдетте, қыздардың дамуында өз құрдастары ұлдарды басып озады, бұл қыздардың пысықтығына, бейімделгіш келетініне байланысты.
5 айлық бала Күтімі мен дамуын ынталандыруға арналған ойындарды келесі видеомда айтатын боламын. Видеоны жіберіп алмас үшін, каналға тіркеліп, қоңыраушаны баса кетіңіз. Ақпаратым пайдалы болса, виеоға лайк басып, жақындарыңызбен бөлісіңіз. Сіздермен бірге болған PAYDA _KZ арнасы. Назарларыңызға рахмет!
Бес айлық баланың дамуыБаланың дұрыс дамуы5 айлык бала дамуы5 айлык бала аунауы5 айлык бала аунамасаБала 5 айында5 айлык бала кандай болады5 айлык бала жотелсе не истеу керекБала тарбиеси5 айлык бала уйыктамаса5 айлык бала редимі5айлык бала режимі5 айында балага андерБаланың алғашқы тамағыБала жатырқауыБала неге жатырқайдыБаланын есте сактау кабилетиБаланын естуи
#баланыңдамуы #баланыңдұрысдамуы
#5айлықбала #5айлыкбала #анаменбала #бесайлықбаладамуы

Пікірлер: 4
@maksattilegen6938
@maksattilegen6938 Жыл бұрын
Еңбегіңіз жана берсін👍🏻
@qazaudiokitap
@qazaudiokitap Жыл бұрын
👍🏻👍🏻көп рақмет, пайдалы болды
@user-yf8hq1jc1n
@user-yf8hq1jc1n Жыл бұрын
Рахмет 🎉
@shamshidenseidakhmet4141
@shamshidenseidakhmet4141 Жыл бұрын
Акпаратына рахмет
Beautiful gymnastics 😍☺️
00:15
Lexa_Merin
Рет қаралды 15 МЛН
50 YouTubers Fight For $1,000,000
41:27
MrBeast
Рет қаралды 191 МЛН
Who has won ?? 😀 #shortvideo #lizzyisaeva
00:24
Lizzy Isaeva
Рет қаралды 64 МЛН
HAPPY BIRTHDAY @mozabrick 🎉 #cat #funny
00:36
SOFIADELMONSTRO
Рет қаралды 17 МЛН
Бір жасқа дейінгі баланы тамақтандыру тәртібі
2:20
Таңшолпан бағдарламасы
Рет қаралды 53 М.
6-айлық баланың физиологиялық дамуы
5:31
Балаға Массаж
Рет қаралды 55 М.
Beautiful gymnastics 😍☺️
00:15
Lexa_Merin
Рет қаралды 15 МЛН