Рет қаралды 8,452
«Бесік жыры»
Тау етегіндегі көлдің жағасында жас отбасы отау тіккен. Алайда, отбасын меңдеген дерт бар. Кішкентай нәресте қатты сырқат. Қолдан келер дәрмен жоқ. Әкесі құдайға құлшылық етіп, киелі ағашқа жіп байлайды, үйіне бақсыны да шақырады. Бақсы нәрестені тіршілік нәрінен тарықтырып, тұншықтарған жын-перінің барын анықтайды. Сөйтіп ол зұлым күштің иесімен алысады, бірақ шамасы жетпейді. Әке мен шеше қайғы жұтып қала береді. Шарасыз күйге түскен шеше түн ішінде көлге барып, Ұмай анадан көмек сұрайды. Киіз үйге ай сәулесін бойлай бесік пірі келіп түседі. Сөйтіп, адам баласының өмірі үшін жақсылық пен зұлымдық арасындағы күрес басталады. Ежелгі дұғалармен тұтаса үндескен бесік жыры бүкіл фильмге арқау болады. Әке мен шешенің ең соңғы үміті - бесік жыры. Бесік жыры жақсылық пен зұлымдықтың, қараңғылық пен жарықтың, өлім мен өмірдің арасындағы арпалысты жеңген жеңістің жырына айналады.
«Колыбельная»
В горной местности возле небольшого озера живет молодая семья. Их малыш болен. Ничего не помогает. Отец молится богам, завязывая ленточку у священного дерева, и даже приглашает в дом бақсы. Бақсы обнаруживает злого духа, отнимающего жизненные силы у ребенка. Его схватка с темными силами оканчивается поражением, и обессиленный бақсы уезжает, оставив беспомощных родителей наедине со своей бедой. Ночью отчаявшаяся мать выходит к озеру и молит великую Умай ана о помощи. С потоком лунного света в юрте появляется богиня материнства и семейного очага. И начинается яростная битва добра со злом за жизнь человеческого дитя. Старинная колыбельная, в которую вплетены древние молитвы, красной нитью проходит через весь фильм. Она является последней соломинкой, за которую цепляются родители, чтобы сохранить в сердце надежду, она же становится гимном победы добра над злом, света над тьмой, жизни над смертью.