Бесікке салу рәсімі /бесікке бөлеу / бесік жыры / тыштыма ..

  Рет қаралды 60,283

Турсынай Серикбаева

Турсынай Серикбаева

Жыл бұрын

#бесіккесалурәсімі #бесіктой #бесіккебөлеу
Выписка
• Перзентханадан келінім...
Бесік той отбасындағы тұңғыш нәресте дүниеге келгеннен кейін, қырқынан шығарылғаннан кейін жасалатын той-думан. 🎶 🎤 🎶
Бесікке салу - нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесік киелі, құтты мүлік. Сәбидің алтын ұясы. Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады.
Бесікті аластау. 🔥
Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын-шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын бесікті айналдыра аластайды.
❗️Ұзақ уақыт қолданбаған бесікті міндетті түрде аластау керек. 🔥
Алас, алас, алас!
Мың бір түрлі пәлеңнен қалас!
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Уы жаманның уынан алас!
Алас,алас, алас!
Қыла гөр Алла мың пәлеңнен қалас! - деп адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу.
Бесіктің жабдықтары - түбек, шүмек, төсегі, жастық, жөргек, қолбау, тізебау, тізе жастық, екі тартпасы.
Бесікке бөлеу рәсімін ауылдың қадірменді анасы іске асырған. Бесікке салушы әжелер бесіктің барлық жабдықтарын орын-орнына қойғаннан кейін шашуға әкелген тәттімен "тыштыма" ырымын жасап, тойға келген қонақтарға үлестіреді. 🍭🍭🍭
"Тыштыма" ырымы 🍬🍬🍬
Баланы бесікке бөлерден бұрын "тыштыма" ырымы жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы балаларға тәттілер
үлестіреді. Бұл дәстүр "балаға бесік құт дарытсын" деген ниетпен туған рәсім.
Осыдан кейін баланы бесікке бөлеп, бесік жыры айтылады.
Әлди, әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін. Әже, апалар батасын беріп, баланың ер жетуіне, үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді.
Бала бөленген бесіктің үстіне жеті не тоғыз нәрсе жабылады (тоғыз елдің қамын жесін деп, тоғызы түгел болсын деп, ұйқысы қалың болсын деп ...)
Бесікке салған әжелерге жаулық, қамзол сияқты сый тартылады.
Бесік тойға әкелінген бесікке көрімдігі беріледі.
Бесікке баға беріліп, Сыйға-сый дегендей бесік әкелушілерге киіт беріледі. 💎💍💎
"Баланың бесігі - кең дүниенің есігі"
ТурсынайСерикбаева ⭐️⭐️⭐️
#бесіктой 15.07.22 ж 🍇🍇🍇
Еліміз аман, бейбіт заман болсын! 💐
#шілдехана #бесіктой
#бесіккесалурәсімі
#бесіккесалу #бесіккебөлеу #бесікжыры
#бесік #бесіккесалудәстүрі
#баланыбесіккебөлеу
#салтдәстүр #сарқылмасқазына

Пікірлер: 36
@user-fd4rr7uk2w
@user-fd4rr7uk2w Жыл бұрын
Бәрі орындарында әдемі жайғасып отыр. Кейбір тойда айқайлап, ары-бері жүріп, бағынбай кетеді. Мынау бір әдемі той болыпты
@Maha__-gu3yg
@Maha__-gu3yg Ай бұрын
Тек жақсы қызығын көріңіздер.
@Tursynai
@Tursynai Ай бұрын
Рақмеет, әмин айтқаныңыз келсін 🤲
@user-uk2vk3ej3f
@user-uk2vk3ej3f Жыл бұрын
Машалла қандай әдемі көрініс.Бәрімізге осындай той жұғысты болсын
@_9622
@_9622 8 ай бұрын
Асаба қызымыз керемет көп нәрсе білет екен. Рахмет жаным 😘🌹🌹🌹👍🏻
@ainashmarieva2682
@ainashmarieva2682 11 ай бұрын
Баланы бесікке салуда көпшілікті шақырмайды, осы күнгі қазақтар не болып кеткен, мәңгүрттер
@kunzadaaitenova8084
@kunzadaaitenova8084 11 ай бұрын
Түбек пен шүмек сатылады дегенді 60 қа келіп енді естіп отырмын.Естімеген елде көп...
@korkemminez1662
@korkemminez1662 Жыл бұрын
Бесігі өзіне құт болсын. Кәусар қыз үлкеен қыз болып өсе берсін! ⚘⚘⚘
@Tursynai
@Tursynai Жыл бұрын
Әмин
@user-xb3oz8mv1u
@user-xb3oz8mv1u Жыл бұрын
Бесик той кутты болсын!!!
@nurgulkulmaganbetova6541
@nurgulkulmaganbetova6541 10 ай бұрын
қандай күшті осылай жүргізетін асаба болса
@zhadira84
@zhadira84 Жыл бұрын
Құтты болсын несібең, артық болсын несібің, Дастарханың жайылып, ашық болсын есігің. Құтты болсын бүгінгі шілдехана тойларың, Тілектерің қабыл боп, орындалсың ойларың!!!
@user-yu1sx7pv5z
@user-yu1sx7pv5z Жыл бұрын
Керемет😍👏
@user-ss4zb5fr8l
@user-ss4zb5fr8l Жыл бұрын
уйде периштелер коп болсын ❤❤
@user-tu7jh4ts9s
@user-tu7jh4ts9s Жыл бұрын
Балапан бахытды кыз болсын
@airuza_
@airuza_ Жыл бұрын
Түфәй түфәй,Алла тіл көзден сақтасын😍😍👍🏻👍🏻.Керемет😘
@bakuut
@bakuut Жыл бұрын
Бала тәрбиесі бесіктен.
@user-nq7ci3nm8i
@user-nq7ci3nm8i Жыл бұрын
Бесікке салу рәсімі құтты болсын
@bakuut
@bakuut Жыл бұрын
Нәрестенің бесігі - кең дүниенің есігі.
@korkemminez1662
@korkemminez1662 Жыл бұрын
Дені сау, ғұмырлы, бақытты қыз болсын. Артынан іні, сіңлілері ере берсін! ⚘⚘⚘
@Tursynai
@Tursynai Жыл бұрын
Әмин
@user-xb3oz8mv1u
@user-xb3oz8mv1u Жыл бұрын
Керемет♡♡
@bakuut
@bakuut Жыл бұрын
Ел боламын десең, бесігіңді түзе.
@user-tt2et7dr1e
@user-tt2et7dr1e Жыл бұрын
Бесігі өзіне құт болып үлкен қыз болып өсеберсін😇🤲🏼❤️
@Tursynai
@Tursynai Жыл бұрын
Әмин
@user-fd4rr7uk2w
@user-fd4rr7uk2w Жыл бұрын
Балапанның ғұмыры ұзақ, дені сау болсын
@Tursynai
@Tursynai Жыл бұрын
Рақмет 💐
@aselts
@aselts 9 ай бұрын
Бесикке салган баланы сатып алушы меди. Казакта ондай салт бар ма ози? Баланы бесигимен
@user-qg7pb2jp3n
@user-qg7pb2jp3n Жыл бұрын
Гаухар қыз керемет жүргізеді. Балапан ғұмырлы болсын!
@user-zl2fs9rh7t
@user-zl2fs9rh7t 11 ай бұрын
Баланы бесікке неге екі адам салады, соған түсінбеймін
@bakuut
@bakuut Жыл бұрын
Төріңде бесік тұрса, төре де бас иеді.
@bakuut
@bakuut Жыл бұрын
Тәрбие тал бесіктен.
@user-kf3qk1sd5o
@user-kf3qk1sd5o 2 ай бұрын
Ойларына келгенін істеп жатыр. Мынау деген (бесіктің үстіне үйіп сап, бұл қайдан шыққан тағы) тіпті өрескел екен. Қазақтың неше түрлі ырымдарын өздерің шығарып жүрсіңдер. Тіптен бұлай емес.
@user-vi4ms4pf3s
@user-vi4ms4pf3s 7 ай бұрын
Құдай, соншама микрофонмен айқайлап, елді топырлатып не бопты
@user-px5nl3ud3x
@user-px5nl3ud3x Жыл бұрын
Тамада номер юериниши
@user-ws2vu9cn5e
@user-ws2vu9cn5e Жыл бұрын
Салематсыз ба. Кай жерде турасыз. Кушти жургизип турсыз бесикке салу расимин. Мен Атыраудан едим. Тел сот жазасыз ба.
YouTube's Biggest Mistake..
00:34
Stokes Twins
Рет қаралды 47 МЛН
Glow Stick Secret 😱 #shorts
00:37
Mr DegrEE
Рет қаралды 99 МЛН
ЗЕЙНЕП АПАНЫҢ ӘҢГІМЕЛЕРІ - БЕСІК ТОЙ / 06.05.21
25:36
Жетісу телеарнасы
Рет қаралды 28 М.
Баланы бесікке салу дәстүрі
5:14
Шет аудандық музейі
Рет қаралды 65 М.
Баланы бесікке қалай бөлеу керек?
16:44
ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ / ДОБРОЕ УТРО
Рет қаралды 7 М.
Баланы бесікке қалай бөлеген дұрыс???
6:09
Ayaulim_dabilova
Рет қаралды 3,8 М.
Бесікке салу және қырқынан шығару дәстүрлерінің көрінісі
20:13
Атадан мұра Атамұра мәдениет орталығы
Рет қаралды 27 М.
Бесікке салу
6:46
Калижан Бейсеуов
Рет қаралды 368 М.