«Бес жұлдыз». Ажарлым Мағзұм, Айбол Алпысбай, Bars Qaba, Өзгеріс Шерікбай, Ринат Үсенов/ 3-шығарылым

  Рет қаралды 47,454

Khabar TV

Khabar TV

Ай бұрын

Жұлдызды сайыс жаңа форматта. «Бес жұлдыз» - әлемде баламасы жоқ, отандық жоба. Жобаның басты ерекшелігі - ұмыт бола бастаған тәлімгер мен шәкірт сабақтастығын қайта жаңғырту. Жас таланттардың бағын ашатын шоу республикалық ауқым алып отыр. Еліміздің барлық өңірінен келген 30 сарапшы өз бағасын беріп, үздік орындаушыны таңдайды.
«Бес жұлдыз» сахнасы таланттыларды танымал ететін бірегей жоба болмақ. Мұнда келген кәсіби әншілер жай ғана өнер көрсетіп қоймайды. Тәлімгерлік шеберлігін шыңдап, шәкіртінің жүзден жүйрік болуына бар күшін салады. Сол үшін танымал жұлдыз, жас талантпен бір сахнада ән шырқайды.
Шоуға қатысушылардың өнерін әдеттегідей көрермен емес, әр өңірден арнайы шақырылған музыка мамандары бағалайды. Үміткерлердің кем-кетігін айтып, өнер жолына дұрыс бағдар беруге тырысады. Шын жүйрікті бірге анықтайық! Әр сенбі 19:00-де «Хабар» арнасынан жіберіп алмаңыз!
КАНАЛҒА ТІРКЕЛ / ПОДПИШИСЬ НА КАНАЛ: / khabarshowtv
АРНАМЫЗДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫ / ТОПОВЫЕ ПРОЕКТЫ КАНАЛА:
• «ХабарLike»: • «ХабарLike»
• «ҚАРА ЖӘШІК» телехикаясы: • «ҚАРА ЖӘШІК» телехикая...
• «Келінжан 5» телехикаясы: • «КЕЛІНЖАН 5» / «Келинж...
• «Рауза. Сакура - жас өркен» телехикаясы: • «РАУЗА. Сакура - жас ө...
• «COVER SHOW 3»: studio.kzbin.infoP...
#бесжұлдыз #хабар #хитәндер
БІЗДІҢ ПАРАҚШАЛАРҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ:
Facebook: / habartv.telearnasy
Instagram: / khabartv
Telegram: t.me/khabartv_kz
TikTok: / khabartv
Twitter: / khabartv

Пікірлер: 449
@user-lj9qy7wg5s
@user-lj9qy7wg5s Ай бұрын
Өзгеріс Шерікбай - Моңғолияның қазақтар тұратын Баян-Өлгей аймағында туған қазақ. Бұрыннан сырттай бақылап келемін. Иә, кәдімгі таза қазақ. Моңғолға үш қайнаса, сорпасы қосылмайды. Сол өлкеде жүріп-ақ, ата-бабасынан бері келе жатқан сартап сағынышы осылай ән болып төгілген. Құлағында, санасында, жадында, жүрегінде сақталған. Оны өзі сезбеуі де мүмкін. Құдай қазаққа берген талант қой, шын мәнінде. Ешбір халықта, ешбір ұлтта, ол моңғол болсын, ол қытай болсын, дәл қазақтікіндей дауыс жоқ. Осы дауыс арқылы-ақ бірден қазақ екенін білесің. Мына тыңдаған кездегі төл дыбысты айтсаңшы, қалай құйқылжып кетеді. Шымыр, сенімді. Осы дауыс қой біздікі, қазақта ғана бар ырғақ, екпін. Тек бұдан айырылмайықшы🙏🙏🙏 Қазылар алқасы да соны ескерсін. Өзгерістің ата-анасына мың да бір рақмет! Бойындағы бар қуатын сарқып, баласына беріпті. Шын мұрат, шын мирас дегеніміз - осы. Айналайын, Өзгерісжан, енді тек бойыңды да, ойыңды да таза ұста. Қалың рушылға да, қалың діни жамағатқа да, қосылма. Өзіңді тек таза, пәк ұста. Сонда ғана дамисың, мына Құдай берген дауыс болмысыңнан ешқашан кетпейді. Көп ізден, көп оқы, көп тыңда, өзіңді тап, әлі де жетілетін талантсың. Сенің бір басыңда бірнеше қыр бар, тіпті бірнеше инструментте өзіңді сынап көр, эксперимент жасап көр. Тек жамандық қылма, күнә жасама, арқаңнан өтірік қағатын ағайынға, арамзаларға жолай көрме! Бауырлық, ағалық тілегім болсын. Еһ, сенің көзіңнен көп нәрсе оқып тұрмын ғой...
@Tompi-opw02991
@Tompi-opw02991 Ай бұрын
Өзгерістің әкесі Шерікбай марқұм да баритон дауысты мықты әнші болды.
@ctrlpsp9069
@ctrlpsp9069 Ай бұрын
❤❤😊
@user-rd5bv4tu4i
@user-rd5bv4tu4i Ай бұрын
Монголиядан қашан келген
@user-lj9qy7wg5s
@user-lj9qy7wg5s Ай бұрын
@@user-rd5bv4tu4i өте көп болған
@jonitau
@jonitau Ай бұрын
Пікіріңізге рахмет, өте дұрыс айтасыз!🙏
@user-qy2ms6ej8p
@user-qy2ms6ej8p Ай бұрын
Өзгеріс деген әнші бала өзім үшін жаңалық болды, даладан келіп теледидарды қоса салғанда канал Хабарда тұр екен. Бұл әншіге тек сәттілік тілеймін.Керррремет! 👍👍👍
@guldanaoryngalieva6548
@guldanaoryngalieva6548 Ай бұрын
Өзгеріс Шәріпбай- нағыз талант. Ғазизханға размет осындай талантты шығарғанына.Өзіне еш қатысы жоқ,танымайтын адамды халық арасынан таңдап,жұлдыз болуына көмегін тигізгеніне. Нағыз өнердің адамы осындай болсын👍👍👍
@adiletadiken
@adiletadiken Ай бұрын
Ғазизхан Өзгерiстi ел арасынан тауып топқа қосқаныңызға мың алғыс, Өзгерiс жарайсың бауырым, қуаныштымын👍👍👍👍
@khabdualiali8923
@khabdualiali8923 Ай бұрын
Ағалық қылған Ғазизханға рақмет! Дейтұрғанмен біле жүрейік Өзгеріс ерекше дауысты,бұрыннан өз орны бар, өнер қонған әуелеттің өкілі, тектінің тұқымы екенін!
@kanbituremuratova7022
@kanbituremuratova7022 Ай бұрын
Өзгерістің дауысын естіп қалып ютубтан тауып көріп отырмын 😊
@user-jb7py7nt3u
@user-jb7py7nt3u Ай бұрын
Тағы бір талантты бірінші рет көріп таңғалып жатырмыз Өзгеріс Шерікбай.
@Asyka._.dragon
@Asyka._.dragon Ай бұрын
Талант екен Озгерис деген жигит .дауысы ерекше.Талабына нур жаусын жулдызы жаркырай берсин.Газизханга ракмет халык арасынан тауып алып халыктын алдына шыгаргпн.🎉🎉🎉
@user-bz9kz9mx5j
@user-bz9kz9mx5j Ай бұрын
Өзгеріс інім өте керемет әсерлі дауысыңда жан жақты. Біз үшін сен ерекше тұлғасың. Дауысың да керемет қалай айтсаңда жан жақты талабың ерекше. Әрқашанда өнерің жемісті болсын. Бағалана берсін өнерің ерекше барлық отырған спрапшылар бағалады керемет. Жете бер жетістікке жаным.
@user-dn5qq7si6q
@user-dn5qq7si6q Ай бұрын
Ғазизхан мен Өзгерісті жалықпай тыңдай беруге болады. Енді күнде тыңдайтын болам👍👍👍. Әлқожа бір күні ауыздан кететін шығар.
@kanatbekaydos7621
@kanatbekaydos7621 Ай бұрын
Ғазизхан мырза қосқан тұлпарыңыз мықты екен. Таза Қазақ даласының даусы. Жарайсын Өзгеріс👍
@user-mx3og1nx7m
@user-mx3og1nx7m Ай бұрын
Өзгеріс өзгеріс әкелді , нағыз таланыт ,өнерің өрісті болсын 👍👍👍
@user-tj2dw2xi9p
@user-tj2dw2xi9p Ай бұрын
Өзгеріс деген әншіні бірінші рет есітіп таң қалдым.Талабыңа нұр жаусын. Керемет орындау. Қазақтың қара домбырасымен айтқан әні нұр үстіне нұр болды.👏👏👏👍👍👍
@DinaUnat
@DinaUnat Ай бұрын
Қазақ өнеріне өзгеріс кіргізетін ерекше талант иесі Өзгеріс екені халыққа мәлім! Тек алға! Аллам қолдасын! Әділдік болсын!🤲🤲🤲🤲🤲
@medetyessenkeldi2674
@medetyessenkeldi2674 Ай бұрын
Ғазизхан-Өзгеріс мықты номер болды ✊🏻✊🏻✊🏻✊🏻✊🏻
@user-jh8yg2zq9l
@user-jh8yg2zq9l Ай бұрын
Керемет қайта қайта тыңдай бергің келеді Өзгеріс даусы ашық керемет Ғазизхан енді мықты копазитор дәлелдеді ❤❤❤❤
@kazformat
@kazformat Ай бұрын
Өзгеріс жеңсін дегендер лайк👍
@user-lf7bq1wy1j
@user-lf7bq1wy1j Ай бұрын
Өзгеріс балам жарайсың👍🏻Стамғазиевтан кейінгі анық жеткізуші ғой
@user-jw2pz5bc3n
@user-jw2pz5bc3n Ай бұрын
Өзгеріс шынымен қазақ өнеріне келген өзгеріс
@gulnaralpisbaeva3426
@gulnaralpisbaeva3426 Ай бұрын
Керемет.Қазақтың қара домбырасы жеңді.Қайталанбас ерекше дауысы бар Рамазан Стамғазиевтен кейін,тура сондай дауыспен шыққан Өзгеріс Шерікбай баламыздың орындауы таң қаларлық.Өнерің өрге жүзсін.Қазақтың қара домбырасымен,ерекше дауысыңмен алар асуың көөөөп болсын.Шекербектей қазақтың дәстүрлі әндеріне жанашыр ағаларыңа Алла разы болсын.Барлық қатысушы қазақтың өнер әлемінде жүрген әншілеріне де ақ жол.Өздеріңіздің ерекше дауыс,өнерлеріңізбен халықтың алғысына бөленіп жүре беріңіздер🤲🤲🤲❤
@user-lj9qy7wg5s
@user-lj9qy7wg5s Ай бұрын
Негізі Рамазан Стамғазиевтен асырып айтпаса, кем түспеді. Бұл жігітте үлкен жүрек бар. Тіпті кейде Рамазан ағамыз айтқанда, осылай жетпей қалады. Сондықтан шынымен, жаңалық болды!
@qazfilms
@qazfilms Ай бұрын
Өзгеріс Шәріпбай нағыз талант екен жолы ашық болсын!👏 👏👏Тоқтар аға қолдауыңыз керек еді ғой әттеген-ай бір кем дүние десеңші 😢😢 Рамазан ағамыз өз алдына бір төбе бұл жігіт мүлдем басқаша тыңдағанда денеңді шымырлатып жіберді.
@user-yx7gq5lk8n
@user-yx7gq5lk8n Ай бұрын
Рамазан Стамғазиевтен оза түскен сиякты
@user-ue1fi4id4c
@user-ue1fi4id4c Ай бұрын
Өзгеріс деген баланы бұрын көрмеппін, даусы керемет ұнады! Менің ойымша, тіпті Рамазаннан асып түсті... Өзгеше әсер етті... Жұлдызың жана берсін, Өзгеріс!!!
@user-iz7dr6cn7g
@user-iz7dr6cn7g Ай бұрын
Өзгеріс айналайын, шөлді қандырып жеткіздің,жарайсың.Қазақтың кең даласын, ақын-серілерді еске түсірдің.Жұлдызың жансын!Стамғазиев өкпелемес,енді сахнада осы әнді сен орындасаң құптар едік.
@user-vw9xv8yw1u
@user-vw9xv8yw1u Ай бұрын
Рамазан шәкірті өзгеріс
@miramgalialgaliev9002
@miramgalialgaliev9002 Ай бұрын
Ғазизхан бауырым аман жүр!!! Алла жар болсыншы! Рамазан айынды тілегім! Біз тілекшіміз Өзгеріс екеуіңе! Домбыра күмбірін, аттың дүбірін естісек арқасы қозатын қазақпыз біз! Бәрі де жұлдыз, бірақ бүгін керемет бағдарламаның соңы болды🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Біз қазақпыз❤️🇰🇿
@user-ow3nd3sp1t
@user-ow3nd3sp1t Ай бұрын
Ерекше талант Өзгеріс шеркбай бағың жансын!
@user-zz7qw6ds1x
@user-zz7qw6ds1x Ай бұрын
Керемет.Ғазихан Өзгеріс Алланың нұры жаусын!
@user-oi2ix7gu9x
@user-oi2ix7gu9x Ай бұрын
👏Өзгеріс керемет.Жарайсың керемет дауыс👍🔥
@user-cw9er3pl4f
@user-cw9er3pl4f Ай бұрын
Озгерис керемет ...даус зор тембр ерекше.. Газизхан дует еке даус айты... изденис бар Жарайсын!!!
@gulainabekmuratova4343
@gulainabekmuratova4343 Ай бұрын
Осы Әлқожа өзінің осымен бірнеше жерде әдепсіздігін көрсетіп келеді. Қазақтың *сын түзелмей, мін түзелмейді* деген сөзінен мүлдем бейхабар ау деймін. Осы жобаға 30 сарапшы қатысатынын біліп келген шығар...
@user-qw2qd4hn4r
@user-qw2qd4hn4r Ай бұрын
Сахна мәдениетін білу керек осы . Сынды да тыңдай да, қабылдай білу де керек. Әдепсіздігін көрсетті, қолды сілтеп ... .
@amanguladilbek9049
@amanguladilbek9049 Ай бұрын
Сарапшы дұрыс сын айтып отыр, сынды қабылдай білу керек, бірақ оған кейбір әншісымақтардың өресі жетпейді. Халыққа ұнайды, халық сол әнге билейді деген ойдан арылу керек, кәсіби деңгейі жоғары, мазмұнды әндер көбірек орындалып, насихатталуы тиіс. Тойдың жеңіл әндерінен шығатын уақыт баяғыда болған, бұл жоба шоу болса да кәсіби әншілер нағыз таланттарды тауып әкелгені жөн. Өзгеріс сияқты.
@user-ue1fi4id4c
@user-ue1fi4id4c Ай бұрын
Әлжаппар Әлқожа бетпақ әйелдер сияқты, аузы көпіріп кетті ғой
@user-dx6qg4qg4z
@user-dx6qg4qg4z 11 күн бұрын
Роза апкесинин баласы гой, сол ушин шыгар
@user-iu4gj1su9v
@user-iu4gj1su9v Ай бұрын
Өзгеріс шынымен ақ өзгеріс әкелді қазақ эстрадасына👏🔥
@user-rd5bv4tu4i
@user-rd5bv4tu4i Ай бұрын
Өзгеріс,Ғазизхан жарайсыңдар.Өзгерістің әнін көзімді жұмып тыңдап,қазақтың тарихын аралап шықтым
@user-ru2kx3nc4f
@user-ru2kx3nc4f Ай бұрын
Өзгерістің жеңісі құтты болсын. Әділ болды. Даусы керемет, соңғы ән тіпті керемет. Өнерің өркендей берсін.. Ғазизханға рақмет осындай өнерлі жігітті алып келген. Әкесі дәстүрлі әнші болғаны ғой, өкінішке қарай ол кісіні көрмедік, әнін естімедік.
@nartaikali3134
@nartaikali3134 Ай бұрын
Нағыз жеңімпаз - Өзгеріс Шерікбай! Құлақ құрышын қандыратын үні қандай керемет🔥
@user-bv8fy5gl9v
@user-bv8fy5gl9v Ай бұрын
Өзгеріс жарайсың!Тек қана алға!Дауысың ерекше,мүмкіндігің зор!
@erekelife4334
@erekelife4334 Ай бұрын
Өзгеріс деген жігіт туралы кезінде Ахметбек Нұрсила айтқан еді. Енді ғана байқап отырмын және халықтың пікірін оқып отырсам, жақсы пікірде екен.
@user-kd6mt1yc2w
@user-kd6mt1yc2w Ай бұрын
Ғазизхан,Өзгеріс керемет орныдай Өзгеріс бауырым сәттілік өнерің үстем болсын жарайсың!👏👏👏👏👏
@user-kh4nz5wn3m
@user-kh4nz5wn3m Ай бұрын
Өзгеріс керемет әнші, нағыз жұлдыз болуға әбден лайық👍
@user-ji5bp8xc4u
@user-ji5bp8xc4u Ай бұрын
Өзгерістің даусы, өзгеше, ерекше жақсы, тамаша !!! Өте ұнады, рахмет, табыс тілеймін!👍👏🥇🇰🇿🌷
@user-cr1eh1mp4y
@user-cr1eh1mp4y Ай бұрын
Не деген дауыс Өзгеріс деген жігітте,Ғазисхан жарайсың осы жігітті тауып акелгеніңе...керемет болашағы кушти👍🤲👏✊✊✊
@user-fm4cy3bh8q
@user-fm4cy3bh8q Ай бұрын
Әбдіжаппар деген тіпті сын қабылдай алмайтын адам екен, өте нашар 😅
@NurgulShotaeva-pt2us
@NurgulShotaeva-pt2us Ай бұрын
Сарапшылар лағып кетеді шыны керек. Өйту керек, бүйту керек деп, өнеріне айтқан әніне емес жеке басына өтіп кетеді. Дәл осы жерде ғана емес, көп жерлерде сарапшы дегендер өзін жоғары көрсеткісі келіп отырады....
@user-fm4cy3bh8q
@user-fm4cy3bh8q Ай бұрын
@@NurgulShotaeva-pt2us жалпы сарапшылар білікті адамдар отыр , өнер адамы болғандықтан сынды да қабылдай білу керек деп ойлаймын
@user-bs2ud8ru6r
@user-bs2ud8ru6r Ай бұрын
Тоқтарды вообще алып тастайтынгой неғып отыр🤦‍♀️🤦‍♀️🤦‍♀️ керемет дауыс биіктен көріне бер балам Өзгеріс Шерікбай🔥🔥🔥
@NurgulShotaeva-pt2us
@NurgulShotaeva-pt2us Ай бұрын
Дұрыс айтты Тоқтар ағай. Бірінші әнде Рамазан Стамғазиевті толықтай қайталап шықты Өзгеріс. Керемет дауысы бар, түрі келіскен мықты азамат екен. Қайталамай өзінше шықса асып тұсер еді сөз жоқ.
@bokaboka6681
@bokaboka6681 Ай бұрын
Barinende hizdar Kuwaiti aitipti
@bokaboka6681
@bokaboka6681 Ай бұрын
Қыздар әдемі аитыпты барненде
@user-wm3fg9ey7j
@user-wm3fg9ey7j Ай бұрын
Өзгеріс керемет дауыс, жаның жай тауып тындайтын әнші екен. Жәрайсыз.
@sagilakopbai689
@sagilakopbai689 Ай бұрын
Өзгерістің дауысынан кейін басқа үміткерлердің дауысын қабылдай алмай қалдым 😍👏👏👏. Сәттілік бауырым
@user-gf3gm7xz5z
@user-gf3gm7xz5z Ай бұрын
Қүтты болсын Өзгеріс бауырым қуаныштан денем түршігіп кетті Баян-Өлгей қазақтарынан шыққан атақты әнші екеніңді дәлелдедің және де сен әдеқашан дәлелдеп қойған жұлдызсың !!!Сәттілік !!!😊
@user-vo6dy2bq5f
@user-vo6dy2bq5f Ай бұрын
Мине казак мактануга лайыктысын атыда ерекше озиде ерекше алтын бала татти бала Аллам жар болсын жанм тил көзден сактасын Аллам ❤❤
@user-dc4ou8zx8i
@user-dc4ou8zx8i Ай бұрын
Кім ойлап тапсада жақсы идея болған екен болашақта осы Бес жұлдыздан танылғам деген жұлдыздар көбейе берсін 😘бірақ сарапшылар тек болашақ әртіске пайдалы кеңес берсе берсе екен ел ішінен суырылып шығып осындай бағдарламаға қатысуда оңай емес жас талантты жанбай жатып өшіріп алмайық
@user-vl3pb8zj8b
@user-vl3pb8zj8b Ай бұрын
Өзгеріс қазақи қоңыр дауысымен Димаштан кейінгі жұлдыз болатындай талантты екен, әйтеуір анау мынау деп басып тыстамаса болды, Халқым көкірегің ояу болса Өзгерісті қолдаңдар!
@gulnarazyken9513
@gulnarazyken9513 Ай бұрын
Жеңімпаз Өзгеріс қой, дау жоқ биылғы жыл бауырымдікі , жана бер 👏👏👏👏саған сенеміз Астана ❤✊
@user-zz8eo4fy8d
@user-zz8eo4fy8d Ай бұрын
Өзгеріс дайын әнші, ғазизхан екеуі керемет үлесім тапты, дауысы керемет тек алға
@user-zg5nf4co7r
@user-zg5nf4co7r Ай бұрын
Өзгеріс деген жігіттің өнеріне тәнті болдым .Нағыз талант , өнерің өрлей берсін, биік шыңдарынан көріне бер! 💯💐👏🏻👏🏻👏🏻 Ақ жол!🙌🏻❤🤩 Дауыс тембрі Виктор Цойға ұқсайды екен.👍🏻👏🏻
@user-bz4tw4rr7z
@user-bz4tw4rr7z Ай бұрын
Озгерыс мыкты,создеры нык,тек гана Алга!
@seytaytolhyn4129
@seytaytolhyn4129 Ай бұрын
Өзгеріс Шерікбай нағыз талант, табиғи дауыс , текгана алға!!!🔥
@user-cj9jf1pl4b
@user-cj9jf1pl4b Ай бұрын
Айналайын Газизхан оте тамаша талант казак улы Озгерысты тапканына мын алгыс супер хит жанаберындер Кулындарым❤
@user-cj9jf1pl4b
@user-cj9jf1pl4b Ай бұрын
Кайта кайта бырнеше рет коруге лайыкты Озгерыс Айналайын тек Алга Газизханга коп Рахмет❤
@Yerlan_Sailau
@Yerlan_Sailau Ай бұрын
Өзгеріс бауырым,тума талант.Керемет
@user-cc1ie5es2x
@user-cc1ie5es2x Ай бұрын
Өзгеріс өзгертті, дауысыңнан айналдым керемет дует болды. Өнерің өрге бассын.❤
@user-oc7pu9ox5u
@user-oc7pu9ox5u Ай бұрын
Өзгеріс бауырым сөз жоқ ерекше талант иесі ғой
@user-vq6zk9uz7x
@user-vq6zk9uz7x Ай бұрын
Ассалаумағалайкум, маған ұнаған ән туған жер туралы, қазақтың кең даласын бейнелеген, анасының баласына деген махаббатымен жеткізген РИНАТ бауырымның әуені қатты ұнады. Жұлдызың жансын бауырым!
@user-yl6zf7uz3m
@user-yl6zf7uz3m Ай бұрын
Өзгерістің орындауы Тамаша, жүрекке жеткізіп орындады.Жарайсың ,айналайын!
@amankhanamaka113
@amankhanamaka113 Ай бұрын
Өзгеріс шерікбай жарайсыз өнеріңіз үстем болсын тек алға басаберіңіз керемет тұнып тұрған талат гой
@user-yo3nx4xs3x
@user-yo3nx4xs3x Ай бұрын
Өзгеріс өнерің үстем болсын нағыз қоңыр дауыс даланың
@KS-kz
@KS-kz Ай бұрын
Ғазизханға қаным қайнайды… неге?! Осындай талантымен,неге үнсіз жатыр. Аранжировканың қас шебері, білмим любой әнді құлпыртып, ішін ақтарып тастайды. Алға Ғазизхан
@nursultanbaten1481
@nursultanbaten1481 Ай бұрын
Ееех міне нағыз қас талант сап алтын сап өнер нағыз әнші менің ақ құрдасым Өзгеріс Шерікбайұлы алла бағыңды еселеп осы жобаның жеңімпазы бол құдайым ақ жол берсін🤲🏼😊🤝✊🏽👍🏾🔥✅🎤🇰🇿🙌
@user-oy3op9kt1g
@user-oy3op9kt1g Ай бұрын
Ассалаумагалейкум керемет Газизхан мен Озгерис
@user-dy7os9rf3z
@user-dy7os9rf3z Ай бұрын
Ғазизхан Өзгеріс керемет өнер көрсеттіңіздер👍
@user-jl3gt2iy8o
@user-jl3gt2iy8o Ай бұрын
Өзгеріс өнерің үстем болсын қазақтың даусын кеңдігін көрсеттің салмақты сабырлы екенсің әлемге танымал болсын керемет
@user-bp1rk3gu7c
@user-bp1rk3gu7c Ай бұрын
Ғазизхан нағыз талант👍🏻
@molyatutesliche
@molyatutesliche Ай бұрын
Улыкпан агамыздын орындауы ар андеры ерекше гой ширкын🙏 Аман болыныздар онерде журген агаларымыз❤️
@tilewbekbatys
@tilewbekbatys Ай бұрын
Өзгеріс аға құтты болсын! Қоңыр дауысыңыз талайды тамсандыра берсін! 💜
@user-yl6zf7uz3m
@user-yl6zf7uz3m Ай бұрын
Өзгерістің орындауы жүрекке жетті,Тамаша! Сәттілік серігің болсын айналайын!Алтынның сынығы,жолың ашық болсын балам!
@kanatbekkenzhekhan3231
@kanatbekkenzhekhan3231 Ай бұрын
Өзгерісті Алла сақтасын! Ғажап әнші.
@user-df2nq5qc7x
@user-df2nq5qc7x Ай бұрын
Қайдағы жоқ әндерден шаршадық шыны керек. ӨЗГЕРІС айналайын ау даусы сондай жағымды. Ғазизханға рахмет.
@user-qw7cv9ec7o
@user-qw7cv9ec7o Ай бұрын
Өзгеріс, жарайсың
@AdaiAdai-ch9tv
@AdaiAdai-ch9tv Ай бұрын
Ғазизқан рахмет. Талантты бауырымыздың жолы ашық болсын Өзгеріс
@aldi0697
@aldi0697 Ай бұрын
Өзгеріс мықты,тек алға
@user-qi6ly1dc4o
@user-qi6ly1dc4o Ай бұрын
Жарайсың, Өзгеріс бауырым
@harahatstudio4768
@harahatstudio4768 Ай бұрын
Ғазизхан нағыз тума талантты тауып, ашылмаған қырларын ашып шыдады. Нағыз өнерлі азаматтар бәрекелді🎉🎉🎉
@user-is4yq7tt7f
@user-is4yq7tt7f Ай бұрын
Талантты нағыз таналант иесі таниды деген рас екен,Өзгеріс керемет👍
@user-kx6ir3eq9n
@user-kx6ir3eq9n Ай бұрын
Өзгеріс жарайсың!Ғазизхан сен кереметсіңТек алға.
@user-bf5et3qk8o
@user-bf5et3qk8o Ай бұрын
Газизхан прямо удивил со своим голосом и он очень хороший наставник голос и песня прямо ровно поставил все вкусно
@almagulbisahan8964
@almagulbisahan8964 Ай бұрын
Өзгеріс керемет орындады дауысы ерекше тек алға
@Bahabai1983
@Bahabai1983 Ай бұрын
Мықты Өзгеріс бауырым тек алғв
@user-fw5cs1kb9d
@user-fw5cs1kb9d Ай бұрын
Өзгеріс жарайсың! Қазақстанға ең алғаш келген жезінен танитын едім. Группалас болдық. Өнерің үстем болсын!!!
@botatileubek8133
@botatileubek8133 Ай бұрын
Өзгеріс дауысы керемет, бәрекелді... нағыз қазақ жұлжызы бол
@faizyllinb.m1510
@faizyllinb.m1510 Ай бұрын
Өзгеріс балам, халқыңның дәстүрлі өнерін дәріптеуде жасындай жарқырап, еліңе қуаныш силай беруіңе тілектеспін!
@user-cc1ie5es2x
@user-cc1ie5es2x Ай бұрын
Ғазизхан, Өзгеріс керемет бравооо❤
@aiaulimelishan285
@aiaulimelishan285 Ай бұрын
Өзгеріс қандай керемет жеткіздің, жолың ашық болсын!!!
@aliyevaakmaral
@aliyevaakmaral Ай бұрын
Озгерис дауысы 🔥
@allami2647
@allami2647 Ай бұрын
Бұл бағдарлама жаңа әншілермен қатар тәлімгерлерді тәрбиелеп жатқан сияқты. Жақсы жоба👍
@user-rt7xh9bu2c
@user-rt7xh9bu2c Ай бұрын
Газизхан &Озгерiс 👍
@MusicSpace.
@MusicSpace. Ай бұрын
Ғазизхан өнер ұшін шын күйінген азамат екенсің! Өзіңе таныс көптің біреуін сахынаға тартар едің қысқа ойласаң! Ал өзгерісті өзің іздеп өзгеріс жасаған азаматтығыңа дән разы болып отырмын ! Жасай беріңдер қазақтың өнерлі азаматтары !
@GuL_Miraa
@GuL_Miraa Ай бұрын
Газизхан&Өзгеріс молодцы👍🔥
@areskz5188
@areskz5188 Ай бұрын
Өзгеріс👍🏻👍🏻👍🏻
@UrnekKenje
@UrnekKenje Ай бұрын
Өзгерис өте тамаша, алга
@samsunggalaxya1370
@samsunggalaxya1370 Ай бұрын
Ұлы компазитор,әнші,орындаушы,ұлы тұлға Л.Жолдасовты неге сонша мазақ етеді,ойынның жа орны бар,шектен шықпау керек,қазақтар,әншілер,тыңдаушылар,сарапшылар...
@user-nj8wq8sm4x
@user-nj8wq8sm4x Ай бұрын
Өзгеріс тамаша дауыс иесі екен
@user-pn4fj4wi1d
@user-pn4fj4wi1d Ай бұрын
Өзгеріс дауысы ерекше дайын әнші
@user-tl5dc1lw7q
@user-tl5dc1lw7q Ай бұрын
Мына быреу тойдын аншысы Абжаппар дурыс сынды котере алмайтын, мынезы жаман екен.
@aitbalasuleimenova3512
@aitbalasuleimenova3512 Ай бұрын
Сынды тыңдап кабылдай білу де адамның мәдниетыігын білдыреды
@user-gv6ir8dh8n
@user-gv6ir8dh8n Ай бұрын
Абжаппар мен ақ сүйекпін, қалған қазақты қара қазақ деп, сөйлейтін нақұрыс.
@user-zj4cq3qg8r
@user-zj4cq3qg8r Ай бұрын
Қатысушыларға сәттілік!Ал,Өзгеріске жеңіс тілеймін!!!!!!
@erkegul943
@erkegul943 Ай бұрын
Керемет Өзгеріс тек Алға🎉🎉
одни дома // EVA mash @TweetvilleCartoon
01:00
EVA mash
Рет қаралды 6 МЛН
Can You Draw The PERFECT Circle?
00:57
Stokes Twins
Рет қаралды 59 МЛН
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Magic Lips💋
00:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 121 МЛН
МҮГЕДЕК МАХАББАТ-2/ KOREMIZ
44:12
Көреміз / «KÖREMIZ»
Рет қаралды 98 М.
«МузАрт» ансамблінің жаңа концерті
1:42:53
Когда на улице Маябрь 😈 #марьяна #шортс
0:17
高校で1番流行ってるダンス
0:16
Gintube
Рет қаралды 27 МЛН
Женщина-полицейский СПАСЛА пациентку от МЕДСЕСТРЫ 😱 #shorts
1:00
Лаборатория Разрушителя
Рет қаралды 1,4 МЛН
[Gegagedigedagedago] Nuggets Mukbang Girl and Cocomelon Jelly
0:24
DOJU 도주
Рет қаралды 8 МЛН
Інілерінен күдіктенген Айнұр!
28:30
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 188 М.