Рет қаралды 187,284
БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Астана сотында азаматтық некедегі әйелін азаптап, асқан қатыгездікпен ажал құштырды деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың марқұм Салтанат Нүкенованы соққыға жығып, шашынан сүйреген сәттері көрсетілді. Сотта ұсынылған бейне айғақтарда экс-министр Бишімбаевтың келіншегін «Бау» мейрамханасының дәлізінде аяусыз тепкілеп, бірнеше рет басынан ұрғаны анық көрінеді. Ал, Салтанат Нүкенованың бетінен төрт рет шапалақпен ұрып, бірнеше рет тептім деген Бишімбаев әйелінің қалайша көз алдында көз жұмғанын айтып берді.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бүгінгі шығарылымда:
Бұл күндері еліміздегі ең резонансты іс өтіп жатқан Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаевтың марқұм келіншегі Салтанат Нүкенованы аяусыз соққыға жығып, тепкінің астына алған бейнежазба көрсетіліп жатыр. Онда сотталушының жәбірленушіге жасаған қысымы мен қорлығы, шашынан сүйреп, сабағаны бәрі-бәрі таспаланған. Әрі, айғақтан марқұм Салтанат Нүкенованың қандай да бір қарсылық, не агрессия көрсетіп жатқаны байқалмайды.
Бірақ қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыпталып отырған Қуандық Бишімбаев іс-қимылында, пиғылында жаман ой болмағанын айтты. Тіпті, марқұмды ұрмадым, ол дәретханада өзі құлап қалды деді сотталушы. Сөзінше, жәбірленуші әжетхана есігін іштен іліп алып, өзін-өзі тоқпақтап жатқандай әсер қалдырған. Сол үшін есікті бұзып кіруге тырысыпты. Һәм кірген де.
ҚУАНДЫҚ БИШІМБАЕВ, сотталушы:
- Ол маған жұдырық ала жүгіріп, жейдемді жыртты. Ал, мен оны итеріп жібердім. Ол жерге құлап түсті. Мен де оның киімін жыртып, бетінен бірнеше рет ұрдым. Кейін өзі бірнеше рет жерге құлады. Сосын он-он бес минуттай сонда жатты.
Ұрыс бұдан соң да бірде сыртта, бірде «Бау» мейрамханасының ішінде жалғасты деді сотталушы. Бірақ үйге қайта алмаған соң, ашуға булыққан. Айтуынша, ауыр жанжалдың басталуына жәбірленуші кінәлі. Себебі ол лифтімен көтерілгеннен кейін Бишімбаевтың көңіліне жақпайтын сөз айтыпты.
ҚУАНДЫҚ БИШІМБАЕВ, сотталушы:
- Ашуланып кеттім. Кері бұрылып, шашынан ұстап, төрт рет қатты ұрдым. Сол қолмен екі рет, оң қолмен екі рет. Бір сәтте ол құлады. Мен ашулы болдым. Оның мұны әдейі жасағанын немесе расымен өзін нашар сезінгенін түсінбедім. Осы кезде саны мен жамбасынан үш-төрт рет тептім.
Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, бірнеше сағат бойы өзін ауыр сезініп жатқан жәбірленушіні ұйықтап қалды деп ойлаған. Сондықтан, дәрі-дәрмек алдырып, аздап тыныққан соң үйге қайтамыз деп жоспарлапты. Бірақ көп өтпей Салтанат Нүкенова алған ауыр жарақаттарынан көз жұмған.
АЙЖАН АЙМАҒАНОВА, мемлекеттік айыптаушы:
- Қолының шынтақ тұсы қайырылған. Аяғын созып, жазып жатыр. Мәйіт сіресіп қалған. Дененің артқы бөлігі мен жан жағындағы, аяқ-қолындағы мәйіт «дақтарын» бассаңыз, бірден жоғалады. Басында жарақаттары бар. Бас терісінде, самай, желке және самай аймақтарында қан кеткен.
Сондай-ақ, прокурор сотқа дейінгі тергеу кезінде Бишімбаев ұялы телефонының құпия сөзін айтқан жоқ деді. Демек, тергеп-тексеру көмектеспеген. Айта кетейік, келесі сот отырысында сотталушылар мен марқұм Салтанат Нүкенованың ұялы телефондары қаралады.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық