Рет қаралды 444,592
Мемлекеттің миллиард теңгесін жеп, миллиондап пара алды деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы жалғыз ұлдарын еш жаман атқа қимайды. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро жиырма күдікті кінәларын мойындады десе де, Қуандықтың анасы ұлымызға тергеушілер қысым көрсетті деп көзіне жас алып отыр. Үлкен трагедияны басынан өткізіп отырған отбасы жан жарасымен бөлісіп, 23 адам сотталып жатқан қылмыстық істің артында тұр деп есептейтін адамдардың да аттарын атап берді. Экс-министрге тағылған барлық айыптарды ескере отырып, әріптесім Гүлбану Әниятқызы ата-анасынан эксклюзивті сұхбат алған еді.