БОЛАТТЫ ҚУЫП ШЫҚТЫ - ҰРЛАҒАН ЖЕРІН ТАРТЫП АЛДЫ!

  Рет қаралды 335,089

BILGEN DURYS

BILGEN DURYS

Жыл бұрын

Бәріңізге ассалаумағаликум. Болат Назарбаев Талғар, Қаскелең, және Астанадан заңсыз жер алу үшін қандай қулыққа барған? Депутат Ерлан Саиров экс елбасының інісіне қатысты қандай сұмдық деректерді ашық айтып тастады? Ал қазаққа қоқан-лоқы жасалғанда жұмған аузын ашпайтын ассамблеяны тарату жайлы петиция жарияланды. Төрағасы Тоқаев болған ұйымның көзін құрту мүмкін бе? Шайына бал қосып ішкіш шенділер, қарашаның қарындашқа ақшасы жетпей жүргенін біле ме? Өте өзекті ақпараттарды сізге білген дұрыс. Ардақты ағайын каналымызға тіркеліп, қоңыраушаны басып қолдау көрсетіңіз! Сіздерге айтар алғысымыз шексіз! Сонымен әлқисада айтылған әңгімені таратып айтайық. Болат Назарбаевтың қулығына құрық бойламайды екен. Алматы түбіндегі Талғар мен Қаскелеңінен бастап анау астанадан 240 гектар болатын 59 жер телімін заңсыз алған екен. Бұл тек 5 жылдың ішінде меншіктеген жылжымайтын мүлкі. Сөйтіп Назарбаевтың інісінің тағы бір былығы ашылды. Оны ашқан, жалпақ жұртқа жария еткен депутат Ерлан Саиров. «AMANAT» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің кезекті отырысында ол Болат Назарбаевтың атын атап түсін түстеді.
СНХ: 1 минут
Болаттың заңсыз алған жерлері мемлекетке қалай, қашан қайтады? Ол жағы белгісіз. Әйтеу мемлекет Назарбаев туысқандарынан мынадай ақша, анадай дүние қайтып жатыр деп бөсуде. Сол қайтқан ақшадан халық шын пайдасын көрсе ғой деп армандайсың. Ол бюджетке түскенімен тағы біреудің қалтасына кетпесе болды. Ал халық қазір Назарбаев құрып берген сүйікті ассамблеяны таратуға қол жинап жатыр. Елге белгілі тұлғалар жазба жариялап бұл ұйымның көк тиынға қажеті жоқ екенін айтуда. Мәселен, саясаткер Азаматхан Әміртай бүй дейді. Соңғы біраз жылдар көлемінде қазақ қоғамында жиі көтерілетін бір тақырып бар. Ол Қазақстан халқы Ассаблеясы. Жұрт: «қазынадан миллиондаған теңгені жеп отырған «арамтамақ» құрылым қаншалықты қажет, ешуақытта әлсін-әлсін ел ішінде болып тұратын ұлтаралық қақтығыстарға ара түсіп, басу айтпайтын ұйым керек пе?» деген сықылды әңгімені көп айтады. Бұған қосылмасқа болмайды. Ақиқатын айтсақ, аты дардай болсада, бұл ұйымның пайдасын қазақ көрмеді. Титулды ұлтты ұлықтайтындай қарекеті жоқ бұл ассамблея расында қажет пе? Көңілге кірбің түсіретін бір жайт, елімізде ара-тұра болып тұратын ұлтаралық жанжалдарда үн қатпайтын бұл құрылым кеше ғана Украинаның Қазақстандағы елшісінің Ресейдің Украинаға басып кіргенін айыптап, өзге елге қарата бір сөз айтып қалып еді, өре түргелді. «Қарсымыз» деді. «Бұл ұлттар арасына сына қағу» деді. Бір қарасаң жөн сөз. Алайда сондай әңгімен қазақпен күрд, қазақпен дүнген, қазақпен ұйғыр, қазақпен тәжік, қазақпен шешен арасында болған жанжалдарда неге айтпады? Неге басқа елге қарата айтылған бір ауыз сөзге жата кеп тулады? Сонда бұл ассамблеяның бүйрегі кімге бұрып тұр? Қазақстан халқының ақшасына өмір сүріп, алайда өзге елдің мүддесін қорғауда жанкештілік танытуға бейім тұратын мұндай құрылым бізге қажет пе? Әрине, жоқ! Демек мұндай құрылымды таратып жіберу керек деп ойлаймын!
Ал Мұхтар Тайжанда ассамблеяға тіс-тырнағымен қарсы. Саясаттанушы бұл петицияны қолдайтынын жазды. «Ассемблеяның төрағасы президент Тоқаевтың өзі болса да таратылсын деп айтам! Бұрын да бұны айтқам. Қазір де бұндай пікірдемін. Бүгінге дейін бұл Ассамблея аман болып тұрғаны «Жаңа Қазақстанның» идеологтарына үлкен сын»,-деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Ассамблея дегенде алергиясы ұстайтын жандар арамызда көп екені анық. Ой-пікіріңізді пікірлер алаңына жаза кетіңіз құрметті көрермен.
Ассамблеяның әңгімесінен байғұс қазақтың тамыздағы тауқыметіне ойыссақ.
СНХ:
Бұл тақырыпты Қажымұқан ҒАБДОЛЛА ағамыз сияқты дәл суреттеп бере алмаспыз. Былай деп жазыпты. Баласы оқуға (оқушы, студент) баратын қазақтың жыл сайынғы бас ауруы - отыз жыл бойы ордалы ұры Назарбаевтың дәуірінен бері қайталанып келеді. Расы, оған дейін біз оқу жылының басталып-аяқталғанын байқамай қалушы едік. Негізі, қазаққа жоқтық пен жұт - Назарбаевпен бірге келді...Ініміз Оңғар Қабдендікі дұрыс-ақ: «Үйінде студенті бар ата-ана¬ның басты уайымдары бастал¬ды. Ол - жатақхана мәселесі. Жатақ¬ханадан орын табу - грантқа түс¬кеннен де өткен қуаныш. Жа¬ңа министр Саясат Нұрбек осы жатақхана мәселесін қалай шешпекші? 2020 жылы 85 мың студентке жатақханадан орын жетпепті. Бұл сандар биыл да қысқара қойғаны шамалы. «Ғылым жолына түсеміз, дамимыз» - деп, Аймағамбетовтың жұмысын жеңілдетіп, ЖОО-ны Сая¬сат Нұрбекке бөліп бердік. Со¬дан біздің ғылым дамып кет¬ті ме? Жатақхана мәселесі ше¬шіл¬ді ме? Әлде, түлектердің дип¬лом¬мен жұмысқа орналас¬уы шешілді ме? Жалпы, жаңа мин¬истр¬ліктің кешенді реформа¬лар бағдарламасы бар ма? «Уни¬вер-ситеттердің Шанхай рейтингі» жарияланды. Қазақстанның жоғары оқу орындары планетаның ең үздік 500 ғылы¬ми оқу орындарының тізіміне енген жоқ. Қазақстандық бірде-бір университет, соның ішінде, атышулы «Назарбаев Университеті» де, еліміздің басқа да озық және «әлемдік деңгейдегі» жоғары оқу орындары «Шанхай рейтингінде» жоқ.

Пікірлер: 1 500
@user-ti4yd5dp3i
@user-ti4yd5dp3i Жыл бұрын
Ассамблея таратылсын талап қоямыз ! Қазақ ұлтының дәрежесі көтерілсін !!!!!!!!!!!!!!!!
@user-ox2jz2nr9m
@user-ox2jz2nr9m Жыл бұрын
ТҮККЕ КЕРЕГІ ЖОҚ АССАМБЛЕЯ!!! ТАРАТУ КЕРЕК!!! АЛҒА ҚАЗАҚСТАН!!!🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-ix1oe7nj1b
@user-ix1oe7nj1b Жыл бұрын
Ассамблея жабылсын халықтын қалауы орындалсын ✊
@user-cg3lu2ic5n
@user-cg3lu2ic5n Жыл бұрын
Ассамблея қазаққа түкке керегі жоқ тез арада таратылуын талап етемін, әр қазаққа тиесілі 10 соток жер берілсін, баға тұрақталсын
@kazak3988
@kazak3988 Жыл бұрын
Нағыз шындық дұрыс аитасың, осындай шындықты шыңғыртып аиту керек, еңбегіңе жеміс тілейміз. АССАМБЛЕЯ ТАРАСЫН!
@user-ol8bu5kq9z
@user-ol8bu5kq9z Жыл бұрын
АСАМБЛЕЯ ТАРАТЫЛСЫН. КЕРЕК ЕМЕС ДОРОМОЕДТАР.
@user-pr2lx8md5o
@user-pr2lx8md5o Жыл бұрын
Дұрыс. Таратылсын. Өзімізді қорғап бағып алайық. Асамблия жабылсын
@M-E4444
@M-E4444 Жыл бұрын
Ассамблея ТАРАТЫЛСЫН✊✊✊ Ассамблея Қазақа керек емес.
@nurbolsalkynbayev490
@nurbolsalkynbayev490 Жыл бұрын
Ассамблеясы таратылсын! ✊✊✊🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-hd4ks8lf2s
@user-hd4ks8lf2s Жыл бұрын
Ассамблея. таратылсын.Жемқор. биліктің. ақшалардың. елге. қайтарылуы. жарияланык. керек.
@user-yi7wc7bo3j
@user-yi7wc7bo3j Жыл бұрын
Бұл ассамблеяның ешкімге керегі жоқ, халыққа пайдасы жоқ, миллион дар шығындатқанан басқа!. Петицияны қолдаймын!.
@user-qk8ls9hh5s
@user-qk8ls9hh5s Жыл бұрын
Ассанблея керек емес шеберлігінде шегі жоқ құдіретін күшті Алла жар болсын қазақ еліне халқына
@user-hb3wt4ct5r
@user-hb3wt4ct5r Жыл бұрын
Ассамблеяның халыққа еш пайдасы жоқ оларға кеткен қаржыны үйсіз жүрген қазаққа көмектесу керек.
@user-ko2nx5zt9i
@user-ko2nx5zt9i Жыл бұрын
Шұғыл таратылсын арамтамақ ассамблея!
@madiermadier5248
@madiermadier5248 Жыл бұрын
Бар екенсіңдерғой құдай күш қуат берсін жарайсың осындай депутаттар көбейсеғой шіркін алла разы болсын сізге
@user-wm8tm9dx4y
@user-wm8tm9dx4y Жыл бұрын
Ассамблеяның аш қазаққа көк тиынға керегі жоқ.Өз қазағыңды жарылқап үйлі жайлы етіп алсыншы өкімет
@user-ng1oi5xg3c
@user-ng1oi5xg3c Жыл бұрын
Құрту керек асамблеяны ия мен келісем түкке паидасы жоқ.таратылсын ансамбілея.
@user-gr9rg7lo6x
@user-gr9rg7lo6x Жыл бұрын
Ерлан Сайыров мырзаға Алла разы болсын, нағыз азаматтық танытты. Ақиқатты ашып айтты.
@gulnuribraeva1872
@gulnuribraeva1872 Жыл бұрын
Ассамблея деп қайдағыны шығарып тайып қалды! Ассамблея тұрғанда еліміздуң мәртебесі аяқ асты болады! Қарсымыз тарасын жоғалсын!
@user-uh7rf9gm6p
@user-uh7rf9gm6p Жыл бұрын
ЖҮЙЕ ҚҰРЫСЫН, ҚАРҒЫС АТСЫН ТӨБЕМІЗДЕГІЛЕРДІ, БІР АДАМДЫ ЕМЕС, МЫҢДАҒАН ХАЛЫҚ ЖЫЛАП ЖҮР.
@user-yl4im9sj8d
@user-yl4im9sj8d Жыл бұрын
Қазақстан халықтарының ассамблеясы таратылсын.
@user-vh1fd9wx3w
@user-vh1fd9wx3w Жыл бұрын
Баяғыдан жоқ қылатын Асамблейия Қазақ өз жерінде жетім жасаған .. дұрыс қолдаймын..
@user-ck5xb1rz5r
@user-ck5xb1rz5r Жыл бұрын
Ассамблеяны тарату керек соған бөлінген ақшаны көп балалы жан ұялы адамдарға берілсін
@Kuka.007
@Kuka.007 Жыл бұрын
Қазақстан Халықтарының Ассамблеясын таратуын қолдаймыз! Тезірек бұйырса таратылсын! Оданда қазақ тілін дамытсын!
@user-ud2ov9id7d
@user-ud2ov9id7d Жыл бұрын
Ассамблея таратылсын ,жанжакты тексерилсин,халыктын тенгесин жегендер сотталсын!
@user-xz9vt5ty5t
@user-xz9vt5ty5t Жыл бұрын
Ассамблея парламент үкімет түгелдей таратылсын. Олардың барлығы қалмақ шалдын адамдары .
@Galimjan.Akhmedov
@Galimjan.Akhmedov Жыл бұрын
Болды братан!!!
@user-no4ud9sv5m
@user-no4ud9sv5m Жыл бұрын
Ассамблея таратылсын, неше жыл қызығын көрген ақшасын қайтарсын. Оқу жылына ата-аналар несие алып балаларына форма алып жатқанда, ассамблея не керек, арамтамақтар.
@Galimjan.Akhmedov
@Galimjan.Akhmedov Жыл бұрын
@@user-no4ud9sv5m ашуыңды бас жаным!!!
@user-tu2fe2rh1t
@user-tu2fe2rh1t Жыл бұрын
@@user-no4ud9sv5m л
@user-te6cl5vm9g
@user-te6cl5vm9g Жыл бұрын
Оте дурыс айтасын ассамблея нын коктиынга кажети жок таркатып жиберуди талап етемин халык болып тугел талап ету керекпиз петицияга косыламын
@user-uh5ss7lg5m
@user-uh5ss7lg5m Жыл бұрын
Таратылсын керегі жоқ ассамблея .не степ жүргендерін ақшаны не үшін алып жүр ешкім білмейді .
@ulbosinkultaeva3576
@ulbosinkultaeva3576 Жыл бұрын
Мулки таркиленсин. Елимиздин сырт мемлекетке карызынан кутылсын. Урпактарымыз кул болмасын. Недеген тойымсыздык. Уятсыздар.
@user-ec6zv2if3b
@user-ec6zv2if3b Жыл бұрын
Ассамблея жабылып соларға жұмсалған отыз жылғы қаражат халыққа қайтарылсын.
@user-zl3mw4fm4o
@user-zl3mw4fm4o Жыл бұрын
Ассамблея таратылсын!Ол Казакстаннын денесине жабыскан кандала
@user-nk5ov3yc4n
@user-nk5ov3yc4n Жыл бұрын
Ассамблея жабылсын. Шенділердің иемделген жерлерін елге қайтарылсын.
@user-or3xv6ks9g
@user-or3xv6ks9g Жыл бұрын
Ассамблеяның керегі не текке халықтың ақшасын жеп жатыр олар осы уақытқа дейін жақсылық істеді тарату керек халық көтерілу керек
@user-wz3hr8cn4q
@user-wz3hr8cn4q Жыл бұрын
*Мен 2007 жылдан бері жерге очередте тұрмын Тұздыбастауда берсін жерді халыққа 10 соток*
@user-ix2uw2wg1j
@user-ix2uw2wg1j Жыл бұрын
Ассамблея пайдасы жоқ керегі жоқ. Таратылсын.
@user-ik3be4qo2v
@user-ik3be4qo2v Жыл бұрын
Ассамблея жабылсын,түкке керегі жоқ.
@rahatdusenbai4983
@rahatdusenbai4983 Жыл бұрын
✊Ай сау болшы дурыс айтылып жатыр Жаса Қазақстан алға
@muratkhassanov1510
@muratkhassanov1510 Жыл бұрын
ассамблеясы, самұрық қазына, одкб, еаэс деген пәле қазір керегі жоқ. ҚАРСЫМЫН!
@user-vs1fr4wh5g
@user-vs1fr4wh5g Жыл бұрын
Сол ассамблеяның түкке қажеті жоқ таратылсын таратылсын таратылсын
@Galimjan.Akhmedov
@Galimjan.Akhmedov Жыл бұрын
Болды!!! Қазір 5 минутта таратылады
@galam_tv
@galam_tv Жыл бұрын
@@Galimjan.Akhmedov Көтіңді қысшы мысқылдамай. АССАМБЛЕЯ ТАРАСЫН!
@user-lx1ie1mh9r
@user-lx1ie1mh9r Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум Казак Ели! Таратылсын! Колдаймын!
@kulashtursymanova86
@kulashtursymanova86 Жыл бұрын
Ассамблея орыстың сөзін сөйлеп сойылын соғады АССАМБЛЕЯ ТАРАТЫЛСЫН
@user-tc1jx9bl9o
@user-tc1jx9bl9o Жыл бұрын
Ассамблеяны тарату керек. Қазақ халқына ешкімнің реніші жоқ. Әрбір қазаққа тегін жер берілсін. Қайтқан ақшаны халыққа таратып берсін. Халықтың жылдар бойы еңбегін жеген жемқорлар. Ассамблеяның қажеті жоқ. Әрбір халық бір бірімен соғыс жылдарындада тату тұрып бір нанды бөліп жеген, Ассамблеясыз.
@user-bl4lw6th4j
@user-bl4lw6th4j Жыл бұрын
Ассамблея таратылсын қара халыққа пайдасы жоқ.олар тек ақшасы бар депудаттарды қолдаиды кедей болып қалмасын деп неге соларды тексермеиді әр жоқ дегенде он квартирасы бес он рестораны бар.
@user-ei1xb6oj5v
@user-ei1xb6oj5v Жыл бұрын
Ассамблея тартылсын қолдаймыз.
@ggg-ze4wb
@ggg-ze4wb Жыл бұрын
Түкке керегі жоқ бұл ассамблеяның. Таратылсын! Талап етеміз.. Оларға кеткен ақша халыққа берілсін.
@user-hl3jo8fs7y
@user-hl3jo8fs7y Жыл бұрын
Ассамблея түкке қажет емес. Осындай иманды көкірегі ойау депутаттарымыз осылай жұмыс істесе әледе кеш емес. Халық оларды қолдайды. Енді еш нәрседен қорқпай туралыққа мойын буру керек. Сонда қазақта өзгеріс болатын шығар.
@bakepatriot4765
@bakepatriot4765 Жыл бұрын
Баяғыда, совет кезінде басқа ауылдардан, қалалардан келген студенттер жатақханамен түгелдей қамтамасыз етілетін.
@user-gv9sw6db4k
@user-gv9sw6db4k Жыл бұрын
Қолдаймын! Бәрекелді! Тоң болған мұздың шеті сөгілді ау!!! Алға халқым! Әділеттіке сәттілік!!!
@user-ve9xg8vy9i
@user-ve9xg8vy9i Жыл бұрын
Қазақ атам; Асатпай жатып құлдық ұрма деген ғой. Алдымен таратылсын да.Мұздың шеті сөгілді деп сосын айтасыңдар.
@user-cz8ju2bn2l
@user-cz8ju2bn2l Жыл бұрын
Ассамблея таралсын талап етем осынын арқасында арамтамақ жоғары жақтағыларға маи шелпек болуда
@user-lf9wm7dj2j
@user-lf9wm7dj2j Жыл бұрын
Ассамблея таратылсын. Қазақ елінде ассамблеясының қажеті жоқ
@SamsungJ-dx7op
@SamsungJ-dx7op Жыл бұрын
Бұл министрлердін бес тиынға пайдасы жоқ.Барлығын тарату керек
@user-he4vf5il7j
@user-he4vf5il7j Жыл бұрын
Осындай депутат көп болса дамыған елдердің қатарына қосыламыз.
@user-ub2ru3hz2w
@user-ub2ru3hz2w Жыл бұрын
Халықтар достығы Ассамблеясы таратылсын Патицияны қолдаймын!
@kulaishamahashova6958
@kulaishamahashova6958 Жыл бұрын
Асабл Назарбаев курту керек керек десен Токаев жауап берсин.
@user-pe5jr8gk1g
@user-pe5jr8gk1g Жыл бұрын
Қолдаймын 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-nz4tw9el8f
@user-nz4tw9el8f Жыл бұрын
Ол петицияны кайдан көруге болады, дауыс беруге?
@user-vr9ex7wp6u
@user-vr9ex7wp6u Жыл бұрын
Несине тан каламыз,жемкорлар кун корсетпейд сумирейп отыра берейк басымызга шыгып алды
@user-nn8fq5sl4p
@user-nn8fq5sl4p Жыл бұрын
Ассамблея - халықтың денесіне жабысқан сүлік құрт!!
@user-vl5hl3ud3t
@user-vl5hl3ud3t Жыл бұрын
Ассамблейаны тарату керек бүкіл қазақ қолдап отыр
@bolatnakypbek8226
@bolatnakypbek8226 Жыл бұрын
Ассамблея таратылсын
@sultansultan8948
@sultansultan8948 Жыл бұрын
Еш қажеті жоқ тарату керек білікті сақтау үшін құрылған ұйым
@zhanylkhannassyrova6874
@zhanylkhannassyrova6874 Жыл бұрын
Ассамблея таратылсын! Болат жеген жери халыкка таратып берсин!. Болатты жауапка тарту керек, турмеге. Жургизушиге коп рахмет.
@user-ih2nx8fj3s
@user-ih2nx8fj3s Жыл бұрын
Тарату керек.
@Asemgul_Kamataikyzy
@Asemgul_Kamataikyzy Жыл бұрын
*Дұрыс айтасыз. Ассамблея керек емес👍*
@user-ew6pg9sx6g
@user-ew6pg9sx6g Жыл бұрын
Ассамблеяның текке керегі жоқ...
@gazizasanhan2561
@gazizasanhan2561 Жыл бұрын
Ансамблиясын тарату керек тук пацдасы жоқ
@zhumagultemirbekova4454
@zhumagultemirbekova4454 Жыл бұрын
Ассамблея құрғанша, завод, фабрика, жастарға жұмыс орнын ашпадыма бұл билік.
@user-sl3ke7mt5r
@user-sl3ke7mt5r Жыл бұрын
Бүкіл қаражат өзгертілістер ашық болу керек халқымыз біліп отыру керек.
@user-ew4ej2zj1b
@user-ew4ej2zj1b Жыл бұрын
Өте керемет қабарландыру бір емес екі қолымды көтеріп қолдаимын👍👍👍😭
@user-kc7ii5cy3j
@user-kc7ii5cy3j Жыл бұрын
Ассамблея жойылсын
@user-ip7hi5gi3h
@user-ip7hi5gi3h Жыл бұрын
ҚҰРТЫЛСЫН!!!
@user-bq6eb8og9g
@user-bq6eb8og9g Жыл бұрын
Ассамблея көгермей көктей солсын құрып кетсін жетім жесірге ақша қара халыққа жер берсін тегін
@wec36
@wec36 Жыл бұрын
Ассамблея таратылсын!!!! Арам тамақтар!
@user-bm2zz2qp2t
@user-bm2zz2qp2t Жыл бұрын
Ассамблеяны тарату керек. Қазақстан халқына соқыр тиындай пайдасы жоқ. Бұл тек жемқорлардың пайдасы. Бөлінген қаражатты бөліп жеп алып үндемей отыра береді.
@user-gu9vo9fu3e
@user-gu9vo9fu3e Жыл бұрын
Назарбаевты тұқыммен құртпай еш жақсылық болмайды
@user-xc5pu4zy5t
@user-xc5pu4zy5t Жыл бұрын
Ассамблеяның боққада керек емес басқа ұлт төбелес шығарса тек қазақ кінәлі болып оны қамайды ал басқа ұлтты қорғаштайды
@user-ft6pf7ku4e
@user-ft6pf7ku4e Жыл бұрын
Дұрыс айтасыз Ассамблеяның біздерге Қазаққа текке де керегі жоқ Еліміздегі қаңғып келген басқа ұлттар құтырып кетті ассамблеяны таратып басқа ұлттарды елдеріне қуып жіберу керек арамтамақ жемқор тексіз құл құтандарды құрту керек
@aqbibi3402
@aqbibi3402 Жыл бұрын
Студенттерге жатаққана берілсін үкіметтен талап етеміз
@user-od5wn2yt9v
@user-od5wn2yt9v Жыл бұрын
Қазақстанның Азаматтары БІРІГІҢДЕРШІ!
@user-xr1pz2fo3f
@user-xr1pz2fo3f Жыл бұрын
Жана Казакстаннын депудаты ✊
@nurzhanagataev9281
@nurzhanagataev9281 Жыл бұрын
Жарайсын депутат мырза сiз сиякты азаматтар кобее берсiн
@user-nz5tf1jw2w
@user-nz5tf1jw2w Жыл бұрын
Ар казакка 10 жер берилсин! Ассамблея керек емес Таратылсын
@zhahantv2594
@zhahantv2594 Жыл бұрын
Дами беріңіздер Білген дұрыс
@user-qu1ns5vw3e
@user-qu1ns5vw3e Жыл бұрын
Ассамблея керек емес қазаққа, сол ақшаны халыққа берсін
@user-ne2ly4rq7q
@user-ne2ly4rq7q Жыл бұрын
Назарбаиды соттаңдар соның бәріне жол берген сол 🖤🖤🖤✊✊✊🤝🤝🤝👍👍👍
@user-tr6pb9yn6e
@user-tr6pb9yn6e Жыл бұрын
Осындай Азамат президент болуга лайыкты
@user-or6dd5vk6o
@user-or6dd5vk6o Жыл бұрын
Ассамблеяны тарату керек
@yertasmyrzatay3573
@yertasmyrzatay3573 Жыл бұрын
Өте дұрыс айттыңыз. Ертең құдай сақтасын Елімдң,бірдеңе бола қалса бәрі қпшвп кетеді
@patimanurgalieva165
@patimanurgalieva165 Жыл бұрын
Барлық ұрлаған муліктерін ,жерлерін ақшаларын қайтару керек
@khassankhassan8076
@khassankhassan8076 Жыл бұрын
Осындай депутаттар көп болсын
@user-zl4qs8xn1v
@user-zl4qs8xn1v Жыл бұрын
Разогнать к чертовой матери лжеансамблею подхалимов и предателей интересов народа Казахстана. Никаких казачьих союзов с ихними атаманами .алга казак ели.
@oneid6629
@oneid6629 Жыл бұрын
Ассамблияны тарату керек казактарга керек емес акша жегеннен баска баска ештеме бытырып отырган жок коздерын куртысын тездетып
@aknazikomirbekova3678
@aknazikomirbekova3678 Жыл бұрын
Амсамблианы тарату керек паидасы жок елімізге
@antonchehov5084
@antonchehov5084 Жыл бұрын
Ассамблея деген қажет емес бізге.
@user-ev6cd9ty1r
@user-ev6cd9ty1r Жыл бұрын
Ешқандай абыройы болмағандықтан халықтар ансамблеясы қажет емес, тарқату керек.
@adiantolenova5055
@adiantolenova5055 Жыл бұрын
Бәрі кымбаттады. 50-100 пайызға. Пенсияға 4 пайыз ғана қосты. Алақан жайып, кол созған қарттар көбейді.
@user-nv5vb4zt4s
@user-nv5vb4zt4s Жыл бұрын
Ассамблия таратылсын бізге түк қажет емес.Ақшаның соры.
@user-mn6eo3lm5f
@user-mn6eo3lm5f Жыл бұрын
Ансанблянвғ керегі жоқ тараату керек таратылсын.
@user-pl8nm5no6h
@user-pl8nm5no6h Жыл бұрын
Ассамблея таратылсын,жайғана мерекелерде шыға келетын ассамблеяның кажеты не?
@user-se1mz8hi9x
@user-se1mz8hi9x Жыл бұрын
Ассамблияга жараткан тенгени калыкка боллип беру керек тук кажет жок
@syleimansultan1423
@syleimansultan1423 Жыл бұрын
Куу керек амссанблея арамтамақтар жауздар .
@mak2460
@mak2460 Жыл бұрын
Өзгелер құтырғанда қайда табылмайды олар, бір тгрян қандай сөз айтты қазақ халқына
@user-ii1ed5pv9d
@user-ii1ed5pv9d Жыл бұрын
Өте дұрыс айтасың. Жақсы тақырыпты қозғадың
@user-jv7ht7kb6n
@user-jv7ht7kb6n Жыл бұрын
Қолдаймыз.Ассамблея тарасын
@user-mq3ct6jx9v
@user-mq3ct6jx9v Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум жұртым иә бұл арсыздардан құтылмай өзгеріс болмайды ассамблея тататылсын мен қолдаймын
@user-vn8mu3hx5k
@user-vn8mu3hx5k Жыл бұрын
Ассамблеяның керег! жоқ. Бюджеттин ақшасын басқа ұлтқа бергенше, қазақтарға бұйырсын
@user-zh7om5up4t
@user-zh7om5up4t Жыл бұрын
Ассамблея керек емес жойылсын, таратылсын, керегі жоқ.
@Galimjan.Akhmedov
@Galimjan.Akhmedov Жыл бұрын
Болды братан!!! Сен айтсаң болды ғой
@radgansultangazin4748
@radgansultangazin4748 Жыл бұрын
Осы ассамблеиа туралы қашаңғы артыс тартыс бітеді барлық қазақ жұртына белгілі ғой бұндай ұиымнан қахаққа пайдасынан зыйаны көп екені, үи ішінен үи тігіп қазақты еңбеттеткенді қашан доғарады біздің өкімет, холыққа емес басқа ұлтқа жұмыс істеиме, солардың мүддесін қолдайтын сияқты бұл шындық,ешқандай ұлттық идеология жоқ
@user-th8do5ou2q
@user-th8do5ou2q Жыл бұрын
Ассамблея керек жоқ қалдық ашылып жатыр
@ZicoBN
@ZicoBN Жыл бұрын
Ансамбл керек емес😁
@dbekkadirov7368
@dbekkadirov7368 Жыл бұрын
Эххх, қазақ бауырлар Сабр сіздерге, тек Қазақстанда емес бул жағдай, бізде де дал осы жағдай, Хотя бізде барлығы озімізде істеп шығарылады. Киімде аяқ киімде форма барлығы істеп шығарылады. Бар шукір но бағасы сол баяғы ақшағой, табысқа қарағанда үш есе артық қымбат барлығы
@user-rv2vq7ur1u
@user-rv2vq7ur1u Жыл бұрын
Тарату,керек,биз,колдаимыз
@user-bt6sj6oq7j
@user-bt6sj6oq7j Жыл бұрын
Ассамблея тек көзбояушылық түкке керегі жоқ Осы ассемблиядаүы әр ұлт төреғалары біз қазақстанда тұрамыз осы елдің шоқпарын соғайық деп өз ұлтына үн салғанын естіген емеспіз
@Galimjan.Akhmedov
@Galimjan.Akhmedov Жыл бұрын
Құлағың бітеліп қалған ғой
@user-yi9ez7zc9u
@user-yi9ez7zc9u Жыл бұрын
Басқа елдерде басқа ұлттарға ассемблия ашып беріппа?
@user-ce4ou5cc5k
@user-ce4ou5cc5k Жыл бұрын
@@Galimjan.Akhmedov бір жеріңді қысып отырш сенің құлағың саққұлақ екен та
@user-cj7mr3nv8j
@user-cj7mr3nv8j Жыл бұрын
Ассамблеяны тарату керек! Сол ақша балаларға бөлінсін! Мен қолдаимын!!!
@user-og5zr9hq5s
@user-og5zr9hq5s Жыл бұрын
Ассамблия тарасын, керек емес, текке керек емес, одан да халыққа 10-соток жер берсін тегін, кв берсін инвалидтерге, кедейлерге бөліп берсін, соларды қаржыланғанша. Грант өте көп бөлінсе, әйтпесе бәрі ақылы, общ. Жоқ жетіспейді. Ойланса екен үкімет.
@botyaqan2486
@botyaqan2486 Жыл бұрын
Нигде в мире нету такой ассамблеи и живут же нормально. Ассамблея нужна только нашей власти. Срочно распустить
@syleimansultan1423
@syleimansultan1423 Жыл бұрын
👍👍👍👍👍
@syleimansultan1423
@syleimansultan1423 Жыл бұрын
Это назарбай ВОР придумал он хотел НОБЕЛЕВСКУЮ ПРЕМИЮ ПОЛУЧИТ ЗА ЭТО НО назара послали по дальшее.
@user-qw2rd8ut3x
@user-qw2rd8ut3x Жыл бұрын
Әрине Ассамблея керек емес,халық қарсы. Таратылуын.
@user-bv8ff4nz3m
@user-bv8ff4nz3m Жыл бұрын
Кезінде неге айтпады құлан құдыққа құласа құлағында құрбақа ойнаиды деген осы ғой
@user-jv6fo2rk4f
@user-jv6fo2rk4f Жыл бұрын
Біз ассамблея ға түбегейлі қарсымыз. Соған бөлген қаижыны қалыққа. Берсін. Негеқазақстанда завод, фавр ика жоқ. Байлықтың. Бәрі бізден. Шығады. Өңкей топас.
@user-lz7iq4nv6i
@user-lz7iq4nv6i Жыл бұрын
Ассалаумагалеикум казак ели тек Алга Алла жарболсын баршамызга Ассамблея таратылсын жойлсын
@aitolkyntasbolat5807
@aitolkyntasbolat5807 Жыл бұрын
Фабрикалар ашылса жастарға жұымыс әрі киімкешекті қамтамасы өз қолымызда болар еді .айта берсе шаруа көп жаңа қазақстан құрылса екен
ДАРИҒА ТАБЫЛДЫ - КӨРСЕҢ ШОШИСЫҢ! 😱
7:41
BILGEN DURYS
Рет қаралды 1,7 МЛН
[Vowel]물고기는 물에서 살아야 해🐟🤣Fish have to live in the water #funny
00:53
Glow Stick Secret 😱 #shorts
00:37
Mr DegrEE
Рет қаралды 120 МЛН
маленький брат прыгает в бассейн
00:15
GL Show Russian
Рет қаралды 3,8 МЛН
Около 2500 многоэтажек в Караганде остались без горячей воды
3:15
Nika wanted to find a best friend, but... #cat #cats
0:21
Princess Nika cat
Рет қаралды 27 МЛН
Осиное гнездо у себя дома
0:27
ЛАЙФСТОРИ
Рет қаралды 9 МЛН
What color is your phone case?😍🥰❤️ #demariki
0:20
Demariki
Рет қаралды 17 МЛН
WOULLL!
0:36
F L U S C O M A N I A
Рет қаралды 57 МЛН
Funny videos billiards millions views p638
0:26
NamPlay
Рет қаралды 25 МЛН