Менде арақ ішіп, шайтанның жетегінде кетіп, жалғыз далада қалдым. Канализац.люкте қоқыстың арасында тұра алмай жатқан кездерім көп болды. Жалғыз қалдым, бәрі мені ұмытқан болатын. Өмірім жын ойнақпен, түрмемен өткен болатын. Жазда мешіттің ауласындағы талдардың ,шөптердің арасында ұйықтайтын едім. Тек сол жерде ғана жаным, ұйқым тыныш болатын. Азанмен жатып, азанмен тұрып кететінмін. Маған азанның дауысы жағымды естілетін. Өткен өмірімді еске алып, адасқанымды түсініп жылап алатын едім, азан айтылып жатқанда. Ішіп жүрсемде, нет бога кроме Аллаха деп орысша айтып жүретінмін, астағфируллах . Алланың қалауымен арақты қойып намазға құладым, міне 4 жыл болды. Көзім ашылды. Әке шешемнің (шал,кемпір) қасындамын. Олар өте қуанышты. Алланың құдыреті шексіз екеніне таң қалғандай. Танитындардың бәрі таң қалды, менің бәрін қойып, намазға құлағаныма. Жұмыс жасап аз маз ақша жинап, ин ша Аллах мәшін алсамба деп жүрмін. Бомж дың жүрегінде не бар екенін тек Алла ғана біледі!
@АрайлымСламова3 ай бұрын
Аллаһ тағала екі дүниенің бақытына бөлесін. Рахымды қайырымды байлардың қатарында болыңыз.