Бопай Ханым - қазақ жасағына қолбасшы болған ержүрек ана. Qazaq TV жаңалықтары

  Рет қаралды 598

Jibek Joly TV

Jibek Joly TV

3 жыл бұрын

Бопай Ханым - қазақ жасағына қолбасшы болған ержүрек ана. Qazaq TV жаңалықтары
#Бопайханым #Қойылым #театр #жазушыдраматург #ЖұлдызбекЖұманбай #РозаМұқанова
Елордада алғаш рет «Бопай Ханым» тарихи трагедиясы қойылды.
Ұлт анасы, ел данасы, халық тірегі бола білген аузы дуалы мәмілегер, ойы ұтқыр саясаткер. Бұл - шежіремізде есімі алтын әріппен жазылған, алайда бүгінге дейін әлі сахналанбаған тарихи бейне. Елордада алғаш рет «Бопай Ханым» тарихи трагедиясы қойылды. Әбілқайыр шаңырағының ұйытқысы болумен қатар Бопайдың қайраткерлік тұлғасы, асыл ана ретінде тәрбиелік өнегесі - ұлтқа мақтаныш, ұрпаққа үлгі.
Жұлдызбек Жұманбай - қойылым режиссері:
- Халықтың аузында айтылып жүрген Бопай мен Әбілқайырдың махаббаты «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» жыр дастанындағыдай дейді. Екеуінің махаббаты маған қызық болды. Бопай - қазақ аналарының ішіндегі үлкені. Өйткені ол оған еліктеуге, құрметке лайық.
Елдің абыз анасы ұлдарымен бірге талай жорыққа қатысып, қазақ жасағына қолбасшы болғаны тарихтан мәлім. Қойылымдағы оқиғалар желісі тегістей мұрағат, ел аузында қалған шежірелі дереккөздерден құрылған. Пьесада Әбілқайыр хан қаза тапқаннан кейінгі кезең суреттеледі. Яғни Нұралы ханның билікке келуі, патшайыммен арадағы келіссөздер және Барақ сұлтанның өлімі секілді оқиғалар қамтылған.
Роза Мұқанова, «Бопай Ханым» туындысының авторы, жазушы-драматург:
- Бопай Ханымды жазу оңай болған жоқ. Тарихи тұлға, Әбілқайырдың жары, серіктесі, ерімен бірге ат үстінде найза ұстап жүрген қазақтың қаһарман қызы. Бұл ана ретінде де, ханның серіктесі ретінде де, хан дүниеден өткеннен кейінгі елдің тағдыры, Қазақ хандығының тағдыры, осы дүниелерді алдық. Бопайдың қайраткерлігін, қаһармандығын көрсету арқылы елді сүю, ханмен халықтың біріккен кезде ғана ұлы мұраттарға жете алатындығын айтқым келді. Негізгі идея осы.
Қазақ - қызын қашанда жоғары бағалап, құрметтей білген халық. Туынды авторларының айтуынша, Бопай образында тарихи дәуіріміздегі барша қыз-келіншектер мен аналардың жинақталған бейнесін көруге болады
Qazaq TV: бізді спутниктік арна арқылы және KZbin, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!
Qazaq TV: смотрите нас на спутниковом ТВ, в KZbin и социальных сетях. Оставляйте ваши коммментарии под этим видео.
Watch us on satellite TV, KZbin and social networks. Leave your comments under this video!
Kazakh TV арнасына жазылыңыз / Подписывайтесь на Kazakh TV / Subscribe to Kazakh TV
kzbin.info...
Біздің басты шоуларды көріңіз / Смотрите наши топовые шоу / Watch our top shows
Qazaq Golden Hits
• Qazaq Golden Hits
Trails of Nomads
• Trails of Nomads
Байланыс аясынан тыс жерде
• Байланыс аясынан тыс ж...
Біздің сайт / Наш сайт / Our website - qazaqtv.com/
Vkontakte - kazakhtv
Facebook - / qazaqtvkz
Twitter - / qazaq_tv
Instagram - / qazaqtv_kz
Telegram - t.me/Kazakh_tv

Пікірлер: 1
@JibekJolyTV
@JibekJolyTV 3 жыл бұрын
Бізді спутниктік арна арқылы және KZbin, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!
Бопай ханым туралы Айтман сөйлейді...
16:05
Назарбек Кадыров
Рет қаралды 29 М.
터키아이스크림🇹🇷🍦Turkish ice cream #funny #shorts
00:26
Byungari 병아리언니
Рет қаралды 27 МЛН
Этно көрпеше тігу.   insta:@muslima_xanym
6:57
Muslima Xanym
Рет қаралды 13 М.
Боралдай сақ қорғандары. Алматы/ Көне өркениет
20:43
сабынга керек заттар
1:46
Шырын Кулжабек
Рет қаралды 521
Тарихи тұлғалар. Бопай Ханым
1:50
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 2 М.