Тоқаев қандай полиглот, дінмен манипуляция, қазақ инфосығандары - Мәди Фазыл

  Рет қаралды 20,098

Abay Live

Abay Live

Күн бұрын

Арнамызда қонақта полиглот, Jetil KZ, Қаһарман жобаларының авторы Мәди Фазл.
00:00 Анонс
01:18 Мәди Фазл және оның ағылшын тіліндегі жобалары
04:06 «Жеті тілде сөйлеймін»
06:30 Көп тілді меңгеру уақыт бөлуге тұра ма?
09:01 Жеті тіл білу қанша табыс әкеледі?
12:56 Мәдидің тіл орталығы. Айлсты төрт рет тапсыру
15:35 «Ағылшын тілін үш айда үйрету - өтірік жарнама»
19:13 «Ана тілінде еркін сөйлей алмайтын адам ағылшын тілінде де мықты сөйлеп кете алмайды»
21:20 Қазақ тілінің проблемалары
25:43 Орыс тіліне игнор жасау дұрыс па
27:50 «Тек бір тілде сөйлейтін адамды мәңгүрт деп айтатындар бар»
28:54 Жапондардан не үйрендің? Кешігу, намыс, суицид
32:26 Тоқаевтың полиглоттығы
34:25 Акцентті жою, британдық акцент
36:00 Eminem, 50 cent - «Самса тәтті?»
38:30 Қоюға болмайтын сұрақтар
41:41 «Дін маркетинг құралына айналып кетті»
44:49 «Қазақтың үлкен проблемасы - сыни ойлаудың жоқтығы», инфобизнес
48:00 Адамдар қалай тез байып кетіп жатыр?
51:30 Критикалық ойлауды қалыптастыру
53:59 Елден кету жайында
///
Abay LIVE командасы сіздің қолдауыңызбен жұмыс істейді. Донат жасау үшін төмендегі сілтеме арқылы Kaspi Pay-ге өтуге болады.
pay.kaspi.kz/pay/cfzly72a
Ал карта арқылы
4400 4302 3609 0541
ABAY TLENSHIYEV
реквизитіне төлем жасай аласыз.
#МәдиФазл #abaylive

Пікірлер: 85
@user-dn4tn1ge6y
@user-dn4tn1ge6y 4 ай бұрын
Жақсы ақпараттар екен. Акцент туралы 2011 ж. мақаламнан үзінді айта кетейін: "Енді жақсы деп жүрген қасиетіміз хақында бірер сөз айтайық. Мысалға, кеңес дәуірінен бастап «Біз барлық тілде акц ентсіз сөйлей аламыз» деп мақтандық. Т іпті өзбектер «Орыс болам десең, алдымен қазақ бол» деп кекетті. Рас, біз барлық тілде акцентсіз сөйлей аламыз. Былай қарасаң, тәп­ тәуір қасиет. Т іпті, кеңес дәуірінде орыс тілінде өте сауатты, тіпті, орыстардың өзінен де артық сөйлейтін халық ретінде танылдық. Әр халықтың көмейінде дыбыс шығарытын артикуляциялық аппараты болады. Сол аппарат бізде түбірімен бұзылған. Оған мысал ретінде өз арамыздағы оралман бауырларымызды алайық. Өз басым Қытайдан келген бауыр мен Моңғолиядан келген бауырды радиодан тыңдасам да жазбай танимын. Олардың дыбыстарды сыртқа шығаруы осы жергілікті Қазақстанның қазағынан өзгерек, тіпті алғаш айтқан екеуінің өзін бірін бірінен дыбысы арқылы ажыратып алуға болады. Т ағы бір мысал, менімен бірге өз тілдерінен толықтай ажыраған «орыс болып кеткен» чешендер мен ұйғырлар оқыды. Орысшадан басқа тіл білмейді, бірақ акцентпен сөйлейді. Неге? Себебі, рухани тұрғыдан орыс боп кеткенімен, физиологиялық тұрғыдан олардың көмейінде ұлттық артикуляциялық аппараты сақталған. Сондықтан, өзге тілде акц ентпен сөйлеу ұят емес, қайта ол ұлттық түбірің ді сақтағандық". Мақаладан үзінді: Алмас ЖҰМАҒАЛИ "Өзіңді өзің жаттай сыйла" «Намыс.Кз» сайты (жабылған), Қараша 28, 2011
@user-vb9gp3oi4z
@user-vb9gp3oi4z 4 ай бұрын
Қазақтың мықты жігіттері! Өте тамаша хабар! Тіл әлемге жол ашатын кілт!
@yfgkcugcg2019
@yfgkcugcg2019 4 ай бұрын
Подкатс үшін рахмет. Азанла 6да тұра сала көріп отырмын. Кеше Мади ағаның инстасынан көріп қалып, сосын тұра салп көрдім. Өте жаксы, айтылмай жүрген тақырыптарда әңгіме қозғадыңыздар. Осылай қазақ тілінің өркендеуіне үлес қосып жүргенлеріңізге мың алғыс 🔥
@Alem-kx7wc
@Alem-kx7wc 4 ай бұрын
Әрине,ана тілдіі білу керек .Басқа тіл үйрену жеңіл болады.
@user-ix1oe7nj1b
@user-ix1oe7nj1b 4 ай бұрын
Жаппай Қазақ елі орыс қытай тілінде оқыудын қажеті жоқ өзіне керек болса үйренесін қазір дүниенін кілті Ағылшын тілі өз тілінді құрметте ✊🇰🇿
@yerjanbekabsattarov6832
@yerjanbekabsattarov6832 4 ай бұрын
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.
@qeasyq7919
@qeasyq7919 4 ай бұрын
@@yerjanbekabsattarov6832Өзге тілдің бәрін құрметте, өз тіліңді біл
@devtv9377
@devtv9377 4 ай бұрын
Көп тілдерді қазақ тілі арқылы үйрене алсақ жақсы болар еді.
@token9595
@token9595 4 ай бұрын
Казактар -:кайдасындар??? Мади Фазл - нагыз 21-ши гасырдын - КАЗАК!!!
@user-cj8gf1rp6t
@user-cj8gf1rp6t 4 ай бұрын
Қазақ тілді пернетақтаны қолдансаныз жақсы болар еді...
@user-fw9mq8pl2d
@user-fw9mq8pl2d 4 ай бұрын
Көп рақмет жігіттер - жанып тұрған үміттер 🔥🔥👏👏👍👍 жақсы сұқбат болды, мен жастарға сенемін десем Мағжан атамды қайталап кетемін ғой енді )) дегенмен жастар жанып тұрса, өз басым қуанамын 👍 . "Жақсы қойылған сұрақ, білімнің жартысы"- деген хадис бар емес пе, осы орайда сыни пікір туралы өте жақсы айтылып өтті деп есептеймін. Сәттілік болсын бауырларым ✊️✊️✊️
@symbatnurlybai1271
@symbatnurlybai1271 4 ай бұрын
Өте керемет подкаст болды 🌷 Мәди Фазл сізге көп рақмет, өте мықты маман екеніңіз көрініп тұр ✨ Сөз саптауыңыз ұнады 🫶🏻 Сіздерге рақмеееет 💗
@user-bs3jc2tt2m
@user-bs3jc2tt2m 4 ай бұрын
Туризмге келетін шетелдіктер үшін біздегі демалатын орындардың инфраструктарасы дұрыс,сапалы болуы керек! Туристер келгенде ұят болмасын!
@user-hv8el1uk8k
@user-hv8el1uk8k 4 ай бұрын
Өте керемет эфир. Көп рақмет😊
@user-kr1pv2fm1m
@user-kr1pv2fm1m 4 ай бұрын
Өте керемет 👍👍👍👍👍
@primary110
@primary110 4 ай бұрын
өте күшті сұхбат болды
@gulnazab5859
@gulnazab5859 4 ай бұрын
пайдалы ақпарат!
@user-gt5ce7fl7c
@user-gt5ce7fl7c 4 ай бұрын
Керемет 👍
@user-sm6yn6vj2c
@user-sm6yn6vj2c 4 ай бұрын
Осындай азаматтар коп болсын!
@user-um3qh6mm2h
@user-um3qh6mm2h 4 ай бұрын
Маңызды сұхбат болды, осындай жастар көп болса, онда еліміздің болашағы бар деуге болады. Абай атамыз айтқандай бес нәрседен қашық бол адам болам десеңіз: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ( қазіргі кездегі тойлар ғой😅) Бес нәрсеге асық бол: талап,еңбек,терең ой, қанағат, рақым,ойлап қой. Өркендерің өссін жастар, осындай сұхбатты тыңдап бір жасарып қалды апайларың.
@user-mq8wq8er5g
@user-mq8wq8er5g 4 ай бұрын
Көпжастартехикатілінмеңгеріпмаманболғананәншікүйшібылайшааитқанәртісболғандытехниканымеңгеріпмаманболғандыфрезировщиктокарьдәнекерлеушісияқтытағыбасқамамандықтардымеңгерудіұятсанайдыарланадыбұрынғзамандаущилищетехикумдеоқыпбілімалущсыныедіөзініңбіімша м аи ма
@user-ut6ws6wv4b
@user-ut6ws6wv4b 4 ай бұрын
Дін адамның жеке мәселесі деген сөзді, діннен мүлдем қабары жоқ адамның айтатын сөзі. Мысалы: ешбір дінге сенбейтін мен сияқты адам, дінге сену-сенбеу әр адамның жеке мәселесі десе жарасады. Ал мынау өзін муслим болам деп айтып отырып, дін адамның жеке мәселесі дейді)) Сен белгілі бір дінде болсаң, ол сенің жеке мәселең болып қалмайды. Сен бірінші соны түсініп ал. Дін жамағатпен ғана, белгілі бір шарттармен ғана, өздерінің ережелерімен ішкі тәртіптерімен ғана ол дін болып табылады. Мысалы: белгілі бір діндерде, өз діндерінен басқа адамдармен қандай қарым-қатынаста болу туралы, олармен қалай мәміле жасау туралы, тіпті жақын туыстарың ол дінді қабылдамаса олармен қандай қарым-қатынаста болу туралы құдайдың сөзі дейтін шарттары бар. Мысалы: муслим қыз басқа дін өкіліне немесе дінсіз адамға тұрмыс құруға діндерінде рұқсат жоқ. Сен айтасың дін әкімнің жеке мәселесі деп)) Дінге сену-сенбеу әркімнің жеке мәселесі десең ол басқа әңгіме енді.
@Kazashka12
@Kazashka12 4 ай бұрын
Тырнақ астынан кір іздемеңіз, жас бала, может жеткізе алмаған шығар
@user-ut6ws6wv4b
@user-ut6ws6wv4b 4 ай бұрын
@@Kazashka12 Кірдің дым қатысы жоқ бұл жерде)) Сын түзелмей мін түзелмейді. 30 жыл сенікі дұрыс деген қоғам не болғанын көрдік қой.
@user-kl3op4ip7k
@user-kl3op4ip7k Ай бұрын
Дұрыс айтты, дін адамның жеке басының ісі.
@user-zh9hv4sv6h
@user-zh9hv4sv6h 3 ай бұрын
Жүргізушінің дикциясы сөз мәнері өте әдемі!Рахмет ол үшін бөлек ал Мәди ағаға да алғыс !!!!🎉❤
@user-lw6gr9zi3h
@user-lw6gr9zi3h 4 ай бұрын
Жаңа бір жақсы ой айтты - адам өз тілінде еркін сөйлей алса, басқа тілді де оңай меңгереді деп. Инязда универде барлық сабағымыз ағылшын тілінде болатын. Подругам екеуіміздің тіл білу деңгейіміз бірдей болса да, ауызша сөйлеу қабілетім менде мықтырақ еді, білсем де, білмесем де токтамай ойымды жеткізе алатынмын. Сол кезде подругам айтып еді, мен не орысша, не қазақша таза сөйлей алмаймын, енді ағылшын да қиын беріліп жатыр деп. Мен Таразда таза қазақша ортада өскенмін, Алматыға оқуға келіп барып орысша үйреніп едім. Ол кезде оның байланысын түсінбеп едім. Сол қыздың сөзінің жаны бар екенін енді түсіндім 😄 Бірақ қазір 3 баламен декретте отырып, сол ағылшыннан дым да қалмады 🥲🥲 қайтадан бұрынғыдай көсіліп сөйлегім келіп жүр
@user-cn4ip1dl6s
@user-cn4ip1dl6s 4 ай бұрын
Не путайте мангурт с языком, мангурт не только язык, но и идеология, традиция, связь с со своей матерью и родиной, грубо говоря пример 21 века сепаратизм, колаборационизм, агенты и предатели своей страны, независимо от нации, а от гражданство. Большинство говорят о мангуртизации прошлого столетие, а сейчас страны становится многонациональными и многорассовой странами и это будет нарастать. Грубо говоря каждый гражданин независимо от национальности мангурт если не знает госудаственный язык той страны в которым является гражданином в 21 веке, если же вы против, то тогдп кз вообще не имеет граждан др национальности, но думаю с этим никто не спорит если хотять быть гражданами страны и считают кз своей страной и родиной.
@user-qf5yh5mq3w
@user-qf5yh5mq3w 4 ай бұрын
Ер ел үшін туады Ел үшін өледі.
@user-kz6bg1pu2r
@user-kz6bg1pu2r 4 ай бұрын
Қаи елге барсаңда ағыллшын тілін білсең қор болмаисың. Басымнан өтті ,ғылым техника ағылшын тілінде ғои .Мектепте ағылшын сағатын көбеиту керек сияқты Бірақ қазақ тіліңді бірінші орынға қои.Шын өмірде ана тіліңде сұраласың. Ұлы АЛЛА жар босын, жақсы әңгіме болды.
@user-lt6kd6ug2y
@user-lt6kd6ug2y 4 ай бұрын
Қашан сол техниканы шығарат тілмен бұл
@user-es3wg2tt8e
@user-es3wg2tt8e 4 ай бұрын
​@@user-lt6kd6ug2yАғылшын тілінде заманауый техналогия мен бизнес түрі болсын информация көп соны ағылшын тілін жетік меңгерген қазақтың өнер тапқыштары кез келген нәрсені сол информациядан идея алып өздері басқа түрін жасап шығара алады мысалы көлік компютер немесе ұялы телефон әскери реактивный ұшақ дегендей осы туралы информацияның бәрі ағылшын тілінде бұл жігіт соны айтып жатыр дүние жүзіндегі барлық информация тек ағылшын тілінде 99,5% ал орыс тіліндегі информация 0,01% қана сол үшін орыстар мысалы көлік жағынан американың немесе неміс пен жапондардың 90 жылғы жасаған көлігі сияқты көліктерді әлі де жасай алмайды бір ауызбен айтқанда артта қалған ел мына заманда ағылшын тілін жатқа білген өнер тапқыш адам кез келген дүниені жасай алады сол ағылшын тіліндегі информациядан идея алыу арқасында
@peachplease7772
@peachplease7772 4 ай бұрын
You’re freaking right
@user-wh9po1ex8l
@user-wh9po1ex8l 4 ай бұрын
​@@user-lt6kd6ug2yне айтқың келіп отыр
@karlygashnurseit
@karlygashnurseit 4 ай бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻
@Gaziz_dentist
@Gaziz_dentist 4 ай бұрын
Жерлес 🙌
@kairatzatov3626
@kairatzatov3626 4 ай бұрын
Төрт бес жылда жылу энергетия саласында маман қалмайды, техникалық білім сапасы өте төмен. Бәрі коуч боп кетті.
@Abdulhamithan_torunu
@Abdulhamithan_torunu 4 ай бұрын
Қазақ тілі даму үшін өндіру керек, өндіріс пен бірге терминдер дамиды. Біз өндіретін елдердің қатарына кірмейінше осылай басқа елдердің гегомониясында бола береміз.
@aidana1529
@aidana1529 4 ай бұрын
👍👍👍
@user-ny9fm4zv6p
@user-ny9fm4zv6p 3 ай бұрын
Имеено қазақ тілінде, бір сөз араластырмай таза сөйлегені керемет.
@KumarovB.B
@KumarovB.B 3 ай бұрын
👍
@user-qi7od2zx9o
@user-qi7od2zx9o 4 ай бұрын
Мәди ағай Астана қаласында да Жетіл кз орталығын ашыңызшы🫶🏻 офлайн қатысқым келеді 😃
@vivophone5369
@vivophone5369 4 ай бұрын
🤲🇰🇿
@bakdauletyessengeldiuly7425
@bakdauletyessengeldiuly7425 4 ай бұрын
Абекең красавчик🔥
@user-iu9ef4ly3d
@user-iu9ef4ly3d 4 ай бұрын
Тілді біл,бірақ еліңде қазақша сөйле бар жерде, орыс тілді білем деп орысша сөйлеу керек пе қазақстанда
@Aruzhanotebai
@Aruzhanotebai 3 ай бұрын
5:20 жерлес😍😍😍
@vivophone5369
@vivophone5369 4 ай бұрын
Страна граждане которой не признают собственный Государственный Язык не имеет будущего
@user-pm9jb6gs5p
@user-pm9jb6gs5p 4 ай бұрын
Асхат Қасенғалиға ұқсайды екен
@user-ph6kk9sh8t
@user-ph6kk9sh8t 4 ай бұрын
алтын уақыт деген бар мысалы кешкі 6дан 12ге деиын не аптаның соңғы ұш куні тұрлі мереке меирамдар сол алтын уақыттан қазақты қағып жатқан жумсақ кұш ұиым бар біз неге қура алмаимыз
@user-tg7rr4hh5e
@user-tg7rr4hh5e 4 ай бұрын
Акылдарыннан айналдым! Рахмет бауырларым!
@vivophone5369
@vivophone5369 4 ай бұрын
Автор впитавший родной казахский язык с молоком матери не способен понять что обрусевшие казахи не смогут никогда возродить убитую с самого рождения русским языком свою естественную душу в нынешних условиях когда русский язык продолжает функционировать в Казахстане наравне с казахским Государственным Языком
@danakz3300
@danakz3300 3 ай бұрын
Жақсы сұрақ, қиын сұрақ деп айта беретін әдетті қойсаңыз тіпті күшті болады екен.
@user-ym8wv8nc8n
@user-ym8wv8nc8n 3 ай бұрын
ҚАЗАҚ тіліне билік тарабынан қолдау жоқ БОЛЫП ТҰР, өтінішті
@user-hp4sp7ip8s
@user-hp4sp7ip8s 4 ай бұрын
56:33 - коррупция мен трайболизм мәселесі Қазақстанда, назарбай профтехучилищемен без учета подхолимства как сделал себе узирпировал всю власть????
@botazhetpisbay9246
@botazhetpisbay9246 3 ай бұрын
Өте жақсы подкаст, бірақ Мәдидің шетелде оқығысы келетіндерге немесе сондай амбициясы барларды “әлсіз” деп күйе жаға салуы ұнамады! Дәл осы жерде сыни ойлау керек-ау!
@user-lx1ti2wh6l
@user-lx1ti2wh6l 4 ай бұрын
Білімді мыңды жығар
@akylbek2040
@akylbek2040 4 ай бұрын
Сендер жастардын басын қатырмандар, сұхбаттын арасында өз политикадарынды тықпай отырсандаршы, ананы, мынаны мақтап бүзбандар жастарды гипноз жасап
@user-io4ik9pb5n
@user-io4ik9pb5n 4 ай бұрын
Орыс тілі мүлдем керек емес ❌
@rumeisagoi
@rumeisagoi 4 ай бұрын
Керек
@zhakhanr1190
@zhakhanr1190 4 ай бұрын
Зыр зыр еткен казактар ай, сөзбен емес, іспен көрсету керек...
@user-fb7rc3yn8l
@user-fb7rc3yn8l 4 ай бұрын
Соқыр мылқау журналист
@ErmekErkebayev
@ErmekErkebayev 4 ай бұрын
осы жігіттің ағылшын үйрету видеолары барма ютуб та ???
@rumeisagoi
@rumeisagoi 4 ай бұрын
Ютубта жоқ бірақ курстары бар
@lialearnenglish
@lialearnenglish 4 ай бұрын
Интроверт болсамда өзімді қинап ағылшынды үйреніп алдым. Бірақ әңгімелескім келмейді.
@lyazzatkurama2249
@lyazzatkurama2249 4 ай бұрын
Каспиіңізді қазақшалаңызшы
@user-lt6kd6ug2y
@user-lt6kd6ug2y 4 ай бұрын
Тіл өзіне, Ал ол қазақстаннын эканомикасына қажетіжоқ, қашан қаржылай мінемен тілдің арқасында осындай қаржы әкелдімдесе сонда айтуға болат, алқазақтын мәдениетін танытам деген бір тиын 😇🙇‍♂️🖕
@user-wh9po1ex8l
@user-wh9po1ex8l 4 ай бұрын
Ей сүмелек көп тіл білу Қазақсттаның экономикасын көтереді деп айтқан жоқой көп тіл білу өзің үшін сен сияқтты сүмелекттер көгермейді өйткені іштерің негатив тола жүрегің қарайып кеткен жақсы сөз жаза алмайсың осылай әркімге боқ жағып жарымай өмірден өтіп кетесің саны бар сапасы жоқ адамсың
@user-zr5gw4ux7q
@user-zr5gw4ux7q 4 ай бұрын
интервьюер өз ісінің маманы емес секілді 😢, кайта кайта созды бөліп...
@user-hk6dm3ml3s
@user-hk6dm3ml3s 4 ай бұрын
Дұрыс 3 айда 6 айда деген өтірік 15 ағылшын мұғалімі алі дұрыс сөйлей алмаймыз ол шетелде кемінде 1-2 жыл өмір сүру керек
@user-yv8bu7im8q
@user-yv8bu7im8q 4 ай бұрын
бауырым,Ислам дініне через жапондар арқылы қарама.Ислам діні социальная идеология,тек адамның субьективный емес.Тіл туралы сөйледің бе,сол туралы сөйлеп отыра берсей,дінді қоя сал ,не твоя стихия
@ToqbergenBaytasov
@ToqbergenBaytasov 4 ай бұрын
Орынды сұқбат болды. Енді Мәдидің қателгі Құранды арап тілінде оқып түснуден қателік жіберіп отыр. Оған себеп Құран Құдайдың сөз оны құранда кез келген елге түсіремін білген елге құранды түсіндермін деген. Құрап арап тілінде сөздің ортасы болып оқылған. Түсірілген емес. Ал енді Құраның түп атасы Майқы би сөздің атасы қазақта ғана....
@user-yv8bu7im8q
@user-yv8bu7im8q 4 ай бұрын
абай асықпашы,сөзін бөле бермей.Кішкене сабыр етсей
@kndaa5743
@kndaa5743 4 ай бұрын
Қазақ тілінде “сөйлеп бастады” емес, “сөлей бастады” деп айтылыды, осыны ескеру керек…
@user-qd6ut9lv5k
@user-qd6ut9lv5k 7 күн бұрын
Сөлей емес сөйлей* деп қатесіз жазыңыз осыны ескеру керек ау сізге😂😂😂
@user-yv8bu7im8q
@user-yv8bu7im8q 4 ай бұрын
дін туралы дискуссия жасай аламын сенімен,сен қатты қателестің.
@dariyadastan2298
@dariyadastan2298 4 ай бұрын
Мына жігітке ең бірінші қазақтың ң әрпін үйрену керек екен!
@BEGZATT
@BEGZATT 4 ай бұрын
Ондай болып тұрады. Мен С-деп сөйлеймін😂Шепелявость бар😅
@dariyadastan2298
@dariyadastan2298 4 ай бұрын
@@BEGZATT Өте күлкілі
@bakdauletaltynbekov7283
@bakdauletaltynbekov7283 4 ай бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
Зомби Апокалипсис  часть 1 🤯#shorts
00:29
INNA SERG
Рет қаралды 4,2 МЛН
Do you like a chocolate surprise egg?🥚🍫🥰 #demariki
00:32