Рет қаралды 2,458
БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Қазақстанда үшінші валюта ретінде қолданысқа енгізілгелі отырған сандық теңгені байланыс аясынан тыс жерде де жаратуға болады. Азамат цифрлық қаражатқа қалаған тауарын сатып алып, кәдімгі қолма-қол ақша сияқты кәдісіне жұмсай алады. Яғни ол үшін айти-саласының маманы болудың қажеті жоқ. Тұтынушылар сандық теңгені банк қосымшасы немесе карта, QR-код арқылы қолдана береді. Заманауи ақшаның басқа қандай ерекшелігі бар? Қандай мүмкіндіктерге жол ашпақ? Тақырыпты әріптесім Оразай Нұртайұлы жалғастырсын.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Бүгінгі шығарылымда:
ОРАЗАЙ НҰРТАЙҰЛЫ, тілші:
- Елімізде сандық теңгенің енгізілетіні жайлы бұған дейін талай айтылды. Бірақ әзірге қолданысқа ене қойған жоқ. Бүгінде Ұлттық Банк теңгенің белгісін негізге ала отырып, отандық сандық ақшаның осындай логотипін жасап шығарған екен. Қақ ортасына төбесі сызылған "Т" әрпін орналастырып, біріне ою да салған. Цифрлық қаражат жетон түрінде ұсынылған. Бейнесі кәдімгі қолма-қол ақшаға ұқсайды. Онда да белгілі бір номиналға сәйкес белгілер бар.
Енді оны қолдану жолына тоқталсақ. Сандық теңгенің есепшотын кез келген екінші деңгейлі банктің қосымшасы немесе картасы арқылы ашуға болады. Және төлемдердің қалаған түрімен жарата бересіз. Қолдану үшін де арнайы бағдарлама қажет емес, ұялы телефонда банк қосымшасы болса жеткілікті. Сандық теңгені қолданған адам оны өз есепшотында қолма-қол ақшаға да алмастыра алады. Сондай-ақ, заманауи қаражатты белгілі бір затқа ғана жұмсалатындай етіп белгілеуге мүмкіндік бар. Мәселен, пайдасыз тауарларды сатып алуға шектеу қойсаңыз, сандық теңге ол затқа жұмсалмайды. Мұндай өзгешелік мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаражаттың да орынды игерілуіне септігін тигізбек.
Елдің дені Қазақстанның үшінші валютасына айналатын сандық теңге жайында әзірге бейхабар. Оны "Биткоинмен" шатастыратындар да көп. Бірақ екеуінің арасында біраз айырмашылық барын ескерген жөн. Мысалы, біздің цифрлық қаражатты шығару және оған жауапты болу міндеті Ұлттық Банкке жүктеледі. Осылайша сандық ақшамыз ресми валюта ретінде қаралады. Ал құны қолма-қол ақшамен бірдей есептелмек. Мамандар заманауи теңгеміздің пайдасы мол болады деген пікірде. Бірақ оның айналымға енетін нақты уақыты белгісіз. Жауаптылар биыл тәжірибеден өткізіп, соның нәтижесіне қарай қолданысқа шығатын мерзімі нақтыланатын болады.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық