COVID қанша ушығып жатса да, Үкімет локдаун жасамайтын сияқты

  Рет қаралды 4,020

Информбюро 31

Информбюро 31

2 жыл бұрын

Бүгіннен бастап Ақтөбедегі барлық емханалар мен басқа да медициналық ұйымдар уақытша жұмысын тоқтатты. Яғни аймақтағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша медициналық, скринингтік тексерулер жүргізуге және жоспарлы амбулаториялық емдеу қабылдауға шектеу қойылды. Ал осыдан бір апта бұрын ғана скрининг жасау кабинеттері мен күндізгі стационарлары жабылған Қарағандыда, бүгіннен бастап кинотеатрлар жұмысын қайта бастады. Түркістан облысында індеттің таралуына жол бермес үшін полицейлер тойханалардың алдын күзететін болды.
ЖАНАР ҚОЖАНОВА, тілші:
- Ақтөбедегі емханаларға қойылған карантиндік шектеулер тек уақытша енгізіліп отыр екен. Алайда оның қанша уақытқа дейін созылатынын денсаулық сақтау басқармасындағылардың өзі нақты айта алмайды. Бәрі эпид жағдайға байланысты. Яғни бүгіннен бастап аймақтағы жағдай тұрақталмайынша емханалар мен барлық медициналық ұйымдарға адам қабылдауға тыйым салынды. Өйткені, емханаларға ағылып келетін тұрғындар індетті жұқтырып алуы мүмкін. Мамандар қазір қалада инфекциялық ауруханалардың науқастарға лық толғанын айтады. Сондықтан осылай алдын-алуға мәжбүр болыпты.
БЕКБОЛАТ ІЗБАСАРОВ, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Егер жедел медециналық көмекті қажет ететін болса сіздің жағдайыңыз, онда сіз қаралып, зерттеулерден өте аласыз. Ал егер де жоспарлы түрде болатын болса, онда учаскелік дәрігерге хабарласып, бұл қызметтерді дистанциондық форматта алуыңызға болады.
ДИАНА САПАРҚЫЗЫ, тілші:
- Қарағандыда да скрининг жасау кабинеттерінің және күндізгі стационарлардың жұмысы тоқтатылғанымен, есесіне бүгіннен бастап "Ашық" жүйесіне қосылған кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Тек кәсіпкерлер қатаң карантиндік шараларды сақтауы керек. Көрермендер киноға кіру билетін алдын-ала онлайн алуы тиіс. Дегенмен, оған мүмкіндігі болмағандарға билеттер касса арқылы сатылады. Ал, залдың толуын 30 пайыздан асырмау және отырғызу кезінде әлеуметтік арақашықтық сақталуы кәсіп иесіне шарт. Көрермендердің киноны маска тағып, сусынсыз және поп-корнсыз тамашалауына тура келеді. Сондай-ақ, өңірде «Ашық» қосымшасына тіркелген концерт залдар, монша, фитнес-орталық, бассейндер өз жұмыстарын жалғастыра береді. Ал бұл бағдарламаға қатыспаған жеке меншік кәсіпорындардың қызметі толығымен тоқтатылды.
АЙГҮЛ ШАТЕКОВА, Қарағанды облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі:
- Екінші тамыздан бастап іске асырылатын қосымша шектеу шаралары қарастырылды. Атап айтқанда ашық қосымшасын пайдаланған кезде келесі объектілерге демалыс, яғни сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқатата тұрып сағат 10:00 -20:00ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Олар моншалар, сауналар, фитнес, бассейндер, театрлар концерт залдары, филомониялар және кинотеатрлар.
МАҚСАТ ЖАҚСЫБАЙҰЛЫ, тілші:
- Шымкенттегі емханаларда керісінше, жұмыс тәртібі күшейтілді. Бүгіннен бастап, емдеу мекемелерінде арнайы мобильді топтар іске кірісті. Олар дене қызуы көтерілген, жөтеліп, өкпе тұсы ауырған және тыныс алуы қиындаған тұрғындардан түскен түрлі шақыртуларға барып, тексеру жүргізетін болады. Үй жағдайында ПТР сынамаларын алып, науқастың нақты диагнозын анықтайды. Егер науқас жедел респираторлы вирусты инфекция, өкпе қабынуы және ковид індетіне шалдыққан жағдайда, қажетті тегін препарттарды үлестіріп, өз бақылауында ұстайды. Яғни, мұндай науқастар мүлде емханаға жіберілмейді. Ал өзге тұрғындар үшін емдеу мекемесінің есігі ашық. Олар кардиолог, онколог, травматолог сынды дәрігерлердің қабылдауында бола алады.
МАХАМБЕТ БЕЙСЕУОВ, Шымкент қалалық №1 емхананың бас дәрігері:
- Қала бойынша 211 мобильді топ жұмыс атқаруда. Әр мобильді топта дәрігер, медбике, фельдшер, социолог, психологтар кіреді. Одан бөлек, әр емханада 2-3 телефон шалып, жағдайларын біліп отыратын медбикелер бар. Қолдарында бұйрыққа сай чек лист бар. Қандай сұрақ қойылатыны, қандай жанама сұрақ қойылатыны бойынша оқыту іс-шараларынан өткен.
Ал іргеміздегі Түркістан облысында індеттің таралуына жол бермес үшін полицейлер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшетін болды. Олар өңірдегі 500-ден астам тойхананы күзетеді. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты. Өйткені өткен аптаның өзінде осындай салтанат сарайларында тыйым салынған 115 іс-шара әшкере болған. Сондықтан өңір басшылығы коронавирустың таралуын тежеу үшін, осындай қадамға баруға мәжбүр. Дегенмен, Түркістан облысы тіркелген науқастар саны бойынша республикада ең төменгі көрсеткіште.
Мақсат Жақсыбайұлы
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#локдаун #COVID #карантиндік_талаптар

Пікірлер: 21
@baaynsulu9511
@baaynsulu9511 2 жыл бұрын
Локдаун десе, үкімет ақша төлеу керек халыққа. Сол ақшаны төлеуге бір жерлері ауырып отыр да.
@Rain-tm5jn
@Rain-tm5jn 2 жыл бұрын
😂😂😂
@user-ge7xf6ep1k
@user-ge7xf6ep1k 2 жыл бұрын
Логдаун жасамаяқ қойсын жұмыссыз қаламыз
@baurjankenjebaev8970
@baurjankenjebaev8970 2 жыл бұрын
Бүгін жабады, ертең ашады түсінбейміз, кімді мазақ қылып жүр?
@agilt9476
@agilt9476 2 жыл бұрын
Мазағы несi? Тура тусiнсеңшi жағдайды.
@baurjankenjebaev8970
@baurjankenjebaev8970 2 жыл бұрын
@@agilt9476 неге карантин деп жабады?ертесіне 30%деп ашады мысалы, мен білінбей ауырып жүріп басқа адамдарға жұқтырам ,жапсын жапқансоң ,2-3 аптаға,,,
@user-mv9jx3ug8g
@user-mv9jx3ug8g 2 жыл бұрын
Ауыруды көбейту үшін кинотеатрлар ашып жатыр ма?
@user-uq7op5jp2j
@user-uq7op5jp2j 2 жыл бұрын
Оздери котерилис калап отырго мына билик
@user-ly3em1hk7i
@user-ly3em1hk7i 2 жыл бұрын
сонда да казактар тыгылып той жасаганын коймайды менттерге акша толеп кояды да той жасай береді
@user-vq7mn1ix3d
@user-vq7mn1ix3d 2 жыл бұрын
Емханаға кәз кез келген аурумен барған адамды ковид диді,лиж бы статистику поднять и денег по больше получить
@diasprim2708
@diasprim2708 2 жыл бұрын
Полицейлерге қосымша ақша табатын жұмыс көбейді
@user-fj1vk9ll1e
@user-fj1vk9ll1e 2 жыл бұрын
Халыкка акша толесын жапсын коп Адамдар жумысыз калды
@user-ou3sb9bi6q
@user-ou3sb9bi6q 2 жыл бұрын
Акша толейди сол ушын жапайд
@diasprim2708
@diasprim2708 2 жыл бұрын
Кинотеатрсыз ақ өмір сүруге болады ..Жапсаңдар жабыңдар Ал емханаларды жауып тастаған қылмыс
@user-rz8dy3zn3d
@user-rz8dy3zn3d 2 жыл бұрын
Ау журналист смактар.оздерн.маскаларн каида сосн бр полицаи депутат министр журналист прокурор аурмаиды екен я
@agilt9476
@agilt9476 2 жыл бұрын
Олар егiлгендер. Оларды бiрiншi ектi. Тағатын жерде тағады ғой, барiбiр.
@user-er1bk5fd9l
@user-er1bk5fd9l 2 жыл бұрын
Дурыссс
@user-xc3lp3ny5i
@user-xc3lp3ny5i 2 жыл бұрын
Журналисттин маскасы кайда?
@user-wl5mk2sg3k
@user-wl5mk2sg3k 2 жыл бұрын
Лагдауыннын казакшасын айтындаршы, лаглауынды казакшага калай аударамыз, казакты казакша сойлете алмай жатканда, орыстар не айтса соны айтып кете беретынднры несы екен, журналист деген ар созге ман берып, мына создын аудармасы калай, мен дурыс айтып жатырмын ба?! деу керек емес ба?
@user-vu2yg2zz3h
@user-vu2yg2zz3h 2 жыл бұрын
🔻🔻😈😈😈🔻🔻🔻
Полный выпуск Информбюро от 19.04.2024
21:34
Информбюро 31
Рет қаралды 9 М.
Израиль нанес новый удар по территории Ирана
2:05
PILIHLAH PASANGAN KAUS KAKI 🧦 MEMBERSIHKAN KAKI
00:17
One More Indonesia
Рет қаралды 70 МЛН
Money Vs Knowledge , Help Victor🤑😢
00:28
FANTOM Pro
Рет қаралды 193 МЛН
20 сәуір 2024 жыл - 17:00 жаңалықтар топтамасы
28:35
Телеканал 24kz
Рет қаралды 4,9 М.
ТАСҚЫН: аймақтардағы бүгінгі ахуал | «Күшіміз бірлікте»
27:36
Жетінші арна | БАҒДАРЛАМА
Рет қаралды 113
Бүйрек ауруын толық жеңудің жолы бар ма?
0:32
PILIHLAH PASANGAN KAUS KAKI 🧦 MEMBERSIHKAN KAKI
00:17
One More Indonesia
Рет қаралды 70 МЛН