Рет қаралды 1,807
Дінтану ұғымы және мәні
Ұстаз Арман Қуанышбаев ᴴᴰ
Медресемізге үлес қосамын десеңіз:
Kaspi Goid: 5169 4971 6827 9507
Тел номер арқылы: 8 775-780-84-86 Төлен Жомарт
Білім алу, сауатты болу - Ислам дінінің ең басты талабы. Себебі, Алла Тағала әуелгі аятын уахи еткенде « Ғәләқ» сүресінің бес аятын түсірді Пайғамбарымызға(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Жәбрәйіл:
«- Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Адамды ол ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенің Тәңірің ең ардақты! Ол қаламмен жазу үйретті. Адамдарға білмегенін үйретті.» ( Ғәләқ сүресі 1- 5 аяттар).
Демек , алғашқы аяттар тек оқу туралы меңзеп тұр. Бұл Алла Тағаланың біздерге бұйырған әмірі. Бірақ аятта қай ілім саласын оқу айтылмаған.Сол үшін де адам өмірінде діни ілімнің және дүниеуи ілімнің де алатын орны ерекше. Олай болса адамзат үшін барлық білім саласын үйрену қамтылып тұр.Тек діни ілім алу парыз да дүниеуи ілім маңызды емес деген бұл қате түсінік. Қазіргі таңда мұсылман емес мемлекеттер неге қарқынды дамуда?! Өйткені олар білімге ғылымға аса зор мән беруде. Құран Кәрімде Алла Тағала:
«-Білетіндер мен білмейтіндер тең болама?»(Зүмәр сүресі 9 аят) - деп паш етті.Құран кәрімнің алты жүзден астам жерінде білім жайлы айтылған. Және бір нәрсені білмесеңдер ілім иелерінен сұраңдар деп бұйырады. Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің хадис шәріпінде: Ілім алу әрбір мұсыман ер мен әйел кісіге парыз, - деген. Мұсылман адам жанжақты болуы тиіс. Өйткені мына қазіргі барлық технология дамыған заманда біз алпауыт ірі мемлекеттермен санасуымыз қажет, мейлі ол дін саласында болсын, мейлі дүниеуи саласында болсын. Бірақ ондай жетістіктерге жетуіміз үшін өскелең ұрпақа дұрыс ілім беруіміз қажет. Бірақ ең бірінші біз мектеп қабырғасындағы балаларға зәру болған діннің тіректерін бойларына сіңіртуіміз қажет. Кейін ол балалар дін ілімді де, дүниеуи ілімін де бірге қатар алып жүретін болады. Ілім жолы - жәннат жолы. Ілім алып өзгеге пайдамыз тиіп жатса және имандылқтың артуына себеп болып жатсақ қаншалықты сауапқа кенелетімізге мына хадис дәлел болады.
«-Сенің себебіңнен Алла Тағала бір адамға хидаят берсе, сен үшін бұл дүниеде болған барлық нәрседен хайырлы,» - деді.