«Дәрігерлердің салғырттығы мен білімсіздігі». Перзентханадағы ана өліміне кім кінәлі?

  Рет қаралды 11,331

Информбюро 31

Информбюро 31

3 жыл бұрын

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұрғындары перзентханадағы акушерлер мен гинекологтардың жұмыстан кетуін талап етіп отыр. Айтуларынша, перзентхана дүниеге сәби сыйлайтын шаттық мекемеге емес, аналар үшін ажал аялдамасына айналып барады. Мәселен осыдан екі апта бұрын дәл осы перзентханада босануға өз аяғымен келген 35 жастағы келіншек қайтыс болыпты. Ал мұндай қайғылы жағдайларға ең басты себеп дәрігерлердің салғырттығы мен білімсіздігі дейді тұрғындар.
Сәуірдің соңында босануға өз аяғымен келіп табыты шыққан Жадырасын Аманжолованың туыстары перзентхананың алдына жиналды. Олар мұның бәріне кінәлі осындағы дәрігерлер деп есептейді.
Мына портреттегі марқұм Жадырасын Аманжолова сәуірдің 22-сінде айы-күні жетіп, перзентханаға келіпті. Туыстарының айтуынша оған дейін келіншектің денсаулығы жақсы болған. Алайда босану сәті қиын болса да, дәрігерлер тиісті ем-домды жүргізбеді дейді. Соның кесірінен 35 жастағы келіншек үшінші баласына босанған кезде алты күн ес-түссіз жатып, перзентхана төсегінде қайтыс болыпты.
ҚҰРАЛАЙ АМАНЖОЛОВА, марқұмның сіңілісі:
- Бұл кісілердің айтуынша Жадыра өзі кінәлі дейді операцияға рұқсат бермеген. Жамбаспен келіп тұрғанын біліп тұрып, операция қылатын реттері негізі. Ал бұлар оны жоққа шығарып отыр. Бізге түнде үште жүріп кетті деді. Ал бізде выпискада бергенде уақыты 1,5-да деп тұр. Күдікті жағдай уақыттары сәйкес келмейді.
Ал Айым Сырымбетова дәл осы перзентханада босануға келген бір емес, екі бірдей келінім де сәбиінен айырылды деп ашынады. Тіпті бірінің жатырын кесіп тастаған да осы перзентхананың дәрігерлері дейді.
АЙЫМ СЫРЫМБЕТОВА, Қармақшы ауданының тұрғыны:
- Жастардың бәрі осылай болып қала бере ме? Мұның бәрін қарау керек. Нысанбаев Бақытжаннан бастап бәрі қаралсын.
Ал ауданның бас дәрігері марқұм Жадырасынды аман алып қалу үшін қолымыздан келгенді жасадық деп отыр. Айтуынша 35 жастағы келіншектің қайтыс болуына араға сегіз жыл салып бала көтергені мен көзінің нашар көретіндігі себеп болуы мүмкін. Алайда сараптама қорытындысы әлі шықпапты. Ал Айым Сырымбетованың келіндері жүктілік кезінде дұрыс күтінбеген дейді ақ халатты.
БАҚЫТЖАН НЫСАНБАЕВ, Қармақшы аудандық ауруханасының бас дәрігері:
- Емделмегеннің әсерінен болып тұрған түсік. Ол бүгін болмағанымен, ертең болатын еді инфекцияның әсерінен. Түсік тастаулар көп. Өйткені туу мәдениетін үйренуіміз керек.
Түсік тастау жағдайларының жиілеп кеткенін айтқан ақ халатты перзентханадағы ана өліміне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі деді. Ал қапыда қара жамылған жанұя перзентхана дәрігерлерінің ісін құзырлы органдар қарап, тиісті жаза қолданылса екен дейді.
Абай Нұржанұлы, Рахымжан Ысқақов
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#перзентханадағы_өлім #ақхалаттылар #кім_кінәлі

Пікірлер: 49
@user-uv1es2vd1g
@user-uv1es2vd1g 3 жыл бұрын
Статикалық бойынша түсік пен бала қатуы жиілеп кетті бұл мәселені зерттеп Қолға алу керек. Болашақта оданда көбейіп кетуі мүмкін.
@gulzipatazhytayeva9987
@gulzipatazhytayeva9987 3 жыл бұрын
Оз козиме сенер емеспин маскара бул менин досым гой жаным сол жанын жанатта болсын. Фердауси жаннатын алла саган насип етсин жаным ау оте жаксы кыз еди отбасына Корган бауырларын анасын барин ойлап журуши еди.кормегениме каншама уакыт жылдар отти. Аллагада жаксы адам керек деген. Кормеген омиринин кызыктарын балапандарына корсетсин жасаган ием. Роза апа отбастарынызга сабырлык тилеймин
@user-mm1ec2cw5y
@user-mm1ec2cw5y 3 жыл бұрын
Акшан болмаса олип кете бересин барлык нарсе акша мен олшем табатын болды
@quanishberdibekov9849
@quanishberdibekov9849 3 жыл бұрын
Әкеңау..... дәрігерден күйдік! Жеке клиникаға баруға жағдай жетпейді. Емде ақша өлүде ақша. Кысқасы "өлүге ақшам жоқ" -деген заман😔
@user-xh9up4gh2x
@user-xh9up4gh2x 3 жыл бұрын
Дəрігерлерді тексеру керек қозғалтпай.
@user-up3kd6mq6s
@user-up3kd6mq6s 3 жыл бұрын
Иманды болсын
@user-yl7zh7ev7w
@user-yl7zh7ev7w 3 жыл бұрын
Айкуным келып отир мына жагалыкты корген сог коркып калдыккой. Босанувгада аман есен баламды баурыма басып алайын 🤲🤲
@user-xl3nz6rg7b
@user-xl3nz6rg7b 3 жыл бұрын
Аман есен балаңызды бауырыңызға алыңыз.Алла жеңілдігін берсін!
@user-yl7zh7ev7w
@user-yl7zh7ev7w 3 жыл бұрын
@@user-xl3nz6rg7b рахмет улкен
@gulsimbek-ars6715
@gulsimbek-ars6715 3 жыл бұрын
Аман есен бөпеңізді бауырыңа алыңыз, 🤲Аллам жеңілдігін берсін
@user-yl7zh7ev7w
@user-yl7zh7ev7w 3 жыл бұрын
@@gulsimbek-ars6715 аумин 🤲 1 2 апта калады Алла буйыртса
@juldizkuzanbaeva2812
@juldizkuzanbaeva2812 3 жыл бұрын
Женилимен берсин. Аман есен бауырынызга басыныз.
@user-kf3ly9lr5c
@user-kf3ly9lr5c 3 жыл бұрын
Алла бетин ары кылсын
@user-hb7vx6ts1m
@user-hb7vx6ts1m 3 жыл бұрын
ДАРИГЕР МАЛДАР АЛЛА ЖАЗАСЫН БЕРСИН ОТБАСЫ КОР БОЛЫП ОЛСИН
@user-vq5mj1tv8n
@user-vq5mj1tv8n 3 жыл бұрын
Акшан болса карайды рас отирик емес айтылад айтылад калады осы мен
@begimkulamirzhanova6105
@begimkulamirzhanova6105 3 жыл бұрын
Это правда , не сунешь деньги - к тебе никто не подойдёт. Дашь на лапу - в ВИП палату отведут и отменное отношение.
@nuriyazhakupova1279
@nuriyazhakupova1279 3 жыл бұрын
Арине кінәлі даригерлер. Енди кимдер
@user-nh9yr2yy2v
@user-nh9yr2yy2v 3 жыл бұрын
Дәрігерлердің ақшасын қанша көтерседе. Страховканы не үшін тулеп жатырмыз.тек ақша ол өтірік емес шынайы .
@user-sm6kw6hx4u
@user-sm6kw6hx4u 2 жыл бұрын
Кудай сактасын.Аман есен босанып алайын.Менде осы ауылда турам.кылен байы жок гениколыгтар асыресе Жадыра Садуакасова топас талай Ананы баладан .баланы анадан айырды.Мастергой булар.Мен оз басым толгагым басталган куны Кызылордага кетып калам сол жакта скори шакырып босанам.Коркам булардан
@user-fw3td1np3b
@user-fw3td1np3b 3 жыл бұрын
Бəрі білімсіз ақша берсеңде бермесеңде білімсіз дəрігерлер бізде оқу орындары студентерден ақша алат бағасы даиын əкесінң ақшасы малы оқу бітрет сүитіп бітірген дəрігер шашқан ақшасын шығару керек бұл барлық салада
@user-qo2er8jo2z
@user-qo2er8jo2z 3 жыл бұрын
қарға қарғаның көзін шоқымайды.Сараптама жүргізетіндер шетелден келмейдіғо
@user-cd7rt2nk2p
@user-cd7rt2nk2p 3 жыл бұрын
бір жерің ауырыб дәрігерге барсан жазыб берген дәрілерінен адам өліб кетуі анық сонда арамтамақ жемқор халық жауларының пайдасы үшүн қарапайым адамдар жазым болуы керекпа?
@user-ig2ff4nl2j
@user-ig2ff4nl2j 3 жыл бұрын
Ол рас таныс керек акша бермесен бурылып карамайды дейди менин жолдасымда осылай айтып еди жасырытыны жок жогардан бастап жемкорларго адилдик жок бизде
@user-xl3nz6rg7b
@user-xl3nz6rg7b 3 жыл бұрын
Алматының роддомдары да жетісіп тұрған жоқ. Ақша бергендердің асты үстіне түсіп қарайды.бермесең итше туасың,амалдың жоғынан қарайды
@user-jx4bo2ms3x
@user-jx4bo2ms3x 3 жыл бұрын
Ар нарсені аита бермеңдер Алла мен жұмстарың жоқ па даріігерлер қолынан келгенше көмек береді
@user-gi2ui4vp7e
@user-gi2ui4vp7e 3 жыл бұрын
акшамен окығандығын корсетіп тур ғои
@ori57
@ori57 3 жыл бұрын
Ажалхана аурухана емес
@user-cl2ix8op2v
@user-cl2ix8op2v 2 жыл бұрын
Қазыр стракопка төлеп жатсаңда ақша алады алдамшы дұние деген осы бары бір алатын ақшасын алады беттері белдей сонда не ұшін төлеп жатырмыз страхопканы
@axiotatunnel2490
@axiotatunnel2490 3 жыл бұрын
Қай бірін айтасын бәрі солай қай сала болмасын ақша шешеді
@user-yd2vv1mp8k
@user-yd2vv1mp8k 3 жыл бұрын
Ерганат ау биртанов мынау дурыс мамандар шетелге кетип жатыр
@user-ml6ig9iv6s
@user-ml6ig9iv6s 3 жыл бұрын
Ма тууға коркып калдык
@user-dk2fj4pe2i
@user-dk2fj4pe2i 3 жыл бұрын
Дұрыс ақша берсе ғана қарайды
@user-cd7rt2nk2p
@user-cd7rt2nk2p 3 жыл бұрын
дәрігерлердің мақсаты адам емдеу емес арқайын жұмыс телефон шұқылаб жүретін ауырған адамды тонау тыйын бермесе науқастан хабарда алмайды қсқасы арамтамақ болыб барады біздің шенді жемқорлар сияқты заңмен міндеттеу керек дұрыстаб емдеуді
@user-ff6ic4tu4y
@user-ff6ic4tu4y 3 жыл бұрын
Арине даригерлер бар жумысын билетин бирак шынымен коркыныш болып бара жатыр
@zUlan-gc3qu
@zUlan-gc3qu 3 жыл бұрын
Кытаида мундаи врачтарда, өмір баки жумыска алмаиды? Дипломдары сол куннен бастап куиеді? Ешткңеге жарамсыз болып калады? Біздің елге осындаи заң керек? Сол ккезде врачтар ат усті карамаитын болады. ОҢБАҒАНДАР ӨҢКЕИ !!!!!!!?
@user-tu7mq6fx2g
@user-tu7mq6fx2g 3 жыл бұрын
Кытайга барып каралсай онда😁
@zUlan-gc3qu
@zUlan-gc3qu 3 жыл бұрын
@@user-tu7mq6fx2g каида каралатынымды өзім білем! Топас врачтарға аитам? Сеенде солардың катарындасыңғои деимін😅😅😅😅🤣😂
@user-oe4ep6lu1d
@user-oe4ep6lu1d 3 жыл бұрын
Доғдырда диплом сатып алып адам өміріне қауіп төндіріп отыр казір бәрі сатылады соның кесірі осыған соғады мен өзімде босандым маған келген генеколг дем ал дегеннен басқа түк айталмады бағыма тудыра білетін апа тап келіп аман қалдым ол кісі жай медсестра ал генеколог дас дым білмиді
@user-sh2zs3kg5k
@user-sh2zs3kg5k 3 жыл бұрын
Ақша беріп өздерің үйреткенсіздер, роддомда медсестраларда ақша бермесен қарамайды
@user-br7vb2hb9b
@user-br7vb2hb9b 3 жыл бұрын
Акша бермесен карамаиды Оле бересин страховка жок ваше карамаид
@user-qn9lz9es9q
@user-qn9lz9es9q 3 жыл бұрын
Шүкір осы ай мені аман есен Алланың арқасында тяжелая прекламсия мен түскем 1апта кешікенде екеуіңіз біріңіз қалатын едіз деді экстрно босандырып алды қызым да өзімде аманмын бир тиын сурамады и бермедимда врачтарға рахмет реанимацияоныйдын Шымкент қаласындағы Нұрсат роддомына
@user-fw3td1np3b
@user-fw3td1np3b 3 жыл бұрын
Бəрі білімсіз ақша берсеңде бермесеңде білімсіз дəрігерлер бізде оқу орындары студентерден ақша алат бағасы даиын əкесінң ақшасы малы оқу бітрет сүитіп бітірген дəрігер шашқан ақшасын шығару керек бұл барлық салада
Билік қудалаған белсенді Қаңтар оқиғасында қаза тапқан
3:07
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 28 М.
КАХА и Джин 2
00:36
К-Media
Рет қаралды 4 МЛН
Osman Kalyoncu Sonu Üzücü Saddest Videos Dream Engine 118 #shorts
00:30
Маленькая и средняя фанта
00:56
Multi DO Smile Russian
Рет қаралды 5 МЛН
Қармақшы төріндегі торқалы той
8:58
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 1,5 М.
Қызылорда облысындағы жантүршігерлік жағдай
2:08
Қармақшы ауданына пресс-тур
5:27
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 3,1 М.
Жаңара түскен Жосалы
3:03
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 2,2 М.
Бауыржан ашуына ерік беріп Ілиясқа қарсы шықты! Қалаулым! 29.03.2019ж.
14:59
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 444 М.
Эфирден кейін! Қалаулым! 386 бөлім! 02.04.2019ж. Калаулым
30:13
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 314 М.
КАХА и Джин 2
00:36
К-Media
Рет қаралды 4 МЛН