Dalatunes: «Транссибирский экспресс» | Шакен Айманов

  Рет қаралды 34,324

Dalatunes

Dalatunes

7 жыл бұрын

Осы аптада кино әлемі ұлы режиссер және актер Шәкен Аймановтың туғанына 102 жыл толуын атап өтті.
Осы айтулы күнге орай біз оның ең сүйікті фильмдері туралы баяндадық. Бейнебаян саундтрегіне (посты мынау: ➡ • Dalatunes: Шәкен Айман... ) Шәкен Аймановтың өзінің орындауындағы әнді таңдап алдық. Бұдан соң, «Жиырма бес» ән-термесі туралы жеке баяндағымыз келді.
***
На этой неделе киномир отмечал 102 года со дня рождения великого режиссера и актера Шакена Айманова.
К этой дате мы рассказывали о его самых любимых фильмах. Саундтреком к видео (вот пост:➡ • Dalatunes: Шәкен Айман... ) выбрали песню в исполнении самого Шакена Кенжетаевича. Потом поняли, что о ней, о терме «Жиырма бес» очень хочется рассказать отдельно.
_______
[МУЗЫКА ЖӘНЕ КИНО]
📽 «Транссібір экспресі», 1977 жыл, «Қазақфильм»
Қазақтың халықтық дәстүрінде «мүшел жас» деген ұғым бар, бұл адам өмірінің 12 жылдық кезеңі. Алғашқы 12 жыл - балалық шақ, 13 - 24 - жастық шақ, 25 - 36 - ересек шақ, 37 - 48 - есейген шақ және одан әрі. Ең күрделі де қатерлі кез - әр «мүшел жастың» басы - 13, 25, 37, 49, 61... жас. Тап осы жастарда біз жас мөлшерінің бір кезеңінен екіншісіне, әлеуметтік ортаның бір сатысынан екінші сатысына өтіп отырамыз.
🎼 25 жастың қарсаңында әр қазақ өзінің «Жиырма бесін» әнге қосады, өтіп бара жатқан жастық шақты қимай, ересек өмірге аяқ басқан кезді жырлайды. Сондай-ақ, «Жиырма бес» әнін ақсақалдар жастарға аманат ретінде де орындаған.
Шәкен Аймановтың «Жиырма бес» атты ән-термесі тап осы дәстүр аясында өмірге келген.
🎞 1970 жылы режиссер прокатқа «Атаманның ақыры» фильмін шығарды. Сценарий негізін Андрон Кончаловский жазды. Тап осы жылы Шәкен Айманов жол-көлік оқиғасынан қаза тапты - оны Мәскеу көшелерінің бірінде машина қағып кетті. Чекист Шадияров туралы «Транссібір экспресі» тетралогиясының екінші бөлімін режиссер Эльдор Оразбаев түсірді.
🌅 «Транссібір экспресі» фильміне режиссер Шәкен Аймановтың дауысы бар көріністі қосты, бұл - ұлы адамға деген құрмет пен сағыныш болатын.
Алқызыл күн ұясына батуға шақ қалған, басты кейіпкер дала төсімен кең адымдап кетіп барады. Мұңлы дауыс махаббат әуенін боздатуда. Домбыраның шерлі үні жүректі дір еткізді...
_____
[МУЗЫКА И КИНО]
📽«Транссибирский экспресс», 1977 год, «Казахфильм»
В казахской народной традиции есть такое понятие как «мушел жас», это 12-летние циклы жизни человека. Первые 12 лет - детство, с 13 до 24 - молодость, с 25 до 36 - взрослый период, с 37 до 48 - зрелость и так далее. Самое сложное и критическое время - начало каждого «мушел жас» - 13, 25, 37, 49, 61 год. Именно в этом возрасте мы переходим из одного возрастного и социального статуса в другой.
🎼 На пороге 25-летия каждый казах пел свой «Жиырма бес», песню-плач по уходящей молодости, песню-вступление во взрослую жизнь.Также «Жиырма бес» исполняли уважаемые пожилые люди в назидание молодежи.
Терме (стихотворно-напевная речь) «Жиырма бес» Шакена Айманова появилась именно как дань традиции.
🎞 В 1970 году режиссер выпустил в прокат фильм «Конец атамана». Сценарную основу к нему написал Андрон Кончаловский. В этом же году Шакен Айманов погиб в ДТП - его сбила машина на одной из московских улиц. Вторую часть тетралогии про чекиста Чадьярова, «Транссибирский экспресс», снимал уже режиссер Эльдор Уразбаев.
🌅 В «Транссибирский экспресс» режиссер включил сцену, где звучал голос Шакена Айманова - как благодарность и скорбь по великому человеку.
Багровое солнце уходит за горизонт, главный герой шагает по степи. Печальный голос выводит песню о любви. Домбра звучит так горько, что щемит сердце.

Пікірлер: 84
@user-ui2kp5gm8i
@user-ui2kp5gm8i 4 жыл бұрын
Осы әнді естісем көзіме жас келеді, қазақ үи жүгіріп жүрген балалар, қайран бала кезім.
@user-er1of5kb4e
@user-er1of5kb4e Жыл бұрын
- Ауылдан Жігітті алып кете аласың, Жігіттің жүрегінен Ауылды алып кете алмайсың деген.... - Тау баласы ~ Тауға Қарап өседі..
@turannomad803
@turannomad803 Жыл бұрын
​@@user-er1of5kb4e Б¥Л АУЫЛ ЕМЕС! БУЛ КАНЫ КАЗАК, ЖАНЫ КАЗАК ДЕГЕН. ГЕРМАНИЯДА ТУЫП ОСКЕН КАЗАКТЫ ДА КОРГЕНБiЗ ЖЫЛАfАНЫН КАЗАfЫМ ДЕП.
@user-lc3dj6bh7n
@user-lc3dj6bh7n 9 ай бұрын
Артық ауыз сөз керек емес. Расы сол.
@user-lc3dj6bh7n
@user-lc3dj6bh7n 9 ай бұрын
Әттең, бір-ақ шумақ қайырған!
@user-rm2pd5jp4s
@user-rm2pd5jp4s 6 ай бұрын
Менің ұлты қазақ, заты, тәрбиесі орыс досым осы өлеңді қоссам, менен сұрайды, неге менің сау отырып, жылағым келеді деп..
@kg6791
@kg6791 2 жыл бұрын
Көңүлдү эзип, көзгө жаш алдырат, Шакен ага мыкты аткарган, башкасы мынчалык аткара албайт экен бул ырды.
@user-er1of5kb4e
@user-er1of5kb4e Жыл бұрын
- Ауылдан Жігітті алып кете аласың, Жігіттің жүрегінен Ауылды алып кете алмайсың деген.... - Тау баласы ~ Тауға Қарап өседі..
@turannomad803
@turannomad803 Жыл бұрын
Жайлауда казактын баласы жылаfанда, Тауда, кырfыздын айелдерiнiн емшегiнен CYT аfады деген соз бар. АМАН БОЛЫНДАР КЫРFЫЗ БАУРЛАРЫМ!
@beibarys-sx8bb
@beibarys-sx8bb Жыл бұрын
Ассалам Алейкум Бiр Туган! Аман бол!
@user-er1of5kb4e
@user-er1of5kb4e Жыл бұрын
- Ауылдан Жігітті алып кете аласың, Жігіттің жүрегінен Ауылды алып кете алмайсың деген.... - Тау баласы ~ Тауға Қарап өседі..
@user-mv9tl1go9b
@user-mv9tl1go9b Жыл бұрын
1988 жылы Россияның Пермь қаласында сержантский учебкада болатынмын ия осы Трансибирский экспресс киносындағы Шакен ағамыздың жиырма бес әнін естігенде сол жерде қаншама ұлтың солдаттары бар солардың арасында өзімнің қазақ екенімді паш ететіндей өлеңге қосылып айтқым келіп одан қалса елді сағынып көзіме қуаныштың жасы келетін еді
@honor6c27
@honor6c27 2 жыл бұрын
Не могу без сожаления слушать эту песню. Молодцы казахи!
@qazaq9837
@qazaq9837 4 жыл бұрын
Терме Жүректен шыққан туған жерге деген сағыныш,исі қазақ қаны қазақ түсінеді,қандай әдемі қоңыр дауыс, консерваторияны, музыкальныйды бітіріп жүрген кейбір адамдар айта алмайды осылай
@user-cv8yd6vz9y
@user-cv8yd6vz9y 6 ай бұрын
Никогда не жила в Казахстане, и не была в настоящей юрте. Но, что-то откликается в сердце такое родное, свое настоящее по которому тоскует душа.
@madinamadina7847
@madinamadina7847 2 ай бұрын
Странное явление.. я казашка, люблю свою Родину, родной мой Казахстан❤ Но хочу сказать, что меня охватывают такие же чувства при виде русских деревень, деревянных домов, особенно зимние пейзажи трогают до глубины души. Что-то щемящее, родное... Может из реинкарнарнации?..
@thbestthing566yy
@thbestthing566yy Ай бұрын
​😂😂сен орыс әлемінде көп өмір сүргенсің сол үшін сондай құлдық сана 😂 реинкарнация емес 😂​@@madinamadina7847
@user-up7yw4jz9f
@user-up7yw4jz9f Жыл бұрын
Тыңдап отырып көзіме жас келеді , өтіп кеткен ата баба заманын аңсау ма , әлде білмеймін өткен кұнге қыимастық па бір ауыр сағыныш жұректі езіп жібергендей,,,,
@user-mc8dq4kd5y
@user-mc8dq4kd5y 9 ай бұрын
😢 бұл дұнйе жалған,негізгі шын мәнгі өмір бар екенін біле тұра қолдан беріп жатқанымызға қайғы болар
@user-rm4kh3bh4i
@user-rm4kh3bh4i 2 жыл бұрын
Ел!м!зд!н..мадениет!н Тарихын..осы..термеден Тус!нуге..болады Шакен..ага...нагыз Казак
@user-sw4hp9kp8i
@user-sw4hp9kp8i 3 жыл бұрын
Очень люблю эту песню именно в исполнении Шакена Айманова!!!
@alexera9310
@alexera9310 9 ай бұрын
Величайший актер всех времен и народов ❤
@sem_41
@sem_41 3 жыл бұрын
Қандай керемет! Жарықтық ағамыздың жатқан жері жайлы болсын.
@user-eh7tm6qr8n
@user-eh7tm6qr8n 4 жыл бұрын
Осы өленді тек Шәкен атадан тыңдай алам жүрекке тиеді.
@user-wn6fj3ks5u
@user-wn6fj3ks5u 2 жыл бұрын
Тамашагой, тамаша. Терең дем алыыып турып,эх деп бір шығарасың.
@user-hz8wz4bh5j
@user-hz8wz4bh5j 2 жыл бұрын
орындасан остип аит оленди жыламау мумкин емес, Шакен агамыздай артис болу кайда казиргилерге
@user-mv5ri2fp4v
@user-mv5ri2fp4v 4 ай бұрын
Керемет ән, Кәукен Кежитаев.
@gulsaratulekova5279
@gulsaratulekova5279 2 ай бұрын
Орындап тұрган, Шәкен Айманов шыгар, әлде Кәукен аға ма ?
@mahabbatmussabekova9086
@mahabbatmussabekova9086 Жыл бұрын
Әкемнің жақсы көретін ән
@user-up7yw4jz9f
@user-up7yw4jz9f Жыл бұрын
ерте кездегі ақындардың сарыны бар , жұрекке жетеді
@user-nv2sv6zi3p
@user-nv2sv6zi3p Жыл бұрын
Керемет 🇰🇿
@user-hw6tx2pl2d
@user-hw6tx2pl2d 2 жыл бұрын
Талас ауданы көктал жерінде түсірілген кино
@RTTabyn
@RTTabyn 2 жыл бұрын
kaydan bilesin? Zhabyl oblysy ma?
@user-yh2bn8pb9h
@user-yh2bn8pb9h 4 ай бұрын
это не коктальский, а таласский район..рядом с Каратау​@@RTTabyn
@1samurai43
@1samurai43 4 жыл бұрын
Шіркін ай
@user-vl8yt1ef5s
@user-vl8yt1ef5s 2 жыл бұрын
Ой! Шіркін- ай!
@user-mv5de4vv3i
@user-mv5de4vv3i Жыл бұрын
Қандай құдірет күші бар екен осы әннің.
@user-cz5jw6bv9j
@user-cz5jw6bv9j Ай бұрын
Сөз құдіреті мен әннің орындалу шеберлігіне қара...
@user-lh9kn9jv9t
@user-lh9kn9jv9t 2 жыл бұрын
Шал көрген адамның мәнері
@NicolaiM654
@NicolaiM654 4 ай бұрын
Да! Шакен-ата Айманов это - ГЛЫБА не то что казахской, но Советской и сейчас российско-казахстанской культуры!!! Феноменально одаренный человек!!! Актер, режиссер, сценарист, музыкант, певец, знаток кочевой культуры!!! Трагически и НЕ объяснимо погибший в Москве... Под колесами автомобиля... На взлете!!!
@korpediem
@korpediem 2 жыл бұрын
Өмірге ай, аңсап туып ай, Асық өскем ау, дүниеге ау, адам қонақ, Шіркін ай, түнеп көш, келеді Ер туып оу, ел қорғаған ай, Ата бабаң ау, бұл күнде ай, ізі әу жатады Дүние ай тозсаң өш, кей
@sakenduysekeshov7114
@sakenduysekeshov7114 4 жыл бұрын
Қандаи керемет дауыс.
@goon2720
@goon2720 3 жыл бұрын
Рас айтасыс, нагыз казактын даусы, сози де.
@user-jl5sg7cp1z
@user-jl5sg7cp1z Жыл бұрын
Керемет кино. Керемет Олен. Керемет актёр. Асанали Ашимов. Шакен Айманов орындауы
@Kagan-1-Khan
@Kagan-1-Khan 6 ай бұрын
Қазақ жерінде қатты ашаршылық болған жылдар 20-шы, 30-шы жылғы.
@user-tw1ef8db6f
@user-tw1ef8db6f 10 ай бұрын
😢😢❤❤❤ КАКОЙ ШИКАРНЫЙ ГОЛОС 😮
@talgatseitbek5393
@talgatseitbek5393 2 жыл бұрын
Уа Шіркін !
@user-yc8dj8bu4w
@user-yc8dj8bu4w Жыл бұрын
Жүректі қозғап кетті
@user-vw2gr9kp6w
@user-vw2gr9kp6w 4 жыл бұрын
Керемет 👏👏👏👏👏👍👍👍
@user-dl8rh5fh9v
@user-dl8rh5fh9v 11 ай бұрын
Шіркінай керемет
@basmachwagner1945
@basmachwagner1945 Жыл бұрын
Слушаю и хочу домой.
@Kaizer.Wilhelm.2
@Kaizer.Wilhelm.2 Жыл бұрын
Барлык адамдардын сезымы бырдей екен осы оленды тындаганда.Шакен ага гана жаксы орындаган.Эхх кайран кездер ай.Баскаларын тындап кордым.унаган жок.Шакен ага гана керемет орындагаг
@NGNEER98
@NGNEER98 2 ай бұрын
Өмірге ой, аңсап туып-ай, Асық өскен ау, дүние кең-ау, адам қонақ, Шіркін-ай, түнеп көшкен. .... Ел туып ой, ел қорғаған ай, Ата-бабаң оу, бұл күндең-ай, ізі-ау жатыр, Дүние-ай, тозаң өшкен...
@user-bq9ty5tx8m
@user-bq9ty5tx8m 13 күн бұрын
Осы өлеңді тыңдасам бала күнім Көксеңгір жайлауым Әке Шешем көз алдыма елестеп көңілім босайды, Дүние ай тозаңы өшкен, Қайран Әке Шешем ай түнеп көшкен , жатқан жерлерің жайлы , топырақтарың торқа болсын
@Asqar_Abubakirov
@Asqar_Abubakirov 4 жыл бұрын
Кереметтттт🙏🙏🙏🙏🙏🙏
@user-vr5tm1jv3y
@user-vr5tm1jv3y 11 ай бұрын
Керемет айткан 👏❤️ откен кундерды аул, ата ажем есыме тусып козыме жас келед
@Asbalakad
@Asbalakad 10 ай бұрын
Асанали аке какой красавчик эталон
@gulsaratulekova5279
@gulsaratulekova5279 2 ай бұрын
Шындық 👍
@user-ys3qd8ug5y
@user-ys3qd8ug5y Жыл бұрын
Керемет айтылған
@user-bv2tq7bf1z
@user-bv2tq7bf1z 9 ай бұрын
Шакен ағамыздың орындауындағы бұл ән 18 ғасырдан жеткен қазақтың ең көне әндерінің бірі, Салғара Жанкісіұлының әні болу керек. Тамаша туынды. Мәтінінің бірнеше нұсқасы болса керек. Осы бір куплеті асқар тау Шакен ағамыздың орындауында иісі қазақтың көз алдына, көкірегіне ата бабамыздың мың жылдар бойғы арман, тілегін, мұратын, сағынышын, мұңын алып келеді. Тілмен жеткізу мүмкін емес.
@AaD-wz9xg
@AaD-wz9xg 4 ай бұрын
Бұл әнді бірде Салғараның, бірде Зілғараның әні деп әрқилы болжам айтып жүр. Кімдікі болса да "Жиырма бестің" осы нұсқасының бір өзі үш-төрт мәтінмен айтылады. Ал Ш.Аймановтың киноға өте келістіре қолданған әнінің сөзі де мазмұны да өзгеше. Мұнда басқаларындағыдай жиырма бесті аңсау жоқ, "жиырма бес" деген сөз айтылмайды. Әннің сөзін қазақтың қасіретті тарихымен астастырып өзгертіп айтқан. Оны жазып берген Сарарғали Бегалин деген дерек бар. Өзі бір-ақ шумақ. Есесіне сай-сүегіңді сырқыратады. Өмірге аңсап туып, асқақ өскен, Дүниеге адам қонақ, шіркінай, түнеп көшкен. Ер туып, ел қорғаған ата-бабаң, Бұл күнде ізі жатыр, дүние-ай, тозаңы өшкен.
@user-jf2js2hx7n
@user-jf2js2hx7n 10 ай бұрын
Осы киноны каншама рет кордим жас кунимнен бери, киноны карап отырганда осы оленди айтатын жерин кутетин едим, кандай керемет десенши, бирак ким айтатынын билмейтин едим, жакында билдин Шакен Айманов айтатытынын, тек мен бе десем барлык казак жаксы кореди екенго😅
@user-pk1py9zf9x
@user-pk1py9zf9x 4 жыл бұрын
Осы әнді қалай табуға болады, керемет ән👍
@TuranNomad
@TuranNomad 3 жыл бұрын
Менде үзінді бар , бірақ толық нұсқасы ТВ . Абай ТВ .. док фильмде болды ..
@user-xk9ij9oo4e
@user-xk9ij9oo4e 3 жыл бұрын
musicnur.kz/556164-shaken-ajmanov-zhiirma-bes
@user-sm6rl2wr8x
@user-sm6rl2wr8x 24 күн бұрын
КАИРАН.ЗАМАНАИИ КАЗАГЫММ.МАНГИ.ЖАСАСЫН 😢😢😢😢😢😢
@karlatova6348
@karlatova6348 5 жыл бұрын
Ш Айманов айдабол,старшйй сын Каржаса,иманды болыныз ,Агамыз,Улкен АГА
@user-oi7mc3fg2k
@user-oi7mc3fg2k 4 жыл бұрын
Баяаулдын улкен тулга керемет адам
@user-ok3ug9bz4q
@user-ok3ug9bz4q 2 жыл бұрын
Мен мактанам, алпамыс режиссёрдин туган жеринен екениме! Шакен Айманов-ол кайталанбас тулга!!
@user-di2ym9ib5n
@user-di2ym9ib5n 2 жыл бұрын
😪😪👍👍🙏🙏🙏
@user-xx9px3dx3u
@user-xx9px3dx3u 8 ай бұрын
Менде кинода тыңдаитынмын керемет тебіреніп ата бабамыздан қалған ескі ән шығар деп оилап сөзін білмеи жүрдім
@user-mq5ho5xh2k
@user-mq5ho5xh2k 5 ай бұрын
Осы жері Жанатас пен Қаратау ортасы .
@user-so3yc7or4c
@user-so3yc7or4c 11 ай бұрын
Толық нұсқасын салыңыздар болса.
@user-df8pl8gv8h
@user-df8pl8gv8h 10 ай бұрын
👍🗣️🙏✌️📻
@samsunglg7121
@samsunglg7121 2 жыл бұрын
Өлең қалай аталады
@user-iq5uw9on2f
@user-iq5uw9on2f 2 жыл бұрын
Жиырма бес
@user-lh9kn9jv9t
@user-lh9kn9jv9t 2 жыл бұрын
Өткенді сағыну
@hondaelemes2351
@hondaelemes2351 Жыл бұрын
Иә
@user-qy3mj2dy7z
@user-qy3mj2dy7z 5 ай бұрын
Пора говорить ПРЯМО. ВСЁ ИСКУССТВО: КИНО, ТЕАТР, МУЗЫКА, КНИГИ, ПОЭЗИЯ, ЖИВОПИСЬ имеет ИСКЛЮЧИТЕЛЬНО ДВА ГЛОБАЛЬНЫХ СМЫСЛА , либо служит ПРОСЛАВЛЕНИЮ БОЖЬЕГО СЛОВА , либо дьяволу. СЛУЖИТЬ БОЖЬЕМУ СЛОВУ это значит , каждым КАДРОМ, РЕПЛИКОЙ, КУПЛЕТОМ и т.п. "ПРИВОДИТЬ" НАС, ЗРИТЕЛЕЙ, СЛУШАТЕЛЕЙ к ПОКАЯНИЮ, СПАСЕНИЮ ДУШИ, и соответственно наоборот, максимально удалять от него. МЕРЗКОЕ сатанинское КИНО. ФИЛЬМ, БОГОХУЛЬСТВО, ЛУКАВСТВО, ДЬЯВОЛЬСКАЯ НАСМЕШКА и пример МАНИПУЛЯЦИИ человеком, а ПОЧЕМУ надо понимать следующее. ПО ПОРЯДКУ. В фильме один из героев произносит такую фразу, «истина в силе духа, вере, любви», чтобы понять её надо знать одну простую истину что это Бог есть Любовь, но тем не менее это ЛУКАВСТВО и обычное мелкопакостное БОГОХУЛЬСТВО(ХУЛА НА ДУХА СВЯТОГО). НО БОГА ОБИДЕТЬ НЕ ВОЗМОЖНО ОН БЕССТРАСТЕН, а вот ХУЛА ЕГО это БОЛЬШОЙ ГРЕХ. А ГРЕХ это РАНА которую человек наносит прежде всего сам СВОЕЙ ДУШЕ. РАНА которая ОТКРЫВАЕТ ДУШУ ДЛЯ ДЕМОНОВ мучителей, БЕСОВ ПОРОЧНЫХ СТРАСТЕЙ, слуг дьявола. Потому что, и в этом заключается и НАСМЕШКА, ФИЛЬМ прежде всего НАМЕРЕННО «РАЗЖИГАЕТ», но В ДУШАХ самих ЗРИТЕЛЕЙ, действие множества страшных порочных страстей, таких как ГОРДЫНЯ, ГНЕВ, НЕНАВИСТЬ, МЕСТЬ, ТЩЕСЛАВИЕ(ПАГУБНАЯ СТРАСТЬ К ЛЮДСКОЙ СЛАВЕ, СРЕБРОЛЮБИЕ(ПАГУБНАЯ СТРАСТЬ К ДЕНЬГАМ), КУРЕНИЕ, ПОХОТЬ, ТЯГА К АЛКОГОЛЮ, ЧРЕВОУГОДИЕ. А ЭТО всё ГРЕХИ. И вот ТАК ОГРОМНОЕ БОЛЬШИНСТВО ЛЮДЕЙ, ВОЛЬНО ИЛИ НЕ ВОЛЬНО СОГРЕШАЮТ (не вольно значит что, грех только у себя в уме, под действием той или иной порочной страсти, является таким же грехом), И ДЬЯВОЛ «ВВОДИТ» В ДУШУ человека ДЕМОНОВ МУЧИТЕЛЕЙ разных ПОРОЧНЫХ СТРАСТЕЙ. Ну А «ОБЩЕНИЕ» человека в жизни С любым ДЕМОНОМ, «ПРИВЕДЁТ» рано или поздно только к одному, или К ПСИХИЧЕСКОМУ РАССТРОЙСТВУ, или УБИЙСТВУ, или САМОУБИЙСТВУ. И к АДУ для ДУШИ после физической СМЕРТИ тела. А почему МАНИПУЛЯЦИЯ. «ПРИОРИТЕТНЫМ» демоном который завладевает душой человека после просмотра фильма БУДЕТ, ДЕМОН МУЧИТЕЛЬ МЕСТИ. ПОТОМУ ЧТО КАК реально примерно ВЫГЛЯДИТ ЭТОТ ДЕМОН ПОКАЗАНО В ФИЛЬМЕ. И ВОТ как БЫЛО БЫ ХОРОШО, ЧТОБЫ КАЖДЫЙ зритель ПОНИМАЛ это. НО ЭТО очень «тонкие» моменты, ПОНЯТЬ которые МОЖНО будет ТОЛЬКО ЧИТАЯ, И ГЛАВНОЕ, ИЗУЧАЯ КНИГУ ЖИЗНИ, СВЯТОЕ ЕВАНГЕЛИЕ. Да и ПОРОЧНЫЕ СТРАСТИ это ГОРДЫНЯ, ТЩЕСЛАВИЕ, ЛУКАВСТВО, СЕБЯЛЮБИЕ, ТРУСОСТЬ, ЧЕЛОВЕКОУГОДИЕ, ЗАВИСТЬ, ЖАДНОСТЬ, ОСУЖДЕНИЕ, АЛЧНОСТЬ, СКУПОСТЬ, СРЕБРОЛЮБИЕ, ЛИЦЕМЕРИЕ, УНЫНИЕ, ЧРЕВОУГОДИЕ, ГНЕВ, РЕВНОСТЬ, ВОРОВСТВО, РАЗДРАЖЕНИЕ, ВЛАСТОЛЮБИЕ, ПОХОТЬ, ЛЮБОПЫТСТВО, ПЬЯНСТВО, КУРЕНИЕ, ПРЕЛЮБОДЕЯНИЕ, ОБИДЧИВОСТЬ, ЗАСТЕНЧИВОСТЬ, ХИТРОСТЬ, РАССЕЯННОСТЬ и т.д. и т.п. И у КАЖДОГО ЧЕЛОВЕКА своя(СТРАСТЬ), так сказать, ЛИЧНАЯ. И ЭТО всё БОЛЕЗНИ, но БОЛЕЗНИ ДУХОВНОГО ПЛАНА. А ПОЧЕМУ мы ВСЕ БОЛЬНЫ. После ГРЕХОПАДЕНИЯ АДАМА и ЕВЫ они были ИЗГНАНЫ ИЗ РАЯ. ДО грехопадения они ЖИЛИ В РАЮ подобно АНГЕЛАМ. После, БОГ одел их в «одежды» что значит в тела, и ДАЛ ЗАПОВЕДЬ «ПЛОДИТЕСЬ и РАЗМНОЖАЙТЕСЬ» и заселяйте Землю. НО для размножения, В ПОЛОВЫЕ ОТНОШЕНИЯ ПРИХОДИЛОСЬ ВСТУПАТЬ БРАТУ С СЕСТРОЙ. И ЭТО было вызвано необходимостью а НЕ ПОХОТЬЮ. И ВОТ ПОЧЕМУ КАЖДЫЙ рождающийся ребёнок уже ГРЕШЕН. Только не физическое(физическое если вызвано похотью, между родными братьями и сёстрами), а так называемое ПЕРВОРОДНОЕ (ДУХОВНОЕ , ПРИЧИНА которого ГРЕХОПАДЕНИЕ) ПОВРЕЖДЕНИЕ(ГРЕХ, ПОРОЧНАЯ СТРАСТЬ) НА КАЖДОМ человеке при рождении. И У КАЖДОГО человека своя СОБСТВЕННАЯ СТРАСТЬ. И ЭТО БОЛЕЗНЬ, но БОЛЕЗНЬ прежде всего ДУХОВНОГО ПЛАНА. И именно ПОРОЧНЫЕ СТРАСТИ людей являются ПРИЧИНОЙ ВСЕХ БЕД, СТРАДАНИЙ, и РАЗРУШИТЕЛЬНЫХ ДЕЙСТВИЙ на Земле. А вот условия ОСВОБОЖДЕНИЯ ОТ этого ПЕРВОРОДНОГО ГРЕХА(ПОВРЕЖДЕНИЯ, СТРАСТИ) как раз и ЗАПИСАНЫ в КНИГЕ ЖИЗНИ, СВЯТОМ ЕВАНГЕЛИЕ. НО СНАЧАЛА , чтобы донести их людям, сам СЫН, БОГ СЛОВО ВОЧЕЛОВЕЧИЛСЯ(ИИСУС ХРИСТОС, имя ИИСУС означает СПАСИТЕЛЬ). А ЕГО за это РАСПЯЛИ. Но ОСТАЛОСЬ СВЯТОЕ ЕВАНГЕЛИЕ. Вот ЭТО и есть БОЖЕСТВЕННЫЕ УСЛОВИЯ , во первых ИЗБАВЛЕНИЯ ОТ ПЕРВОРОДНОГО ГРЕХА(а правильней сказать от ПОВРЕЖДЕНИЯ), И во вторых ДЛЯ СПАСЕНИЯ ДУШИ человеческой, ПОЛУЧЕНИЯ ЖИЗНИ ВЕЧНОЙ для ДУШИ, ПОСЛЕ физической СМЕРТИ тела , В ЦАРСТВИЕ НЕБЕСНОМ. И поэтому ИСТИННАЯ ВЕРА В БОГА, в первую очередь ЗАКЛЮЧАЕТСЯ В «БОРЬБЕ» каждого ЧЕЛОВЕКА, ПРИ ЗЕМНОЙ ЖИЗНИ, СО своими собственными ПОРОЧНЫМИ СТРАСТЯМИ, И только ТАК можно получить СПАСЕНИЕ для своей ДУШИ. Ну И ЕСЛИ каждый человек захочет "БОРОТЬСЯ" СО своими ПОРОЧНЫМИ СТРАСТЯМИ , ТО для начала, НУЖНО ПОВЕРИТЬ В БОГА, ПРЕСВЯТУЮ ТРОИЦУ: ОТЦА(СОЗДАТЕЛЯ ВСЕГО ЖИВОГО И НЕ ЖИВОГО, ВИДИМОГО мира и НЕ ВИДИМОГО),через СЫНА БОГА СЛОВО(ИИСУСА ХРИСТА), СВЯТОГО ДУХА. А ЧТОБЫ "ПРИЙТИ" к БОГУ или ПОЗНАТЬ БОГА необходимо ПОКАЯНИЕ. Ну А для того ЧТОБЫ ПОНЯТЬ ВСЁ что написано выше , И для ИСКРЕННЕГО ХРИСТИАНСКОГО ПОКАЯНИЯ, которое необходимо УСПЕТЬ(потому что ВРЕМЕНИ осталось очень МАЛО, ВОЗМОЖНО даже ПРИМЕРНО ПОЛМЕСЯЦА, И ВСЁ(смотри СВЯТОЕ ЕВАНГЕЛИЕ от МАТФЕЯ, ГЛ. 24)) СДЕЛАТЬ при ЗЕМНОЙ ЖИЗНИ ЧЕЛОВЕКА, ПЕРВЫМ "шагом" будет (и как об этом уже упоминалось выше) ЧТЕНИЕ и ГЛАВНОЕ, ИЗУЧЕНИЕ КНИГИ ЖИЗНИ, СВЯЩЕННОГО ПИСАНИЯ НОВЫЙ ЗАВЕТ. ✋🏻
@NicolaiM654
@NicolaiM654 4 ай бұрын
Эт ты кому этот БРЕД написало???!!! невнятное сушчество, маскирующееся под христианина???!!!
@user-qy3mj2dy7z
@user-qy3mj2dy7z 4 ай бұрын
@@NicolaiM654 И.Поосторожнее в высказываниях. ЭТО БОЖЬЕ СЛОВО, но дано самыми ПРОСТЫМИ СЛОВАМИ, ЧТОБЫ те ЛЮДИ которые ничего не разумеют в ПРАВОСЛАВИИ ( ПРАВОСЛАВИЕ ЗНАЧИТ ПРАВИЛЬНОЕ СЛАВИЕ ГОСПОДА нашего ИИСУСА ХРИСТА) хоть немного ПОНИМАЛИ что это✋🏻
@NicolaiM654
@NicolaiM654 4 ай бұрын
@@user-qy3mj2dy7z угрожаешь никак?
@user-qy3mj2dy7z
@user-qy3mj2dy7z 4 ай бұрын
@@NicolaiM654 ПРЕДУПРЕЖДАЮ. имейте в виду ХУЛА НА КНИГУ ЖИЗНИ СВЯТОЕ ЕВАНГЕЛИЕ(БОЖЬЕ СЛОВО), И также на любого ИСТИННОГО ПРАВОСЛАВНОГО (ПРАВОСЛАВИЕ значит ПРАВИЛЬНОЕ СЛАВИЕ ГОСПОДА нашего ИИСУСА ХРИСТА) ХРИСТИАНИНА является ХУЛОЙ НА самого БОГА✋🏻
Жиырма бес (feat. Шәкен Айманов)
5:19
Айгүл Қосанова - Topic
Рет қаралды 45 М.
Increíble final 😱
00:37
Juan De Dios Pantoja 2
Рет қаралды 75 МЛН
DELETE TOXICITY = 5 LEGENDARY STARR DROPS!
02:20
Brawl Stars
Рет қаралды 17 МЛН
СНЕЖКИ ЛЕТОМ?? #shorts
00:30
Паша Осадчий
Рет қаралды 6 МЛН
Қайрат Байбосынов "Жиырма бес" әні
4:14
DARKHAN ABDUAKHIT
Рет қаралды 6 М.
Димаш Құдайберген жайлы әншілер не айтты?
6:03
ШАХ И ПАТ - КОРОТКОМЕТРАЖНЫЙ ФИЛЬМ
21:15
Gufee.medalin
Рет қаралды 6 МЛН
Видеоролик о Шакене Айманове / Шакен Айманов туралы бейнеролик
5:33
Архив кино-фотодокументов и звукозаписи РК
Рет қаралды 17 М.
Increíble final 😱
00:37
Juan De Dios Pantoja 2
Рет қаралды 75 МЛН