Дауға айналған жоба! Қызылордада оқушылар түрменің ғимаратында білім алуға мәжбүр

  Рет қаралды 6,178

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

«Жайлы мектеп» жобасы Қызылорда қаласында басталмай жатып дауға айналды. Шенеуніктер небәрі екі айдан кейін жоба аясында құрылысы басталуы тиіс жаңа білім ұясына әлі күнге дейін орын дайындамаған. Өйткені нысан бой көтереді деген жердің біраз бөлігі жеке кәсіпкерлердің меншігінде екен. Ал ең сорақысы осы шағын аудандағы мыңға жуық оқушы бірнеше жылдан бері бұрынғы түрменің ғимаратында білім алуға мәжбүр. Сондықтан, ата-аналар жаңа мектептің қаржысы дайын болса да, қаннен қаперсіз жүрген ақжағалылардың әрекетсіздігіне ашулы.
Қызылорданың Ақмаржан шағын ауданындағы бұрынғы түрме ғимараты болған мектептің орнына екі айдан соң жаңа білім ордасының қабырғасы қалануы керек. Тіпті бұл үшін "Самұрық-Қазына" Constracion-нан бөлінетін қомақты қаражат та дайын. Сөйте тұра жергілікті шенеуніктер жұмыстарын атқара алмай отыр деп ашулы ата-аналар. Айтуларынша жаңа нысан тұрғызылуы керек 2,4 гектар жердің 4 мың шаршы метрі әлі күнге жеке азаматтардың еншісінде екен.
ДӘРІГҮЛ ЖАЛБЫРОВА, ата-ана:
- Осы жерге мектеп салынады деп генплан бойынша сызылады. Өйткені мектеп емес қой бұл түрме ғой бұрынғы. Ал енді мектепті салынады деп тұрып, неге мына жердің барлығын коммерциялық мақсатқа сатады? Акиматтың "Біз сіздерге ондай мектеп салуға қаражатымыз жоқ" дейтін болса, біз халықтан жылу жинайық.
10 жылдан бері құр уәдеден шаршаған ата-аналар әлі күнге орны дайын емес нысанға бөлінетін қордың қаражатынан тағы қағыламыз ба деп алаңдаулы. Ал 40 жыл бұрын түрме болған қазіргі мектепте мың оқушының білім алуына жағдай жасалмаған. Тіпті ғимараттың тарлығы сонша, дәлізде екі оқушы қатар жүре алмайды дейді ата-аналар. Оның үстіне акт зал, зертханалық кабинеттер мүлдем жоқ. Ескі ғимараттың талапқа сай келмейтінін мектеп директоры да растап отыр.
ЕРКІН АҚШАЛОВ, Қызылорда қаласы №197 орта мектептің директоры:
- Балаларға тығыздау. Оқу стандартына сәйкес келмейтін мектеп. Санпин бойынша да, басқа да. Соған байланысты қазір бұл мектептің жарамсыздығы жөнінде жұжаттар дайындалып жатыр, рәсімделіп. Осы 1-2 күннің көлемінде егер аяқталса, қорытындысын аламыз. Егер қорытындысын алатын болсақ бұл мектеп бұзылуға жатады.
Ал жауапты басқармадағылар әлі күнге кәсіпкерлермен екі жақты келісім жүргізіліп жатыр дейді. Айтуларынша азаматтар меншігіндегі жер телімдерін мемлекет меншігіне бермесе де, мамандар жаңа мектептің жобалық құжаттарын дайындап жатыр екен.
ДІНМҰХАМЕД СЫРЛЫБАЕВ, Қызылорда облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы:
- Ол жерге мектеп салынатыны анық. Сондықтан мемлекет мұқтажына алу жөнінде қаулы шықты қала әкімдігінен. Шектеулердің барлығы қойылды. Ол жұмыстар параллельно жүре береді. Ал құрылысқа байланысты ешқандай тоқтау жұмыстары болмайды.
Әлі күнге жерінің біраз бөлігі жекенің меншігіндегі мектептің екі айдан кейін құрылысы басталады дегенге ата-аналар сенімсіздікпен қарайды. Ал бұрын түрме болған нысан сараптамадан кейін сүрілуі мүмкін. Сондықтан тұрғындар жаңасын сұрап жүргенде, ескі мектебімізден айырылып қаламыз деп алаңдайды.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 22
@user-po4jc4nj1b
@user-po4jc4nj1b Жыл бұрын
Бар ақшаны да ептей алмайтындар бар екенғой...МЫНАУ МАСҚАРАҒОЙ !!!
@kulzipatoishibek8851
@kulzipatoishibek8851 Жыл бұрын
Недеген кала бул Каншашыншы ғасырда омыр сурып жатырсыздар .Оны неменеге мыжып ата бересындер.Бырыншы оған кыналы акым кыналы ,ол тек калтасын ғана ойлайтын азамат кой.Оныншы ғасырда омыр сурып жаткан сияктысындар ғой.Кызылордалыктар.
@Gurevskii.Z
@Gurevskii.Z Жыл бұрын
Неге киіз үй тігіп киіз үйде оқимайды🤣😂😁
@rahmatulla1898
@rahmatulla1898 Жыл бұрын
Менің мектеп бітіргеніме 40 жыл болды. Біздің кезінде мұғалімдер дің 65-80% ер адамдар болған. Ол кезде мұғалімдерден оқушылар ұрады, ұрсады деп қорқатын , одан еш оқушылар зардап шекен жоқ керісінше тәртіп біршама жоғары болатын. Ата-аналар оқушылар мен мұғалімдер арасына түскен жоқ .Сонда да ата-аналар алдында мұғалімдер қадірі жоғары болатын. Енді айтарым ер адамдарды мұғалімдер қатарына кемінде 50% алынған жөн және мұғалімдермен балдарымыздың арасына азырақ арласқанымыз жөн сияқты.
@user-uq7mt1xh7x
@user-uq7mt1xh7x Жыл бұрын
Казактарга сырттан жау керек емес
@user-uy4cc3de1g
@user-uy4cc3de1g Жыл бұрын
Қызылордадағы бұрынғы десяткіма мектеп жасап қойғанба о тоба бұл өкімет қуадекен
@user-vj7bl6bx9v
@user-vj7bl6bx9v Жыл бұрын
Екі әкім сатып бөлісіп алған да
@user-nz7lq6di3s
@user-nz7lq6di3s Жыл бұрын
БАЛДАРЫМЫЗ ЖАНА МЕКТЕПТЕ ОКИДЫ ДЕП БИЗ КУАНЫП ЖУРМИЗ.
@netflixyt2275
@netflixyt2275 Жыл бұрын
турме болсада осы мектепті бітірп шықтық
@user-zq3ji2wi4s
@user-zq3ji2wi4s Жыл бұрын
Нұрлыбек,мұның дұрыс болмаған екен! Тойға жұмсаған милондарың қайда? Берсей осында көмек қолын созып. Кінәсіз халықты зар илетпей,не деген адамсың ей былқ етпейсің. Анау жиен қарындасың зар илеп жүргені!?
@user-ld2fd8it2p
@user-ld2fd8it2p Жыл бұрын
Кең қазақ жерінде балаларға түрмеде оқытудан басқа орын жоқ екен да.
@user-eh4jy6eg5b
@user-eh4jy6eg5b 5 ай бұрын
Бизди айтсайш 1995 жылдары окыган кезде вообще еди 😢😢😢
@user-gy2hq2lg1k
@user-gy2hq2lg1k Жыл бұрын
Нәлібайов деген жұмыс жасайтын әкім ба өзі Сол келгелі қаламыз дым алға қарай жылжымады ғой әлде оған өз бизнесі жүрсе болды ма екен
@user-fs5ed7rc3r
@user-fs5ed7rc3r Жыл бұрын
Кой...ей....не.ыстеуге.болады..дамимызба.деп.жургенде.бордай.тозбасак.болар.еды.ангыме.жок.басындар.жем.корлар
@StandoHel
@StandoHel 4 ай бұрын
Школа полная фигня я в 197 перешел ваще ужас обратно в свою школу хочу
@user-wb9hp1lo7b
@user-wb9hp1lo7b Жыл бұрын
Әй, қазақтар! Сөз жоқ! Мынау не? Балалар түрмеде оқып жатыр деген не? Әкім - қазақ халқының жауы! Сұмдық!
@user-tm9vu1tg7r
@user-tm9vu1tg7r Жыл бұрын
Енді мектепті қашан салады? Наурыздың ортасы болдығой.
@StandoHel
@StandoHel 4 ай бұрын
Жана мектеп уже салыпжатр
@user-wk5kl3qe8i
@user-wk5kl3qe8i Жыл бұрын
Шатаспасам 2000жылдан бастап мектеп болган.
@user-eh4jy6eg5b
@user-eh4jy6eg5b Жыл бұрын
Шатастын 1995 жылдан бастап
@user-wk5kl3qe8i
@user-wk5kl3qe8i Жыл бұрын
Осы мектепте окып битирдиккой
1 класс vs 11 класс (неаккуратность)
01:00
БЕРТ
Рет қаралды 3,5 МЛН
Follow @karina-kola please 🙏🥺
00:21
Andrey Grechka
Рет қаралды 26 МЛН
Did you find it?! 🤔✨✍️ #funnyart
00:11
Artistomg
Рет қаралды 120 МЛН
La final estuvo difícil
00:34
Juan De Dios Pantoja
Рет қаралды 27 МЛН
«Менімен ерегеспеңдер, басшы - менің дядкаларым»
3:59
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 110 М.
Қызылордада  қамаудағыларға қатысты тергеу аяқталуға жақын
2:31
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 35 М.
ЖЕЗҚАЗҒАН-ҚЫЗЫЛОРДА ТАС ЖОЛЫ БИЫЛ ЖӨНДЕЛМЕЙДІ
3:44
SARYARQA TV / Сарыарқа телеарнасы
Рет қаралды 4,6 М.
Шетелдік көліктердің заңдастырылу тәртібіне қатысты шу шықты
2:42
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 10 М.
1 класс vs 11 класс (неаккуратность)
01:00
БЕРТ
Рет қаралды 3,5 МЛН