Әдейі өлтірілуі мүмкін: Жәпек батыр ауылында өртенген үйден үш адамның мәйіті табылды

  Рет қаралды 2,016

Информбюро 31

Информбюро 31

8 ай бұрын

Алматы облысындағы Жәпек батыр ауылында өртенген үйден үш адамның мәйіті табылды. Бір отбасының үш бірдей мүшесі тілсіз жаудың кесірінен емес әдейі өлтірілуі мүмкін. Себебі, денесінде көптеген жарақат іздері бар екен. Ал бұл іске күдікті ретінде әйелмен бірге тұрған ер азамат күдікті ретінде іздестірілуде. Тілсіз жау қай уақытта болды, көршілері не дейді сюжеттен көрейік.
Түнгі уақытта ойнаған өрт сөндіру көліктерінің дабыл дыбысы тыныш жатқан «Береке» саяжайы тұрғындарының үрейін ұшырған. Сағат 22:30-дың шамасында ауылдағы 6 линия көшесінде орналасқан бір баспана тұтастай жана бастапты. Абайсызда тілсіз жау бүкіл көшені шарпып кетуі мүмкін деп, көршілері де көмекке ұмтыла жүгірген.
БАУЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТ, тілші:
- 100 шаршы метрден астам аумаққа таралған өртті төтеншеліктер бір сағаттан астам уақыттың ішінде сөндірген. Қызыл жалын шарпыған баспананың ішінен 42 жастағы әйел мен 2 баланың мәйітін алып шыққан. Тексеріс кезінде олардың айуандықпен өлтірілгені анықталыпты. Ал көршілері қаскөйдің есіктерді жауып, терезеден шығып кеткенін айтып отыр.
ЖОЛШЫБАЙ ШАЛБАЕВ, көршісі:
- Есік жабық дейді. Терезеден түсіп іші түтін дейді. Содан кейін сол пожарниктер терезеден түсіп есікті ашып ана әйелді шығарыпты. Өлтіреді те содан кейін өртеп кетті ғой. Газды ашты дағы сіріңке қойды. Пока ол өнгенше ол кетті ғой.
Бұл үйге отбасы көктем мезгілінің басында қоныстанған. Баспананы жалға алып, күнелтіп келген. Оқиғадан кейін бірден тәртіп сақшылары 42 жастағы әйелмен бірге тұрған ер адамды күдікті ретінде танып, оған іздеу жариялаған. Әзірге азамат құрықталған жоқ. Көршілері оның арам суға жақын болғанын алға тартады. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары тергеу шараларын бастады.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ЖАУАБЫ:
- "Аталған факті Қылмыстық кодекстің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және оны ұстау бойынша жедел іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Облыстық полиция бөлімшелері мен көршілес облыстардағы жол полициясына бағыт-бағдар жолданды".
Ал білім ордасының қызметкерлері болса екі баланың да 36 мектепте оқитынын хабарлады. Үлкен қыз сегізінші сыныпта, ал кішісі 3 сыныпта білім алады. 12 қыркүйек күні анасы хабарласып екі баласының да ауырып қалғанына байланысты сабаққа келмейтінін айтқан. Бірақ бүгін таңертең өзіміз де сұмдық жаңалықты естіп абдырап қалдық дейді мектеп директоры.
ЖАНАЙДАР АЙДАРҚҰЛОВ, Жәпек батыр ауылындағы №36 орта мектептің директоры:
- Ата-анасы жауапкершілігі өте жоғары и оның жоғары болғандықтан ата-аналар комитетінің төрайымы болып тағайындалған. Былайша гражданский брак дей ме, сожитель деп айтып жатыр ғой. Оның болғанын білмедік. И бұл туралы сынып жетекші де жекелей жаз кезінде жеке как әйел азаматы ретінде сұраған екен. Ол айтқан сынып жетекшіге жоқ, ондай болса өзім-ақ айтамын менде пока ондай жағдай жоқ деп айтқан.
Ауыр қаза ауылдастар мен марқұмның сыныптас достарының қабырғасын қайыстырып отыр. Олар қылмыскерді ертерек анықтап, тиісті жазасын алуын талап етеді. Бір отбасының шаңырағын шайқалтқан қаскөйдің кім екені тергеуден кейін белгілі болмақ.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 2
@user-qu1uk6re6w
@user-qu1uk6re6w 8 ай бұрын
Алла сактасын
@user-ry5lf8hq8d
@user-ry5lf8hq8d 7 ай бұрын
😢😢😢
Информбюро 15.05.2024 Толық шығарылым!
23:18
Информбюро 31
Рет қаралды 33 М.
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Pink with inoCat
00:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 26 МЛН
0% Respect Moments 😥
00:27
LE FOOT EN VIDÉO
Рет қаралды 46 МЛН
Monster dropped gummy bear 👻🤣 #shorts
00:45
Yoeslan
Рет қаралды 12 МЛН
Атырауда сотталған әйелдер балаларымен кездесті
3:40
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 86 М.
16 мамыр 2024 жыл - 09:00 І 24KZ таңы
51:22
Телеканал 24kz
Рет қаралды 1,1 М.
Алматы облысында үш жасар бала кәріз құдығына құлап мерт болды
4:07
Полный выпуск Информбюро 15 05 2024
24:03
Информбюро 31
Рет қаралды 907