Жәдидшілдік Ислам - Алаш арыстарының бағыты

  Рет қаралды 4,264

Daurenbek Shamidinov

Daurenbek Shamidinov

Жыл бұрын

✅ ЖӘДИДШІЛДІК ИСЛАМ: АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ БАҒЫТЫ
Ресей Империясы 1714-1914 жылдар аралығында Орта Азиядағы бүткіл мұсылман елдерінің барлығын отарлап, өзінің құрамына мәжбүрлікпен қосып алды. Қазақ хандығының Ресей құрамына қосылуы 1731 жылы басталып, 1840 жылы аяқталды. Ресейдің отарлаушылық саясаты оның құрамындағы көптеген зиялы мұсылмандарға қатты әсер етті. Себебі ғылымы мен технологиясы мықты дамыған империямен күресу үшін жаңа әдіс пен жаңа стратегия керек болды.
Мұның жалғыз дұрыс жолы - білім беру жүйесіне реформа жасау еді. Яғни діни және дүниелік білімдерді бірдей оқытатын медреселер ашу керек болды. Отарлаушылық кезеңге дейін Орта Азиядағы мұсылман елдері тек шариғат ғылымдарын оқып, жаратылыстану ғылымдарын меңгермеген. Сонымен бұл жаңа білім беру жүйесі - жәдидшілдік немесе жаңа әдіс деп аталды. 1883 жылы Татарстанда алғашқы жәдидшілдік медресе ашылды. Сонымен бұл жаңа әдіс бүткіл Орта Азия елдеріне кеңінен тарады.
Алаш арыстарының барлығы Жәдидшілдік әдісті қолдады. Мысалы «Қазақ» және «Айқап» гаеттері арқылы қазақ халқының санасын оятуға тырысты. Яғни діни негіздерді сақтай отырып, өркениетті елдердің ғылыми-техникалық жетістігі мен жаратылыстану ғылымдарын үйрететін жаңа білім беру жүйесін құруға күш салды. Жәдидшілдік бағыт патша үкіметінің саясатына қарсы бағытталды. Сол кезде өз заманынан ілгері ойлайтын интелектуалдар білім беру жүйесіне реформа жасау керектігін ұқты. Себебі жалғыз білім беретін орда - ол мешіт-медресе ғана еді.
Ал мешіт-медресе тек қана діни білім берумен айналысып, дүниелік білімді оқытпайтын еді. Яғни жәдидшілдік қозғалыс бойынша мешіт-медреседе шариғат ғылымдарымен қатар, жаратылыстану ғылымдарын оқыту керектігін алға тартты. Алайда дүмше молдалар тарапынан белгілі бір дәрежеде кері тартушылық болды. Патша үкіметінің қу саясатынан барынша хабардар болған ұлт зиялылары, онымен күресудің жалғыз дұрыс жолы - оның ғылымын меңгеру керек деп білді.
Абай атамыз 25-ші қара сөзінде: "Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы білгендік керек. Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі", - деп айтады.
#АлашОрда #Жәдидшілдік #Джадидизм

Пікірлер: 33
@user-oc8yp8ln9u
@user-oc8yp8ln9u Жыл бұрын
Өте дұрыс Жүз мың молдаңнан Алаштың дара тұлғасы ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан бабамыз мың есе артық Бұл Қазақтың жауы дүмше молдалар әлі де жетерлік
@user-rj9qn5cq9r
@user-rj9qn5cq9r Жыл бұрын
Дұрыс айтасың, Алла ісіңе береке берсін
@shanhaieli5390
@shanhaieli5390 Жыл бұрын
Алла Тағала разы болсын! Дегеніңе жет бауырым, рахмет!
@user-ic2so4th1i
@user-ic2so4th1i Жыл бұрын
Дәуренбек бауырым Алла разы болсын
@user-yw4hq2gr9j
@user-yw4hq2gr9j Жыл бұрын
Жатқан жерлеріңіз жаннат болсын.
@makekali1348
@makekali1348 Жыл бұрын
Алла разы болсын
@user-vy8hn5en8y
@user-vy8hn5en8y 8 ай бұрын
Ыбырай Алтынсарин медреседе оқып, ең бірінші мектеп ашқан атамыз, ❤❤❤ Баламды медресеге біл деп бердім. Абай Құнанбайұлы
@BrotherRICH
@BrotherRICH Жыл бұрын
Жақсы
@bahitaljanov60aljanovbakit62
@bahitaljanov60aljanovbakit62 Жыл бұрын
Осындай жастар қазақтың келешегі үшін көп болса керемет болар еді. Кəзіргі кезде надан жастар көбейіп кетті..
@user-hy8io8qp3j
@user-hy8io8qp3j Жыл бұрын
Бәрекелді түсінген адамға орынды әңгіме ой салатын. Алла разы болсын.
@Islam_-1
@Islam_-1 Жыл бұрын
Қазір бізде екуіде жоқ не дүниелік не ақыреттік білім
@makekali1348
@makekali1348 Жыл бұрын
Керемет
@user-pe2ug1xc2q
@user-pe2ug1xc2q 11 ай бұрын
Керемет 👍 аман болыңыз
@kelesbaimuhamedter5854
@kelesbaimuhamedter5854 Жыл бұрын
Ең алғашқы түскен Құран аяты : {{ сені жаратқан Раббыңның атымен оқы }} алақ сүресі.
@Islam_-1
@Islam_-1 Жыл бұрын
Қазір бізде Дінді салт дәстүрді қойып тек қана дүнйелік білімге кетті бірақ еш нәтиже жоқ мықты ғалымдар, өнер табыстар, шықпай жатыр.
@aikastamkul4239
@aikastamkul4239 Жыл бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻
@user-mi8xb6ho9f
@user-mi8xb6ho9f 9 ай бұрын
номеріңізді алсақ болама жекеде қоятын сүрақтар бар
@user-hy8io8qp3j
@user-hy8io8qp3j Жыл бұрын
Бәрекелді түсінген адамға ой салатын дұрыс әңгіме.
@user-xt3tu8lu2g
@user-xt3tu8lu2g Жыл бұрын
Кәзір заманымызда әлі жүрғой молдалар артқа тартып. Қазақ алаштарын тіпті айтпайд.
@user-yi9ez7zc9u
@user-yi9ez7zc9u Жыл бұрын
Молдалар имансыз болғанғой
@Madikaspan
@Madikaspan Жыл бұрын
Орысша үйреніп келген адамдарды ауыл адамдары көзге түртпектеп, шоқынған, шоқынып келген деп бөтен көзбен қараған. Бұл туралы көп ақын жазушылардың еңбегінде жазылған. Шын мәнінде, орыс тілін білу шоқынуды білдірмейді ғой. Екеуі екі бөлек дүние.
@user-lw9zz6mz8d
@user-lw9zz6mz8d 9 ай бұрын
Указнои молдамен, думше молда еки баска, репрессияда атылган молда баска
@user-hy8io8qp3j
@user-hy8io8qp3j Жыл бұрын
Дұрыс
@user-oy8og2kp6e
@user-oy8og2kp6e Жыл бұрын
Неге булар Кенесарының замандасы бола тура ол туралы оның әскери туралы жазбаған? Кенесары, оның мыңдаған әскери Ким ушин не ушин шеит болды ? Неге булар 1916 ж Улт- азаттык котерилисине катыспаган егер улт жанашыры болса? Неге 1921 ж:1931ж ашаршылык жайлы ештеңе жок, әлде жоғарыда айтып өткендер биздин тарихымызда жок па?
@user-op8hc3cm7g
@user-op8hc3cm7g Жыл бұрын
Алаштықтар 1916 жылғы көтеріліске қатыспаудын себебі: патшаның жазалаушы отрядынын тигізер кесірінен қауіптенді. Оған қоса,1921 жылы алаштықтар малды Торғайға айдап,жеуге ас таппай отырған қазақтарға таратқан болатын. Ал алаш зиялылардың бір тобы ( Міржақып Дулатұлы,Ахметсапа Жүсіп,Жүсіпбек Аймауыт) 1930-31 жылдары қайтыс болған еді
@QushtarQassiyet1230
@QushtarQassiyet1230 Жыл бұрын
Дәуренбек бауырым, осы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың діннен шығып кеткені рас па?! сол кісінің дінді жамандап жазған бір өлеңі бар екен, сонда бұл қалай болғаны?!
@shamidinoff
@shamidinoff Жыл бұрын
Білмеймін. Анығын Алла білуші.
@Madikaspan
@Madikaspan Жыл бұрын
Сол замандағы ақын, жазушылардың да осындай әртүрлі әңгімелері де бар. Менің есімде қалыпты, бір әңгімеде қазақ шаруасының тасбихты лақтырып жібергені туралы сюжет бар.Онда ұжымдастыру уақыты туралы. Бірақ қай әңгіме екені есімде жоқ
@bakutjanbaturkanov2032
@bakutjanbaturkanov2032 Жыл бұрын
Жақсы
FOOTBALL WITH PLAY BUTTONS ▶️❤️ #roadto100million
00:20
Celine Dept
Рет қаралды 36 МЛН
Which one is the best? #katebrush #shorts
00:12
Kate Brush
Рет қаралды 27 МЛН
ROCK PAPER SCISSOR! (55 MLN SUBS!) feat @PANDAGIRLOFFICIAL #shorts
00:31
Абайдың жәдидшілдік көзқарасы. Белгілі ғалым Т. Жұртбайдың видеолекциясы #abai
34:32
Әдебиет Порталы - Литературный Портал
Рет қаралды 3,7 М.
FOOTBALL WITH PLAY BUTTONS ▶️❤️ #roadto100million
00:20
Celine Dept
Рет қаралды 36 МЛН