Жәдидшілдік Ислам - Алаш арыстарының бағыты ᴴᴰ

  Рет қаралды 34,987

NAMYS TV

NAMYS TV

Жыл бұрын

✅ ЖӘДИДШІЛДІК ИСЛАМ: АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ БАҒЫТЫ
Ресей Империясы 1714-1914 жылдар аралығында Орта Азиядағы бүткіл мұсылман елдерінің барлығын отарлап, өзінің құрамына мәжбүрлікпен қосып алды. Қазақ хандығының Ресей құрамына қосылуы 1731 жылы басталып, 1840 жылы аяқталды. Ресейдің отарлаушылық саясаты оның құрамындағы көптеген зиялы мұсылмандарға қатты әсер етті. Себебі ғылымы мен технологиясы мықты дамыған империямен күресу үшін жаңа әдіс пен жаңа стратегия керек болды.
Мұның жалғыз дұрыс жолы - білім беру жүйесіне реформа жасау еді. Яғни діни және дүниелік білімдерді бірдей оқытатын медреселер ашу керек болды. Отарлаушылық кезеңге дейін Орта Азиядағы мұсылман елдері тек шариғат ғылымдарын оқып, жаратылыстану ғылымдарын меңгермеген. Сонымен бұл жаңа білім беру жүйесі - жәдидшілдік немесе жаңа әдіс деп аталды. 1883 жылы Татарстанда алғашқы жәдидшілдік медресе ашылды. Сонымен бұл жаңа әдіс бүткіл Орта Азия елдеріне кеңінен тарады.
Алаш арыстарының барлығы Жәдидшілдік әдісті қолдады. Мысалы «Қазақ» және «Айқап» гаеттері арқылы қазақ халқының санасын оятуға тырысты. Яғни діни негіздерді сақтай отырып, өркениетті елдердің ғылыми-техникалық жетістігі мен жаратылыстану ғылымдарын үйрететін жаңа білім беру жүйесін құруға күш салды. Жәдидшілдік бағыт патша үкіметінің саясатына қарсы бағытталды. Сол кезде өз заманынан ілгері ойлайтын интелектуалдар білім беру жүйесіне реформа жасау керектігін ұқты. Себебі жалғыз білім беретін орда - ол мешіт-медресе ғана еді.
Ал мешіт-медресе тек қана діни білім берумен айналысып, дүниелік білімді оқытпайтын еді. Яғни жәдидшілдік қозғалыс бойынша мешіт-медреседе шариғат ғылымдарымен қатар, жаратылыстану ғылымдарын оқыту керектігін алға тартты. Алайда дүмше молдалар тарапынан белгілі бір дәрежеде кері тартушылық болды. Патша үкіметінің қу саясатынан барынша хабардар болған ұлт зиялылары, онымен күресудің жалғыз дұрыс жолы - оның ғылымын меңгеру керек деп білді.
Абай атамыз 25-ші қара сөзінде: "Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы білгендік керек. Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі", - деп айтады.
#АлашОрда #Жәдидшілдік #Джадидизм
Біздің парақшаларымызға тіркеліңіздер ⤵️⤵️⤵️
Вконтакте: namystv_official
Instagram: namystv_off...
KZbin: / namystv_official
Facebook: namystv/
Telegram: t.me/namystv_official
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың. (Абай)
Бауырлар, бейнероликтерге "лайк"-ты көп басып, репост жасап отырыңыздар. Егер көп таралса, көп адамдар көреді. Ин шә Алла, Алланың қалауымен хидаятқа келеді. Сауапты істен құр қалмаңыздар. Өйткені Алла елшісі (ﷺ) былай деп айтқан: «Аллаға ант етейін, сенің себепкерлігіңмен бір кісінің болса да тура жолға келуі жер беті толған қызыл түйені Алла жолында беруіңнен де артық». (Бұхари, Муслим)

Пікірлер: 217
@427chiron3
@427chiron3 Жыл бұрын
Болды енді үш пен жүрмеймін, тоғыз оқысамда әлі кеш емес, иншалла оқуымды жақсартып аталарымыздың арманын орындаймын,
@user-gh5lw5gf7x
@user-gh5lw5gf7x Жыл бұрын
Бастысы айтарым Ентға алдын ала дайындал.Өзім 11 сыныппын .Сендей кезімде курсқа қатысып оқымағаныма өкінемін.Ешкім де айтпап еді.Мүмкін,бұл айтқаным саған белгі болар.Қазірден тестілеу сынаққа дайындалғың.Сәттілік
@kadirsatzhan
@kadirsatzhan Жыл бұрын
Алла іліміңе береке берсін. Тақуалықпенен ілім үйрен. Алла өз ісіңнің маманы болуды нәсіп етсін
@--Dake--
@--Dake-- Жыл бұрын
Ғалым, тұлға болам десең барлық жағынан озат болу керек! Бізде сенімен біргеміз болашақ біздің қолымызда!
@427chiron3
@427chiron3 Жыл бұрын
@@--Dake-- рахмет барлықтарыңызға
@aiymka231
@aiymka231 11 ай бұрын
Сәттілік, осындай пайдалы видеолар көре бер, ойыңнан тайма сен қолыңнан келеді 👍
@user-pv6fx4so9k
@user-pv6fx4so9k Жыл бұрын
Бауырым, жаным қазағым Алла разы болсын. Алла жұмысыңызға, отбасыңызға, өміріңізге, құлшылығыңызға береке берсін. Алла екі дүниенің бақытын берсін. Менің арманымды айттыңыз, керемет.
@salamatkenesov8949
@salamatkenesov8949 Жыл бұрын
Жадидшилдик билим берудин негизин калаган Жангир хан. Калыптастырган Ыбырай Алтынсарин.Абайдын катысы жок. Кез келген жерге кыстыра бермендер. Абай тек орыс тилин, орыс мадениетин колдап соган ундеди.Жангир хан оз ордасында мектеп , медресе ашты. Алихан Бокейханов, Ахмет Байтурсынов Ыбырвйдын мектебин битирген. Абай ештене истеген жок. Мынау барин бурмалап отыр. Абайды насихаттау бурмалап. Оттап.
@user-kf7zo9zu8y
@user-kf7zo9zu8y 8 ай бұрын
Алаш аталарымызға Алла храхым етсін.пайғамбарымыз шапағат етсін ...жаны фердауыс жәннәтта.болсын пайғамбарымыздың жәннәтта көршісі болсын.....
@aiifetime7383
@aiifetime7383 Жыл бұрын
Бауырым мына жыйнақтаған еңбегің өте зор дүние екен халықтың көзін ашатын көкірегін ойяататын дүние екен біздің қарапайым халықтың санасы әлі ұйқыда жатыр ненің не екенін білмейміз соның кесірінен әркімге жем болып отырмыз жан жақтан бізге қарай әркім өзінің саудасын жүргізіп өліп баратыр қытайда орыста өзбекте экспортпен біздің халық ізденбейтін болып баражатыр білімділерді үкімет көтермелемейт олар амал жоқ шет елге кетет біздің халыққа жақсылап ойланыу керек бүгінгімен ертенгіні ойламай алысқа көз тігіу керек бауырлар осы видеоның сілтемесін жан жаққа таратайық халық көрсін түсінсін кәзірдің өзінде дүмше молдаларды тыңдап жүргендер көп
@kazakhpatriot4737
@kazakhpatriot4737 Жыл бұрын
Бул айткан создеринин бари жокшылык заманга келеди, казирги токшылык заманда бари бар, гылым да медицина да тек кайтадан Шаригат пен Исламга толыктай кайтуымыз керек! Жетим мен жесирлер кобейип рухани азгыру заманында турмыз! Шаригатка оралуымыз керек, дуние дуние деп ширип барамыз! Дамитын заман дамып кеткен! Ал Алладан корку, шариги билим алу жеткиликсиз!
@user-xd9jm6su3w
@user-xd9jm6su3w Жыл бұрын
Думше молда казир жок Аллага шукир. Думшелерди шыгарган Кернес укимети еди.... Ал, шын мусылмандарды кырды-жойды, халык душпаны деди.... Бунын бари не ушин екенин бари биледи......
@5nya...
@5nya... Жыл бұрын
@@user-xd9jm6su3w 🤦‍♂️
@user-zw7wy5gn3u
@user-zw7wy5gn3u Жыл бұрын
Керемет мәлімет екен, жадидшілдік жолымызды жан-жақты дамытып, жаратылыстану, тарихи сананы дұрыс қалыптастып дамыту үшін ақиқат игерген тарихи білім, ғылым мен ілім, дәл сол сияқты Қазақтың руханиятын ,фәлсапасын, жан-жақты жақсы игеру арқылы, Түркі халықтары даннышпандарының еңбектерін игеру арқылы, әлемдік деңгейдегі ұлы тұлғалардың еңбектерін игеру, интеллектіні жан--жақты дамыту қазақтың сана-сезімін дұрыс қалыптастыру арқылы ойлы адам болуға, одан әрі дамытып жақсы мен жаманды, ақ пен қараны түбірімен, түбінен айыратын жақсы адам болып,айналасына нұрын шашатын әлеуметке пайдалы адам тәрбиелеп шығуға куш салуымыз қажет. Ол жақсы адамды жан-жақты дамытып, жетілдіріп, ақылды азамат болуға әлеумет пен қоғамда пайда келтіретін шынайы патриот тәрбиелеп шығару, ондай көзі ашық азаматтарды қолдау, өсіру заман талабы..... Қазақ Халқының болашағына әсер ететін жақсы үрдіс дұрыс қалыптастырған кезде ғана Қазақ қоғамы алға дамиды деп ойлаймын.....
@ALEM_QUTBASY
@ALEM_QUTBASY Жыл бұрын
Жақсы ізденіс, зерттеу жасалған екен! Алла разы болсын!
@user-qe3jw2ps2x
@user-qe3jw2ps2x Жыл бұрын
АДМИН ОСЫ ЗАМАННЫҢ САУАТТЫ ҚАЗАҒЫ БОЛЫП ТҰРСЫЗ👍👍👍
@yelowstoneberkeley5376
@yelowstoneberkeley5376 Жыл бұрын
.. Мә шәә Алла көзге жас келді ғой. Бабаларымыздың артқа үмітін естігенде бір жағынан шығысып әрекет етіп, үлес қоспаса болмас деген ой келеді екен..
@Meiirbek_-1992.
@Meiirbek_-1992. Жыл бұрын
Алла тағала елімізді, жерімізді іштегі, сыртағы дұшпандардан сақтасын!
@Meiirbek_-1992.
@Meiirbek_-1992. Жыл бұрын
Алла тағала күш-қуат берсін!
@user-yu8ny6wf8g
@user-yu8ny6wf8g Жыл бұрын
Қазақ зиялыларының жазған өлеңдері қаіргі заманға да сай келетін секілді. Білімді, ғылымды болайық!
@user-vy8hn5en8y
@user-vy8hn5en8y 7 ай бұрын
Дін-ғылымның анасы, Дін-ғылымның әкесі. Ғылым-діннің баласы, Дін-ғылымның көкесі!!! Ғылым да бар, дін де бар, Қоқыс та бар, гүл де бар. Адам Ата өлмесін, Ақырзаман келмесін. Қол қусырып Құдайға. Ғылым мен дін, бірге бар! 21.07.1970-Жыл. © Мұқағали Мақатаев.
@dauren_abdumaulen
@dauren_abdumaulen Жыл бұрын
маа шаа Алла, керемет ой, маңызды тақырып! Жастарды білімге бағыттайық, өзімізде бір саланы меңгерейік, қабылетті балаларға демеу болайық. Үкіметтен талап етіп, үміт етіп күтіп отырып уақыт жоғалтпайық, осындай ел жанашырлары бірігіп білімге ғылымға ат салысайық
@ibn_qazaQ
@ibn_qazaQ Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум Ютубқа қайта оралуыңзбен сіз қәзір тик ток көріп жүрмін, бірақ ең алғаш 2018 ж ютубтан көріп едім содан бері ең сүйікті калдармының бірі әр видеоңыз ғибратқа ғлыми дереке толы Алла разы болсын осы еңбектеріңіздің жемсін көріңз …..
@user-sv1pd2il4m
@user-sv1pd2il4m 5 ай бұрын
Алла разы болсын, көзім ашылды, бұйырса ұрпағымды ғылымға жолдаймын.
@user-qi4hu1rv7s
@user-qi4hu1rv7s 2 ай бұрын
Екеуін қатар меңгергені абзал.
@user-sv1pd2il4m
@user-sv1pd2il4m 2 ай бұрын
@@user-qi4hu1rv7s әлбетте
@Meiirbek_-1992.
@Meiirbek_-1992. Жыл бұрын
Дінімізді дұрыс түсіндіріп беретін, қазаққа жаны ашитын бауырларымыз көп бола берсін!
@myrzagalisimbaev3616
@myrzagalisimbaev3616 Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум Намыс тв ұжымы.Сіздерге айтқым келгені тоқтап қалмаңыздар,осындай видеолар көп жасап тұрыңыздар,халыққа қазір бұл ілім керек!Алдағы уақытта СӘТТІЛІК!
@user-jr9pd5sr2v
@user-jr9pd5sr2v Жыл бұрын
Аллах берекеңді берсін. Еңбегің аса берсін, тау мен шет ассын, ойға сіңіп , жүректі оятсын. Бауырым рахмет. (Жылатар ролик жасадың)
@Meiirbek_-1992.
@Meiirbek_-1992. Жыл бұрын
Сіздерге рахмет!
@fftggg861
@fftggg861 Жыл бұрын
Нағыз азамат екенсіз! Өзіңіз айтқан зиялылардың сеніп, айтып кеткен жастарының қаймағы өзіңізсіз. Еңбегіңізге басымды иіп рахметімді айтамын.
@Meiirbek_-1992.
@Meiirbek_-1992. Жыл бұрын
Білімді болайық!
@dansho97
@dansho97 Жыл бұрын
Бір деммен көріп шықтым.Қандай керемет видеокөрсетілім бабаларымыз айтып кетіпті ғой ғылым мен өнерді,техниканы меңгеру керек екендігін.
@Jamila85101
@Jamila85101 Жыл бұрын
Алла разы болсын күтіп отырамын жаңа видио қашан деп. Осыны түсініп алға ұмтылатын ағайындар болса сабақ оқытқанда неге осылай түсіндірмейді. Тоқтамасын ютуб
@user-gh5lw5gf7x
@user-gh5lw5gf7x Жыл бұрын
Арналарыңыздан видеоларыңызды сағынып қалдық,аға.Дәл керек сәтінде салыпсыз.Ісіңіз берекелі бооғай
@aktanberditursyn4155
@aktanberditursyn4155 Жыл бұрын
Маша Аллаһ бұл кісілерге Алла разы болсын, Алла рахымына алсын оларды . Және Намыс тв сіздергеде Алла разы болсын , істеріңе берекет берсын .
@user-tw4if2gy5l
@user-tw4if2gy5l Жыл бұрын
Оте керемет бауырым сауапты истерин кобеие берсин Жадитшилик оте сауабы коп ис аман бол ✊️👍🇰🇿
@qazaqstars4558
@qazaqstars4558 Жыл бұрын
Өте керемет бауырым, осы қарқыныңнан тайма
@user-vy8hn5en8y
@user-vy8hn5en8y Жыл бұрын
👍💪 Дін - ғылымның анасы, Дін - ғылымның әкесі. Ғылым - діннің баласы, Дін - ғылымның көкесі. Ғылым да бар, дін де бар, Қоқыс та бар, гүл де бар. Қол ұстасып Құдайға, Ғылым мен дін бірге бар. Мұқағали Мақатаев
@user-qe3jw2ps2x
@user-qe3jw2ps2x Жыл бұрын
ЖҰРТҚА (ӨЗГЕ ҰЛТҚА) ҚЫЗЫҚПАЯҚ ӨЗІМІЗДЕДЕ БОЛҒАНҒОЙ САУАТТЫЛАР
@Axelroy_Mari4
@Axelroy_Mari4 Жыл бұрын
Керемет
@elamankojakan6300
@elamankojakan6300 Жыл бұрын
Ия бизге мектепте мулде баскаша жазбаларда болыпты бул Гулыма адамдарды жазганы барин шатастырып жиберген мине мына видода аные айтылган жазбалар бар екен керемет
@user-dd8ru1pg6u
@user-dd8ru1pg6u Жыл бұрын
Бауырым осы бағыттан тайма!Алла жар болсын!
@erbolattasnim4342
@erbolattasnim4342 Жыл бұрын
екі білімді қатр алып жүру керек сонда ғана мына заманда басқаларға жем болмай өмір сүруге, дамуға болады әлемде басқа діндегі халықтарға үлгі болуға болады
@dauletraikulov1840
@dauletraikulov1840 Жыл бұрын
Ар қазағым, жалғызым.
@kazakhd8922
@kazakhd8922 Жыл бұрын
Алла разы болсын
@user-nb2jq2bw9z
@user-nb2jq2bw9z Жыл бұрын
Тоқтама баурым шығара бер көөп білім аламыз осыдан
@Meiirbek_-1992.
@Meiirbek_-1992. Жыл бұрын
Әлемде бейбітшілік болсын!
@nurdauletnurdaulet5465
@nurdauletnurdaulet5465 Жыл бұрын
Алла Тағала сіздерге разы болсын, сіздердің видеоларыңыздын бәрін көрем , өте керемет! Еңбектеріңіз жансын!
@Meiirbek_-1992.
@Meiirbek_-1992. Жыл бұрын
Жұртымыз тыныш болсын!
@Babalarsozi
@Babalarsozi Жыл бұрын
Өте дұрыс айтылған,еңбегіңіз өсе берсін,көптеп адамдар осыны түсініп,әрекетке көшсе өсер,ілесер көшіміз жылдамдар еді
@user-cx7xj3gp8y
@user-cx7xj3gp8y 2 ай бұрын
Жастарды білімге қызықтыру керек аталарымыз дұрыс айтады содан несі жылмен орыстарға бодан болдық содан коммунистерге халық өтіп кетті неге коммунистер білім білім халықты білімге қызықтырып мектеп басшысы мектеп балисарлар нелер қазақ халқын ауылдан ұстап өндірістерге оқытты содан халық өтіп кет қазақ халқын құны білім алды ретін мектептер ашып беріп таулардан адырлардан мал қой бағып жүргендерінің әкеп жоғары оқуды орындарына кіргізді интернаттар ашып берді қазақ халқы білім алатында қанша қойшының балдары қазақтардан сәбиттік кезінде неше алымдар неше жетім балдар жоғарғы олқын орындалып профессор академиктер болып неше қара жұмыссыз қойшының балдары жазушы бол болды академиктер болып қойшының қара жұмыстың бағдар маусым бағдар академик болып қазақтарды әлден балдар жастар білім алу керек білім алса мыңды жеңіміз мұңды жеңіміз білекті бірді атабамыз қазақ сондай айтқан ғой білімді мыңды жеңеді білекті бірдейзен еттеп содан білім алайық жастар білім аңдар
@aibekabrahmanov7242
@aibekabrahmanov7242 Жыл бұрын
Ассалаумағалайкум өте керемет өркенің өссін, ата бабаларымыз недеген көреген кісілер болған. Сол кезде білген ілім ғылыммен айналысу керектігін.
@KDM-12
@KDM-12 Жыл бұрын
Ассаламу Алейкум! Расында аз ашылған, әрі дұрыс бізге түсіндіріліп жеткізілмеген тақырыптардың бірі. Ал видео форматта керемет жеткізудің нәтижесінде тыңдаған/көрген халықтың санасына ой ұялайды деген ниеттемін. Алла разы болсын, бауырым!
@esmhanzumakulvo2010
@esmhanzumakulvo2010 Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум ! Алла разы болсын
@Meiirbek_-1992.
@Meiirbek_-1992. Жыл бұрын
Қазақ елі жасасын!
@nurlanzhumabaev1337
@nurlanzhumabaev1337 Жыл бұрын
Керемет👍👍
@Meiirbek_-1992.
@Meiirbek_-1992. Жыл бұрын
Еліміз аман болсын!
@user-dd8ru1pg6u
@user-dd8ru1pg6u Жыл бұрын
Ассаламуалейкум бауырым қызметін керемет !Көмек керек болса дайынбыз!
@user-mj3ox6oo8e
@user-mj3ox6oo8e Жыл бұрын
Аллаһ разы болсын!
@___-qg4eb
@___-qg4eb Жыл бұрын
Алла берекесін берсін!
@Meiirbek_-1992.
@Meiirbek_-1992. Жыл бұрын
Біріңді Қазақ, бірің - дос Көрмесең істің бәрі бос! Абай Құнанбайұлы✍️
@AliAli-og8dy
@AliAli-og8dy Жыл бұрын
Алла разы болсын бауырым
@user-ev7iu8nr5i
@user-ev7iu8nr5i Жыл бұрын
Алла разы болсын ол кісілердің баршасына🤲
@Qazybek01
@Qazybek01 Жыл бұрын
МашАллаһ керемет
@user-dd8ru1pg6u
@user-dd8ru1pg6u Жыл бұрын
Ассаламуалейкум!Алла разы болсын!Үлгі болар адамдар!
@madinasailaubekova5082
@madinasailaubekova5082 Жыл бұрын
Өте керемет бауырым…Аллаһ Тағаланың мейірімімен рақымшылығы болсын сізге…Аллаһым өщі Күш Қуат берсін бауырым еңбегіңнің жемісін көріңіз….Өте керемет канал…қаралым саны өте аз екен…Бірақ аздардың қатарынан болғаныңа қатты қуанам…
@gunbersil2279
@gunbersil2279 Жыл бұрын
Осы күнге дейін соны үкпайдығой надан кері тартпа басшыларымыз: бізге тек тіл емес, тұтас мәдені-тұрмыстық реформа ауадай қажет - халықтың санасымен төл өнер-кәсібін көтермесе елімізде көтерілмейді…Бұрыңғыданда жаңа өркениеттенде, дін-тәлімненде халқымызға һәм жерімізге дәстүрлі және лайықтысын алып-аршып үйренген ләзім!.. Кешіріңіз, маймыл іспеттес бәріне жабыса бермей!..
@marlan6816
@marlan6816 Жыл бұрын
Қазағым ана тіліміз жанымыздан шығып кетіп барады.
@user-qi4hu1rv7s
@user-qi4hu1rv7s 2 ай бұрын
Тіл, Дін, Дəстүр- бір!
@ablay5255
@ablay5255 Жыл бұрын
🔥🔥🔥
@abzalbekmakhambet
@abzalbekmakhambet Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум! Аллаһ сізге разы болсын! Бөгде ғаламшарлықтар туралы видео шығарыңызшы.
@kadirsatzhan
@kadirsatzhan Жыл бұрын
Ағылшынша білсеңіз Rational believer деген канал бар сонда айтылған
@kadirsatzhan
@kadirsatzhan Жыл бұрын
kzbin.info/www/bejne/l37WXpdteLyWZsU
@Meiirbek_-1992.
@Meiirbek_-1992. Жыл бұрын
Керемет!
@Kuantaybrat
@Kuantaybrat Жыл бұрын
Бір күнде бірнеше видеоны ютубқа салу, ютубта кең тарауына кедергі жасайды
@user-hz2xv6kg9d
@user-hz2xv6kg9d 2 ай бұрын
Мен келіспеймін,Құранның мағынасын жатқа білетін адам нағыз сауатты адам.
@UbbyVyhv
@UbbyVyhv Ай бұрын
Дүниелік білімше?
@user-hz2xv6kg9d
@user-hz2xv6kg9d Ай бұрын
@@UbbyVyhv Негізі білім
@nurbolboranbayev5854
@nurbolboranbayev5854 Жыл бұрын
Жарайсыңдар!
@user-xd9qo2vs5d
@user-xd9qo2vs5d Жыл бұрын
Өте дұрыс айтылған 👍🤲🇰🇿
@BrotherRICH
@BrotherRICH Жыл бұрын
Дәуренбек Жамшиденов
@zhanna7596
@zhanna7596 Жыл бұрын
Ассаляму алейкум как рахматуЛлахи уа баракятух! Ма ша Аллах!
@iphone3672
@iphone3672 Жыл бұрын
Жаңа видеоларыңызды сағындық бауырым🙏
@NNNur10
@NNNur10 Жыл бұрын
🔥🔥 керемет
@user-bh1jc3lm6e
@user-bh1jc3lm6e Жыл бұрын
🖐
@kastershaisultan8618
@kastershaisultan8618 Жыл бұрын
Ассалаумағалайкүм бәрі дұрыс бырақ жеке түсінігімде Алаш идеясы қазақ үшін әлемде баламасы жоқ жеке дара идея. сондықтан асыл қазынамызды басқаларға телуді қою керек жәдидшілдік ол Алаш идеясымен үзеңгілес бір ұстаным бағыты.
@q_yelaman
@q_yelaman Жыл бұрын
🔥
@yersainmedelkhan
@yersainmedelkhan Жыл бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻
@user-hn9hn6cr5b
@user-hn9hn6cr5b Жыл бұрын
Мұстафа Шоқай туралы шығарсаңыз
@shikokz1727
@shikokz1727 Жыл бұрын
Қолдынылған домбыра мусыкасының аты калай айтып жбере аласызба
@nursultanualikhanov8237
@nursultanualikhanov8237 Жыл бұрын
Өте керемет видео!!
@maratkambarov7133
@maratkambarov7133 Жыл бұрын
Бар кушти осы джадидшилерди танытуга жумсау керек
@user-vc5es2oi9m
@user-vc5es2oi9m Жыл бұрын
Енбектерин жансын
@Meiirbek_-1992.
@Meiirbek_-1992. Жыл бұрын
Елдің бірлігі мықты болсын!
@iyldyrymabdulhalid104
@iyldyrymabdulhalid104 7 ай бұрын
Асслямуалейкум ардақт намыс тв каналының авторлары... Сіздердің Нұр кз порталына жүйелі көзқарас деген видеоңызды қайдан көрсем болады ? Ютубтан таппай қойдым, өшіріп тастаған болар сірә...
@user-ng5cx2xh4o
@user-ng5cx2xh4o Жыл бұрын
👍👍👍👍
@nursultan_quralbaiuly
@nursultan_quralbaiuly Жыл бұрын
👍
@user-is4mc6no9g
@user-is4mc6no9g Жыл бұрын
Ма ша Алла, керемет 👍
@alisegen2193
@alisegen2193 Жыл бұрын
Еркек. Рахмет бауырым. Тіркелдім, менен лайк
@spacex9959
@spacex9959 Жыл бұрын
ASSALAWMA ALIKUM Dawrenbek meni bir suraq mazalap keledi sizdin qara qurdim jayli video da JARIQTIQTAN JILDAN 50 ESE JILDAM BIR NARSE BAR DEP AYTA OTINIZ NE EKENI .MEN USHUN OTTE QIZIQ. EGERDE BILSENIZ JAZIP JIBERI. RAXMET
@user-dj4nn4ub3n
@user-dj4nn4ub3n Жыл бұрын
Иманды болсын аталарымыз, Бир сурак мазалайды мени? Осы Шакенди атады ал иниси Абай калай тири калып тулга болган а? Алде Шакенди аттырып олендерин иеленип алганба???
@user-kf4ez4sk1k
@user-kf4ez4sk1k Жыл бұрын
Күшті арна
@yernar_oralgazy
@yernar_oralgazy Жыл бұрын
Тамаша
@user-ru1fj9do6q
@user-ru1fj9do6q Жыл бұрын
Бүгінгі біздерге арналған қамшы екен
@bauyrjantapalov6797
@bauyrjantapalov6797 Жыл бұрын
Дұрысқо ең бірінші зеңбіректі ойлап тапқан Осман империясының басшысы Мухаммад Фатхтың кезінде ойлап тапты.оныда білген дұрыс.
@rasul931
@rasul931 Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум Сұлтанмахмұт Торайғыров мұсылманба
@didaraituganov5465
@didaraituganov5465 6 ай бұрын
Неге видеоларыңыз тоқтап қалды??
@user-xv6us2ze1p
@user-xv6us2ze1p Жыл бұрын
Ісләм бағыты бір Жаратушының жаратқан әлемінің тартылыс ЗАҢ дылықтарын бұзбай бейбіт өмірді КҮЗЕТ у. Осы кейінгі жастар бағыт бағдаршыл бөлініп жарылып оқымысты ғалымдар сезінеді өздерін бейбіт елді шатастырып Өмірден өткен адамдарды өсектеуді доғару шарт. Күнделікті тұрмысқа қажетті адам өміріне маңызы бар іспен шұғылдану шарт. Көпірген бос әңгіме ол ӨСЕК.
@nurbolboranbayev5854
@nurbolboranbayev5854 Жыл бұрын
Технологияны дамытуымыз қажет
@user-un6hc1rj3b
@user-un6hc1rj3b Жыл бұрын
Алаш Арыстан дары мыңалғыс
@user-dd6wl6ek7o
@user-dd6wl6ek7o 5 ай бұрын
Неге видео шықпай кетті
@Anime-bq4fj
@Anime-bq4fj 7 ай бұрын
брат неге видеоларынды кесып-кесып шортс салмайсн
@zhassaqtv8167
@zhassaqtv8167 2 ай бұрын
Сол кезде Уфа өте үлкен білім ордасы болды.Қазір ондай білім ордасы жоққой шіркін.
@user-fw1hl5ut1b
@user-fw1hl5ut1b Жыл бұрын
Жарайсын бауырым
@sultanbek.welder
@sultanbek.welder 10 ай бұрын
Ассалаумагалейкум су перісі туралы видио барма?
«Тағдыр жолы». Әлихан Бөкейхан
24:01
Khabar TV
Рет қаралды 31 М.
didn't want to let me in #tiktok
00:20
Анастасия Тарасова
Рет қаралды 12 МЛН
顔面水槽がブサイク過ぎるwwwww
00:58
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 113 МЛН
САНА. Жадидизм
1:00:24
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 3,3 М.
«Алаштың ақырғы ақиығы» (Әлімхан Ермеков)
45:36
Абутрапова Назгуль Мирзатаевна
Рет қаралды 28 М.