Азаматсыз Дидар, өтө маанилүү ыр экен.Казагым аман болуңуздар Кыргызстандан салам🖐️❤
@Nurbol.N.N5 ай бұрын
Сенде аман бол Қырғыз бауырым✊✊✊
@Botaakimbekova.96 Жыл бұрын
Оқушым, сөмкеңді ұста, киініп ал, Қайта ғой, қонақ кепті, үйіңе бар. Деп ұстаз мектебімнен қайтарған ед Тыңдаушым, қонағы кім кейін ұғар. Күйсе де, сағыныштың отындамын, Қонақтар болсын мейлі жақындарым. Ата-анам қалдырмаушы еді сабағымнан, Білмедім неге жедел шақырғанын... Алысамын ойыммен, сенделемін. Үйге қарай аяңдап мен келемін. Сағынған соң алыстан ат терлетіп, Келген шығар, ағалар-жеңгелерім. Келгені ме, апалар-жезделердің? Олар келсе, үйіме тез келермін. Айтқан кезде ұстаздың келбетінен, Қандай қонақ шақырғанын сезбегенмін. Бұл қонақ ішінде көп наласы бар, Кешегі мұңын шаққан бала шығар, Көшені бойлап үйге ойлап келем, Десе де жорамалым нағашылар. Қашан да баласына жаны құштар, Анам ба ақ жүрегін алып ұшқан, Баласын айлар бойы көрмегесін Шақыртқан сол екен-ау сағыныштан. Қалаға емделуге жөнелгеннен Ізімен хат жазғанмын өлеңменен, «Сағынып кеттім сені, құлыным-ау, Сауығып емханадан келем», - деген. Қуанышымды қалайша жасырамын, Үйге қарай апалап асығамын. Анам менің той жасап жатқан болар, Аман келіп қаладан, асыл жаным. Арасынан халықтың қара құрым, Таба алмады анасын бала құлын. Күтсе-дағы сарғайып анасының Келмегенін білмеген болатұғын. Бәрі мынау ауылдың адамдары, Жылағандар тұс-тұстан қараңдады. «Анаң қазір келеді», - деді біреу, Аласұрып жүрегім алаңдады. Сағынышты адамым санамдағы Анам еді, айтыңдар, анам қані?! Көлік келді сол күні қала жақтан, Жатыр біреу үстін ақ мата жапқан. Келгесін де көпшілік сол адамды Үйге қарай көтеріп бара жатқан. Ақ сүт беріп өсірген анам екен, Ақ жамылып қимылсыз ана жатқан. Сонан бері кішкене жүрегімді Айықпастай сағыныш жара жаққан. Шуағын төгіп тұрған жаны нұрлы, Елестеп анам болып сағымды ұрды. Сағынып, келсе екен деп жүрген кезде, Тағдырым өмір бойы сағындырды. Түседі күлген кезі кейде есіме, Күлкісі, қуанышы - сый-несібе. Ғаламның сұлулары татымайды-ау, Анамның күліп тұрған бейнесіне. Ғаламнын сұлулары татымайды-ау, Анамның күліп тұрған бейнесіне...
@VOLVO-FH750 Жыл бұрын
Рахмет
@ЖумагулКаликеев Жыл бұрын
Көп жаса
@АсияЖамалдин Жыл бұрын
5:26
@gulnaz889211 ай бұрын
❤
@ШондыбайТалбудинова9 ай бұрын
0⁰
@ГабитДукембаев10 ай бұрын
Менин омириме уксайды жаным анашым жаныныз жанатта болсын
@Yeragoi3 ай бұрын
Мменің анам 7 класс оқып жүргенде қайтыс болған 1988 жылы, осыған ұқсайды екен, облыс орталығынан ем дарымай қайтып келе жатып қайтыс болүан
@СаясатАлдамжаров-з2ч22 күн бұрын
Амин
@janarkakamanova1897 Жыл бұрын
Әкесі,анасы бар адамдар қандай бақытты жандар...
@РахилашСерикбаева11 ай бұрын
ah&huhhhhhhhhhhhh&&k(uhjhd
@klaraqazaqbaeva11 ай бұрын
Э
@НазеркеКаримова-з3ш8 ай бұрын
Қадірің білмейтін қаншама бала бар
@nurlanmirzaquliv-dx1bd7 ай бұрын
❤❤❤❤❤❤ аллага шукыр аке анам ❤❤❤❤❤❤❤❤
@BekzatRahmet2 ай бұрын
😢😢😢😢
@РанаЗияжанова Жыл бұрын
Даусынан айналайын алтыным! Аналарымызды ардақтайық, әкемізді қадірлейік ағайын. Ай мен күніміз, асқар тау мен бағбанымыз аман болсын!
@КуанышбекБалиев Жыл бұрын
Анага жететин ештене жок кой аналар аман болсыншы
@Tulegen-nf8sh11 ай бұрын
Ата-анасы бар болған жақсы,анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды дейді өлең шумағында, айтыскер ақын Дидар Қамиев термені керемет орындады Алла тағала разы болсын....
@ЭльмираАбдуназарова-в4и5 ай бұрын
Қанша рет тыңдасам да жылай берем🥹 Аллаға шүкір әке шешем аман есен🙏Көңілім бостықтан ба көз жасымды тиа алмаймын🥹Әке шееміз аман болсын🤲🙏🤗
@ДинараМуктарова-ы1с3 ай бұрын
Аман болсын Аллам ұзақ өмір берсін
@КуралбайНурымбетов Жыл бұрын
Бауырым ракмет коп коп алла жар болсын зор денсаулык тилеймен онерин орлей берсин анамнын акемнин жаткан жерлери жаннетте болсын деп каракалпакстанлы аганнан салем
@АсемТлесова10 ай бұрын
Коз алдымнан оттигой айткан создерин керемет журектен шыгып журекке жетти ата аналар аман болсын😢
@kojaduysen4755 Жыл бұрын
Ақ жаулықты Аналарға ұзақ өмір тілеймін.
@ПернешАбитай-д2в10 ай бұрын
Кандай керемет айтасыз аке шешемиздин жанын жанаттан кыла гол
@DnjdjjsSjjxiekix7 ай бұрын
Ата анам бар гезде еситкенимде онша ман бермеген бул косык,,,,енди ата анам кеткен сон мен жылатып атыр.ата анам жайлары жаннетте болсын
@ЭльмираОмирбекова-в4г5 ай бұрын
Мәңгілік сағыныштарым ата анам,ата енем жатқан жерлерің жәннәтта болсын.
@ТолегенБаженов Жыл бұрын
Дидар мықты суырып салма ақын термелері де керемет орындайды ұзақ ғұмыр берсін Алла тағала Жамбыл атамыздың жасын берсин
@mobplus3562 Жыл бұрын
Жатқан жерің жайлы болсын Әкешім!!!
@faridakinzhegulova7696 Жыл бұрын
Дидар мына, терме Бүкіл. Халықты жылатты қой . Недеген Керемет айтасыз. Алла тагала колдап коршап журсин гумырын узак болсын
@БейбитАбдилдин11 ай бұрын
Дидар бауырым мың жаса
@botaturysbekova1689 Жыл бұрын
Күніне бір рет тыңдаймын. 1-терме менің өмірімен ұқсайды. Сол бала кезім есіме тусіп боздап аламын. Анамды да Әкемді де осылай алып келіп еді. Келеміз деп кетіп еді. Кезек кезек 5 арасында кетіп калды.
@RaushanSultanbaeva Жыл бұрын
Айналайын дауысыннан.😢😢😢😢.Анашымды есиме тусирген😢.Кунде ойласакта,Анага деген сагыныш басылмайды-ау.Жаннатым болган,Жан ашырым,Жанын Жаннаттын торинде болсынш деп тиледим,Жан АНАМ😢😢
@ДинараМуктарова-ы1с3 ай бұрын
Жаны жәннатта болсын
@ErjanLebetov2 ай бұрын
Щщщ@@ДинараМуктарова-ы1с
@barionai97415 ай бұрын
Әке Анасы бар жандар бакытты ғой
@СакенКожахметова-ю8ч11 ай бұрын
Дидар сен өте кереметсің, алла разы болсын.
@ЕрикДжуманов Жыл бұрын
Тыңдасам 😢 недеген керемет орындау Алла разы болсын
@Есхат-й5б11 ай бұрын
Керемет сөздер алла рйза болсын ар казагым осындай болсагой шыркын еншы алла
@GulnazGulnaz-en2wz Жыл бұрын
Акелерынызды аналарынызды тыры кезынде багаланыздар олар быздын ен асыл ен багалы жандарымыз
@AikerimTlegenova2 ай бұрын
Қазақ болмағанымда мынадай керемет термені білмейтін едім ,көзіме жас келіп жылап алдым ,әке шешем аман жүріңдер
Аллахым Ата аналарымыз ауырмай алдымызда Аман болсинши
@ГульзадаОтегенова Жыл бұрын
Әкең мен анаң тең жүрсеғо ,анам аман болсыншы Аллам өзі жар болсын.
@freefiretiktok427210 ай бұрын
Дидар дауысын ерекше сенің бар өлеңіңді жақсы көремін
@ЖадыраЕсенбаева-э9б Жыл бұрын
Керемет Анаға сағыныш термені жылап отырып тыңдап аламын
@Brawl_top7778710 ай бұрын
Менде болған осы жағдай. Мен мектеп емес күйеу ге шыққам. Анам қатты ауырып қалды. Ата ене деп жүріп солардың көңлі деп анамның соңғы сөзін естей алмай қалдым. Шіркін бала едім он сегізде едім. Енем ойланғанда жоқ. Өлігіне бірақ апарды. Болницаға бара алмадым көруге. Өмірдегі өкінішім осы
@aselka888 Жыл бұрын
Анамнын жаткан жері жарык болсын😢
@АскарЖапишев-ы4б21 күн бұрын
Керемет 🥰❤️
@МеруертТуленова-ы3ц10 ай бұрын
Аналар аман жүрсінші🙏🏻
@МайраБиболова-с8д Жыл бұрын
Әке шеше деген аттарыңнан аиналаиын жатқан жерлердің жайлы болсын жандарым
Ал атаның қадірін айтайын, Ананың қадірін айтайын, Балаға деген ықыласын Санаға салып байқайын. Туғаныңда қуанған, Дүние-малын бұланған Аман болса балам деп, Алладан медет сұранған. Жәрдеміңе-ай жараған, Қабағыңа қараған Жолаушы болып-ой кеткенде, Сағынып келген даладан Мінасып атқай міндірген, Жарасар киім кидірген Қарыны ашар деп кәбап боп, Қасыңа тамақ үйдірген. Ыйығына міндірген, Жерге қимай қоярға Етегіне сидірген. 62 тамырын Әуелден Құдай идірген Мектепке беріп-ей жасыңда Танытып құбыла білдірген Жыласаң көңілі жүдеген Қуансаң тасып үдеген Көрігіңе көңілі өсіп Алладан өмір тілеген Әкеңдей құбыла қамқорың Табылмас мынау дүниеден Мейірбаның-ей жан әке Әкең де өлмес болсайшы-ай Қасірет болып көңілге Қапада келмес болсайшы-ай Ал әкенің қадірін ұл мен қыз Тірі де кезде білсейші-ай А-а-а-а-хееееееееуууу, Ай, тоғыз ай, он күн көтерген, Миемәт тартқан түтінін Еңбегіңде-ей ет өлген Зиярат қылып сиынсаң Кем емес құбыла Меккеңнен Қадірін оның білмесең Қызметінде жүрмесең Арам, залым болғаның Ұрғаны Құдай жетеңнен Жақсылық қылған пірің-ай Жамандық қылсаң тіріде Жазаңды Алла тарқызар Орын жоқ Жәннәт мекеннен Ай, аузыңа ақ сүт емізген Шайнап тамақ жегізген Осы бір жарық дүниеге Себепкер болып келгізген Құйрық шайнап-ай май берген Құндақтап жерге жай берген Оның қылған қызметін Күн менен жұлдыз, ай көрген Анаңдай ғазиз меірбан Табылар саған қай жерден! Ыңылдап даусың шыққанда Шықпаған жырақ қасыңнан Күйзеліп жаны ашыған Ай қараңғыда жыласаң Таныған көрмей даусыңнан Мейіріңді суға қандырған Меһербан бар ма осыдан Алла, Пайғамбардан соң Күллі жақын-ай досыңнан Қияметке кеткенше Өлшеулі өмір өткенше Көбелектей айналып Пәруана болған басыңнан Ай, ақ етегін сарылтқан Ерніңе емшек дарытқан Қарныңа қорек барылтқан Беліңнен батып былғансаң Жеркенбей жуып арылтқан Мұздайда бесік таянған Жыласаң шошып оянған Анаңдай қамқор бар ма екен Жаныңа жақын саяңнан Оның қызмет ісінен Не болар жанын аянған Аязды күні айналып Бұлтты күні бұрылған Жас нәресте күніңде Қайырылып келген қырыңнан Ай ыстық күнін суыққа перзенті үшін ұрынған Дүнияда Құдай жаратқан меһербан қылып бұрыннан Тар құрсағын кеңіткен Тас емшегін жібіткен Ыңылдап жатып ауырсаң Жарым жасын кеміткен Айналайын-ай дегені Жан жүйеңді еріткен Бұл бұыйпа жалғанда Анаң да өлмес болсайшы-ай Анасы кетіп қасіретін Бала да көрмес болсайшы-ай Шер жүрек болып арты pesni.guru
Анажаным аман болсын.Дидар сизге творжествонда табыс.оте жаксы терме.корерменин нукустен.
@ZhaziraToimanbetova-gv4loКүн бұрын
Керемет айтады екен, жарайсыз
@МустакыпКабык Жыл бұрын
Әке мен Ана әр балаға,Ауа мен судай Қымбат ғой.Олрды Алла әке шешесі мен сақта
@Kazvines Жыл бұрын
Даусы тұнық, керемет
@МанатЕсенжолов14 күн бұрын
Ата аналар аман болсын Дидар бауырым жарайсың
@Кошербек5 ай бұрын
Жаным анам.иманды болсын.
@asuumaaa7801 Жыл бұрын
Ата-анамның жатқан жері жарық болсын. Сағындым ғой...
@СаятТлеубаев-й4щ8 ай бұрын
Аналарымыз бен әкелеріміз аман болсын!
@КажымуратМухамметкадыр8 ай бұрын
Қазақ атамыз ғана термені жеткізе білген жүрекке
@kulshinmahanbetova29863 ай бұрын
Кандай тамаша терме Ата ананларды сыйландар Бул омирди сол гана❤
@ЖадыраАнуар14 күн бұрын
Рахмет саған Інім бала шағаңның қызығын көр бақытты бол
@ТаняНурпеисова-ц1т Жыл бұрын
Даусыннан айналайын жанымсол улкен рахмет 🙏❤
@GulnarAhmetova-zr5rc2 ай бұрын
ӘКЕМ, АНАМ МАРКУМ ЖАТҚАН ЖЕРІҢ ЖӘЙЛІ БОЛСЫН.ЖЫЛАП ОТЫРМЫН ОИЛАП.59ДАМЫН.
@anarkadirova5009 Жыл бұрын
Дауысы керемет Алла жар болсын
@Kazvines Жыл бұрын
Бар бол! Бақытты, баянды ғұмыр тілеймін! Нағыз қазақ, текті осындай азаматтарымыз көп болсын!
@Abdurohim822 Жыл бұрын
Алланын улылыгына танданамын анадай жанды жараткан Аллаху акбар
@ЖанарСиданова-в1и Жыл бұрын
😢😢😢 Меніңде анашым ауырып қайтыс болды. Тура менің анамды осылай әкелген еді. Әлі көз алдымда😢😢😢😭😭😭
@Перекупшик-ж8с Жыл бұрын
Мына термены тындап быр жылап алдымау жасым соргалап аке ана кызыгын коре алмай кеттым ау анашым барынен бурын сагындым калай жеткызерымды былмим😢😢😢😢😢❤
@МейржанЖарылкапов Жыл бұрын
Анамнын жаткан жери жилых болсын
@ТурымбетовНурлыбек2 жыл бұрын
Алла разы болсын өте жанды сөздер керемет жастар аман болсын алға жолың ашық болсын
@НургалиДалелхан3 ай бұрын
Керемет терме Ата Анасы бар адамдар қандай бақытты
@РаушанҚұдайбергенова-н6о Жыл бұрын
Керемет әсерлі ән шіркінай
@БекарысБекарыс-ы9ф9 ай бұрын
Сəбилерді алла анасын сағынтпасын
@аянат-ц8ш Жыл бұрын
Динар қамиев бақытты бол
@СаматСаматов-с9м11 ай бұрын
керемет ой салар жастарга. кадырлендер
@АзизаНурбаева-ж8ю Жыл бұрын
Тамаша керемет термелер рақымет өркениет өсе берсин төре.😢
@АйдосБердикожаев2 жыл бұрын
Ассалаумағалайкум Алла разы болсын сізге рахмет өте маңызды керемет өлең жолдары
@ТаншолпанДуисбекова19 күн бұрын
Менім өмірімді балалық шағымды баяндағандай, әкемнен айырылып қалғандағы апайым дәл осылай айтып еді үйіңе бар қонақтар келіп жатыр деп сабақтан таратып жіберіп еді. Үйге келгенше кімекен Нағашылармекендеп үйге келгенше асығып келіп едім😢 Әкегімнен айырылып қанған екенбіз😭 сол бір 11жасым жүрегіме қанжардай қадалған күн😢 Сағынышым орыны толмас сағынышым Әкешім😭💔
@АбдразакИсмайлов3 ай бұрын
Аттенаи жалган дуниеаи Жасым 57 ге келседе акеммен анамнын еркелеткенин меиримди жуздерин сагынам Аллам оларга жаннаттан жаи берсе деп тилеимин Аумин
@СабитУзбеков-р8ш2 жыл бұрын
Сау бол!
@АсланЖексенбаев-ы2з Жыл бұрын
Казак сози не деген бай,журекке отеди
@salambake3009 Жыл бұрын
Бірінші термеде тура менің өмірімді айттығой 😢 сағындым 😭
@Дидар-и1ю8 ай бұрын
Жылағым келсе осы термені тыңдаймын
@РозаБурбаева Жыл бұрын
Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды
@toilybekotegenuly4383 Жыл бұрын
Алла разы болсын осы дауыста термелер жинағын альбом жасап дискетке түсірсең оң іс болар еді үйде көлікте жүргенде тыңдап ғибрат алатын едік бауырым өте жақсы айтасың
Дәл менің өмірімнен алынғандай менде дәл осылай болды мектепте 2- ші сынып оқып жүргенде мұғалім үйіме қайтарды мен түк түсінбей қайттым сөйтсем анам😢анам өмірден өтіп кетіпті😢😢