Досжан Ишан кесенесі.құлпытас зерттеу.

  Рет қаралды 6,403

Quanysh Baybaqty

Quanysh Baybaqty

2 жыл бұрын

Досжан ишан мешіті Ақтөбе облысы Темір ауданында орналасқан. Мешіт жанына көшпелі қазақтар қоныстанып, қазіргі Шұбарқұдық өлкесінде алғашқы отырықшы қоныс пайда болған. Мешіттің алты бөлмесі бар, терезелері адам бойынан ұзын, бірде-бір қиық белдік жоқ. Күмбез бұранда түрінде жасалған, үстінде айшық орнатылған. Күмбезден түскен жарық мешіттің ішіндегі әшекейленген ою-өрнектердің барлық нақыштарын нұрландырып тұр. Мешіт ішіндегі аят хадистері қызыл оюмен боялған. Мешіттің алдында кіре беріс үй және азан айтатын мұнарасы болған. Қазіргі таңда бұл мешіттің төбесі құлаған, қабырғалары ғана тұр. Досжан хазірет өз мешітінің күншығыс бетінде жерленген. Басында құлпытасы сақталған.
Досжан Қашақұлы хазірет (1815-1890) - белгілі діни қайраткер. Өзінің діндарлығымен, ағартушылығымен, дінге негіздеп халықтың басын бір орталыққа біріктіруімен, далалық сәулет өнерін дамытумен және қазақ шежіресінің негізін жинақтаумен қазақ тарихында із қалдырды. Атақ-даңқы алты алашқа, тіпті патшаның өзіне дейін жеткен адам. Ол көптеген мешіттердің бой түзеуіне мұрындық болды, оның тікелей басшылығымен салынған Доңызтаулық Қарашыңдағы Қайнар мешітінің, Ойыл аңғарындағы Шилісулық Ишан ата мешіттерінің маңызы зор. Досжан ишан Меккеге Нұрфайыс ишан және Жұмағали ишанмен (кей дерек бойынша, 1874 ж. Құнанбай тобымен) бірге қажылық сапарға барған. Құран Кәрімді, Мұқтасарды жатқа оқып, Меккеден 17 жасында жас хазірет деген атпен елге оралады. Досжан Меккеге үш рет барып, Абайдың әкесі Құнанбаймен танысып, екеуі бірлесіп Тәкие-қонақ үй салдырған. Аталған қонақ үй Досжан ишан атына жазылады. Сәбит Салқынұлының «Досжан хазірет» кітабында Досжан туралы «Досжан шариғат жолынан мүдіріссіз өтіп, Олдан есімді шайхтың ықыласына ілігіп, шәкірт тәрбиелеуге рұқсат хат «иршад» алған» деп жазады.
Зерттеуші М.Қабижанұлы «Досжан хазірет әкесі Қашақ Молдадан 14-15 жасына дейін сауатын ашып, Орынбордағы «Хусайния» медресесін бітіріп, үш жыл сондағы жастарға мударристік етіп, Ойылдағы ауылына келіп бала оқытқан» деп көрсетеді. 2015 жылы Ақтөбе облысында туғанына 200 жыл толуы кең көлемде аталып өтті. Қазір Ақтөбе қаласында Досжан хазірет атында көше бар.

Пікірлер: 9
@user-xl4bw9mr7g
@user-xl4bw9mr7g Жыл бұрын
Кіші Жүздің пірі атанған бұл кісі кезінде.Жалпы өз заманында ғы ірі діни қызметкер адам
@user-kt4rj2jf8j
@user-kt4rj2jf8j 6 ай бұрын
Жаман шүреннің қайсысы екен,иманды болсын атамыздың аруағы желеп-жебеп жатсын жаман шүрендерді..өзі аз халық қой...
@alshynadai2780
@alshynadai2780 2 жыл бұрын
Коха красава брат, так держать!!!
@admin9111
@admin9111 Жыл бұрын
Исатай көкемді апару керек еді түсіндіріп берер еді, жақсылап.
@user-tw1qd5xy2y
@user-tw1qd5xy2y 2 жыл бұрын
Жаман шурен дит
@Khaledos20
@Khaledos20 Жыл бұрын
Табын ол
@user-wg2uk5qy3s
@user-wg2uk5qy3s 2 ай бұрын
Табын.қарақолы.қоңыр
«Досжан Хазірет» деректі фильмі
13:46
МУФТИЯТ ҚМДБ
Рет қаралды 2 М.
船长被天使剪成光头了?#天使 #小丑 #超人不会飞
00:28
超人不会飞
Рет қаралды 4,9 МЛН
ТОМАТНЫЙ ДОЖДЬ #shorts
00:28
Паша Осадчий
Рет қаралды 11 МЛН
02 мамыр 2024 жыл - 15:00 жаңалықтар топтамасы
7:46
Телеканал 24kz
Рет қаралды 1,8 М.
АДАМНЫҢ ХИКМЕТІ НЕДЕ?
35:35
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 64 М.
Отаным
3:43
Охота и Рыбалка (в Астане)
Рет қаралды 1,1 М.
Шаншар - Сал сері  ✅ 🔥🔥🔥
20:30
SHANSHAR
Рет қаралды 6 МЛН
Как устроена жизнь в буддийском монастыре в Непале
46:50
ХОЧУ ДОМОЙ - Путешествия, в которые вы не поедете
Рет қаралды 715 М.