Дубаймен бірдей: Бурабайда дем алу құны 15 пайызға көтерілді

  Рет қаралды 2,115

Информбюро 31

Информбюро 31

22 күн бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Бүгінгі шығарылымда:
Елімізде қымбатшылық отандық туризмді де айналып өтпеді. Әсіресе, Бурабай курорттық аймағында дем алу құны 15 пайызға көтерілген. Ал бағаны реттеуге жергілікті билік қауқарсыз. Соған қарамастан тұмса табиғаты бар көрікті мекенге жыл сайын 1 млн-нан астам турист келеді. Бұл мәселені мәжіліс депатуттары да көтерген болатын. Халық қалаулылары Бурабайдағы бизнеске дереу тексеріс жүргізуді ұсынады. Толығырақ Бурабайға барып, бағаны көріп қайтқан әріптесім айтып берсін.
АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, тілші:
- Қаланың қым-қуыт тіршілігінен шаршаған адамдар жыл сайын Арқаның жауһары Бурабайға ағылады. Курорттық аймаққа демалуға қазақстандықтардан бөлек шетелдіктер де көп келеді. Бірақ тұмса табиғатта тынығу бағасы тағы қымбаттаған.
Былтыр Бурабайға бір миллионнан астам турист келген. Бірақ естен кетпес демалыс өткізу үшін қалтаңның жұқаруына дайын болған жөн. Өйткені көрер қызықтың бәрі ақылы. Бүркітпен суретке түсу үшін 2000 теңге, тумен фотоға түсуге 5000 теңге төлейсіз. Ал қайықпен жүзіп келу үшін 6000 теңге керек. Демалыс орындары мен тамақтардың құны тіптен шарықтаған. Алыс аймақтан арнайы келетін туристер бағаның өскені кәдімгідей сезіледі деп отыр.
ІҢКӘР ҚАЙЫПБЕК, турист:
- Прокатқа суретке түсудің өзі көп, кәдімгідей қарапайым халықтың қалтасын көтермейтін ақша. Мысалы жататын орын, ауылдық жерге барып, Бурабай ауылына барып үйге тұрақтамаса, отельде тұрақтау қарапайым халыққа қымбатқа түседі. 1 күнге қалу үшін 50-80 мың сұрап тұрады. Менің ойымша бағасын түсірсе туристер одан да көбейеді деп ойлаймын.
Алыс-жақын елден келген шетелдіктер баға мен қызмет көрсету сапасы бір-біріне сай келмейді дейді. Пайда табуды ойлайтын кәсіпкерлер көп дүниеге көңіл бөлмейді дейді туристер.
ИРИНА ЧАЙКОВА, турист:
- Баға қымбат болғанымен қоймай қызмет көрсету сапасы төмен. Мысалы, жағалауда киім ауыстыру үшін 200 теңге төлеуің керек. Бұл әрине көп ақша емес, бірақ десе де тегін жасауға болар еді. Дәретхана мәселесі де қиын. Іздеп жүріп әрең табамыз.
Бірақ бағаны ауыздықтауға жергілікті билік қауқарсыз. Облыстық туризм басқармасының басшысы кәсіпкерлер бағаны өздері қояды, шектеу жоқ деп отыр. Біз тек түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз дейді атқамінерлер.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 16
@alimakudaybergen3845
@alimakudaybergen3845 14 күн бұрын
20- жыл бұрын , бәрі қарапайым, арзан болатын. Кәзір бизнесмен, байлар келді де , көп бизнесті қолға алып, бағаны шарықтатып жіберді.
@Adil-xk9gw
@Adil-xk9gw 14 күн бұрын
Кок байрагымыз да сатылама -- маскара
@user-vg5ll4qm9y
@user-vg5ll4qm9y 14 күн бұрын
Туристердин келгени,карапайым халыкка тимди емес.кымбаттамаган ештеме калмады.зарплата пенсияны кутерин.укимет халыктын аилгын кутерин демалатындай.
@user-lp8jz5ig9c
@user-lp8jz5ig9c 14 күн бұрын
Адамдарга айтарым не барып Бурабайда я болмаса тагы шетелде тусинбим уйинде кушти тамак дайындап уйде демалган дурыс
@alimakudaybergen3845
@alimakudaybergen3845 14 күн бұрын
Акиматтың қолынан түк келмейді, бәрін бизнесмендерге беріп қойған, одан түскен ақша қайда?
@user-ye3hh9db4c
@user-ye3hh9db4c 14 күн бұрын
Киім ауістырганга 200 тенге ужас кой жабайлық енды бүл
@Erboha.
@Erboha. 14 күн бұрын
Тумен 5000 т 😂
@Nurlann2708
@Nurlann2708 14 күн бұрын
Биліктің неге шамасы жетеді өзі
@user-vi4ys1yu1h
@user-vi4ys1yu1h 14 күн бұрын
Акша куган заман болдыгой битип курортка бармай ак коидым жиган тергениди 2,3 кунде жок кыласын, оданда сол акшанызга кол жетимди жерге барганын дурыс,,, ешкандай Халыкка комек жок жогарыдан барин сатып сатып алган,,, оздери енди тук билмегенди ештеме исти алмаймыз дид арине барин оздери устап отырган жокпа.
@user-do8vk7ry6d
@user-do8vk7ry6d Күн бұрын
Бізде не оңған іс жасайд кәсіпкер
@saniyas747
@saniyas747 14 күн бұрын
Енді неге барасыңдар
@mkk2197
@mkk2197 14 күн бұрын
Неге сояқа акиматін адамдарі бармайд тексеріп
DEFINITELY NOT HAPPENING ON MY WATCH! 😒
00:12
Laro Benz
Рет қаралды 64 МЛН
A teacher captured the cutest moment at the nursery #shorts
00:33
Fabiosa Stories
Рет қаралды 47 МЛН
Playing hide and seek with my dog 🐶
00:25
Zach King
Рет қаралды 34 МЛН
Артаев: Бір күнде жетім қалдым
37:07
ASSYLTAS TV
Рет қаралды 38 М.
Соғыс қалай аяқталады?
5:02
Ойтүрткі
Рет қаралды 114 М.
Служактармен кездесу  Бурабайда 2-інші бөлім (17.07.2024)
4:17
Бақтығали Темірғазыұлы
Рет қаралды 283
DEFINITELY NOT HAPPENING ON MY WATCH! 😒
00:12
Laro Benz
Рет қаралды 64 МЛН