Егер нәресте мерзімінен бұрын туылған болса

  Рет қаралды 3,758

Fond Bekzat

Fond Bekzat

2 жыл бұрын

Шала туған нәресте деп жүктіліктің 37-аптасына дейін салмағы 2500 дейін, бойы 45 смге дейін туылған нәрестелерді айтамыз. Бүкіл әлемде жылына 15 млнға дейін нәресте шала туылады. Африка, Орта Азия елдерінде шала туған нәрестелер саны басым, олар 60 пайызды құрайды. Қазіргі таңда шала туған нәрестелер саны жаңадан дамып келе жатқан елдерде 18 пайызды құраса, ал дамыған елдер арасында 6-7 пайызды құрайды. ДДҰ ұйымы мәліметінше ұрықтың гестациялық жасы 22 апта, салмағы 500 грамм, бойы 25 смден жоғары болған ұрық өмір сүруге қабілетті саналады. 2008 жылдан бастап ҚРда тірі туу шарттары енгізілді. Сонымен қатар перинаталды кезеңнің басталуы 3 кезеңнен тұрады:
1.гестациялық жасы 22 аптадан жоғары болса;
2.салмағы 500 грамнан жоғары болса;
3. бойы 25 см.ден жоғары болса.
Шала туған нәрестерді 3 категория бойынша жіктейміз:
1.төмен салмақпен туған нәресте 2500-2500 г. аралығында;
2.өте төмен салмақпен туған нәресте 1500-1000 г. аралығында;
3.экстремальды салмақпен туған нәресте 1000 грамнан төмен туағн нәрестелерді айтамыз.
Шала туылу себептері:
1.клиникалық факторлар:урогениталды инфекциялар, анасындағы гестоз, анасының экстреогенеталды аурулары, психологиялық физикалық жарақаттар, жатыр немесе бала жолдасының ақуалары, тромбофилия, көпұрықты жүктілік, экстрокорпаралды жүктілік.
2.Әлеуметтік, биологиялық факторлар:анасының жасы, яғни 17 жастан кіші, 35 жастан жоғары, алдыңғы жүктілікте түсіктер болса, жүкті әйелдің дұрыс тамақтанбауы.
3.Әлеуметтік экономикалық факторлар: кәсіби заңдылықтар жатады, яғни, жүкті әйел химиялық кәсіпорындарда жұмыс істесе, анасының білім деңгейі, әйелдің жүктілікке көзқарасы, яғни, жүктілікке алдын ала дайын болмауы, ата-ананың зиянды әрекетке үйір болуы, яғни, темекі шегу, ішікдікке салыну, нашақорлық жатады.
Шала туған нәрестелерді күтудің негізгі 5 принципі:
1. жылу тізбегін сақтау
2. оттегімен қамтамасыз ету
3. ана сүтімен тамақтандыру
4. гигиенаны сақтау
5. ана мейіріміне бөлеу
Егер шала туған сәби дене қызуын сақтай алмаса, нәрестені кювезге жатқызамыз. Кювез дегеніміз шала туған нәрестелердің жылуын сақтауға арналған арнайы медициналық құрылғы. Нәрестенің салмағы 2000 грамнан жоғары, тыныс жетіспеушілігі болмаса, дене қызуы, қандағы қант деңгейі қалыпты болса, нәрестелер туылғаннан кейін анасымен бірге болады. Егер тыныс жетіспеушілігі болса, жылдам жылу тізбегін сақтай отырып, нәрестені нәрестелер реанимациясына ауыстырады. Ол жағдайда анасы нәрестеге үш сағат сайын барып тұра алады. Нәресте анасының қасында болса, нәрестені ана сүтімен жиі тамақтандыру керек және бөлме температурасын қадағалау керек. Ана сүтінде барлық қажетті қоректік дәрімендер бар. Ана сүтінің пайдасы өте зор. Ал егер нәрестеніңіз нәрестелер реанимациясында болса, барлық күтімді дәрігерлер мен медбикелер жасайды. Нәрестенің жағдайына байланысты дәрігер тамақтандыруға рұқсат бергенде сіздің омырауыңызды сауып, үш сағат сайын ана сүтімен тамақтандыруды бастаймыз.Бұл нәресте үшін өте маңызды. Нәрестенің ішек микрофлорасын қалыптастырады, нәрестенің тез салмақ қосып, өздігімен тыныс алып тез жазылуына әсер етеді. Нәрестеңіз сіз қасыңызда болғанда жылулығыңызды махабаттыңызды мейіріміңізді сезеді. Нәрестеге сол үшін кенгру әдісін қолданамыз. Кенгру әдісі кезінде анасы мен нәресте арасында байланыс орнайды, анасының микрофлорасына үйренеді, нәрестеде қорғаныс сезімі орнап, қорқыныш сезімі азаяды. Сіз қорықпаңыз, жыламаңыз, сабырлық сақтаңыз. Біз, дәрігерлер, медбикелер Сізбен біргеміз. Нәрестеде барлығы жақсы болады деп тек жақсы ойлаңыз. Сіз мықты сабырлы болуыңыз керек. Нәрестеңіз сіздің барлық көңіл күйіңізді сезеді. Нәресте туралы ақпаратты тек нәрестені емдеуші дәрігерден ғана алыңыз. Өйткені емдеуші дәрігер сіздің нәрестеңізге қатысты барлық ақпаратты біледі. Неонатолог-дәрігердің ең басты мақсаты сіздің нәрестеңізге көмектесу. Біздің мемлекетте шала туған нәрестелерге барлық жағдай жасалуда. Нәрестенің аман есен болуына барлық медициналық қызметкерлер көмегін аямайды.Осы жолда жақсы ой, жақсы ниет нәрестеге, ата анасына, дәрігерге, медбикелерге және нәрестенің аман есен болуын тілейтін адамдарға керек. Ғажайып болатынына сеніңіз және мүмкіндігінше сабырлы болыңыз.

Пікірлер: 7
@user-vi5mi3fd8g
@user-vi5mi3fd8g 9 ай бұрын
Өте адемы тусынтырды керемет Алла разы болсын
@user-sc4ht4yg2k
@user-sc4ht4yg2k Жыл бұрын
Сәлеметсіз
@user-sc4ht4yg2k
@user-sc4ht4yg2k Жыл бұрын
шала туылған болса қандай құрғақ сүтті таңдау керек
@user-ks5iz7hv7l
@user-ks5iz7hv7l 7 ай бұрын
Шала туылған бала аз еміп,көп ұйықтайма?
@user-lt8bl6je9d
@user-lt8bl6je9d 11 ай бұрын
Сәлеметсіз бе. 32аптада босану кауіпті ма. Мені жоспарлы түрде жасайын деп жатыр
@user-zh6im5me7i
@user-zh6im5me7i 4 күн бұрын
Сәлеметсіз бе? 35 аптада туылдық
@dastan9422
@dastan9422 Ай бұрын
Өз ісінін маманы екні көрініп тұр
«Теледәрігер». Шала туған баланың күтімі
50:04
Qazaqstan Qogam / Қазақстан Қоғам
Рет қаралды 3,7 М.
FOUND MONEY 😱 #shorts
00:31
dednahype
Рет қаралды 8 МЛН
О, сосисочки! (Или корейская уличная еда?)
00:32
Кушать Хочу
Рет қаралды 6 МЛН
КАХА и Джин 2
00:36
К-Media
Рет қаралды 2,1 МЛН
Шала туған балаға қандай күтім жасау керек? І Таңшолпан
3:06
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 1,2 М.
Салмағы аз боп туған балалардың күтімі қандай?
1:35
Астана қ. әкімдігі / Акимат г.Астаны
Рет қаралды 3,7 М.
FOUND MONEY 😱 #shorts
00:31
dednahype
Рет қаралды 8 МЛН