Елбасы Ақордада бір топ мемлекет, қоғам қайраткерлері және зиялы қауым өкілдерімен кездесті

  Рет қаралды 3,683

Khabar TANYM

Khabar TANYM

7 жыл бұрын

Кездесуге М.Жолдасбеков, К.Сағадиев, Р.Шырдабаев, О.Әбдікәрімов, Б.Ізмұхамбетов, М.Қасымбеков қатысты.
Басқосу барысында конституциялық реформаларды талқылаумен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, денсаулық сақтау, ғылым және білім, шағын және орта бизнес салаларын жаңғыртумен, жүргізіліп жатқан жекешелендірумен байланысты халық үшін маңызды экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық ауқымды мәселелер талқыланды.
Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 25 жылында Қазақстан күрделі жол жүріп өткенін атап өтіп, республикамыздың одан әрі дамуының негізгі бағыттарына қатысты өз ойын ортаға салды.
«Қазақстан танымал елге айналды. Экономикамыз қарқынды дамып келеді. Енді «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін қол жеткен жетістіктерімізді пайдалана білу қажет», - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың алдында тұрған заманауи сын-қатерлерге назар аударды.
«Нарықтық қатынастар жолын таңдаған қоғамымыздың алдында орындалу тиімділігі елдің одан әрі дамуына ықпал ететін түбегейлі жаңа міндеттер тұр. Жаһандық экономика дәуірінде инновация күн тәртібіндегі басты мәселеге айналды. Индустриялық төңкеріс бізді айналып өтпеуге тиіс. Біз экономикамызға инновациялық технологияларды енгізе білуіміз қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті бұл мақсаттың жүзеге асырылуы тиісті қаржы жұмсауды қажет ететінін атап өтті.
«Егер инновациялық технологиялар әзірлеуге қаражат бөлмесек, онда бізге әлемдік жаңа экономикалық құрылымның ауқымынан тыс қалу қаупі төнуі мүмкін. Жаппай өндірісті дамыту үшін жаңашылдықтар енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттырған жөн. Бұған кәсіпорындардың, сондай-ақ елдің жетекші жоғары оқу орындарының жанынан ғылыми-зерттеу институттары құрылып, оларға тиісті қолдау жасалғанда ғана қол жеткізу мүмкін болады. Мәселен, мұндай ғылыми-зерттеу институттарын «Алатау» инновациялық технологиялар саябағының, Назарбаев Университетінің жанынан құруға мүмкіндік бар», - деді Елбасы.
Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы бастамашы болған мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлуге бағытталған реформаларды толық қолдайтындарын білдірді.
Бұл ретте ең алдымен Парламенттің өкілеттігін кеңейтуге, оның дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуге бағытталған қадамдардың дер кезінде жасалғаны және прогрессивтілігі атап өтілді.
Бұған қоса, кездесуге қатысушылар республикалық және жергілікті бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау жасауға, салалық бағдарламалардың орындалуына, жер реформасына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы орнықтырып, «мүлдем төзбеушілік» саясатын тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша Ұлт жоспарында белгіленген міндеттерді кезең-кезеңмен орындауға қатысты түйткілді мәселелерге тоқталды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Пікірлер: 8
@user-nw5rc6hy1e
@user-nw5rc6hy1e Жыл бұрын
Құдай сақтасын бұндай мемлекет, қоғам қайраткерінен. Бәрі ұрылар, жемқорлар, жағымпаздар.
@user-in1tj5zx5v
@user-in1tj5zx5v Жыл бұрын
Урылар жиналыпты гой
@RYSKELDI1984
@RYSKELDI1984 7 ай бұрын
Көріп отырған болсаңыз видеоға лайк басып,пікір жазып,кеңінен таралуына үлес қосыңыз.Ұрпағымыз ұры жүйенің ірге тасын қалаушыларды біліп жүрсін.
@user-tu7od4yx3n
@user-tu7od4yx3n 4 жыл бұрын
👍👍👍👍👍 قازاق ەلى العا қазақ елі алға
@user-jw5ms8kw2b
@user-jw5ms8kw2b Жыл бұрын
Калмак уят тан журдай
@TSA414
@TSA414 5 жыл бұрын
Ел басымыздың ғұмыры ұзақ болсын.
@Aj-he5gq
@Aj-he5gq 9 ай бұрын
Назарбаев жан- жақты, білімді
Как Назарбаев сравнил себя с Иисусом Христом
0:59
Настоящее Время. Азия
Рет қаралды 319 М.
Cat story: from hate to love! 😻 #cat #cute #kitten
00:40
Stocat
Рет қаралды 15 МЛН
Шокирующая Речь Выпускника 😳📽️@CarrolltonTexas
00:43
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 10 МЛН
Ақорда | Каспийге тағы назар ауды: Президент Бакуге не үшін барды?
11:39
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 12 М.
Өзгерген өмір!
1:16:09
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 4,9 М.
Cat story: from hate to love! 😻 #cat #cute #kitten
00:40
Stocat
Рет қаралды 15 МЛН