Елбасы Астана іргесіндегі «жасыл белдеуді» аралады

  Рет қаралды 6,515

Khabar NEWS

Khabar NEWS

6 жыл бұрын

Еліміздің бас қаласының «жасыл белдеуі» 14 мың 800 гектар аумаққа жайылып жатыр. Ал алдағы 10 жылда тағы да 6 мың гектарға артпақ. Жалпы бар ағаштың 50 пайыздан астамы - қылқан жапырақты, қалғаны - емен мен жиде. Мұнда флора мен фауна қатар дамыған. Мәселен, 6 жылда Астана іргесіндегі орманға 7 мыңнан астам құс жіберілген.
Бұл өз кезегінде ағаштардың зиянкестерден арылуына септігін тигізсе, мол жасыл желек жиектегі мегаполисті оттегімен қамтып отыр. Бүгін осы «жасыл белдеуді» жылдағы дәстүрмен Елбасы көріп қайтты. Алдымен орманды аралап, одан соң ағаш түрлерін көбейтудің негізгі үш бағытымен танысты.
Сәкен Сейітханұлы, тілші:
- 20 жыл бұрын дәл осы жер жайқалған орман болады дегенге ешкім сенбеді. Әсіресе 1997 жылы «Жасыл белдеу» жобасы қолға алынғанда «тастақ, құмды жерге ағаш өспейді» деп, бұл іске күмән келтіргендер көп болды. Алайда осы жылдар ішінде істелген екпінді еңбек сол күмәнді сейілтті. Оның нақты дәлелі - көлемі бір мемлекеттің аумағындай болатын жасыл орман.
Иә, қазір орманның аясы 80 мың гектарға жеткен. Салыстырмалы түрде айтсақ, Бахрейн Әмірлігінің территориясынан асып түседі. Бұл аумақты жерден көру әрине мүмкін емес. Ол үшін ұшақ немесе тікұшаққа отырып бақылаған адам орманның үлкен екенін байқайды. Сондықтан жылда Президент жерден емес, әуеден жасыл аймақтың тынысын көреді. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып, Елбасы төл жобасының нәтижесін тамашалады.
«Жасыл белдеуде» ағаштың сан түрі өседі. Сүйелді қайың, ұсақ жапырақты шегіршін, қарағай, көде, боз жиде, терек, тіпті алма мен шиеге дейін бар. Бұл талдар тұқымдастарының бір жерге бейімделуі өте қиын. Сондықтан мамандар жұмысты ғылыммен ұштастырған. Әуелі көшеттер зертханаларда сұрыпталып, жылдан астам уақыт бапталады. Кейін тамырын жаюға бейімдері далаға егіледі.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Жыл сайын Астана күні қарсаңында қаланың төңірегіндегі жасыл желекті аралайтынымды білесіздер. Өткен жылдарда елорданың батыс бөлігіндегі орманды алқаптарды дамыту қарқынын қарайтынбыз, ал биыл шығыс жағына келіп отырмыз. Бұл жердегі орманның ортасына қарағай мен қайыңды отырғызамыз деп жоспарлаған едік, енді бүгінде осы ағаштардың барлығы жайқалып өсіп тұр.

Пікірлер: 10
@user-gu4dg8ud9c
@user-gu4dg8ud9c 4 жыл бұрын
Алла сізге екі дунйенің жақслығын берсін
@kanatzaurbekov8201
@kanatzaurbekov8201 3 жыл бұрын
Аман болыныз Сыздын енбегынызды былер Ел уакыт келед
@user-mo6cs5il9q
@user-mo6cs5il9q 6 жыл бұрын
тамаша!!!ризамыз!!!барлык калалар осылай жасаса гой,коктемги агыл тегил суларды коймаларга жинап.
@BigBoss-do5rs
@BigBoss-do5rs 5 жыл бұрын
Жақсы)))😊
@kaneke6008
@kaneke6008 3 жыл бұрын
Рахмет Назарбаевқа Корея Жапонияның істегенін бұл кісі де істеп жатыр. Ешкімнің ренжуге реті жоқ бұл кісіге
@azzamjonhojataev9656
@azzamjonhojataev9656 6 жыл бұрын
Бул орманды сеткамен коршов керек
@user-zz8zm5wm3x
@user-zz8zm5wm3x Жыл бұрын
Тормен қоршап қойу керек
@user-mj4zm8hc8i
@user-mj4zm8hc8i 5 жыл бұрын
Молодцы !!! Теперьможно и яблони с кедром подсаживать
@muslimman3767
@muslimman3767 6 жыл бұрын
9 место в мире по запасам нефти вся табл.менделеева. Где наша доля??? Коррумпированна страна. Внешний долг РК уже свыше 150 млрд. долларов. Народ ненавидит вас хотели землю продать китаю в 2016г. Атырау встал и Кызылорда нағыз қазақ жігіттері осы халық. Қалғандарының көбі қорқақ орыстанып кеткен қазақ
@user-wv2zd5pv3y
@user-wv2zd5pv3y 4 жыл бұрын
@@NIBDAK тауба шукир кытайга жкрди урпак казфнасын сатып жатыр керемет
Trágico final :(
01:00
Juan De Dios Pantoja
Рет қаралды 27 МЛН
ПЕЙ МОЛОКО КАК ФОКУСНИК
00:37
Masomka
Рет қаралды 9 МЛН
Don't eat centipede 🪱😂
00:19
Nadir Sailov
Рет қаралды 21 МЛН
Жаңалықтар | 20.05.2024 | 19:00
22:25
Khabar NEWS
Рет қаралды 1,6 М.
ЗЕЛЁНЫЙ ПОЯС
8:28
Khabar NEWS
Рет қаралды 2,9 М.
Қытай кәсіпкерлері Қазақстанда қай салаларға ірі инвестиция салмақ? | Басты тақырып
18:32
Қазақ «атану» қиындайды. «Талқы»
33:56
Khabar NEWS
Рет қаралды 1,4 М.
Елбасы туралы фильм
3:42
Таңшолпан бағдарламасы
Рет қаралды 33 М.
Trágico final :(
01:00
Juan De Dios Pantoja
Рет қаралды 27 МЛН