Елді жылатқан өте әсерлі

  Рет қаралды 178,112

Talim TV online

Talim TV online

Күн бұрын

Қара пима
Ұ.Есдəулетов
Орындатын: Алма Аманжолова
Алай да дүлей ақ боран
Ысқырып, ұйтқып, бұрқырап,
Аттаған жанды қақпадан
Қақпақыл қылар жұлқылап,
Мына үй жансыз сықылды,
Күртікке кеткен көміліп.
Мұржадан шыққан түтінді
Жатырма жалмап жел үріп?
Тетіктен түк те көрінбес,
Үйшікте жатыр ит бұғып.
Үйдегі бала көз ілмес,
Көңілін көп ой күпті қып.
Төсекте қолы салбырап,
Қорылдап жатыр əкесі.
Жабағы мұрты жалбырап,
Бораннан келген беті осы.
Түймеден түк жоқ тондағы,
Шалбардың анау жыртығы.
Əйелі қайтыс болғалы,
Ішіп жүр, міне, күн - түні.
Ішуге сылтау табылар,
(Ішемін, -дейді,-күйіктен).
Қызған соң айтар əні бар:
(Өмір-ау неткен сүйікті ең!).
Баланың жайын еске алып,
Көршілер күнде келіп жүр.
Жылы ұстап үйді, пеш жағып,
Уақтылы тамақ беріп жүр.
Көршісі кеп бүгін де,
Əзірлеп тамақ балаға:
-Дайындал, -деді, -жүруге,
Барамыз ертең қалаға.
Басылса мынау борасын,
Жүреміз ертең, қарағым.
Оқитын енді боласың
Интернатында қаланың.
Ол жерде, жаным, бəрі бар,
Ғажайып əсем мектебі.
Жақсы ұстаз, дос та табылар,
Ол жақта қызық көп, тегі.
Бір үйде тұрып көп бала,
Сабақты бірге қарайсың.
Ойнайсың бəрің топтана,
Баруға, кəне, қалайсың?
Əкем ше?
Əкең емдеуге
Аз ғана уақыт болады.
Емделіп үйге келгенде,
Ішуді мүлде қояды.
Ура! -деп бала қуанып,
Мұңайып сосын:
Итімді
Жүрейін, -деді, -бірге алып,
Қимаймын, сондай сүйкімді...
Естіледі сырттан ысқырық,
Отыр бұл неғып жөнелмей.
Ойнап жүр бəрі,
Үскірік,
Бұрқасынды да елемей.
(Достарым жүр ғой далада,
Отырғанша үйде қамалып,
Кетем деп ертең қалаға,
Айтайын да бір жаңалық!..)
Киінбек еді...
Отыр! - деп,
Əкесі тыйып тастады.
Салып қой пешке отын!- деп,
Қалтасын қармай бастады.
Киім жоқ,
Тесік тиын жоқ,
(Бір кезде болған,əрине!)
Араққа салған бəрін де.
Сатылған
Қой мен сиыры,
Домбыра, сағат, кілем де,
Жарының бүкіл киімі...
Табылмас қазір бірі емге.
Қалтасын қайта сілкеді,
Қазына тауып алардай.
Көзімен үйді тінді,
Сататын нəрсе таба алмай.
Сенделген сарсаң күйменен,
Шөліркей аңсап қимасын,
Қолтықтай шықты үйінен
Ұлының қара пимасын.
Жалынышты үнмен тіл қата,
Жанында ұл жүр айналып:
Пимам ғой менің бұл, Папа,
Барасың оны қайда алып?
Ызалы жүзі ызғар боп,
Əкесі:
Кетші-ей, десе де,
Баласы:
-Пимам,пимам! -деп,
Бірге ерте шықты көшеге.
Жабысты жолын кес-кестеп,
Көз жасы тарам-тарам боп:
-Пимамды, Əке, тастап кет,
Қалаға қалай барам?.. -деп.
Кешкірген мезгіл.
Тауықтар
Шақырып жатты қорада.
Табанын кетті қарып қар,
Елейтін оны Бала ма?!
(Пимамды қалдыр, папалап),
Баласы қалмай жүгірді.
Шарт етіп шойын шапалақ,
Омбылап қарға жығылды.
Оралды сол бір кеткенен
Үйіне Əке (емделіп)...
Есікте құлып...
Жоқ пенде...
Аш ит жүр жалғыз сенделіп...
Есікке жетті ентелеп,
Жинаған жандай бұл есін.
Ит қана келіп еркелеп,
Қарсы алды жалғыз иесін.
Қаңырап жатыр тұрағы...
Абдырап, сақан күйінде.
Бара сап ұлын сұрады,
Көршісінің кіріп үйіне.
Күмілжіп көрші:
-Ден сау ма?
-Ұлымды?
-Ұлың қалада...
-Интернаттама ол сонда?
-Жатыр ғой ауруханада...
-Науқас па?
Қалай?
Қай уақыттан?
-Айтады (суық шалған) деп.
Боранда, білем, көп жатқан
Ұлың сау...
Түк те болған жоқ...
Жығылып жатқан жерінен
Балалар тауып алыпты.
Бұрнағы күні барып ем,
Бері қарап беті қалыпты.
Қорқатын түк жоқ...бітеді
Ойдағыдай боп бəрі де...
Өзіңді ылғи күтеді,
Қарамай жатып əліне.
Қобалжу енген түрі бар,
Келеді Əке аршындап.
Қабаған иттей сүрі қар
Табанда жатты арсылдап.
Сан сезім іште арбасып,
(Ұлым) ... деп жаны езілген.
Уайым - күдік алмасып,
Көңілден күлкі безінген.
Самолет дейтін құспенен
Жедел-ақ жетті қалаға.
Ақшаңқан автобуспенен
Тірелді ауруханаға.
Ақ төсек.
Аппақ бөлмеде
Шалқалап жатқан көрді ұлын.
Тұрмайды атып ол неге?
Танымай ма əлде - келді кім?
Қарады өңі қуарып,
-Келдің бе, Əке ?! -деп Бала.
Жатқанын оның қуанып
Жанары айтты тек қана.
Бармысың, жаным, балам-ай?!
Соңына назар салмастан,
Жылатып кеткен қарамай,
Əкеңді кешір алжасқан...
Сонан соң сасып, күйбеңдеп,
Суырып сəлем-сауқатын,
Шығарды (мынау үйден) деп,
Əкелген асын-ауқатын.
-Сыйлығы да бар əкеңнің,
Шыққанда өзің кисін деп,
Жап-жаңа пима əкелдім,
Аяғы тоңбай жүрсін деп!
Жөтелден сонда қиналып,
Қолымен басып өкпені,
Баласы:
Енді пиманың...
Қажеті маған жоқ.. -деді.
Не дейсің?
Не-е, - деп, - құлыным?-
Бойынан қайрат,əл кете,
Ақ жамылғыны ұлының
Үстінен жұлып алды əке.
Қараса... кеште баяғы...
Пиманы сатып ант ұрған...
Үсіген екен аяғы...
Кесілген екен балтырдан!..

Пікірлер: 102
@БатырБатыров-и9ю
@БатырБатыров-и9ю 5 жыл бұрын
Тас журекти жибитетин, сокыр козден жас шыгаратын терме екен.
@jibekarkabayeva128
@jibekarkabayeva128 5 жыл бұрын
Мына термені тыңдап көзіңе еріксіз жас келеді орындаған термешіге мың алғыс.
@aisholpanazamat7168
@aisholpanazamat7168 5 жыл бұрын
Алланың берген дауысы-ай... Алла бәрімізді адастырмасын тура жолдан әмин
@alem2392
@alem2392 Жыл бұрын
қарапимаештеңеəнеңмəтінінтіңтіңтіңдапқаладіменжақсікөрем
@alem2392
@alem2392 Жыл бұрын
əкесіқаидаеңалқашекен
@1dreamoon69
@1dreamoon69 5 жыл бұрын
Ең жақсы терме...әр тыңдаған сайын жылаймын😓
@ЛяззатШарипова-я8г
@ЛяззатШарипова-я8г 5 жыл бұрын
Тындап отырып боздаған булдиршинди көз алдыма елестетим. Аллам пендемизге тусиник бере гөр.
@ДашаСеменова-ч8о
@ДашаСеменова-ч8о 5 жыл бұрын
Ммм😢😢😢
@atirkulmamytbayeva1361
@atirkulmamytbayeva1361 3 жыл бұрын
7де дуние
@alem2392
@alem2392 Жыл бұрын
😢😈
@alem2392
@alem2392 Жыл бұрын
қарапима əнінтіңдапдатəрмін
@СанияКасимова-ь2ю
@СанияКасимова-ь2ю 5 жыл бұрын
Алладан тилерим аналарымыз аман болсын балдарымыз ешкашан жыламасын козимнен аккан коз жасымнан жонди корип жазалмадым
@нурсултанкалжанов-ж4г
@нурсултанкалжанов-ж4г 5 жыл бұрын
Осы термени 2003 жылдары касетадан магнитафоннан тындагам каз жасым 24 те анамды есиме катты туседи ауыл аула бари
@НурпейсАкмурат
@НурпейсАкмурат 4 жыл бұрын
Дұрыс айтасың
@Marlenbysenbaev
@Marlenbysenbaev 5 жыл бұрын
Ма Ша Аллаһ!
@АйтоЕрмек
@АйтоЕрмек 5 жыл бұрын
тамаша терме. осы термені шығарған жəне орындаған адамдарға Алла разы болсын
@АлтынбековШахмаксут
@АлтынбековШахмаксут 8 ай бұрын
Иман мен нәлетінің арпалысы екен... Алла имансыздардың жүректеріне иман ұялат!!! Жазықсыз пендең жыламасын, жаным Алла!!!
@КуанышбекЖалжанов
@КуанышбекЖалжанов 2 жыл бұрын
Қазақстанда әр қалада қазақ тілі жүзеге асу керек, себебі біз өз жерімізде өмір сүріп жатырмыз.
@arkinaitahunov6115
@arkinaitahunov6115 5 жыл бұрын
Қазақ халқиниң осиндай термелере недеген керкмет рахмет апатай
@ДаниярАубакиров-ц2р
@ДаниярАубакиров-ц2р Күн бұрын
🔥🔥🔥👍👍👍
@nurlanukanurlan4822
@nurlanukanurlan4822 5 жыл бұрын
Рахмет сізге күшті орындап шықтыңыз
@uzbmma3271
@uzbmma3271 5 жыл бұрын
Шіркін қазақтың термесі өмірден алынғае
@АлияЖолдасова-д4ы
@АлияЖолдасова-д4ы 4 жыл бұрын
Карантинде тындап отырмын. Арақ жақсылыққа ешкімді апармады. ӘКЕЛЕР АҒАЛАР ІНІЛЕР АРАҚ ІШПЕНДЕРШІ.ЖЫЛАП ОТЫРМЫН.
@давранбекМахашев-э8т
@давранбекМахашев-э8т 3 жыл бұрын
Зор
@АльмираБопырбаева-й1л
@АльмираБопырбаева-й1л 5 жыл бұрын
Мағыналы керемет терме
@СаламатСекетаев-и8в
@СаламатСекетаев-и8в 5 жыл бұрын
Керемет оте !!! Магыналы !!! Рахмет Сизге !!!
@АктолкынОрынбайева
@АктолкынОрынбайева 4 жыл бұрын
Алма Аманжолова апамыз керемет айтады
@АрайлымСоциалова-ф3е
@АрайлымСоциалова-ф3е Жыл бұрын
Жылап алдым қандай аянышты терме тыңдаған сайын жылатады 😢😢😢
@Amangeldi0607
@Amangeldi0607 3 жыл бұрын
Керемет терме, керемет орындау!
@АйтоЕрмек
@АйтоЕрмек 5 жыл бұрын
ассаламуғалейкум Баршаңа. Аллаға мың шүкір. арақты харам еткен. көзімізді ашқан. жəне иман нəсіп еткен. ҚАЗАҚ деген ұлы ұлттан етіп жаратқанына. ЕГЕР - АРАҚ БІР КӨЛГЕ ТӨГІЛІП КЕТСЕ. СОЛ КӨЛДІҢ СУЫНА ӨСКЕН ШӨПТІ ЖЕГЕН МАЛДЫҢ ЕТІН ЖЕМЕС ЕДІМ.
@АкмаралБолебаева-ш8н
@АкмаралБолебаева-ш8н 3 жыл бұрын
Керемет терме
@ulziyapalzhanova558
@ulziyapalzhanova558 5 жыл бұрын
керемет терме журегнди еритеди
@ФаризаРустемова-в4у
@ФаризаРустемова-в4у 5 жыл бұрын
Рахмет коп
@Ramzai17
@Ramzai17 9 күн бұрын
Марқұм анам жақсы көретін еді, көздері засқа толып. Ызаланатын едім, көз жасыныз өлен үшін төгіп.
@МухтарМамасалиев-е4ф
@МухтарМамасалиев-е4ф 5 жыл бұрын
Осы термены тындасам маганасы жаксы гой 😢😢
@АктолкынОрынбайева
@АктолкынОрынбайева 4 жыл бұрын
Алма Аманжолова деген апамыз керемет айтылған касетадан тыңдап едік ұрпақтырымызды осындай термелер жырлар тыңдатып өсіруіміз керек
@НазгульНуринбекова
@НазгульНуринбекова 4 жыл бұрын
Керемет айтылған еріксіз жылататын терме😢
@ЖанбырбайБоранболган
@ЖанбырбайБоранболган 3 жыл бұрын
Багдагүл Ходжаназарова бұл терменің авторы қазақ халқына белгіліақын Алтынбек Қоразбаеа бірінші орындаған Мейрамбек Беспаев о ірден алынған .Осыны шығаиған Атынбекке мың адғыс.
@РусланБерикжанов-г3й
@РусланБерикжанов-г3й 3 жыл бұрын
@@ЖанбырбайБоранболган кешіріңіз, ол басқа терме ғой
@ДуманТоктасынов-ц4х
@ДуманТоктасынов-ц4х 5 жыл бұрын
Жарайсыз
@КундызАлхожаева
@КундызАлхожаева 5 жыл бұрын
Ішім алай-дүлей болып барады. Сөзбен жеткізе алмаймын.......
@КыдырбайКалымбетов-р3ы
@КыдырбайКалымбетов-р3ы 5 жыл бұрын
Жаксы айткан керемет
@АхауовМурат
@АхауовМурат 3 жыл бұрын
Омир ширкин омир-ай, киын оте киын конилге!!! Олен магынасын Тусинген жылар,
@БотаУмбетова-э1в
@БотаУмбетова-э1в 2 жыл бұрын
Керемет терме мыкты орындаушы
@timontimon1838
@timontimon1838 3 жыл бұрын
Деніңіз сау болсын. Көп-көп рахмет.
@ЖусипАбдукалилов
@ЖусипАбдукалилов 3 жыл бұрын
Өте күшті мағыгалы орындаушыға көп көп рақмет
@ДауренНурбеков-л5я
@ДауренНурбеков-л5я 2 жыл бұрын
керемет
@aishaamangaisha9018
@aishaamangaisha9018 2 жыл бұрын
Дауысыңыз жақсы екен жылап алдымАйта беріңіз
@МеруертДосова-ю7ю
@МеруертДосова-ю7ю 4 жыл бұрын
Терме тындамаушы едим, марқұм әжем осы қара пиманы қойшы деп пластинка ны койдыртып тыңдап жататын, Ищщща деп қоятын тыңдап жатып... Сағынып кеттим ғой ажемди
@raukaz6810
@raukaz6810 Жыл бұрын
Менің әжем солаи деуші еді
@gulinaturganzhan1107
@gulinaturganzhan1107 Жыл бұрын
Ойбу
@alem2392
@alem2392 Жыл бұрын
қарапимаианіштіекенжлаитінемесқои
@alem2392
@alem2392 Жыл бұрын
қарапимаəнінтіңдапкелемосідетімбаламаəлдемамасібармааитасаліңізші
@FatimaJaksigalieva
@FatimaJaksigalieva 2 ай бұрын
Мынау кайсы тилде жазылған.
@МаликРыскалиев
@МаликРыскалиев 3 жыл бұрын
М м мықты айтқан терме екен киносын көргем
@sulsamsungs677
@sulsamsungs677 5 жыл бұрын
Керемет соз жетпес сапалы дуние оксигим басылар емес кайта кайта тындасамда омир бойы жалыкпаймын омирден алынган сапалы терме аналар аман болсын акелер ащы судын жетегинде кул болманыздаршы баринизди жаксы коремин омир деген керемет Аллага мында бир шукуршилик Аллам тек сабыр иман берсин жан-дуниемизге 😢😢😢💞
@kazakhkazakh829
@kazakhkazakh829 3 жыл бұрын
Тамаша өмірің ұзақ денің сау болсын алла екі дүниенің бақытын берсін
@nursaiatorehanova5455
@nursaiatorehanova5455 3 жыл бұрын
Өте керемет орындадыңыз рахмет сізге апай
@РаушанҚұдайбергенова-н6о
@РаушанҚұдайбергенова-н6о 3 жыл бұрын
Аеремет айналайын еріксіз көзден жас келді. Алла риза болсын. Біраз адамдарға ойға салып жіберетін өлең.
@ЕрмекЖаксыбаев-к7л
@ЕрмекЖаксыбаев-к7л 5 жыл бұрын
😥😥😥😘😘😘👍👍👍👍
@АлашаманатыРысбек
@АлашаманатыРысбек 4 жыл бұрын
Тамағымды кептіріп көзіме жас толтырды Жолмаспын ешқашан шайтан суға
@МержанНуртазин-е9р
@МержанНуртазин-е9р 4 жыл бұрын
Ее өмірай
@СабрТуремурадов
@СабрТуремурадов 3 жыл бұрын
коркып откан адамга бакыт тилм
@АлматСапарбеков-в1о
@АлматСапарбеков-в1о 5 жыл бұрын
жаксы терме.халкым термени кызыкпаитын болганба? 91 тобынын ани болса уже 10мыннан асар еди окиништы
@БерикЗабиголла
@БерикЗабиголла 3 жыл бұрын
Телефоннан беті жылтыр боянған балаларды көріп өсіп келе жатқан жастардан не сұраймыз? Мына термені түсіну үшін, басынан өтпесе де көзбен көру керек қиыншылық
@МадиярУтеулиев-й6н
@МадиярУтеулиев-й6н 5 жыл бұрын
👍👍👍
@ХулавашСагда
@ХулавашСагда 3 жыл бұрын
Атаңа әндер сум арақ
@alem2392
@alem2392 Жыл бұрын
термекенінбілем
@alem2392
@alem2392 Жыл бұрын
қарапиманіңафтірəкім
@alem2392
@alem2392 Жыл бұрын
аитасалəңізшіөтінем
@1965rouzi
@1965rouzi 8 ай бұрын
😢😢😢😢😢😢
@user-le7pd5xq5d
@user-le7pd5xq5d 3 жыл бұрын
Мен озим де жетиммин бирак мына киси жетим баланын зарын жеткизе алмайды. Жетимдикти ешкимнин басын а бермесинши😭😭😭😭
@АлтынЖаркент-ы5о
@АлтынЖаркент-ы5о 3 жыл бұрын
Алланың нуры жаусын недеген жақсы жазған, қазір осындай мағынасы мол әндер жазылмай кеттіғой
@qlive7086
@qlive7086 5 жыл бұрын
Найнти уанды тыңдағанша осындайды тыңдау қажет
@АлтынбекКажкенов-т2ч
@АлтынбекКажкенов-т2ч 18 күн бұрын
Көз жасымды шығарып жібердау. Арақтын тұбіне ешкім жеткен жоқ. Арақ шайтаннын сідіғі.
@nazerkesmagulova3451
@nazerkesmagulova3451 2 жыл бұрын
😢
@habihabiahai451
@habihabiahai451 4 жыл бұрын
😭
@mukagalikairat3047
@mukagalikairat3047 2 жыл бұрын
Эх х
@АманжанКазбеков
@АманжанКазбеков 4 жыл бұрын
Сорлы орыстар, 80-90шы жылдары каншама биздин агалармызды аракка отыргызган, менин акем де жагында болмаган , кунде концерт, айкай урыс, коз жассыз тундер отпеген, айтады гой "шыдамнын да шеги бар" деп, бирак сол заманда бар жогы жаман болса, айел адамнан кореди, анам болса, "кой уят болады", "журт не айтады", бети синяк синяк, ерни жарылган, сонда да коршилер мен туыстардын алдында сыр билдирмейди, анашыма коп рахмет, осындай концерт тек биздин шаныракта болмаган ,осы уакытка шейн де жетеди, аракты болдырмау керек! Аракка тыйым салу керек!
@АйтоЕрмек
@АйтоЕрмек 5 жыл бұрын
мынандай термелерді тыңдамайтын жəне тыңдасада түсінбейтін қазақ тілін менсінбейтін шалақазақтарға нендей өкініш.
@ОлжасУтаров-ф1и
@ОлжасУтаров-ф1и 5 жыл бұрын
Ай бареке жасай бериниз адеми жеттиниз
@нур-ь4о
@нур-ь4о 3 жыл бұрын
Сол гой арактын бергени ар отбасындагы айел мен баланын алган жанынынын жарасына ем жок. Ер адамдар корседе естиседе ешбир ес жок. Баягыда сана бер бермесен ала бер деген дурыспа деп ойланасын.
@salamat-tolegen
@salamat-tolegen 4 жыл бұрын
Ех
@Алтыншаш-х9у
@Алтыншаш-х9у Жыл бұрын
"Қара пиманың" авторы Қалқаман Сарин ғой деймін қателеспесем.
@ЖайдарханПирмашев-ф4ц
@ЖайдарханПирмашев-ф4ц 5 жыл бұрын
Орындаушының аты жөні кім.Керемет орындады
@АктолкынОрынбайева
@АктолкынОрынбайева 4 жыл бұрын
Алма Аманжолова касетадан тыңдайтын едік керемет айтылған
@КоляКашкынбаев
@КоляКашкынбаев 4 жыл бұрын
Ериксиз козден жас шыгарады, канша тындасамда
@MILANADECOR
@MILANADECOR 3 жыл бұрын
Осы кымның термесы?
@Ерлано07-я5ы
@Ерлано07-я5ы 5 жыл бұрын
аракка салынган аке шешеси бар балаларга асиресе кишкене кундеринде оте киын ,араккумар ата ана отбасы ушин кайгы,касирет десем артык емес
@ГаренаФриФаер-с9ы
@ГаренаФриФаер-с9ы 5 жыл бұрын
Ухх.жүрегім ай!
@СанаТілеуғазы
@СанаТілеуғазы Жыл бұрын
Осітерменітағісаласіңба
@АлимбайУмирбайев
@АлимбайУмирбайев 5 жыл бұрын
Дуние турганша турын
@user-hc4xm9di1k
@user-hc4xm9di1k 4 жыл бұрын
😞
@alem2392
@alem2392 Жыл бұрын
асіқпаиатші
@askarsholdepbergenov7719
@askarsholdepbergenov7719 5 жыл бұрын
Бастан откизби ишки тусине коймаш
@ДосжанОразбеков-э7з
@ДосжанОразбеков-э7з 4 жыл бұрын
Арак жаксылыкка апармайды барында коп нəрсені балгаламаймызгой. Кейінірек кеш болып жатады.
@РысбайТелеуов
@РысбайТелеуов 3 жыл бұрын
Арақ ішкеннің түбіне жетер бұл арақ
@ГульмираЕркинбайкызы
@ГульмираЕркинбайкызы 4 ай бұрын
👍👍👍
@lays6088
@lays6088 Жыл бұрын
Керемет терме
@АйнурКуанышкызы-д9о
@АйнурКуанышкызы-д9о 5 ай бұрын
😢
@not_user777
@not_user777 4 жыл бұрын
😥
ЗЫН ТЕРМЕЛЕР  019
41:31
Alisher Baydullaev
Рет қаралды 4,2 МЛН
Терме, термелер жинағы 2025
41:56
Qobyz
Рет қаралды 32 М.
번쩍번쩍 거리는 입
0:32
승비니 Seungbini
Рет қаралды 182 МЛН
JISOO - ‘꽃(FLOWER)’ M/V
3:05
BLACKPINK
Рет қаралды 137 МЛН
Алдараспан - Қарттар үйі
24:20
Асылбек Тулепов
Рет қаралды 3,7 МЛН
Арнайы жоба. "Қара кемпір" - 09.05.15
17:00
Білім және Мәдениет арнасы
Рет қаралды 533 М.
ТЕРМЕ ТОЛҒАУЛАР
17:16
Nurzhan Zhumagulov
Рет қаралды 264 М.
ТЕРМЕ ТОЛҒАУЛАР
19:14
Nurzhan Zhumagulov
Рет қаралды 393 М.
번쩍번쩍 거리는 입
0:32
승비니 Seungbini
Рет қаралды 182 МЛН