Желтоқсан алаңы / М. Шаханов

  Рет қаралды 10,007

Усен Усеинов

Усен Усеинов

5 жыл бұрын

"Желтоқсан алаңы"
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер...
Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.
Сол арадан сатқындықта елестейді қара бет,
Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ,
Кемсітпекші "желтоқсанның жалаң аяқтары" деп.
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.
Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады
Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,
Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады.
Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас.
Оны да еске салады
Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.
Мұхтар Шаханов.

Пікірлер: 18
@user-ns7ne8jq8e
@user-ns7ne8jq8e 2 жыл бұрын
Мың рахмет ! Мұхтар.., ҰЛЫ ақын ! ҰЛЫ адам.., ҰЛЫ жауынгер -күрескер.Бекболат Т.С.
@Saya_2355
@Saya_2355 3 жыл бұрын
Баяғы бабаларымыз ел, жер қорғағанда қайда бара жатқанын біліп, дайындалып барды, ал 1986 жылғы алаңға шыққан жастар тіптен ештеңеге де дайын болмады ғой((( "Қазақ елінде қазақ басшы болуы керек!" деген ұранмен ғана таза жүрек, ақ пейілдерімен шығып, қып-қызыл қанға оранды, қырылып қалды.... Жатқан жерлері жәйлі болсын, Алла жәннаттың төрінен орын нәсіп етсін! 🤲
@user-un7ew2em8g
@user-un7ew2em8g 2 жыл бұрын
Желтоқсан көтерлсі бүкіл Ксро ның тізесін дірлдетті.біздің аға-әпкелеріміздің қаны мен терінің тіпті өзін құрбан еткен сол кездегі қазақ ұлтын маскүнемдер мен нашақорлар деп айыптады.бүгінде қазақстанмен бірге өзге де, европа мен азиядағы тәуелсіз алған мемлекеттер қазақ ұлтына белгілі бір дәрежеде қарыздар.себебі олар осындай қатерлі жолға басын тікпегенде.бүгінгі тәуелсіздігін өңі түгілі түсіне де кірмес еді.ксро әнін ары қарай бүгінгі күнге дейін жалғастырар еді.
@nurlikuzzholdubaeva8230
@nurlikuzzholdubaeva8230 Жыл бұрын
Сәл аялдап тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер Желтоқсанда Ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел, Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер, Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер, Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер, Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер... Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк, Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт. Сол арадан сатқындық та елестейді қара бет, Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет. Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт, Заманның жеңісі мен жеңілісін санап өт. Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ, Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ Кемсітпекші "желтоқсанның жалаң аяқтары" деп. Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от, Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп, Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп. Тірліктегі әр ісінің жаңғырығы болады, Бұл табиғи жасырын заң өзгерессіз қалады, Сол заңға сай сені бақыт не сор іздеп табады. ...Дүиені дүр сілкінткен жас толқынның саналы Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас. Оны да еске салады, Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.
@aimanrahmetbayeva2575
@aimanrahmetbayeva2575 2 жыл бұрын
Республика алаңы емес желтоқсан алаңы деген атақ беру керек,соңда келер урпак есине сактап журеди осы 1986 жылы,бздин казирги саясатыиызбен,умытылып кетуіде әбден мүмкін
@je.8940
@je.8940 3 жыл бұрын
👍👍👍👍👍
@user-sk6oc4eh3o
@user-sk6oc4eh3o 2 жыл бұрын
Музыкасы кайдан алды екен?
@ay6275
@ay6275 2 жыл бұрын
куйдин атын билетиндер айтындаршы
@DIDARASULTAN
@DIDARASULTAN 2 жыл бұрын
Бұл өлең қай жылы шықты?
@user-yo4jx1ve8n
@user-yo4jx1ve8n 4 жыл бұрын
Сол кезде жыласа жақсы болар еді. Енді керегі не
@auesbekaiganym
@auesbekaiganym Жыл бұрын
Күйдің аты қалай айта аласыз ба?
@ailukz3630
@ailukz3630 4 жыл бұрын
Куй аты кандай
@aidazhumabayeva6308
@aidazhumabayeva6308 2 жыл бұрын
Куй керек
@user-sx2ce7xr8x
@user-sx2ce7xr8x 2 жыл бұрын
Желтоқсан құрбандарының бәріне, барлық қатысушыларға басымды иіп тағзым етемін Мәңгілік алау керек нағыз ОТАНЫН СҮЙГЕН ЕРЛЕР қандай құрметке болса да лайықты !!! Үйімізде де бала бақшадан бастап ерліктерін айтуға тиістіміз әже
@user-xc8mk6mw7m
@user-xc8mk6mw7m 4 ай бұрын
ЕҢ БАТЫРДЫҢ ІШІНДЕГІ БАТЫРЛАР , СОЛ ЖЕЛТОҚСАНЫҢ БАТЫРЛАРЫ ХХ ҒАСЫРДАҒЫ СИСТЕМАНЫ СЫНДЫРҒАН , ОЛАР ЖЕҢДІ ДЕП АЙТУҒА БОЛАДЫ ! ЖАНДАРЫ ЖӘННАТА , ИМАНДАРЫ ЖОЛДАС БОЛСЫН ! ӘУМІН ! 🤲 🥀🥀🥀🥀⚘⚘⚘⚘
@user-oh2tg6bq7j
@user-oh2tg6bq7j 3 жыл бұрын
Рұқсат па? Мен өз каналыма салсам
@usseinov_ussen
@usseinov_ussen 3 жыл бұрын
Ия, рұқсат.
БІРЕГЕЙ. Мұхтар Шаханов.  Деректі фильм
40:14
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 3,2 М.
Она Постояла За Себя! ❤️
00:25
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 4,6 МЛН
Trágico final :(
01:00
Juan De Dios Pantoja
Рет қаралды 19 МЛН
ПЕЙ МОЛОКО КАК ФОКУСНИК
00:37
Masomka
Рет қаралды 4,6 МЛН
Желтоқсан желі
4:43
Doseke Doseke
Рет қаралды 522 М.
10 «А» сыныбының музыкалық көрінісі
4:49
12-3=? М.Шаханов
8:42
Қожырбас
Рет қаралды 7 М.
Bolmis Желтоқсан алаңы
3:45
Телеканал Алматы / Almaty TV
Рет қаралды 32 М.
Мұхтар Шаханов: Шәмшімен бірлесіп 16 ән шығардық І «Таңшолпан»
9:05
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 29 М.
Она Постояла За Себя! ❤️
00:25
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 4,6 МЛН