Рет қаралды 199,848
1986 жылдың 17 желтоқсанында саяси тәуелсіздікті талап етіп қазақ жастары алаңға шықты. Бастапқыда Алматыдағы қазіргі Республика алаңына 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Көп ұзамай дүмпулер өзге қалаларда да басталды. Өскемен жастары да наразылық білдірді. Оның ішінде қазақтың батыр қызы Сәбира Мұхамеджанова да бар еді.
Tengrinews.kz тілшісі Желтоқсан құрбаны Сәбира Мұхамеджановамен екі жыл бірге оқыған группаластары Жанар Назарбекова мен Нұргүл Демесиновамен сұхбаттасты.