Ене мен келін неге бөлек тұруы керек?

  Рет қаралды 57,332

PodcastTIME! / Подкаст тайм!

PodcastTIME! / Подкаст тайм!

11 ай бұрын

Белгілі блогер мен отбасылық психолог отбасындағы ененің рөлін, келіннің ұстанымы туралы әңгіме өрбітті.
Ене мен келіннің қарым қатынасы отбасын қалай ойрандайды?
Не себепті жаңа үйленген жастар енеден бөлек тұруы керек?
Жас отбасының ажырасуына қазіргі қазақ қоғамындағы енелердің ықпалы қандай?
Дәстүрді алға тартатын енеге жаңа көзқарастағы келіндер неге көнбейді?
Осы тектес сұрақтарға белгілі сарапшылар пікір білдірді.
#podcasttime #подкасттайм #подкаст #ене #келін #қарым-қатынас #дәстүр #ажырасу #дау
#keltatulasaiyq #келтатуласайық

Пікірлер: 506
@user-di8ye3pn6i
@user-di8ye3pn6i 11 ай бұрын
ШЫМШЫҚ СОЙСА ДА ҚАСАПШЫ СОЙСЫН. МҰНДАЙ СҰХБАТҚА АТА ЕНЕМЕН ТҰРҒАН КЕЛІНДЕРДІ ШАҚЫРУ КЕРЕК, ЖҮРГІЗУШІ ЖІГІТ !
@zhainagulsaktaganov4766
@zhainagulsaktaganov4766 10 ай бұрын
Дұрыс айтасыз енесінен бөлек тұрып ақыл айтқысы келет
@user-jh1qz2iv9h
@user-jh1qz2iv9h 11 ай бұрын
Кушти, менин мамам да ажемнен болек турды, мени де енем бирден болек жиберди, ол кисилерди оте катты курметтеймин, жаксы коремин, тамаша кисилер. Кудай каласа озим де келиндеримнен болек турамын, Аллам сол кунге куиеуим екеумизди аман есен жеткизсин. Елимиз аман, журтымыз тыныш, халкымыз дана жане бай болсын, ата бабамыз Алладан тилеп, сурап алган, бизге мура кылып калдырган, осы бейбит, баршылык заманда, кен байтак жеримизде, молшылыкта, тату татти омир сурейик, жарыктык казагым бай болсын, арбир казагым жалгызым💐💐💐💐🤗🤗🤗🤗...
@guljanyesimkhan959
@guljanyesimkhan959 11 ай бұрын
Ене көрмеген келін бір тәрбие кем болады.қазіргі ұлын шешесіне қарсы қойып сыйламаған келін ең сорлы сұрқиялық бумеранг болып өз ұлы келіннен көреді
@kriskerem5648
@kriskerem5648 11 ай бұрын
Мерует дұрыс айтасың
@zhunisbekakmoldayev4746
@zhunisbekakmoldayev4746 11 ай бұрын
Қазақтың бір мақалын дұрыс айта алмай отырып елге ақыл айту бұл қазақ халқының соры.
@inboxinbox4283
@inboxinbox4283 11 ай бұрын
Орысша оқыған адам орысша ойлап,содан аударады,ондай адамда жүректен қазақилық шықпайды, жаттанды сөздерді орындайды,Меруерт ханым қалай бар,солай таза анық сөйлейді.Меруерт жақсы кісі таза, әділдік айта алады
@user-of5vq6xv7j
@user-of5vq6xv7j 11 ай бұрын
Күйеулерін билеп, түк оларды силамай ауздарына келгенін айтып отыр осы екі әйел. Қандай тәрбиелік маңызы бар осындай сұхбаттардан?
@antisglas5402
@antisglas5402 10 ай бұрын
Дұрыс айтасыз, әлі толық өмірді көрмеген байғұстар
@rashidabazaroza3267
@rashidabazaroza3267 10 ай бұрын
Келынге емес,алдымен мына екы былгыш катындарды тарбие сабагынан откызу керек гой
@saydabanutulepbergenova7603
@saydabanutulepbergenova7603 8 ай бұрын
Машаалла кушти сұхбат болды пайдалы акпарат Алла разы болсын
@uaq2620
@uaq2620 11 ай бұрын
Айналайын подкаст иесі, келесіде әр тақырыпқа сай келетін кісілерді шақыршы. Ене тақырыбына енесінің қолына су құйып жүргендерді шақыр...және сұрақ:-анаңды бөлек шығарар ма едің???
@user-st3bc8kq7o
@user-st3bc8kq7o 11 ай бұрын
Бөлек тұрған дұрыс. Сыйластық жақсы болады. Енеге ешқандай келін жақпайды сырттай жамандап жүреді.
@uaq2620
@uaq2620 11 ай бұрын
@@user-st3bc8kq7o ертеңгі күні қартайған шағында жалғыз қалса, сыйластықтың көкесі сонда болады. Бүгінгі бөлек кеткен келін, ертең өзі де ене болады.
@tengreeten9810
@tengreeten9810 11 ай бұрын
Тамаша ұсыныс !!!
@user-gb5ty5kt7n
@user-gb5ty5kt7n 10 ай бұрын
Өте дүрыс пікір,әо тақырыпқа сай адам келу керек бүл жерге, қазақ менталитетіне сай сөйлеп,өнеге көрсететін жайттарды қозғау керек. Ененің бәрі дедовщина көрсетпейтін шығар, әркімнің даналығы білімділігі,тәрбиесі болса,енемен жақсы тіл табыса алады деп ойлаймын. Енемен тұрғысы келмейтіндерге ұнап жатыр,бірақта күйеуін сыйлай білген келін,оны дүниеге әкелген ата анасында сыйлай білу керек. Ата анасы баласын баптап өсіріп,тәрбиедеді ме,келін де оның ата анасына сондай қызмет көрсету керек,ата ана батасын алып,немерелеріннің олардың мейіріміне бөлеп бір шаңырақ аясында қызық қуанышқа бөленіп өсулерін қамтамасыз ету керек. Бәрі өзімізге байланысты,өзің жақсы болсаң, ол адамға жақсы жерден орын бар, Қонақ келсе,қонақжай, дастарханы дархан қазақи болмысымызды көрсету керек,қанша адам келсе де қабақ шытпай қарсы алу міндетіміз деп ойлау керек,ар адам өз ырзығымен келеді, Аллаһ еселеп қайтарады шыққан шығынды, Аллаға шүкір ата ене бақтым мектеп директоры бола жүріп, көңілдерінен шығып,баталарын алдым,одан жаманшылық көрмедім, Ата анадан дұрыс тәрбие алып,білім алып жетілген шақта,білімді өз халқымыздың салт-дәстүріне сай пайдалануға тырысу керек, ата бабамыздың салт дәстүрін аяқ асты етіп,басқа ұлттың салт-дәстүрііне еліктемейік
@uaq2620
@uaq2620 10 ай бұрын
@@user-gb5ty5kt7n тамаша айттыңыз! Шешем мен Әжем бір үйде тұрды. Жарықтықтар екеуі де ұтылған жоқ. Бір-бірін толықтыратын. Сіз секілді аналарды шақыру керек қой сұқбатқа. Рахмет сізге🙌
@user-mh2up2cr2s
@user-mh2up2cr2s 11 ай бұрын
Енесімен бірге туратын әйелдерден сұхбат алыңдар. Европаға еліктеп бара жатырмыз. Біздің салт-дәстурімізге сай келмейді. Орыстың психологтардың сөздерін қазақшаға аударып айтып отыр. Қазақилықтарымыз қайда қалды.???
@user-cz7pm7kb5u
@user-cz7pm7kb5u 11 ай бұрын
Ия
@user-nr2on2nz9c
@user-nr2on2nz9c 3 ай бұрын
Бурунгы казакийда ене келинди урганбекен баласына кайрап келинди урдирганбекен
@elyaiskakova6579
@elyaiskakova6579 11 ай бұрын
Керемет сұхбат болды👍🏼Өзімнің кішкентай ұлдарым бар.Осындай сұхбаттарды қарап өзімді жақсы жаққа өзгертіп жұмыс жасап жүрмін.Бұрынғы дедавщина жасайтын енелер сияқты болмау үшін😁 Әркімнің өз өмірі бар,әркімнің өз орны бар 🙏🏻
@user-ly2fx5jv8u
@user-ly2fx5jv8u 11 ай бұрын
Куштиииииии тусиндирдиниз❤
@MadinaMurager-bo9mc
@MadinaMurager-bo9mc 10 ай бұрын
Өте көп нәрсе алдым!Рахмет Дәнеш мырза,Меруертханым ,коуч ханым😊
@user-vk8en6iw5y
@user-vk8en6iw5y 11 ай бұрын
Келін түсірген немесе, енемен бірге тұрып көрген тәрбиесі , тәжірибесі бар апалар ,әпкелерді сөйлеткен дұрыс еді...
@user-sc4mu7nf7g
@user-sc4mu7nf7g 11 ай бұрын
Еркекке әйел тәуелді болу керек.Сонда ғана отбасы тыныш болады.Әйел отбасының бірлігін,ынтымағын келтіре білу керек.Бала табу керек,оны тәрбиелеу керек.Әйел осының бәрін ұғыну білу керек.Еркек сырттан келгенде тамағы дайын,киімі таза болып үй де жинақы болып тұрса еркекке осы өмір керек.
@user-sc4mu7nf7g
@user-sc4mu7nf7g 11 ай бұрын
Қазақтың дана сөздерінде "Дастарханды жаюлы;қазаны қайнаулы болсын"дейді.
@user-sc4mu7nf7g
@user-sc4mu7nf7g 11 ай бұрын
Нағыз қазақ ортасындағы отбасында болған енелерді шақыру керек еді.
@user-sc4mu7nf7g
@user-sc4mu7nf7g 11 ай бұрын
Бірі қазақ,Бірі шамамен бұл қандай сұхбат болды?
@user-uz9nd1te4h
@user-uz9nd1te4h 10 ай бұрын
Мына біреу слишком білгіш ақылгөй біреу ғой жалғыз улды жекелеген. Өзіңді ақылды көрсетпе
@user-sp6li6zo3t
@user-sp6li6zo3t 11 ай бұрын
СПАСИБО за передачу , очень много жизненного и поучительного.👍
@icon2407
@icon2407 11 ай бұрын
Керемет!
@user-vn5mi8sv1w
@user-vn5mi8sv1w 8 күн бұрын
Орамалды ханым(есимин билмедим)өте дұрыс айтып отыр,адамды адамша сыйлау осы
@user-wd3hp7ly7g
@user-wd3hp7ly7g 11 ай бұрын
Ақшасы көп қатындар, оттап отырған Не ене болып, не келін болып көктемегендер
@LailaLaila-nt6ik
@LailaLaila-nt6ik 10 ай бұрын
Керемет жаксы
@uaq2620
@uaq2620 11 ай бұрын
Мына екеуінің күйеулері, аналарын қолдарында тұруға көндіре алмаса, мәселе қатындарында. Байлары әлсіз екен, өте әлсіз. Өздері енелеріне махаббатпен су бере алмаған екі қатын, махаббатқа толы су ішулеріне жазсын. "Каждая слова имеет сила", бумеранг деген бар.
@user-ul1tk5rq7r
@user-ul1tk5rq7r 10 ай бұрын
Еки келиним бар,Аллага шукир Аллага мында бир шукир,силасымдылыгымыз оте адеми шукир
@natasharomanova2741
@natasharomanova2741 11 ай бұрын
Меруерт ханым өзін мақтауды жақсы көреді және өзі сөйлеп өзі аяқтайды...
@user-hs2ln1bs5p
@user-hs2ln1bs5p 11 ай бұрын
ҚАЗАҚ НЕ ҮШІН ҚАЗАҚПЫЗ. ЕНЕДЕН БӨЛЕК ТҰРҒАНДАР ДА АЖЫРАСЫП ЖАТАДЫ. ЕНЕНІҢ ДЕ ЕНЕСІ, КЕЛІННІҢ ДЕ КЕЛІНІ БОЛАДЫ. МІНЕ СОНДАИ ЕНЕ МЕН КЕЛІННІҢ БІРГЕ ТҰРУЫМЕН ҚАЗАҚПЫЗ. МЕРУЕРТ ХАНЫМ СОЛ ҮЛКЕН ӘУЛЕТКЕ КЕЛІНДІК ҚЫЗМЕТІҢ ДІ КӨРСЕТПЕСЕҢ, ОНЫ НЕСІ КЕЛІН. ЖАРАИДЫ СІЗ БІР БАИДЫ, ЖЕТЕЛЕП КЕТТІҢІЗ. АЛ ЖЕТЕККЕ ЖҮРМЕИТІН КЕЛІН ДЕ, ЕНЕ ДЕ БОЛАДЫ. АЛЛА САНА БЕРСІН. КІМГЕ ДЕ БОЛСА, САНАЛЫ БОЛСЫН. АУЫЛДА ЕКІ ҚЫЗ, СЕГІЗ ҰЛ ТУҒАН ҮЛКЕН ӘУЛЕТ БАР. ҚЫЗДАР КҮИЕУГЕ ШЫҒЫП КЕТКЕН. СЕГІЗ БАЛАНЫ ҮИЛЕНДІРІП ЕКІ, ҮШ ЖЫЛ ЕНЕСІ ТӘРБИЕЛЕП, БӨЛЕК ШЫҒАРЫП СОҢЫНДА КЕНЖЕСІН АЛЫП ҚАЛДЫ. КЕРЕМЕТ. БӘРІМІЗ ҚЫЗЫҒАМЫЗ. СОНДА ЕКІ, ҮШ ЖЫЛ ЕНЕСІНЕГ АЛҒАН ТӘРБИЕ, САНАСЫ БОЛСА, СОЛ КЕЛІНГЕ ТӘРБИЕ БОЛАДЫ. ЕРТЕҢ БАСТАРЫҢА КЕЛЕДІ. СОНДА КӨРЕСІҢДЕР. ҚАЗІР ШАМАЛАРЫҢ БАРЛЫҚ НӘРСЕГЕ КЕЛІП ТҰР. АҚ ДЕГЕНДЕРІҢ АЛҒЫС, ҚАРА ДЕГЕНДЕРІҢ ҚАРҒЫС БОЛҒАН СОҢ АИТА БЕРЕСІҢДЕР. ҚАЗАҚТАН АСҚАН, ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ ДӘСТҮРІНЕН АСҚАН ТӘРБИЕ ЖОҚ.
@tengreeten9810
@tengreeten9810 11 ай бұрын
Өте дұрыс !!!
@rashidabazaroza3267
@rashidabazaroza3267 10 ай бұрын
100% косыламын,казакы тарбиемызды жогалтпалык.Ал мына сайрап отырган екы катын,оздеры быр уйге келын болып жарытпаган,создерынен байкап отырмын
@user-vw4wx3mc1i
@user-vw4wx3mc1i 11 ай бұрын
Керемет подкаст
@user-tc1hl7ks5d
@user-tc1hl7ks5d 11 ай бұрын
Біздің ұлтымыздың өз психологиясы, өз құндылықтары бар. Басқа ұлт не істесе, оны істесін, шетелдің, орыстың, т. б. психолгиясын тыққыштай берудің қажеті жоқ. Ата-анасын баққан бала неге құл болу керек, ол баланың әке-шешенің алдындағы балалық парызы.
@user-vu9xc5ph4c
@user-vu9xc5ph4c 11 ай бұрын
Ақылды әиел келін көп оқымысты сосын дана саналы әиел келін аз
@user-wu5tq3ln4w
@user-wu5tq3ln4w 10 ай бұрын
​@@user-vu9xc5ph4c ❤❤🎉🎉😢😢😮😮😮😮😂❤🎉😅😊 ай😢❤🎉❤😂🎉😢😢😂😢😮😮😅😊😊😅❤😂🎉😢😢😮😅😊😮❤😂🎉😢😮😅❤😂🎉😢😮😢😮😅😊😅 су,
@user-hy5vs2zs3b
@user-hy5vs2zs3b 10 ай бұрын
Мен басқа елдердіңде осындай сұхбаттарын көріп, бір түсінгенім келіннің жағдайы почти барлық ұлтта бірдей.Бізге өтірік құлаққа лапша іле берген ғой, осы уақытқа дейін. Біздің салт-дәстүрімізде осылай деп.. 😂
@user-xp4iw1xl9n
@user-xp4iw1xl9n 9 ай бұрын
Ия негизи дурыс пикир.....биреудин Ерке кызы болсан....оте киын баска отбасынын тарбесине кондигу сосын ол жерде келеке етип кулип истей алмасан мыскылдап жаншып..ар турли куйге даже коганыс ретинде ангме айтсан общем сойлемейтиндей етип Бари жабылып обшем торга тускен торгайдай боп озин ишиндеги армандар Бари бирте бирте соне береди сосын озинди кемситип бишара адамга айналасын.....ия сол ушин....абир кисинин конилине келмейтиндей..Ия коп келиншектер осындай аркасында салпетек катынга айналып....армандары жок ишинде
@user-ix8lz6pf5u
@user-ix8lz6pf5u 3 ай бұрын
Өте-өте керемет сұхбарт👍🏻❤🌹
@user-bt8ol7rk8y
@user-bt8ol7rk8y 10 ай бұрын
Керемет сухбат
@user-su7gx6tg9r
@user-su7gx6tg9r 8 ай бұрын
Дұрыс айтады бұрын да ене мен келін арасында келіспеушіліктер болған. Менің анам енемен 40 жыл бірге тұрған. Көзіміз көрген. Екі ортада әкеміз судья болып жүретіи. Негізі бөлек тұрған жақсы. Өзіміз жолдасыммен бөлек тұрамыз ,рахат!
@user-el6ir5ki5s
@user-el6ir5ki5s 11 ай бұрын
Керемет
@user-iv1ys7qn9m
@user-iv1ys7qn9m 11 ай бұрын
Мына екі ханымдарда хаяларын қыртып отыр енені жақсы көрмеу керек,тек силау керек деп мына бүркенген келіншек соғып отыр,бұл эфирді келе жатқан буын қыз ,ұлдарымызға насихаттамауларыңызды сұраймын,екеуде оқығанбыз,деп біз мықтымыз деп бөсіп отыр,біреудің жалғыз ұлына тиіп шешесін бөлек тұрғызып,соған мақтанып отырғанын қарашы,осыларлың сөзіне жүрегім айнып кетті,аяғына дейін тыңлағым келмейді эфирден алып тастаңыз бұл қазаққа тән нәрсе есмес ЖАҚСЫ ҚАЛІН БОЛСА НЕГЕ ҚЫЗЫМ ДЕМЕСКЕ
@user-pc3tm2gb6x
@user-pc3tm2gb6x 11 ай бұрын
Барамын күшті боламын менің отбасымда ұру болмайды деп барған бірі менмін бір қызығы күйеуіммен ұрсыспаймын, бәрі күшті болды қорлықты абысыннан көрдім қайын ағадан көрдім қайын апаға да ұрғызды, күйеуімен де ұрысқызды енем өте жақсы кісі еді, бірақ жас келін болып түстім сөзімді сөйлемеді бірақ айтты бәленшенің келіні түскенде жаман жаман деп қазір 3бала туып беріп содан асқан жақсы келін жоқ қазір деді солай айтып бастады мен сразу түсіндім ары қарай ответ айтпадым. Енем керемет кісі еді. Солай түсіндім уақыт өте келе сен де сіңесің деген сөзі екенін. Но абысыным тисуі көре алмастығы әлі бар таспен атқанды аспен ат деген. Әкем біреу аяғыңды басып кетсе кешірім сұрай сал деп тәрбиелеген еді. Сосын шығарма талдатып өсірген кісі еді Жібек пен Төлегенді, Қамбар сұлу тек сұлулығымен ғана емес ,ақылдылығымен де елді елге жауластырмай, іріткі салмай мінезімен де көркем болған сен бүгін шешең екеуіміз ұрсысып қалғанда татуластырмасаң ертең елге қызмет ету барысында сен шешім таба алмайсың деп оқушы кезімнен түсіндіріп өсірді. Содан кейін бе жолдасыма үйленген соң абысын тарапынан болған қысымда оған күле салып қарап жүрдім.
@user-mw9il7wm1e
@user-mw9il7wm1e 11 ай бұрын
Керемет полезное видео рахмет
@user-mg4oo8zq1v
@user-mg4oo8zq1v 11 ай бұрын
15 жыл омир суремин Ата енеммен оларда ундемид менде ундемимиз хотя аиткымыз кеп турасада унсиз кутыламыз куйеуимди жаксы корем сол ушин ундеми сыйлаимын 🙏
@super9725
@super9725 11 ай бұрын
Бөлек шығып жәннаттан айырласынба ,касында отырго жәннат.
@user-se9mj2to8f
@user-se9mj2to8f 11 ай бұрын
Өте дұрыс жасайсыз!
@user-zs9po1mx5b
@user-zs9po1mx5b 11 ай бұрын
Еи аиналаиын " хиджап" сен не тілді шубарлап , саусағыңды бет алды шошаңдатып керексіз сапырыстырып нервге тиіп біттің.
@user-mw1bo7nd1f
@user-mw1bo7nd1f 6 ай бұрын
вы молодец 2 жыл турамын. ата-енеммен.
@user-xp4iw1xl9n
@user-xp4iw1xl9n 9 ай бұрын
Жаксы Келиндер болады.....енелер олардын тилдерин шыгарады...арким оз озимен жумыс жасау керек негизи
@kriskerem5648
@kriskerem5648 11 ай бұрын
Мыйң тыныш❤
@user-ij3fj3fq1y
@user-ij3fj3fq1y 11 ай бұрын
Әр адам өзін тәрбиелеу керек. Келін ата-енеге қызмет қылу, ал күйеу бала қайын жұртына тек той-жиындарда ғана қызметін жасайды. Бұл жастарды кішіпейілділікке тәрбиелеу. Үлкенге құрмет көрсетпеген кішіге де ізетін жасай алмайды. Келін, күйеу бала қартайғанда ата-енелеріне жасаған қамқорлықтарын өздерінің бала-шағасынан күтеді.
@user-pb2sk6qe2r
@user-pb2sk6qe2r 11 ай бұрын
Күшті прямо керемет интервью , психологта Меруерт ханымды өтте жақсы көремін
@user-nm3zx4ss2f
@user-nm3zx4ss2f 11 ай бұрын
Біраз уақыт өткен соң, тағы тыңдайтын подкаст екен. Өте тамаша! Әр ақылдарын саралап, өз өмірімізге қолданар білімдер бар екен бұл подкастта👍
@user-mg2em3bg9b
@user-mg2em3bg9b 11 ай бұрын
🎉😢😊
@user-mg2em3bg9b
@user-mg2em3bg9b 11 ай бұрын
Сымбатты ханумдар ананың тэрбиеси мектеп ененин тэрбиеси университет.коп создин кереги жок.рах. . Мет ауылдың келиндерине..
@user-mg2em3bg9b
@user-mg2em3bg9b 11 ай бұрын
Л то 45:55 .
@user-ot7sp8ff5h
@user-ot7sp8ff5h 11 ай бұрын
Осындай подкаст коп болса екен
@user-do1zk4td8n
@user-do1zk4td8n 11 ай бұрын
КЕРЕМЕТ Хабар 🎉🎉🎉🎉🎉
@user-do1zk4td8n
@user-do1zk4td8n 11 ай бұрын
МОЛОДЕЦ Дурыс айтты
@aigulalmaty1302
@aigulalmaty1302 11 ай бұрын
Ата-енеммен тоғыз жыл бірге тұрамыз, сол кісілерді бағып батасын алып отырмыз, құдайға шүкір
@raimbeknazarkhan
@raimbeknazarkhan 4 ай бұрын
Көп жасаңыз Бақытты болыңыз
@aimy95maratovna45
@aimy95maratovna45 11 ай бұрын
Жаным,Меруерт ханымнын айткан барлык сози жуп жумсак мейримди❤ журегинен шынайы шыгады,пейли кен шуагы мол бакытты жан рахмет,сухбат оте керемет болды❤❤❤❤
@user-tc1hl7ks5d
@user-tc1hl7ks5d 11 ай бұрын
Хабарға расында өмірден тәжірибесі бар, енемен тұрған, ененің мектебінен өткен, келін тәрбиелеген, өнегесі бар, кейінгі жастарға айтары бар, теріс тәрбие емес, дұрыс тәрбие, дұрыс сөз айтатын аналарды шақыру керек еді. Әр жерден оқыған тәжірибесі жоқтарды емес.
@user-mj8if4is2z
@user-mj8if4is2z 9 ай бұрын
Қайда ондай енелер бар ма? Бәрі осыны өткерген, идеал келін болып одан идеал ене болып отырған әйел жоғау
@bota4165
@bota4165 8 ай бұрын
Меруерт ханым керемет точно айтады
@user-ee5xf9dc6w
@user-ee5xf9dc6w 11 ай бұрын
Бір күйеуімізді бақытты қыламызба алде бааарлығын бақытты қыламызба дима😂😂😂😂. Дурыс айтады осы апай всегда😂
@tengreeten9810
@tengreeten9810 11 ай бұрын
Келін тәрбиелі ,ақылды болса бәрі бақытты. Бақыт үшін дүние керек емес, кішкене ғана көңіл керек !!!
@user-gx2iq1il7g
@user-gx2iq1il7g 11 ай бұрын
Ене мен келіннің қарым - қатынасы деген тақырып қазіргі таңда проблемалық мәселенің бірі бірақ соған шақырған қонақтарың сай емес екеуіде енесімен тұрып көрмеген сөздерінің бәрі жаттанды олай барлық адам айта алады сондықтан өмірде енесімен бірге тату -тәтті тұрып жатқан тәжірибесі бар адамдарды шақыру керек еді ондай адамдар бар көп деп айта аламын ал мына екеуінің сөзінен кейінгі жастар қандай үлгі алады жалғыз баласын бөлек алып кетуді ме ? олардың жағдайы бар ал жаңадан үйленген бала бөлек тұрған анасына не көмек бере алады ойланып айту керек қой бүкіл қазақ елі тыңдап отыр қысқасы менің айтарым тақырыпқа сай адамдарды шақыру керек
@user-mw9il7wm1e
@user-mw9il7wm1e 11 ай бұрын
Оба современные мудрые женщина прекрасно обьяснили отношения енешки и келинка ,ай да молодцы отличный выпуск , пусть послушают девушки и парни рахмет вам
@antisglas5402
@antisglas5402 10 ай бұрын
МУДРОСТЬ ШАМАЛЫ, чисто русское высказывание.
@user-rz1ch1nn7s
@user-rz1ch1nn7s 11 ай бұрын
бөлек тұрған келін қартайған енесін түсінбейді бөтен адам болып кетеді бәрібір бірге тұрған дұрыс
@kriskerem5648
@kriskerem5648 11 ай бұрын
Алия да жақсы жар болуға тілектеспін
@user-ri9sk5es1e
@user-ri9sk5es1e 11 ай бұрын
Очень Хорошая передеча Нужна всем и Еншкам и Келинкам Желаю Семейного Счастья Всем не угодишь Есть много Семья у которых нет Детей как то проживают Жизнь Заманда сай болу керек По обстоятельствам Всем хорошей Физический невозможно Хорошо что такие передачи для будешего поколения тут задели вторую Женщину это не воспитаность она очень правильный Слова Говарить говарить
@kriskerem5648
@kriskerem5648 11 ай бұрын
Дұрыс айтасың силастық
@user-iy6ht2fw4e
@user-iy6ht2fw4e 11 ай бұрын
Енесі жас бол а бөлек тұрған дұры егер қартайып 70- тен асса бірге тұру керек
@user-mn6vc5qt7h
@user-mn6vc5qt7h 10 ай бұрын
Мына екеуіде қайын жұрттарын сыйламағандары көрініп тұр Журналист деген атқа лайықты болуы керек
@kriskerem5648
@kriskerem5648 11 ай бұрын
Көз тілден сақта Мерует
@dinamuxazhanova6398
@dinamuxazhanova6398 11 ай бұрын
Өте керемет сұқбат болды.Сіздерге😅 зор бақыт,аманлық тілеймін. Осындай тамаша сұқбаттар бола берсін.
@zaripaabieva1011
@zaripaabieva1011 11 ай бұрын
Келиндер енесин ене деу керек мама деп озиннин ананды атайсын ененди сыйлап озине жакын кориу керек озинде ене боласын алдына келед
@user-bv8cn5fq9y
@user-bv8cn5fq9y 11 ай бұрын
Мына бірі оранған қатын,бірі оқыған әккі қу қатын. Екеуі де іштері жын толған қатындар екен. Неге екеуі де бір бір балалары бар.Бұл екі қатынан бірде тәлім алуға болмайды. Мысалы мен ене қолында болмадым. Ол кісі атамыз қайтқанда бес баласын бір бұйрықпен қалдырып өмір құрып кетті. Бірақ ол кісі солай болсада бізге күшті талап қойып отырды. Менің анам маған үнемі ақыл береді. Ол кісіге сын жоқ. Әйел адам қырық жанды келеді. Өмірден шаршайды,бәрібәр ол кісіні ешкім түзей алмайды. Келгенде шамаң қанша сонша күтіп жібер. Бәрібір ойынан шықпайсыңдар. Ол кісі солай кетеді. Соған шыда дейдіғой. Өте рас екен. Ол кісінің реаксисына бола нерівті құртпай. Болған болғандай өмір сүріу керек. Ал әйелдердің арттағы төркінін жақсыға қоя берсең дер байға тимей отыру керек. Өмір күрес дегенді қызда ұлда кішкентай нан көріп үйреніу керек. Жағдайың болса балалы болу керек. Балаң аз болса балалы ортаға баланы қосу керек. Сендер ойламаңдар. Біз солай тыныш өмір сүреміз деп. Сендер алда не барын болжайтын кімсіңдер😂 Осылай Қазақ Қоғамы құрыйды. Өмір деген толып жатқан күрес,өтем десең аяғыңа оралатын Шеңгел. Соны барын барындай қабылдап ішінде жұзіп өмір сүріу керек. Әйелдер ешқашан ойламаңдар ❗❗ Біз күйеуім ізді сүйтіп,бүйтіп адам қылдық деп. Иә,Сендер сияқты әккі өздерің айтқанда қу қатындар ойлайды біз,біз деп. Жоқ олардың Қара жүрегін ақтарып алалмайсыңдар❗ Соны біліп жүріңдер. Неменеге Эфирге шығып ап болмаса Жүргізушіні сәл тыңдамай отырсыңдар. Онымен қоймай қартайғанда басқа біреу бағады ақшасын берсе дейсіңдер. Ой .сұм қатындар. Тепкілеп тастасада өз балаң көмсін❗-деп тілеу керек. Артынан өкініп жырлайтын солар. Қартайғанда бағыуға жарамаса ол сенің осы тілеп отырған тілеуің. Иә.Әр заманның Өз қателігі бар. Бірақ сендер ақша жинап келешекте біреу күтеді дегенге тілегіңді ұрпағыңнан тіле. Жалпы мен адамдарды бөлмейтін адаммын. Көппен жұмыс істеген адаммын. Нақты шегелеп айтайын. Оң түстік тің қыздары . Өте көп сөйлейсіңдер❗ Мақтаншақ сыңдар.❗ Өз алақандарыңнан өздерің шығып келесіңдер. Әрине сосон шаң көп шығады.❗ Өмір шеңгел сен айғайла,мақтан чсл мезгіл .Қоғам өз ортасынан аса алмайды. Екеуің ді жағымсыз актриса ғып қойса сол дұрыс. Мамандықты дұрыс таңдамағансыңдар.. Айдағаным ,,Бес ешкі,Ысқырығым"-жер жарады нің дәл өзі екенсіңдер.🧕
@user-wy2gw4wo4f
@user-wy2gw4wo4f 11 ай бұрын
Дәке в шоке🤣
@user-mv6hl4ij4w
@user-mv6hl4ij4w 11 ай бұрын
Меруерт керемет,жансыз!😂Менин де козкарасым сондай
@user-vf1gj1lx9h
@user-vf1gj1lx9h 11 ай бұрын
Оте кушты айтты Тындайтын кулак болса,
@uaq2620
@uaq2620 11 ай бұрын
Мына ақылдарын тыңдап, қолдаған құлақты емдеу керек!!!
@user-ql3kd6tl9k
@user-ql3kd6tl9k 11 ай бұрын
Өте жақсы сұхбат болды,рахмет,Меруерт. Ханымның сөйлегені ұнайды
@amirnagibaet1810
@amirnagibaet1810 11 ай бұрын
Өзім 21жыл келінімен бірге турам Алла ҒА шүкір
@user-cr3pv7hc6k
@user-cr3pv7hc6k 10 ай бұрын
21 жыл келініңізді уысыңызда ұстап, сөзіңіз өтімді болғаны сіздің даналығыңыз, ақылдылығыңыз. 👍🏻👍🏻 нееебір жақсы қыздар бар ененің ақылының таяздығынан күйеуімен ажырасып жатқан. Нееебір келсап қыздар бар, ененің ақылының арқасында сондай мінезбен де сыйысып отқан. 👍🏻 ана болу барлық қыздың қолынан келеді, ене болу мықтының мықтысының шамасы жететін іс
@user-ih2ev2vx5u
@user-ih2ev2vx5u 11 ай бұрын
Өте керемет подкаст👍. Әр адам өз ақыл- санасымен ақпаратты қабылдайды. Бұл кісілерге Алла разы болсын❤
@zavirakarimsakova1086
@zavirakarimsakova1086 11 ай бұрын
Керемет .Псхологқа АЛЛА разы болсын.Меруерт апай да.Аман болыңыздар.Көкейімнен шықты.барған жерімдегілер мені түсінген шығар.Енді түсінген шығар мені.
@user-bo2nd2nw3f
@user-bo2nd2nw3f 11 ай бұрын
Булар саган кате багыт берип отыр сен олардын денгейне туспе оз бала шаган ушин кайын журтпен тил табысуга тиссин букил проблемма сенин ойында ойынды озгерт сен Куйеуиннин ата анасын силасан ол сени силайды еркекке сулу айел емес акылды айел керек
@user-lc2dr6lw8k
@user-lc2dr6lw8k 11 ай бұрын
Қазақша сұхбат таза болса деймін және сөз сөйлеуі тура көпті көрген кексе әйелдер сияқты
@alymzhan5233
@alymzhan5233 10 ай бұрын
Розовый көйлегі бар келіншектің пікірімен келісемін. Меруерт ханым, жаныңыздағы екі кісінің сөздерін бөле бересіз. Екі келіншек те, сөздерді тоқтамай айтасыңдар. Кезек сөйлеуді үйрену керек. Шама келсе, отбасын құрған ұлмен де, қызбен де тұрмау керек. Алыстан сыйласу керек.
@user-gz9vs2ct3h
@user-gz9vs2ct3h 11 ай бұрын
Жарың деп әйеліне айтылады . Жолдасың деп күйеуіне айтылады . Сұхбатта жаксы әңгімелер айтылған екен
@user-pm9he2pz1n
@user-pm9he2pz1n 11 ай бұрын
Менің қайын атам айтады үнемі "Адамды болмысымен қабылда..деп...Осы теманы айтқан екен ғой)))
@user-bd5xo3fy6h
@user-bd5xo3fy6h 10 ай бұрын
Короче дана айел болга арекет ету керек ин ша Алла
@kunzadaaitenova8084
@kunzadaaitenova8084 11 ай бұрын
Жәннат жоқ болған күннің өзінде өмір ата-ананың өмірін баланың алдына әкеледі ғой.олар да қартаяды.Дүние кезек.ертең оларды да қартайғанда балалары қарау керек..Меруерт денің сау қазір,ертең ауырып қалсаң қарттар үйіне барасың ба.Осындай әңгімелер ғой келіндердің көзқарасын өзгертетін бөлек тұру керек деп
@user-rq4ri2qb3n
@user-rq4ri2qb3n 11 ай бұрын
👏🏻👏🏻👏🏻
@user-ps5ju6hx1k
@user-ps5ju6hx1k 11 ай бұрын
Енемен келин бир бирин жаксы тусинсе силасыкпен омир суриуге болады
@tengreeten9810
@tengreeten9810 11 ай бұрын
Енең ,қайын жұртың түбінде өз туысыңдай боп кетеді, бұл қазақи заңдылық !
@user-pe6yp6zp1v
@user-pe6yp6zp1v 10 ай бұрын
Өзім келініммен турып жатканымызга бес жыл болды өте жаксы карым катнастамыз екі немереміз бар келінім өте жаксы өзім кызымдай жаксы көремін балам екеуі бакытты одан баска ештенке керегі жок
@svetlanakusainova1122
@svetlanakusainova1122 11 ай бұрын
Жақсы әңгіме болды рахмет сіздерге
@nisaofficial5213
@nisaofficial5213 11 ай бұрын
Осыларды кім дана әйел дейді. Жасы үлкен балалар.
@user-zj8ek2ir6v
@user-zj8ek2ir6v 10 ай бұрын
Оте адеми ангиме. Енемен турмайтын болсада бул адамдар билимди адамдар. Меруерт апкем сизди катты жаксы корем. Мен Тугылдын аргы жагында турам🙂
@vantusus
@vantusus 11 ай бұрын
Керемет, маған өте ұнады. Жақсы ақпарат алдым. Рақмет сіздерге көп👍
@MadinaMurager-bo9mc
@MadinaMurager-bo9mc 10 ай бұрын
Меруерт ханым мына сөздеріңізден соң күйеуіңіз 2-інші рет ұрады-ау😂
@malikaeshemetva3254
@malikaeshemetva3254 11 ай бұрын
Ха чиройли суйлади тателер кушти айти ❤❤
@user-mw9il7wm1e
@user-mw9il7wm1e 11 ай бұрын
Насмеялась от души
@bibiserikbaeva1821
@bibiserikbaeva1821 11 ай бұрын
Басынан бастап 14 мин кана тындап кордим. Бирден токтаттым. Кымбат уакытымды жумсагым келмеди. Мен айтар едим Бир ханым Озин Ене кормей , БАКЫТТЫ болып отырган )) Сол ененин мектебин кормеген екени Коринип тур....😁 Жасы Пален ЖАСКА келседе. 2 ши ханым Козинин агы мен карасы Жалгыз улын. Болек акетип..... Енемди уважаю...деп отыр Акылды болып..... АЛДЫМЕН Сол ененди жалгыз койганша.... Онын ишки куйине Конилине Унилип корши... Акылды болсан.... ОЛ киси Сыртында билдиртпейди Улынын отбасын Улынын конлин ойлап.... МЫНА кисилер Ене болганда Калай болар екен ? Оздеринин казирги....ойларын Есине алар мекен ? КАЛАЙ акыл айтып отыр ? Мен Атам мен Енем мен Ажем мен Кайн аппам мен турмыс шыкпаган Кайн ага Абысын Куйеуим мен бирге 13 жыл Ап адеми турдык Биртиндеп маркум болды . Айтайын дегеним Мына кисилер секилди Онлайн акылгойлерсизак...)) Кез келгеннин акылы емес Алла ар пендесине Бас берди Акыл бердигой. Оздериниз шешкен дурыс... ☘️☘️☘️
@samsunglenova2918
@samsunglenova2918 11 ай бұрын
Ал, мынау Алия келин емес, зиркилдеген жалмауыздай сойлейди екен суйрендеп...🙄🤨🤦‍♀️☝️
@user-ze4yr2sf3s
@user-ze4yr2sf3s 11 ай бұрын
Мына психолог сол жактагы шыментскиге тисен аузынды ашуга муршан келмейтин еди!!!!
@user-tl8sq4iy8d
@user-tl8sq4iy8d 11 ай бұрын
Өте керемет суқбат! Қазіргі қоғамның дерті,бул суқбатта аркім өзін көріп,өзіне керегін алады.
@user-pg8sr9mn2g
@user-pg8sr9mn2g 11 ай бұрын
Бари акылды
@ruziyaabilbasharova7551
@ruziyaabilbasharova7551 11 ай бұрын
Казак аналары бирге турганда ол олгенше бала немере багып мал карап корада бок боп журип олди гой.
@user-fd4dl6yi1u
@user-fd4dl6yi1u 5 ай бұрын
Биз казакпыз.келин енесин тарбиесин алу керек.баласын жаксы корген ана келинди де кабыллайды.оз менталитетти устау керек биз орыс алде баска улт болмаймыз.ен жаксы айеллер енемен тургандар.
@user-xu9ky8mh3q
@user-xu9ky8mh3q 11 ай бұрын
Ене жоқ ата жоқ неменесіне тастай батасың батпай ақ қой екеуің де өмір мектебі ата ене көрмепсіңдер келіндік рольдеріңді атқармапсыңдар қызықтың бәрі сонда емес пе шай құю сәлем салу т.б .дым көрмепсіңдер үлгі жоқ ертеңгі өмірлерің де осылай қайталанады мағынасы оқ үлгі емес әңгіме оттау қазаққа сай емес қу қарабастың қамы бір баймен тұрып ағайын сыйлап көрмеген адамдар екенсіңдер бір бас бір тас өмір сүрген екен
@user-tl8sq4iy8d
@user-tl8sq4iy8d 11 ай бұрын
Өмірді көп жасағаннан емес,өмірде көп көргеннен сурау керек,ар кімның тағдыры ар қалай,ешкім таңдап алмайды,соны біліңіз.
@user-uz9nd1te4h
@user-uz9nd1te4h 10 ай бұрын
Екеуің сумаңдап несіне баршаға мақтанып жетісіп отырыңдар. О баста. Келінді этаптардан дурыс өтіп алыңыздар сосын сөйле Ңіздер
@kriskerem5648
@kriskerem5648 11 ай бұрын
Дұрыс Мерует
@pepperopake874
@pepperopake874 11 ай бұрын
Қызым, асықпай қазақша сөйлеші, дұрыс айтып жатырсың, қызым мен енесі дәл сенікіндей...
@user-nq7vc1ng7o
@user-nq7vc1ng7o 11 ай бұрын
ЖАП ЖАС БІРАҚ 50, 60 апаларда дӘЛ МЫНАНДАЙ СУМАҢДАП СӨЙЛЕМЕЙТІН ШЫҒАР.
@user-zx3qf6uw7z
@user-zx3qf6uw7z 7 ай бұрын
сумандайды енем сондайга мастер
@user-mw9il7wm1e
@user-mw9il7wm1e 11 ай бұрын
Меруерт ханум я на вашей стороне , в современное время надо жить отдельно енешка и келинка твердо в этом утвердилась
@kriskerem5648
@kriskerem5648 11 ай бұрын
Керек бағдарлама жемісті еңбек сіздерге рахмет
@amangulkidanova3046
@amangulkidanova3046 11 ай бұрын
Қандай керемет өзекті мәселелер көтеріпсіздер
@Gf-ld1cp
@Gf-ld1cp 11 ай бұрын
Жаркент қаласы Әлия ханым өзің намаз оқисың орысша араластырмай таза сөйлесеңші мен өзім ене мен абысынмен бірге отыз жыл бірге тұрдым енем өте қатал болды бірақ келін менікі дұрыс деп кеуде керудің орны жоқ Меруерт ханым жақсы үлгі көрсетуді үйреніпс ің ғой Әлия көпмыжи бермеші аллаға құлшылық жасаған адамның сөзі емес
@gukasmataeva7466
@gukasmataeva7466 11 ай бұрын
Өте керемет.адамның санасына беріптұрғой бұл кісілер.санаң болса сыйлайсын.менде всегда айтам ұлымды жеке шығарам.қартайсам санасы болса қарайды болмаса өкімет аман болсын деп😂
@user-mn4lk3pv4q
@user-mn4lk3pv4q 11 ай бұрын
Туа біткен мінез озгермейды сыйластык керек
@murzaevaisha5162
@murzaevaisha5162 11 ай бұрын
ОТТЕ ДУРЫС КЕЛИНДЕР ДЕ ОЗ ОИЫН АИТЫУ КЕРЕК КОНЕ БЕРМЕУ КЕРЕК
@user-he5xq6sr9t
@user-he5xq6sr9t 10 ай бұрын
Қанша комменттерді оқысам да бұл сұхбат еш ұнамады. Іліп алатын ақыл -кеңес ала алмадым . Журналистке айтарым тақырыпқа байланысты адамдарды шақыру керек еді..Біреуінде енесі жоқ, екіншісі енесін осылай сыпылдап баласынан бөліп жеке тұрғызып қойған. Тәжірибесі бар апа мен келінді шақыру керек еді.
@user-qz6mi4hz5e
@user-qz6mi4hz5e 10 ай бұрын
Көп сөйлемей ші, Әйел адамы барлық нәрсеге қол жеткізе алады, бақытты келін, бақытты ана, бақытты жұбай бола алады и бақытты етеді, если ақылды, дана, саналы, иманды, силастықты түсінетін адам болса, Сендерді көріп бәрі қиналып кетті ғой
@madinaturebekova1128
@madinaturebekova1128 11 ай бұрын
Меруерт Ханым сиздики акыл,Анда санда Бир келгенде ,кайын апаларын куткен ештенениз кетпейди,келинсиз
@user-xo8fh7of6v
@user-xo8fh7of6v 11 ай бұрын
Осындай бағдарлама көп болғаны дұрыс👍 Пайдалы, әр пенде керегін алады👏🏻👏🏻👏🏻
@user-dc8do7xu3g
@user-dc8do7xu3g 10 ай бұрын
10 жыл болды ата енемен турам, тойдан кейн 2 ай абысын кайн агамен, олардын 2 баласымен бирге турдык.Енем конак жаксы кореди, уйде обед ужин тунги ужин конак келетин еди, кухняга танертен 10 да кирем, содан 01:00 де шыгып уйыктайтынмн, аягым варикоз болп кетти, кейн агайн тума конатын адет шыгарды,ара катынас жаксы бирак шаршайсн Кыздар жумс жасамасандар куйеуге шыкпандар!!! на автомате құл боласн! сразу болек турын казир абысынмен катынас жаман,балдарынын киімдерін жуып коям лас болган сон, жумстан келип “мынау не пятно пятно” дейд, еще менин бастыгым сиякты, өзің жу онда дедим, битти сомен, мен онын ЖАУЫМЫН! али кунге дейн сол ненавижу ее
Balloon Pop Racing Is INTENSE!!!
01:00
A4
Рет қаралды 4,6 МЛН
Ене мен келін! Құралай ханым кешкі эфирі
1:22:41
Құралай Ханым
Рет қаралды 17 М.
Енемді ұрайын / KOREMIZ
47:52
Көреміз / «KÖREMIZ»
Рет қаралды 806 М.
ЕНЕ МЕН КЕЛІН | Психологпен кешкі шай-10
1:30:26
Yerzhan Myrzabayev | Ержан Мырзабаев
Рет қаралды 21 М.