Шенеуніктер ақ халаттыларды қызметтік пәтерден қуып жатыр

  Рет қаралды 545

Информбюро 31

Информбюро 31

24 күн бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Еліміздің солтүстігінде дәрігерлер шу шығарды. Себебі, шенеуніктер ақ халаттыларды қызметтік пәтерден қуып жатыр екен. Әкімдіктегілердің он жылдан кейін баспананы жекешелендіріп аласыздар дегеніне сендік деген медицина мамандары енді далада қаламыз деп қорқады. Ал денсаулық сақтау басқармасының айтар өз уәжі бар.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Бүгінгі шығарылымда:
Петропавл қаласындағы 20-ға жуық дәрігер бүгін науқастарды қабылдаудың орнынан наразылыққа шықты. Ақ халаттылар шенеуніктер қызметтік үйден қуып жатыр деп күйінеді. Ал, пәтер кілті берілгенде он жылдан кейін жекешелендіріп аласыздар деп медицина мамандарын қуантыпты. Бірақ атқамінерлердің уәдесі тек сөз күйінде қалды дейді шағымданушылар.
РАУШАН БАЙМАҒАМБЕТОВА, психиатр-нарколог:
- Бізді 10 жылдан артық тұрып жатсыңдар деп сол үшін шығарып жатыр. Бірақ мына үйде бізден басқа театр қызметкерлері тұрып жатыр. Ал олар пәтерлерін өз аттарына түсіріп алған. Бізде сөйткіміз келеді. Кеткіміз келмейді.
Жиналғандардың барлығы аймақта тапшы мамандар. Арасында анестезиолог, рентгенолог, эндоскопист және жедел жәрдем дәрігерлері бар. Олар жағдай жасалған басқа өңірге көшіп кетуден басқа амал жоқ деп отыр.
НАТАЛЬЯ ДОСАНОВА, рентгенолог-дәрігер:
- Бізге пәтер сатып алатын мүмкіндіктеріңіз болды дейді. Мен өз басым жалғызбасты анамын. Пәтер кезегі жылжымайды. Несиеге ала алмаймын. Енді үйден шық деп жатса басқа жаққа кетемін. Көкшетауда біз сияқты мамандарға тегін үй береміз дейді.
Ал денсаулық сақтау басқармасындағылар былтырғы жылы шыққан қаулыны алға тартты. Құжатқа сәйкес бұл үйлер енді дәрігерлерге 5 жылға уақытша тұруға ғана берілетін болыпты. Айтуынша, денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істейтін өзге 400 отбасы баспанаға мұқтаж.
НҰРЖАН ТАҒАНИЯЗОВ, СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Он жылдың көлемінде тұратын дәрігерлерге біз уведомление бердік. Неліктен? Бізге биыл келетін жас дәрігерлеріміз бар, екі жылдан көп квартира снимать етіп жүрген дәрігерлеріміз бар. Сол дом врачтарға, көшкісі келетіндер бар. Соған байланысты он сегіз дәрігерге уведомление бердік. Бұл барлығы заңды түрде.
Ақ халаттыларға пәтерді босатуға үш апта уақыт берілген екен. Бірақ наразы топ бала-шағасымен қайда барарын білмей отыр. Айта кетейік, аймақта 150-ге жуық медицина маманы жетіспейді. Теріскейге әсіресе жүректі және жүкті әйелдерді емдейтін дәрігерлер аса қажет.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер
АУДАН ҰНАМАСА, КӨШІП КЕТ!
4:22
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 35 М.
Её Старший Брат Настоящий Джентельмен ❤️
00:18
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 8 МЛН
Final muy inesperado 🥹
00:48
Juan De Dios Pantoja
Рет қаралды 11 МЛН
СМАЙЫЛОВТЫҢ ҮКІМЕТТЕГІ БЫЛЫҒЫН ҚОЛ АСТЫНДАҒЫЛАР ЖАЙЫПСАЛДЫ / BRIEF.Түйін
18:30
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 30 М.
ОҚУШЫ ҚЫЗДЫ ПЫШАҚТАП КЕТТІ
2:40
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 64 М.
ШЕТЕЛГЕ ЗАҢСЫЗ АСҚАН АҚШАЛАР ҚАЙТАРЫЛА БАСТАДЫ
4:44
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 192 М.
Қазақтың тойы қадірін жоғалтып алған жоқ па?
3:29
Бұл сүрені тыңдасаңыз АЛЛА байлық беретінін айтқан
33:33
Құран және Дұғалар
Рет қаралды 4,3 М.
500 мың адам далада қалды
5:44
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 91 М.
«Тестілеу кезінде мұғалім көз алдымда жатып өлді ...»
3:55
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 200 М.
Эдуарда сырғалым атанды!
1:24:11
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 282 М.
Её Старший Брат Настоящий Джентельмен ❤️
00:18
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 8 МЛН