Жер сілкінісінен соң кейбір тұрғындар жеңіл киіммен далаға шығуға ұмтылған

  Рет қаралды 39,629

Информбюро 31

Информбюро 31

3 ай бұрын

Алматыда болған жер сілкінісінен соң кейбір тұрғындар далаға жеңіл киіммен шығып кеткен. Дүмпуден кейін бірден далаға шығуға ұмтылған жұрт қолына түскенін іліп, тезірек теңселген баспанадан жыраққа кетуге ұмтылды. Сонымен бірге түн жарымда мегаполистен шығатын негізгі жолдарда бірнеше сағаттық кептеліс пайда болды. Дем арасында болған оқиғаның мән-жайын әріптесім Бауыржан Жақсымбет айтып берсін.
Алматылықтар жер сілкінісі кезінде баспаналарынан жылдам шығуға асыққан. Осылайша, зәресі ұшқан жұрттың кейбірі далаға жеңіл киіммен, енді бірі аяғына ілінгенін сүйрете жүгірген. Теңселген үйден тезірек кетуге тырысқандардың әртүрлі фото видеолары әлеуметтік желіде тарады. Алғашқы толқыннан кейін тұрғын үйлердің аулалары халыққа толды.
Зілзаладан кейін зәресі ұшқан жұрттың басым бөлігі баспаналарына қайта оралғысы келмеген. Бірі күннің суығына қарамастан уақытты далада өткізсе, енді бірі көлігіне отырып тұрақта түнеп шықты. Сонымен бірге дүмпуден қашып қаланың сыртына қарай ағылған көлік санында есеп жоқ.
БАУЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТ, тілші:
- Алматы халқы уақытқа қарамастан қаладан шығып кетуге тырысып жатыр. Дәл қазір біз тұрған Райымбек даңғылының бойында бірнеше сағаттан бері ұзын-сонар кезек пайда болды. Ал баспанасынан жыраққа кеткісі келмеген жұрт таңға дейін автокөлікте күтеміз дейді.
САРАЛТЫМ МҰХАМБЕТӘЛИ, Алматы қаласының тұрғыны:
- Мен жер сілкінген кезде үйде болдым. Ең бірінші басым айналып жатырма деп ойладым. Бірақ, бөлмедегі заттардың барлығы орнынан жылжып, есік қайта-қайта қимылдағаннан кейін жер сілкініп жатқанын түсіндім.
ЭЛЬДАР БЕЙБІТҰЛЫ, Алматы қаласының тұрғыны:
- Бас айналу болды. Бүкіл адамдар біресе былай айтады, біресе былай айтады. Ең бастысы Алла тағала жеңілдігін берсін. Енді таңға дейін отырасыздар ма осында? Көреміз енді бұйырғанын.
Жер сілкінісінен кейін ресми органдардан бірден ақпарат берілмеді. Сондықтан әлеуметтік желі арқылы әртүрлі алып-қашпа әңгімелер тарап, қорқып жүрген көпшілік не істерін білмей абдырды. Ал, кейбір тұрғындар бірден эвакуациялық орталыққа қарай бет алып, таңды сол жерден қарсы алды.
ЛАРИСА БРОНИКОВА, Алматы қаласының тұрғыны:
- Мен төсектің қимылынан ояндым. Бірден жан-жағыма қарасам барлығы қимылдап тұр. Алтыншы қабатта тұрамын. Қатты қорқып осында келдім.
ЖЕҢІСКҮЛ САТАЕВА, 181 жалпы білім беретін мектеп директоры:
- Қазіргі таңда мыңнан астам адам мектепке келді. Тағы да келіп жатыр. Оның үстіне бірінші этажда осы спортзалдан бөлек бірінші этаждағы барлық кабинеттерді ашып қойдық.
Түн жарымда жақынының үйінде жетуді көздеген кейбір тұрғындар такси шақырып көруге оқталған. Алайда, мобильді қосымша арқылы тасымал қызметін ұсынған жүргізушілер қаланың сыртына апару үшін қомақты сома сұраған. Әр сәттен пайда тапқысы келетіндердің мұндай пиғылы әлеуметтік желі тұрғындарының әбден ашуына тиген. Ал, дереу арада мегаполис аумағынан кетуді көздеген жүргізушілерден жанармай бекеттерінде кезек тізілген. Бірнеше сағат бойы дүрбелеңге айналған қала аумағы таң ата қалыпқа түсе бастады.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#Информбюро #31арна #Жаңалықтар #БастыЖаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 83
@user-je2xj5yu5z
@user-je2xj5yu5z 3 ай бұрын
Алматыдағы Халқым аман болсын Қазағым аман болсын құдай өзі сақтасын Қырғыз Өзбек бауырлар аман болсын
@user-wi5qc8pg2i
@user-wi5qc8pg2i 3 ай бұрын
Құдреті күшті жаратушы ием қазағыма, Жар болагөр түрлі табиғи апаттатрдан сақтайгөр.🤲🤲
@bekzattoleuov4600
@bekzattoleuov4600 3 ай бұрын
Құдай бетін аулақ қылсын. Бір ақ ертең соғыс басталып кететін болса мынандай таксисттерден жақсылық күтуге болмайды.
@user-qw6wv4ql1n
@user-qw6wv4ql1n 3 ай бұрын
Алла колдасын аркашанда, елимиз аман журтымыз тыныш болсын.
@Damykazakhstan
@Damykazakhstan 3 ай бұрын
Алла сақтасын
@user-xn6kv1dt9b
@user-xn6kv1dt9b 3 ай бұрын
Алламның панасында болсын халқым. Елымыз тыныш жұртымыз аман болсын.
@Nazvanie0777
@Nazvanie0777 3 ай бұрын
Idi nah so svoei alloi
@gumshagulallashova8561
@gumshagulallashova8561 3 ай бұрын
Коркынышты жан керек болса жаланаш жугиресен кудаи сактасын
@user-ho6tk5ib9h
@user-ho6tk5ib9h 3 ай бұрын
Алматылықтарды Солтүстік қазақстанға көшіру керек.
@user-ql4ks8oy6g
@user-ql4ks8oy6g 3 ай бұрын
Итак сибалсы болатын болар алматыдан көшіп
@zin_nuroin5403
@zin_nuroin5403 3 ай бұрын
Адам дар күнә жасағанда былай қорықпайды. Қашан адамдардың күнәсі көбейеді сол кезде осылай ескертүлер келеді . Алла сақтасын елімізді
@user-rm8ry8yl2c
@user-rm8ry8yl2c 3 ай бұрын
Құдай сақтасын, ертең ақыр заман болады десе , жай намазды қымбатқа сататын заманда өмір сүріп жатырмыз...
@user-wx1tn2ss5f
@user-wx1tn2ss5f 3 ай бұрын
Алла сақтады,Аман болыңдаршы қазағым!Әр қазақтың амандығы керек,Ата-Балардың аруағы қолдасын!Өзі де аз қазақ аман болсын!
@user-sj9kg7ir8g
@user-sj9kg7ir8g 3 ай бұрын
Аруақ сенің дуғаң муқтаж Жардемды Алладан сура жер астында шырып жатқаннан емес шырағым .
@user-im1sw1pw4o
@user-im1sw1pw4o 3 ай бұрын
Таулы аймақтарда жие жие жер сілкініу болып тұрады Алматы халқы сақ болың.Халық зина жасағанан анау мынау дегенді қойың ол табиғый құблыс географияны қайта оқыуға кеңес беремін жақында Туркия мен Ауғаныстандада болды Ұйғыр Қазақттар тұратын Қытаймен Қырғызыстандада болды.Қазақстанда дінге ешқандай кедергі жоқ .Дінді көрінген жерге тықпалап қазақты кемсітіп айыптағанды қойың екі үш аяты жатап алып әр жерден уағыз тыңдап білгішсінбең сендерге салса Қазақстан кәпірлер елі деуденде тартынайын деп тұрған жоқсыңдар .Жақында маған сен тек қазақтар тек Қазақстан дей бересіңдер негізі кім ұлтқа айрылса бізден емес деген хадисті келтіреді мен не үшін қазақ деймін менің ұлтым 70 пайызы құрып барып қайта қалпына келген халық мен ұлтымды оның ұлы ретінде аяймын.Менде оларға хадист келтірдім егер өзі тоқ отырып көршісі аш отырса ол бізден емес деген сол хадиске қайсысың сайсыңдар дегенем үні өшті оған ешқайсымыз сай емеспіз сай болуға тырысып жатырмыз.Қазақтарым бөлінбейік намаз оқымасада бір күндері өз Алласын танып жаратқанына құлшылығын жасар пайғамбарда исламды қабылдамаған бауырларында исламға жұмсақ мәмле жасап шақырдығой біз пайғамбардан артық емеспіз .
@serikt6472
@serikt6472 3 ай бұрын
Дурыс айттын бауырым!! Ойланып, гылым билим уйренудин орнына коринген жерге динди тыкпалай беретин надандарга менин де ашуым келеди Сол!
@user-je2xj5yu5z
@user-je2xj5yu5z 3 ай бұрын
Қазағым аман болсын
@QuranShifa1
@QuranShifa1 3 ай бұрын
кияметте кайтемиз екен кай жерге кашамыз екен😢😢😢
@EQQ555
@EQQ555 3 ай бұрын
Ол кезде қашуға да үлгермей қалатын шығармыз.
@user-yw1zb5zc4v
@user-yw1zb5zc4v 3 ай бұрын
Ай такси жургизушилерине айтарым ТАЗА МАЛСЫНДАР ақшаны алған соң кепил бересиндерме сол адамдарды диттеген жерине апаратындарына, алде Алладан биик санайсындарма оздеринди? Сиздер кимсиздер машине болса Кудайсындарма акымак казагымай!!!
@MAKASHPUBG
@MAKASHPUBG 3 ай бұрын
Ай казағым ай жаны тәтті😂
@user-ck6rt4tq5q
@user-ck6rt4tq5q 3 ай бұрын
Сол оңтүстікте тұратындар бізде тау бар деп мақтанадығо, Құдай сақтасын халық аман болсын, бірақ таулы жер өте қауіпті.
@user-rf9nb9mz2r
@user-rf9nb9mz2r 3 ай бұрын
Қазағымай баріңнің амандығыңды тілеп отырдық алыста болсақта (жалаң айақ жалаңбас жөргендер батырлар десек артық емес)бәріміз аман болайық
@bestclassthe04
@bestclassthe04 3 ай бұрын
нацист
@user-sn6og2mi4j
@user-sn6og2mi4j 3 ай бұрын
Қазақша сөйлендер!
@user-bl4iu3qp7c
@user-bl4iu3qp7c 3 ай бұрын
Алла сактасын
@user-fz1ln5xn2y
@user-fz1ln5xn2y 3 ай бұрын
Ступенькадан тусып келе жатыр телефон шукып жаймен журып тусып барады
@Mira-nq9mr
@Mira-nq9mr 3 ай бұрын
Соншама жалаңбұт еркек пен қатындікі ұят енді
@EQQ555
@EQQ555 3 ай бұрын
Ие,киімің алып шығу ға болады ғой.
@user-bf5rt6cz8o
@user-bf5rt6cz8o 3 ай бұрын
Кандай жер силкинседе бир Аллага сыйына журип устилерине тым болмаса кунделикти киреберисте туратын пальто ма бир сырт киим иле салуга болады гой.канша жан татти болса да дала да аяз, кун суык екенин биледи .ал енди бир ауру жабысса суыктан не болады.
@user-tz7ii5sj7p
@user-tz7ii5sj7p 3 ай бұрын
Жан керек болса голый қашады екенғо😂😂
@ainur8968
@ainur8968 3 ай бұрын
Пижама киип уйыктандар енді,тым курыса
@Evetv690
@Evetv690 3 ай бұрын
Мына простыньямен жургендер баян мен куйеуи емес пе? Ашык- шашык жургендерине караганда дегенимиз гой... Тонып калды гой... Ой Алла, ел аман, журт тыныш болсын! Халык таубасына келсин. Ниеттерин тузесин, сонда Алланын да кози он болар.
@user-td9jy9yr3o
@user-td9jy9yr3o 3 ай бұрын
Квартира снимать етип...сигисип жургендер шыгар
@user-oh2gl9jr4n
@user-oh2gl9jr4n 3 ай бұрын
не бар Алматыда кошип кетин шеш баска калаларга.
@user-rw9cf7lb2p
@user-rw9cf7lb2p 3 ай бұрын
Өкімет ештеңеге дайын емес, тек халықты қинап перевод тексергенше, қазақты ойламайсыңдар ма
@user-ie6dj4ju6g
@user-ie6dj4ju6g 3 ай бұрын
Показали один пункт приема,остальные не работали!!! Все было закрыто.магнум принимал людей . И только.
@user-fk3xl1zp4y
@user-fk3xl1zp4y 3 ай бұрын
Көп қабатты үйде , үйдің тербелісі жоғары болса керек. Жалпы тербеліс болды, бірақ қысқа уақыт əрі баяу қозғалыс болды. Алда қайталанса бұдан күрделі болып кетеме, деген қорқыныш қой. Əйтпесе, өткен сілкініс өтті ғой, алда жақсы күндер болсын. Жақсы ойлайық . Бірақ , Алматыда 5-қабаттан жоғары қабатты үй салынбауы керек еді. Мемлекет халқының қауіпсіздігін бірінші орынға қоюы керек. Мемлекеттің ең құнды байлығы -халық.
@nurzhan2383
@nurzhan2383 3 ай бұрын
Соншалықты шошып кеткен ғой
@user-ok8vg4ou8q
@user-ok8vg4ou8q 3 ай бұрын
Алла барғой ☝ Алматы біраз шымкенттіктен босадау😂
@AlbinaJanibekovna
@AlbinaJanibekovna 3 ай бұрын
Сол бари кетсе екен әсіресе жабайылары урсып шыға келетин
@goripzholdas4569
@goripzholdas4569 3 ай бұрын
Ё моё вот таскисттер бағаны 20 мыңға көтергенбе ))))
@user-iy9fg3ro2n
@user-iy9fg3ro2n 3 ай бұрын
Осыны видеоға түсірудін қажеті не,адамдар қай ахуалда екені білініп тұрғой
@user-nf7fs7dn7f
@user-nf7fs7dn7f 3 ай бұрын
Жандары не тәті!
@kizkiz-1
@kizkiz-1 3 ай бұрын
Астанадан көшіп келіп едім. Қалайша мынадай қорқынышты жер сілкінісінен қорықпай өмір сүріп жатыр алматылықтар деп ойласам. Үйде отыра бере едік егер терезеден даладағы құжынаған адамдарды көрмегенде, жер сілкінсе далаға шығу керек екен ғой деп киініп шықтық. Қандай жағдай болса да өлімнен ұят күшті демекші киініп шығу керек
@user-ld9hd6em9c
@user-ld9hd6em9c 3 ай бұрын
Ажалың келсе сүрініп ақ өлесің қашып қайда барасың саспау керек бұндайда дайын болыңдар білесіңдер қай жерде тұратындарыңды
@leonardodavinci5424
@leonardodavinci5424 3 ай бұрын
Көрші турция да болған оқиғадан кейін халық қорқып қалды!!!
@user-hs7dw1fo3c
@user-hs7dw1fo3c 3 ай бұрын
Туркия бізге көрші емесқой😂😂😂 Көрші деп Россия Қытай Өзбекстан Қирғизстан соларды айтады
@leonardodavinci5424
@leonardodavinci5424 3 ай бұрын
@@user-hs7dw1fo3c бұл маңызды емес! Неге сонша шегін қатып күлдің? Есің дұрыс па?
@Ggh12250
@Ggh12250 3 ай бұрын
Бул бир жай гана Алланын ескертуы, егерде кала уйыкыда жатканда жане будан каттырак болганда не болар еди..
@Keto.878
@Keto.878 3 ай бұрын
Плитада сүт жылытып тұрғам. Сүт жергк құлап кетті. Басында не болып жатқанын түсінбедім. Сосын барып үш балама жүгіріп едім, стенаға ұрылып құладым. Зарезап болып. Өте қорқынышты сезім. Балаларым кішкентай, ары бері қимылдап жатқан лампочкаға қарап ішек сілесі қатып күліп отыр. Жандарым ауууу, түсінбегені қандай жақсы болған.
@user-tk3ve2is9n
@user-tk3ve2is9n 3 ай бұрын
алла жар болсын акырзаманнын белгиси шыгар
@user-uq8zq1um5g
@user-uq8zq1um5g 3 ай бұрын
Каида барасын бари бир каитып келесин ауылда турсан есиктин алдында отырасын😂
@user-sj9kg7ir8g
@user-sj9kg7ir8g 3 ай бұрын
😂 все верно
@user-qs5vl6rw7c
@user-qs5vl6rw7c 3 ай бұрын
Жан керек жалаңаш қашқандарды неге кіналаисыңдар
@user-we8uz4gi2c
@user-we8uz4gi2c 3 ай бұрын
Эх такси, көршінің үйі өртенгенде бас үйткіштерді көрген едім, өз үйі өртенгенде бас үйткені бірінші рет көрдім.
@realme-bc6eg
@realme-bc6eg 3 ай бұрын
0:03 ыстеп жатқан жерынен атып шыққан ба?) 😂 ах не повезло
@GulzatMukhtarova-tq6gg
@GulzatMukhtarova-tq6gg 3 ай бұрын
😂 😂😂
@sveta7650
@sveta7650 3 ай бұрын
Жер сілкінісің тепіне қарап ортасында айқайлап Калимамды қайтарып Фатиха оқып тастадым,не болсада айтып барайын деп алдыңа😢😭😭😭😅😅😂😂😂 қашуға ми бұйрық бере алмайды екен қатты абдырап қалыппын .
@user-xf1ri4nh8f
@user-xf1ri4nh8f 3 ай бұрын
Сондай аш коз таксилерге зан колдану керекко. бала шаганы аяау деген жокпа?
@vjgjjgjgzgzxgxydu3240
@vjgjjgjgzgzxgxydu3240 3 ай бұрын
Ұят ай таксистер
@almaty9303
@almaty9303 3 ай бұрын
😂😂😂😂😂 не болды сонша паника болып жай волнагой
@user-oh2gl9jr4n
@user-oh2gl9jr4n 3 ай бұрын
эээ значить Алматыдан Зинакорлык кобеиген болып турғо.зина кобеиген жерде жер силкиниси мен су таскыны болады екен.
@elzodlatipov1739
@elzodlatipov1739 3 ай бұрын
Неге
@user-sj9kg7ir8g
@user-sj9kg7ir8g 3 ай бұрын
Қай жерде Зина харам истер көбейсе Сол жерде жер сілкінеді Аллаһым баршамызды куналарімізді кешір Бизді намаз оқушылардан ет елімізді жаман пәлелерден өзің сақта Еліміз аман болсын
@genius4943
@genius4943 3 ай бұрын
Онда неге Кореяда, АМЕРИКАДА болмайды?
@user-sj9kg7ir8g
@user-sj9kg7ir8g 3 ай бұрын
@@genius4943 Сенің сұрағың Неге Менің папам әйел болмайды деген сұрқпен бірдей. Бул Алланың ісі неге ондай болмайды мынадай болмайды деуге біздің хақымыз жоқ. Аллаһ тағала бол дейды болады.
@user-sj9kg7ir8g
@user-sj9kg7ir8g 3 ай бұрын
Біз қазақтар барлығымыз ата бабаларымыз мүсылман куналаріміз көбейгенен Раббымыз пенделерім таәубе етсін сәждеге намазға жығылсын деп бізге ескерткені. Аллаһым баршамызды тура жолға салсын
@murzaevaisha5162
@murzaevaisha5162 3 ай бұрын
АЛЛАНЫН УРГАНЫ ЖАМАН БОЛАДЫ ТАУБЕСИНЕ КЕЛСИН ДЕГЕН БОЛАР АДАМДАРДЫ ФЕДОФИЛ ОРАМАЛДАГЫ ШАИТАНДАРДЫ ЖЕР ЖУТЫП ЖИБЕРСЕ КЕН
@kizkiz-1
@kizkiz-1 3 ай бұрын
Орамалдағылар Аллаһтың жақсы көрген құлдары, оларды жек көріп қарсы болғандарға Аллаһ қарсы болады. Байқаңыз, ойланыңыз шын мәнінде кімге қарсы шығып жатсыз және бұл жерде кім жеңеді. Әрине Аллаһ жеңеді
@elzodlatipov1739
@elzodlatipov1739 3 ай бұрын
Каяка
@Dablat777
@Dablat777 3 ай бұрын
Jaqsi bolad ketpeñ qashpan
@user-vf1yx1tn5g
@user-vf1yx1tn5g 3 ай бұрын
Пижама дурыс аитасын киип жатындар
@user-zl2zk4fx7p
@user-zl2zk4fx7p 3 ай бұрын
Ондай кезде машиға мініп қашу дұрыс емес далада тұру керек жаман болған жағдайда скорый кран келуіне кедергі болады паника жасамау керек
@user-qf8sm8qj3w
@user-qf8sm8qj3w 3 ай бұрын
Тунги 3 те кайта болад деген отрик инф берген адам сотталсын
@armantokbergenov2723
@armantokbergenov2723 3 ай бұрын
Жаман Жағдай Екен Бірақ кулкулу тыр жалаңаш шыгу жаман екен Жан деген шіркііін тәтті екен гой
@Nazvanie0777
@Nazvanie0777 3 ай бұрын
Ya uveren vse zemletresenie delaetsya iskustvenno rukami pravitel’stva chtob pugat’ liudei
@user-ik6iz8oz8q
@user-ik6iz8oz8q 3 ай бұрын
Уйыктадым мен
Информбюро 17.05.2024 Толық шығарылым!
22:01
Информбюро 31
Рет қаралды 4,8 М.
Атырауда сотталған әйелдер балаларымен кездесті
3:40
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 86 М.
How To Choose Ramen Date Night 🍜
00:58
Jojo Sim
Рет қаралды 53 МЛН
Кәріс тіріма өзі ?  | Synyptas 3 | 8 серия
24:47
kak budto
Рет қаралды 1,6 МЛН
«Жоқ» демейтін жандар. Бақытбек пен Күләштің историясы
4:38
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 152 М.
Все новости Информбюро от 17.05.2024
23:19
Информбюро 31
Рет қаралды 370
Ауруханадан шығарылған қарияның денесі даладан табылды
2:34
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 124 М.
Басты жаңалықтар 16.05.2024 | Жаңа уақыт
25:24
JIBEK JOLY NEWS / Жібек жолы жаңалықтары
Рет қаралды 52 М.
«Әкімнің туыстары өмірімізді тозаққа айналдырды»
4:18
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 166 М.