Ербол Қалмұрзаев. Жәми Мұсаұлы. "Хат өлеңі".

  Рет қаралды 202

ZHIDELIBAYSYN

ZHIDELIBAYSYN

Күн бұрын

Ұлттық телеарна түсіріліміндегі "Інжу-Маржан " бағдарласамы, Ұлттық төл өнерімізді насихаттау барысында істеп жатқан еңбектеріңіз үшін телеарна ұжымына үлкен алғыс! Осы бағдарламаға "Оңтүстік ән-жыр" мектебінің ірі өкілі Созақ ауданы, қасиетті Қаратауда 1894 жылы дүниеге келген Жәми Мұсаұлының " Хат өлеңі", бұл шығарма Жәми атамызға 1929 жылы жала жабылып, қамауға алынады, қамауда отырып зорлық зомбылық көріп, бұл жабылған жалаға шыдай алмай сол жерде отырып, елден, ағайын туыстарынан жәрдем көмек сұрап хат өлең жазған екен. Бұл шығарманы бізге жеткізуші күйші, жыршы, домбырамен де, сырнаймен де, неше бір түрлі жыр-дастандарды жырлаған Төлеген Момбеков атамыз.
1.Қоңырат- ру аты.
2.Көктің ұлы, Көтеншінің ұлы, екі үлкен тарауы - Қоңырат руынан тараған аталары.
3.Құйысқансыз, Киікші, Божбан - ру аты.
4. Жаманбай - Көтеншіден тараған ұрпақ атауы.
5. Алатау - Қоңыраттардың ұраны.
6. Төменарық - жер аты.
@Ербол Қалмұрзаев

Пікірлер