Шерқала тауы.

  Рет қаралды 812

Aktau Caspian Sea

Aktau Caspian Sea

Күн бұрын

Видеодағы жыр - Түмен Балтабасұлының "Маңғыстау" жыры. Халқымыздың аяулы перзенті, ақпа-төкпе ақиық ақыны, көріпкел болжампаз, зайырлы халық емшісі - Түмен Балтабасұлы ел құрметтісі, халық қадірлеген ерекше қасиет иесі. Ол 1884 жылы Маңғыстаудың Қызан жерінде дүниеге келіп, 1957 жылы Таушық елді мекенінде мәңгілік қайтпас сапарға аттанады. Мүрдесі "Итолы" зиратына жерленген.
Шерқала тауы - Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылынан 17 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан Координатасы: N 44° 15' 22.72" , E 52° 0' 20.73"
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.
Шерқала тауы - ежелгі жер сілкіністері нәтижесінде пайда болған төрткүл ақ бор тау. Шерқала тауының биіктігі 308 м. Шерқаланың жақын маңайында шар тәрізді тастар мен тұтас гранитті сомтастар көптеп ұшырасады.
Таудың солтүстік бөлігі үздіксіз соққан желдің әсерінен қажалып, өзгеріске ұшыраған. Осы желдің әсерінен оның жан-жағынан пайда болған жеке түзілістерді де байқауға болады. Ал оңтүстік бөлігі мен шығыс жағы тік жарлы. Жоғарғы жағы тегіс, адамның жүріп-тұруына ыңғайлы. Таудың етегінде төбесіне апаратын үңгір бар.
Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен Маңғыстаудың тарихы тереңде, сол тарихтан сыр шертетін Шерқала тауы сан ғасырлық тарихы мен шежіреге толы. Өте ертеден өзінің алуан пішінді мүсіні мен сұлу табиғаты адамдарды қызықтырған. Ақын-жазушылар, саяхатшылар мен тарихшыларды тамсандырып, өз еңбектерінде жазуға түрткі болған. Белгілі бір биіктіктен қарағанда, алып киіз үйге ұқсайтын үлкен тау шоқысы.
Кейбір аңыздар бойынша, бұрынырақта Шерқаланың төбесінде кішкене қалашық болған. Халық сол жерде өмір сүріп, дұшпандардың шабуылынан қорғанған екен.
Шерқала жайындағы аңыздардың бірінде, ертеректе қаптаған жаулардан бір топ айбынды жауынгерлер тауды қорған еткен делінеді. Олар жаумен жолбарыстарша алысыпты. Тауды қорғаушылардың қалғаны тау ішіндегі жерасты жолдарына тығылып, сол жерде мәңгі қалып қойыпты. Осындай батырлық пен тәуелсіздіктің тірегі - Жолбарыс қала немесе Шерқала деген атау осылай пайда болған деседі.
Есбол Өмірбаев өз кітабында 10-12 ғғ Маңғыстауда Хорезм мен Хиуаға баратын жол бойындағы ежелгі мәдениет ошағы Шерқала қамалы болған. 8-9 ғғ арабтардың шабуылына ұшырап, мықты ерлік көрсеткен. Одан кейін хазарлықтар мен хорезмдіктердің тіректі мекеніне айналған-дейді. Түрікпендерге байланысты тарихи оқиғалар да жеткілікті. Тарихи оқиғалармен байланысты аңыздар ел аузында сақталған. Бiр кездері “Жiбек жолының” бiр тармағы келiп, сонау Хорезм мемлекетiмен, одан әрi Үндi, Қытаймен байланыс жасап жатқан гүлденген өңiрдi өздерiне бағындырмақ болған. Олар қаланы бүлдiрiп, әскери бекiнiс еткен. Өз қаласын қайтып алмақ болып қазақтар (дайлар) қайта шабуыл жасайды. Қазақтардың күшiне шыдамай, әлгiлер таудың үстiне шығып кетiп қорғанады. Қазақтар тауды қоршап алады. Бiрақ таудың үстiндегi жау алдырмайды. Өйткенi олар таудың үстiнен құдық қазып, сол шыңыраудан су iшiп отыр екен.
Сонда бiр қария “таудың етегiн тесiп үңгiр қазып, құдықтың үстiнен дәл шығып, су алған кезде жаулардың қауғасын кесiп отыру керек, сонда олар шөлден өлер болған соң өздерi берiледi” - дейдi. Осы ақылға тоқтап, үңгiр қазып, құдықтың жанынан дәл шығып, су алатын қауғаны кесiп отырғаннан кейiн шөлдей бастаған жау жасақтары өздерi берiлген екен.
Жергілікті халық Шерқаланы Ораз ұшқан деп те атайды. Оның себебі Мұңалдың жары тайпасында Ораз Оңғалбайұлы би болған. Ол кісі арабша, орысша оқып, жан-жақты болып жетілген. Тарихи құндылықтарды, жер асты және жер үсті байлықтарын қарайтын Ресейден келген экспедиция Оразды тілмаш етіп алады. Ораз бес уақыт намазын қаза етпей, ислам дінін экспедиция мүшелері орыстарға айтып, насихаттап отыратын. Құдайдың өзіне сенушілерге көмектесетінін сендіре айтады. Осындай сөздердің бірінде орыстар: «Ал сенің құдайың бар ғой көмектесетін, сен мына Шерқала таудың ұшпа басынан жерге секірші» дейді. Сонда Ораз «несі бар, секіремін, құдай көмектеседі» деген екен. Ораз дәретін алып, намазын оқып, әуелі Құдай, сосын Бекет атаға сиынып, секірген екен. Жерге аман-есен түсіп, жайлап жүре берген. Мұны көрген орыстар сенерін не сенбесін білмей, таң қалады.

Пікірлер: 22
@АманАпуза
@АманАпуза 10 ай бұрын
Тарихқа толы Шерқала. ❤❤❤❤
@СаржанСултанова-п5щ
@СаржанСултанова-п5щ 10 ай бұрын
Керемет мағыналы жыр екен
@samsunggalaxya534
@samsunggalaxya534 10 ай бұрын
Табиғатты жақсы көркемдеп айтып тарихын дастанын жеткізген керемет.
@aktaucaspiansea
@aktaucaspiansea 10 ай бұрын
Қолдауыңызға рахмет!
@АлуаАкбергенова
@АлуаАкбергенова 10 ай бұрын
👍👍👍
@АлмажайУалиева
@АлмажайУалиева 10 ай бұрын
оте адеми тусирилим, видеога коса керемет акпарат жазылган екен.👍👍👍
@aktaucaspiansea
@aktaucaspiansea 10 ай бұрын
Ия, рахмет Алмажай! Гүльзадалардың атасы ғой!
@АлмажайУалиева
@АлмажайУалиева 10 ай бұрын
@@aktaucaspiansea Тумен кудамызга аттас болар деп ойлап едим.
@toyxana
@toyxana 10 ай бұрын
Не деген табиғат🔥
@aktaucaspiansea
@aktaucaspiansea 10 ай бұрын
Рахмет қолдауыңызға!
@thisiskazakhstan7144
@thisiskazakhstan7144 10 ай бұрын
Ассалямуалейкум Саке. Бір жырда қаншама тарих... Описанияда әдеми ақпарат оқыдым 🤝👍
@aktaucaspiansea
@aktaucaspiansea 10 ай бұрын
Уағалайкумассалам, Салауат. Ия бұл жыр Маңғыстау тарихы ғой! Рахмет қолдауыңа 🤝👍✊️
@АкмаралЖалжанова-ы6ц
@АкмаралЖалжанова-ы6ц 10 ай бұрын
Керемет екен! 👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
@aktaucaspiansea
@aktaucaspiansea 10 ай бұрын
Рахмет қолдауыңызға!
@СерикКуланбаев-я2д
@СерикКуланбаев-я2д 10 ай бұрын
Керемет көрініс, атамызда жырмен тамаша суреттеген,ғажап!
@aktaucaspiansea
@aktaucaspiansea 10 ай бұрын
Ассалаумағалейкум Сәке. Рахмет қолдауыңызға✊️
@АймангулМинтурганова
@АймангулМинтурганова 10 ай бұрын
Керемет, мағынасы терең жыр❤
@aktaucaspiansea
@aktaucaspiansea 10 ай бұрын
Ия, өте ауқымды ақпарат беретін жыр!
@ШолпанШанитбаева-з7н
@ШолпанШанитбаева-з7н 10 ай бұрын
😍😍😍
@ЖадыраЕменова-ъ4ш
@ЖадыраЕменова-ъ4ш 10 ай бұрын
😍👍
@izbosinemenov2971
@izbosinemenov2971 10 ай бұрын
Керемет
@aktaucaspiansea
@aktaucaspiansea 10 ай бұрын
Рахмет Ізбосын! Аман бол!
Адайлардың Шерқалада болған айқасы!
9:09
Маңғыстау Адай
Рет қаралды 41 М.
Шерқала тауының көрінісі
10:01
Телеканал 24kz
Рет қаралды 1,3 М.
How To Get Married:   #short
00:22
Jin and Hattie
Рет қаралды 21 МЛН
Players vs Corner Flags 🤯
00:28
LE FOOT EN VIDÉO
Рет қаралды 68 МЛН
哈莉奎因怎么变骷髅了#小丑 #shorts
00:19
好人小丑
Рет қаралды 53 МЛН
10 КРУПНЕЙШИХ ТЮРКСКИХ НАРОДОВ
13:36
Важнейшие исторические события
Рет қаралды 32 М.
Ер Таргын жыры
1:24:38
Abа Kaз
Рет қаралды 55 М.
How To Get Married:   #short
00:22
Jin and Hattie
Рет қаралды 21 МЛН