Еркебұлан Әріпбай | INTELLIGENTNO QU #14

  Рет қаралды 120,751

Qazaq Stand Up

Qazaq Stand Up

Күн бұрын

Пікірлер: 1 500
@QazSTANDUP
@QazSTANDUP 10 ай бұрын
Достар, Еркебұлан мырзаның сыйлығы ең үздік пікірге беріледі. Сәттілік.
@pen6026
@pen6026 10 ай бұрын
Братан звездалар жоқпа келетін или өзім барайынба
@НурдаулетТурсынбек-в8у
@НурдаулетТурсынбек-в8у 10 ай бұрын
Мына выпуск тан кейін қамап тастамасын 😂
@НурдаулетТурсынбек-в8у
@НурдаулетТурсынбек-в8у 10 ай бұрын
Бл* жазғаным үшін мені қамап тастамасын
@НурдаулетТурсынбек-в8у
@НурдаулетТурсынбек-в8у 10 ай бұрын
Мына комент үшін мені қамап тастамасын
@ШырайКим
@ШырайКим 10 ай бұрын
Дархан Оспановтың ой өрісіне таң қалудан асқан не коммент керек?
@ayananurbolqyzy03
@ayananurbolqyzy03 10 ай бұрын
Бұл жолы Нұрмаханның біліміне ой өрісіне риза болдым!❤️
@НазеркеАлтынбек-с6с
@НазеркеАлтынбек-с6с 10 ай бұрын
Кезекті рет
@Adambolam
@Adambolam 10 ай бұрын
Бұл жолы Дарханның ой өрісіне мүлдем таң қалмадым. Ойы өте таяз екен. 🙌🏻 Нұрмахан жаны шығып түсіндіргеніне риза болдым. Шығарылымға рахмет!
@ЭльмираАзатова-в9ф
@ЭльмираАзатова-в9ф 10 ай бұрын
Дарханның ой өрісі бұрыннан таязғо, білдірткісі келмей кісі боп отырады. Енді айтып отырған жоқпа Қоянбаевқа берілмедім деп
@hcbjkbllh
@hcbjkbllh 10 ай бұрын
@@ЭльмираАзатова-в9фБұл адамдыкы өмірі сол,өзін дохуя крутой бунтарь,не такой как все қылып көрсеткісі келеді.Біреу оған жоқ сенікі дұрыс емес десе,қабаған ит құсап шығады,атылып.Көп ойланып,кітап оқу керек.Таяз адам.
@thew-w6p
@thew-w6p 7 ай бұрын
Дархан өз ойын айттығой,айтып тұрғаны вообще қате емес даже. Әр адамда жеке ой боладығой,таяз дегеніңіз енді дұрыс емес
@АйданаМергенова-ф3ц
@АйданаМергенова-ф3ц 10 ай бұрын
Нұрмаханның пікіріне 100% қосыламын! Осылай ойлайтын ұлт жанашырлары көбейсін! Ең болмаса қазақша сөйлеп ұлтымызға қызмет етейік!
@Sarrykyz
@Sarrykyz Ай бұрын
Мен де қосыламын. Дарханның позициясына қарап, менің ортамдағы ШҚО адамдары да осындай позицияда екенін аңғарып отырмын. Неге олай екен? Және тағы бір мәселе, Нұрлан Қоянбаев келіп жақсы тақырып көтерген кезде, жоба жүргізушілері оны әзілге айналдырып, дұрыс сөйлетпеді негізі.
@sonyagamburger
@sonyagamburger Ай бұрын
@@Sarrykyz жақсы тақырып қозғады екен деп, форматтан ауытқымайтын шығар
@СагиКенесбек-н1т
@СагиКенесбек-н1т 9 ай бұрын
Еркебұлан нағыз жігіт! Осындай ер азаматтарымыз көбіе берсін,өзіміз қазақша сөйлеп талап етпесек,ешкімге керек емес,әрбір кішігірім нәрсені өзгерткің келсе,ең бірінші өзіңнен баста!
@ШырынАсылбекова-и4и
@ШырынАсылбекова-и4и 10 ай бұрын
Бұл жолы Дарханның емес, Еркебұланның ой-өрісіне таңырқап, тамсандық бәріміз. Тіліміз жасасын. Өз елімізде туған ана тілімізде емін-еркін сөйлесейік!!!
@Islam19.29
@Islam19.29 10 ай бұрын
Еркебұлан нағыз жігіт екен. Білімді, ойы дұрыс! Қазақты қазақ қолдамаса, сырттан ешкім болсын демейді бізге, бауырлар!
@korkemiim
@korkemiim 10 ай бұрын
Көптен күткен шығарылым болды. Нұрмаханның ойлау өрісіне таң қалдым, қаншама оқырманға түйетіндей ой салды деген ойдамын. Басқа шығарылымдарда болмашы әңгіме, мағынасы жоқ әзілдер болса, осы шығарылым өте ерекше болды🔥 Бүгінгі қонаққа үлкен рахмет! Осындай өзекті тақырыпты қозғап, қаржылық сауаттылықтан бөлек, ұлтшылдықты насихаттайтын тұлғалардың соншалықты жаны ашып, осы тақырыпты ауқымды түрде көтергені үшін ризамын. Барлық әңгіме “Қазақ десең өзіңе тиеді” деген сөзге тіреліп тұр. Қазақша контентті күлкімен ғана емес, пайдалы инсайтпен де дамытайық. Терең ой салғандарыңыз үшін мың алғыс. Қазақ тіліміздің құлдырауына жол бермейік. “Тілім жексұрын болғанша, мен жексұрын болайын.” Осы бір сөзге мән беріп қарайық, халқым!
@keyipker.
@keyipker. 10 ай бұрын
Көп рахмет болады алдағы уақытта жай ескерту ретінде
@zhubatkanovafatima
@zhubatkanovafatima 10 ай бұрын
Дөп айттыңыз. Жарайсыз. Орынсыз ыржаң, бос күлкі көп болатын негізі. Уақытымыз осы жолы мағыналы әңгімеге жұмсалды.
@ramilyanur1731
@ramilyanur1731 10 ай бұрын
Ғалымжан, дұрыс айтады. Біз қарапайым халық өзіміз де қолданбасақ, ешкім біздің тілді қолданбайды және қолдамайды! Бұрын өзімде де осындай ой болатын әр адам өзіне ыңғайлы тілде сөйлеу керек деп, қазіргі таңда ойым өзгерген ( оған септігін тигізген мына кәріс фильмдері: Мальмои ( Ана тілі туралы), Бостон 1947 және Пограничный остров Кунхамдо. Сондықтан өз тілімізді құрметтейік! Тағы айта кетер зат ол қызмет көрсету саласынды шынымен қазақша сөйлесен немқұрайлы қарайды, сондықтан талап етіп, қазақшаға тіл жаттықтыру қажет.
@Pkpkpk-k2m
@Pkpkpk-k2m 10 ай бұрын
Нурмаханның ой өрісіне таң қалдым өте жақсы сөйледі!👍🏿
@erdash443
@erdash443 6 ай бұрын
Инста барма?
@nice-videos1
@nice-videos1 10 ай бұрын
Жарайсың бауырым. Жәнеде осы бауырымды қолдап сөзін сөйлеп отырған екі жүргізушіге алғысым шексіз. Өте керемет жеткізіп айттыңыздар. Ауыз екі тілмен қарапайым халыққа түсіндіріп бердіңіздер. Жас жүргізуші жақсы айтты. Я егер осылай жалғаса берсе. Тіліміз ұмытылып Ресейге кері бодан ел болумыз мүмкін... Келген қонаққа және екі жүргізушіге қолдап отырған ерекше респект. Алға жігіттер. Әркім өзінен бастау керек екен қазақ тілді талап етіп әр мекемелермен қоғамдық орындарда
@YerdauletTastanbek
@YerdauletTastanbek 10 ай бұрын
Керемет шығарылым 🔥🔥🔥 Қазақ тілі туралы айтылған ойға 100% қосыламын, өз елімізде өз тілімізде еркін сөйлеп жүруіміз КЕРЕК!
@sagynyshmanas
@sagynyshmanas 10 ай бұрын
шығарылым😁
@assylkhan7797
@assylkhan7797 10 ай бұрын
90 миллионнанда қымбат проблеманы айтқаныңа рахмет Еркебұлан деген кісі✊👍
@galymzhanzhanykulov5571
@galymzhanzhanykulov5571 10 ай бұрын
🎉
@Shebulyabalden
@Shebulyabalden 10 ай бұрын
+
@ЕрканатТуралы-п5г
@ЕрканатТуралы-п5г 10 ай бұрын
Ұлың үшін емес ұлтың үшін өмір сүрейік қазағым !! Қазақ тілі жасай берсін!!!!
@nurgisazhumashev1275
@nurgisazhumashev1275 10 ай бұрын
Дұрыс айтасың, қолдаймын!
@ЗангарЕрканат
@ЗангарЕрканат 10 ай бұрын
Дурыс аитасыз
@АсетШарипбек
@АсетШарипбек 10 ай бұрын
Әр әзілде бір шындық . Қәзір жастардың барлығы осындай әзілді кештерді көред , осындай жерде қазаққа қазақша ой салу ол өте керемет.
@forstudy7040
@forstudy7040 10 ай бұрын
Бүгін Нұрмаханның ақыл, ой өрісіне таң қалдым. Данияр күлдірттің ау әбден💘
@adikus1997
@adikus1997 10 ай бұрын
Еркебұланның позициясы өте дұрыс қолдаймыз! шығарылым менің көңіл күйімді көтеріп ғана қоймай патриоттығымада әсер етті! Қазақша контентті қолдайық, қазақ тілінің дамуына үлес қосайық!
@AbekeBaltabaev
@AbekeBaltabaev 10 ай бұрын
Әзіл болды,Ой болды.Тіл тақырыбы бұл шоуда көтерледі деп ойламадым.Таңқалдым.Тілдің жанашыры дегенде үлкен кісілердің сұхбатын көретінбіз.Бірақ жастардың да айтары бар екеніне көзімізді жеткізген бағдарлама болды.Рақмет Еркебұлан.Рақмет Интелегентно QU.
@atrix1827
@atrix1827 10 ай бұрын
Керемет шығарылым болды, Нұрмахан мен Гала ның айтқандарымен келісем. Мен өзім осындай трц да сатушы болып істеймін орыс болсын басқа ұлт болсын бәріне өзіміздің тілде амандасып, қоштасуды әдетке алып жүрмін, себебі байқағаным расыменде келетін сатып алушылардың 99% орысша сұрайды, орыс емес, қазақтар келіп орысша сөйлеп, балаларына орысша түсіндіріп тұрғанда қапы қалам қатты. Біздегі құлдық сана деп есептеймін бұны, орысқа ыңғайлатып, қазақ тілінде сөйлеу ұят деген түсінікті жою керек. Өзім бала кезімнен айналамдағы достарыммен орысша ғана сөйлесетінмін, оқитын кітаптарда орысша бірақ үйде отбасым таза қазақша сөйлеуді құптайды, әкем бала кезімізден қазақилыққа тілдің маңызын, оны білуді талап етуді үйреткеніне қуанам. Орыстарға ешқандай агрессия білдіргім келмейді, бірақ базовый оларда білуі қажет деп есептеймін. Және тағы бір оқиға бар тілге қатысты, мен өзім аудармашы мамандығына оқимын Астана қаласында, негізі біздің группа қазақ тілінде болуы керек еді, бірақта қазақ тобы бала саны аз болғандықтан орыс группамен қосып қояды, енді мәселе олардың бізге беретін білімі 100% орыс тілінде өтеді сабақтардың жартысы, топта орысша түсінбейтіндерге мүлдем бәрібір екені, таза дискриминация сезінеміз. Директорғада кірдік, білім берушілер ия деп қазақша айтып бастасада сабақ соңы орысша жалғасып кетеді. Сондай жағдай, бұл негізі Дархан айтқандай өте оңай проблемаға кірмеймін деген оймен жүрсе бәрі, тіліміз ұмытылып кетеді расымен. Тіліңді жоғалтсаң, Діліңді жоғалтсаң Жоғалтасың, жоғалтасың бәрін…
@ЕрасылКамалулы-х4ю
@ЕрасылКамалулы-х4ю 10 ай бұрын
Дарханның бүгінгі ой-өрісіне ішім күйді. Недеген дұрыс емес ой-өріс. Дарханнан ондайды күтпедім, қалған жігіттер жарады!
@ГазизаГазиза-щ3я
@ГазизаГазиза-щ3я 10 ай бұрын
Принцип ұстап қалды қырсықтықпен
@РашидМынбай
@РашидМынбай 10 ай бұрын
​@@ГазизаГазиза-щ3яия принцип устап калды
@МеирханМусахан-н8л
@МеирханМусахан-н8л 10 ай бұрын
Шығарылым өте жақсы шыққан. Ұлтқа қызмет мінезден демекші, іштегі қазақылығымызды оятып,әр қайсысымыз кішкене болса да ұлтымызға,тілімізге,дінімізге,ділмізге құрмет көрсетіп,қызмет жасасақ нұр үстіне нұр болар еді. Жалпы менің ойымша әр қазақ Өзбекәлі Жәнібек атамыздай болуымыз керек. Еркебұлан жерлесімнің,құрдасымның ойына толықтай қосыламын. Сыйлық бұйыртса екен
@ahanovazhanara7910
@ahanovazhanara7910 10 ай бұрын
Нұрмахан аға қонақтың әңгімесін дұрыс түсінген жалғыз адам ❤ риза болдым 😊 маңызды әңгімені сауатты әрі әзілмен жеткізе білді❤
@beknurdaurenbek_03
@beknurdaurenbek_03 10 ай бұрын
Біріншіден Еркебұлан ағаны көріп шынымен қуандым, өмірде көрген таныс ағам ретінде осындай жерде қазақтың ұлттың мәселесін көтеру үшін осы жерге келіп және оны сатып алып жатқанына қуандым. Екіншіден мынау шығарылым өзіме қатты өтті, әзіл жағынан, мағына жағынан, сондықтан қазақ тілін қолдайтын адам ретінде дәл осы шығарылымды 1-ші орынға қояр едім!
@farizatoktakulova
@farizatoktakulova 10 ай бұрын
Нұрмахан өте орынды және әдемі жеткізе білді ойын. Гала да өз ойымен таңқалдырды ( оны жеңіл деп ойлаушы едім) ал Дархан әттең-ай…
@ogiljanraimova
@ogiljanraimova 10 ай бұрын
Мен Түркістан қаласында тұратын өзбек ұлтынанмын, әрқашан қазақша сөйлейтін, қазақ мектепте оқыған, қазақ ортасын жақсы көретін қызбын🥰орысша сөйлемей тек қазақша жауап беріп жұмыс істеп жүргеніме выпускты көріп марқайып қалдым🫶🏻 “Интелегентно қу” әр выпускты,Шәй әңгімені қалдырмай көріп,Сіздердің қазақ тіліне көп үлес қосқандарыңызды да айта аламын.Жүргізушілерге көп рахмет,жобаларыңыз дами берсін🙌🏻
@АнарМаннапова
@АнарМаннапова 10 ай бұрын
Қазақ тілін өсіретін де өшіретін де өзіміз. Мен өз басым администратор болып жұмыс жасаймын. И ендігі пациенттеріме "сау болыңыз деген сөзбен қоса күніңіз сәтті өткін " деп айтатын боламын. Қазақ тілінде сөйлейтін адамдар сауатсыз деген стреиотипті жоятын сәт міне!
@ak4v
@ak4v 10 ай бұрын
Өте керемет шығарылым болды! Әзіл аралас ұлт мәселесі тіл туралы, қазіргі кезде қозғала бастаған мәселенің бірі ! Еркебұланға және жігіттерге риза болдым, әзілмен бірге саяси мәселені және тіл мәселесін қатар алып жүрген! Өзімеде осындай тақырыптар ұнайтын еді, осы тіл мәселесі туралы қозғағым келіп жүрген көп адаммен. Сіздерден естіп бір жеңілдеп қалдым. Қазақ тіліне қосатын үлестеріңіз көбейе берсін жігіттер жәнеде Интеллигентно Қу жобасының қызығы әрдайым таусылмасын!😊 Ендігі келесі шығарылымды асыға күтеміз❤
@bekarysqz9494
@bekarysqz9494 10 ай бұрын
Еркебұлан жарайсын ҰЛТЫМ ДЕГЕН ҰЛ ЕКЕНСІҢ 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@sssmsw
@sssmsw 10 ай бұрын
Ассалаумағалайкум Жігіттер! Қалайсыңдар? Мына шығарылым өте керемет болды..Бұл тек бір адамның емес бүкіл Қазақ қоғамның мәселесі..Жалпы Ата Бабамыздың да көздеп айтып кеткен мәселесі..100% қолдаймын..Еркебұланғада жеке рақмет! Осындай мәселесін алып келіп талқыға салған..Сосын қосып жіберейін орысшаларды қазақылап ретке келтіруге болад..Келтірерсіңдер күмән жоқ..Қазаққа қазақтың жаны ашымаса ешкімнің жаны ашымайд..Ұзын сөздің қысқасы РАХМЕТ сендерге..Дами беріңдер..Біз сендермен біргеміз...
@adai2lv7jl5y
@adai2lv7jl5y 10 ай бұрын
Ассалаумағалейкім жігіттер! Әдемі шығарлым болды қазақ тілі жайында, менің айтбағым сіздердің қазақша қызмет алу дегеніңіз 90 шы жылдардың басында шығыс Европада солай болған. Ол Латва, Литва, сол елдер солай Латыш тілімен амандасады ал дүкенші орысша жауап берет солай тағы бір латыш келед олда латыш тілімен сөйлеседі солай орыс сатушының өзі латыш тілінде сөйлеп кетеді. Ол практикадан өткен тәжрибе. Еркебұланның айтқаны дұрыс. Сұраныс бар жерде ұсыныс әр қашанда болды. Жұмыстарыңа табыс алға жігіттер.
@МадиЖанайдаров
@МадиЖанайдаров 10 ай бұрын
Өте жақсы шығарылым болды. Ең керекті, өзекті мәселені көтерді. Еркебұланның айтқаны өте орынды талап ете білу керек және ықпал ете де білу керек. Бұл шығарылым осы кезге дейінгі шығарылымдардан ерекше болды, бірінші сауатты, сөйлеу мәнері жақсы және де проблемасы да өте керемет. Өзінің ғана емес басқалардың да проблемасын шешуге ат салысты десем де болады.
@НазеркеТурсынбек-с9б
@НазеркеТурсынбек-с9б 10 ай бұрын
Өөте актуалды тақырып,орыс тілін бәрі түсінсе де,өзіміздің елде еркін сөйлеуге құқығымыз бар.Ол үшін ұялып,ыңғайсыздану да керек емес.Респект қозғағаныңыз үшін осы тақырыпты,Еркін мырза✊🏻 Бәріміз ат салыссақ қолдан келеді ғой,барлық жерде қазақша сервисті дамыту,сол үшін барлығымыз бірге ат салысайық,бірге қолдап,дамытайық❤
@МечтаКлиент-ю2г
@МечтаКлиент-ю2г 10 ай бұрын
Актуалды емес өзекті*
@nrbksprgly
@nrbksprgly 10 ай бұрын
Осы жаңа шығарылымды көріп болдым! Нұрмахан мырзаның өзіндік ойы,айтқан пікірі өте керемет деңгейде болды.Расымен де бәріміз өзімізден бастауымыз керек,өзім де кәдімгі үй алдындағы дүкендерге кіргенде,ойын-сауық орталықтарында жүргенде үнемі қазақша сөйлеймін. Кіре салысымен Сәлеметсіз бе? Болды.Әрі қарай қазақша жауап қайтса өнімін қолданамын,қарап шығамын,сөйлесемін. Ал егер қазақ тілінде қызмет ала алмайтынымды білсем жәй ғана шығып кетемін,бұлай жасауым көп деңгейде әсер етпеседе мен секілді өзімнің ауданымда тұратын кемі 100 адам осылай өзінің тілі үшін әрекеттенсе,расында біраз өзгерістер байқалатын еді.Тіл- ол сенің еліңнің,жеріңнің,мәдениетінің кілті.Ал ол кілттің құлпы(біздер)нашар деңгейде қолдансақ,өзіміздің жанымыз ашымаса,онда басқалар да оны түк қажет етпейді деген ойдамын.Тілі жойылған халықтың өзі де жойылатынын естен шығармауымыз қажет.
@Dem667
@Dem667 10 ай бұрын
🇰🇿❤️Басында ойлап едім қызық болмайтын шығар себебі спонсор келдіғой деп,қателесіппін өте қызықты, күлкілі және де мағыналы шығарылым шығыпты.Еркебұланның азаматтық позициясы үшін рахмет,Қазақша контентті қолдап ,тырысып жүрген Интеллегентті қу ұжымына мың алғыс!🔥
@qazaq_eli1445
@qazaq_eli1445 10 ай бұрын
Футболка сенікіғо брат 🔥🔥🔥
@dalakonde2326
@dalakonde2326 10 ай бұрын
ерінбей жазднба🤣 хорош,футболка твои точно
@ХамитҚуат
@ХамитҚуат 10 ай бұрын
Лучший комент😍😍😍😍
@pomojemdokonca
@pomojemdokonca 10 ай бұрын
құтты болсын,футболка сенікі болатын сияқтығо🎉🎉🎉
@Қазаққазақ-л9л
@Қазаққазақ-л9л 10 ай бұрын
Поздравляю с футболкой🔥🔥🔥
@yedil_myrza
@yedil_myrza 10 ай бұрын
Ай жарайсыңдар жігіттер! Қазақ тілін ойлап, ой қозғағандарына рақмет! Мәдени майданда жүрсіндер, соны ұмытпандар!
@ertaspa_9
@ertaspa_9 10 ай бұрын
Осы ТҮСІРІЛІМГЕ өз жеке пікірім- 2-3 рет қайталап көруді кеңес беремін. 1 рет көріп сын айтуға болмайды- себебі қаншама пайдалы, астсрлы ақиқаттар айтылды. Қазақ тілді қорғам отсыз кәдімгідей 👍 ризамын. Қазақ тілі өзімізге керек. Өзіміздің тілімізді дамытатында, қорғайтында, пайдаланатында өзіміз. Әр кім өзінен бастау керек. Сырт көзге өтірік патриот болмвй, қазақ тілде шынайы жан-ашыр патриот болайық. ❤
@ТунгышбайРусланов
@ТунгышбайРусланов 10 ай бұрын
Дарханын ой өрісі тайяу екеніне көзім жетті осы жерде. Чай әңгімены қарап жүр едім, мынадай әңгімесінен кейын ренжіп отырмын(( Нұрмахан мен Гала респект сендерге👍🏻
@daukenkassym
@daukenkassym 10 ай бұрын
Ашаршылық көрмеген Ас қадірін білмейді Жаяушылық көрмеген Ат қадірін білмейді тіл қадірін білмей тілімізден айырылып қалмайық өзіміз талап етпей ешкім бізге ештеңе істеп бермейді жыламаған балаға емшек жоқ билік те халықта тіл үшін ұлт үшін қызметте бірге болуымыз керек қолдаймын әрине 🇰🇿🇰🇿✊✊✊
@bozhbanbaeva
@bozhbanbaeva 5 ай бұрын
Барлық шығарылымды қалдырмай көремін. Бірақ дәл осы шығарылымда Дарханға деген ой өзгерді, өзінің жеңіл көзқарасымен, қырсық принциптарымен соңына дейін отырды. «Не конфликтный адаммын» дегені және т.б жеңіл сөздері мүлдем бұл тақырыпқа сәйкес келмейді. Бар ойымды жеткізе алмай отырмын, бірақ осылай ойлап отырған адамдарға қосыламын. Дәл осы шығарылымда Нұрмахан мен Галаның әңгімесі ТОП, адамның сұранысын тіке түсініп, дұрыс қабылдап отыр. Рақмет!
@bekashortss
@bekashortss 10 ай бұрын
Даниярдың порталға кірмей қалған әзілдерііі біз біргеміз😂
@sssmsw
@sssmsw 10 ай бұрын
бір ғана банда дейма 😅
@НұрайСерікқызыБақыт
@НұрайСерікқызыБақыт 10 ай бұрын
Еркебұлан Әріпбай мырзаны қазақ пікірсайысынан танимын.Өте мықты тұлға.Керемет мәселе көтерілді.Өз тілімізде өзіміз сөйлеспесек,өзіміздің жанымыз ашымаса,түбі жоғалтып аламыз!
@whym_
@whym_ 10 ай бұрын
Осындай өте маңызды тақырыпты қозғап отырған қонаққа рақмет. Дұрыс айтылды, Нұрмұханның позициясымен толықтай келісем. Тек Дархан неге қуып отырғанын түсінбедім, басымдылыққа көне бермей, өз тілінді 1 орынға қой.
@_akyn_kyz
@_akyn_kyz 10 ай бұрын
Жақсы тақырып қозғалды. Қазіргі өсіп келе жатқан балалар да орысша жақсы сөйлейді. Әр азамат қазақша сөйлетуге ықпал жасау керек. Мінез керек деп дұрыс айтты,қазақ рухты халық қой, мінезін көрсетсе қазақша сөйлете алады. Бірақ көп қазақтар Дархан сияқты ойлайтын сияқты. Конфликт болмау үшін қазақшаға түсінбей тұрса орысша сөйлей саламын дейді. Ал мінез көрсетіп, талап ететін болса бәрі қазақ тілінің дамуына қарай ығысар еді. Әр азамат қазақша сөйлеуін талап етуі керек!
@DarkhanOspanov
@DarkhanOspanov 10 ай бұрын
Оо шықты! Енді флэшканы үйге әкеп тастаңдаршы, маған шәй әңгімені монтировать ету керек!
@ernur5153
@ernur5153 10 ай бұрын
Бәріміз жиналып Дарханға бөлек флешка алып берейікші 🥹🥹🥹
@esenzhanyoutube1356
@esenzhanyoutube1356 10 ай бұрын
ол қашан шығады?
@bauyrzhan01
@bauyrzhan01 10 ай бұрын
тез апарыңдар тезірек шықсын шәй әңгіме
@dilnazoralbayevaa
@dilnazoralbayevaa 10 ай бұрын
Кеше шыктыгой 🎉
@Aieken
@Aieken 10 ай бұрын
​@@ernur5153Флэшка тек операторға ғана керек ау
@zhubatkanovafatima
@zhubatkanovafatima 10 ай бұрын
Еркебұлан тілге деген жанашырлығыңызға ризамын. Алла разы болсын. Қазақ тіліне деген құрметті Димаштың шетелдік тыңдармандарынан көріп, елдегі шалақазақтар үшін ұяламын
@Kasietkairatbekuly
@Kasietkairatbekuly 10 ай бұрын
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!✊ Өте керемет шығарылым🔥
@yertayasqaruly5192
@yertayasqaruly5192 10 ай бұрын
Меніңше қазақ тілінің сыналар сәті енді келген сияқты. Себебі осы кезеңге дейін, қазақ тілінің жоғалмай келгені , оны өзгелер құртқысы келгендіктен.Ал қазір соның нәтижесінен бе? білмедім дәл қазір қазақтардың өздері безіп бара жатыр. Осы ең қорқыныштысы деп ойлаймын Өткен жылдарымыздың барлығында, қазақтар да оның тіліде намысты қазақтардың арқасында тірі қалған сияқты. Ал қазір сол кездегі намысы әлсіздердің кесірінен туған балалардың істеп жатқан әрекеті мен айтып жатқан әңгімесі құлдық сананың әсері. Ұлан ғайыр атырапты “вперед”деп ешкім қорғап қалған жоқ алдағы уақытта қорғамайды да сондықтан барынша жауапкершілікті сезіне білейік Қазақ тілінің мекені тек көк тудың астында ғана……. Сіздер үшін жазбаларымды ақтарып кезінде күйініп тұрып жазғанымды осында қалдырайын деп шештім
@jannuraaiymbetova3670
@jannuraaiymbetova3670 10 ай бұрын
Еркебулан мырза осы выпусктын шыгуы ушин акша толеп, келгенинизге коп рахмет 👍осындай магыналы оте жаныма жакын создер айтылды жане менде дал осы позицияны устанамын казак тилинде кызмет корсетуин сурайык сонда гана натиже болады. ✊
@Abdullah17kz
@Abdullah17kz 10 ай бұрын
Нұрмахан жарайсын, Еркебұлан өте маңызды тақырыпты қозғап жатыр қолдайық өз тілімізді бауырлар🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@AssimaTursynbekkyzy
@AssimaTursynbekkyzy 10 ай бұрын
Өте мықты эфир! Ең өзекті мәселе қозғалды! Осылай барлық платформаларда қазақ тілін таңдау туралы ой айтыла берсе болашақта қазақ тілі өз орнын қайтарып алады деп ойлаймын! Әрине көп тілді білу дұрыс, бірақ өз тілімізді өзіміз қолданбасақ, басқа кімге керек ол! Қазақ тілі өзімізге керек ! Еркебұлан мырзаның осылай арнайылап келіп айтуы үлгі боларлықтай іс екен! 👏
@jainamalimkoja
@jainamalimkoja 10 ай бұрын
Қазақ тілін талап ететіндер- орыс тілін немесе басқа тілді білмейтін сауатсыздар, сондықтан бейшаралықпен өз тілін қорғайтын адамдар емес! Осындай ойды мидан алып тастау керек. Үш тілді білсек те өз мемлекетімізде қазақ тілінде сөйлеп, тіл мәртебесін бірлесе көтеруіміз керек. Ең үздік шығарылым болды. Осындай ойлы адамдардардың қатары көбейе берсін. Тек әлеуметтік желіде емес, шынайы өмірде әрекетпен көрсететін адамдардың қатары көбейгей.
@ДиасРайымбек-з8ь
@ДиасРайымбек-з8ь 10 ай бұрын
Мына шығарылымнан соң әрине мейрамханада(кафе, ресторан) қазақша мәзір талап ету ойға таааххх ете қалды,жақсы идея, конституция заңы бойынша айтқаны вообще тема кетті.
@ShadowKZpeek
@ShadowKZpeek 10 ай бұрын
Ғала адам болып кеткеніне қуанып тұрм, красавчик Ғала, әңгіменің жаны бар!
@tusinik
@tusinik 10 ай бұрын
Осы жолы Дарханның ой өрісіне таң қала алмадым, тіл мәселесіне келгенде
@АбатГабдешев-у8е
@АбатГабдешев-у8е 10 ай бұрын
Сендердей жігіттер барда қазақ тілі ешқашан өлмейді...жарайсыңдар...
@erkeansar
@erkeansar 10 ай бұрын
Өте қызықты болды. Келген адамнан біраз нәрсе үйренуге болады екен. Дами беріңдер!
@organizm
@organizm 10 ай бұрын
Мынадан кейін спонсорларға сіздер ақша төлеу керек сияқтысыздар ғой😂
@ЖахангерРахманберды
@ЖахангерРахманберды 10 ай бұрын
Асеке желание бар ма шығуға😂
@organizm
@organizm 10 ай бұрын
@@ЖахангерРахманберды Примерно аудиториясын қарау керек қандай екенін)
@МалдыбайОМ
@МалдыбайОМ 10 ай бұрын
Нұреке азаматтық позицияңды қолдаймын. Өзімде сондай ойда жүрген едім. Тамаша жігіттер, жарайсыңдар! 👍👍👍 Дами беріңдер!
@Mozaikakz
@Mozaikakz 10 ай бұрын
Дархан осы жолы ұнамады айтқан сөздері ұстанып отқан ойлары принциптары.Еркебұлан мен Нұрмаханнын Галаның айтып отқаны өте орынды.
@АсельИбраева-л4в
@АсельИбраева-л4в 10 ай бұрын
Дурыс айтады Еркебулан! Аркимимиз казакша жауак беруге немесе казакша ас мазирин сурасак,биз жактан(казак тилинен)сураныс коп болса,олар ойлана бастайды,оларга ен бастысы сураныс емес па?
@erdauletorynbai5508
@erdauletorynbai5508 10 ай бұрын
Иа, өте керемет шығарылым Қазақ тілінің өлмеуіне ой салармықтай болды 👍 Әр қазағым осыны қолдауға тиіс❗️
@meir5846
@meir5846 10 ай бұрын
Еркебулан жарайсың Дарханың ой өрісіне бүгін танғалмадым
@zhubatkanovafatima
@zhubatkanovafatima 10 ай бұрын
Нұрмахан мен Ғалымжанның шырылдауы жөн-ақ. Қазақ деген аз ғана халық. Әлемнің 9-территориясын бабаларымыз қандай еңбекпен бізге беріп кетті. Жұмылып тілімізді көтеруіміз керек. Өзге ұлттар суымызды ішіп отырып қазақ тілін үйренуіне міндетті деп ойлаймын.Негізі олар қазақтардың жұмсақтығын басынып жүргендей.Менсінбейтіндіктерін де байқап қаламыз. Барлық қызмет көрсету орындарында ана тілімізде сөйлеп, тіліміздің қолданысын арттырайық. Еркебұлан Әріпбайға рахмет.
@baxataxa6838
@baxataxa6838 10 ай бұрын
Ее мықты осы шығарылым, мендеде осы тіл мәселесі бар еді. Қазақстанда тек Қазақ тілі болу керек деген, ешқашан сынбаңдар, біз әрқашан сендерді көреміз Қазақ топтарын қолдан келгенше жан- жақа жаямыз. Негізі, болмайды десең ештеңе болмайды екен, мен Солтүстік Қазақстанға көшіп келгем, біз келгенде барлығы орыс тілде еді. Қазір, Аллаға шүкір қазақ тілді адамдар көбейіп атыр. Бір адам болсын өзгертем десе, Алла оған көмек болады. Ешқашан Қазақ тілді жанрды тоқтаптаңдаршы.
@aibarqyzy
@aibarqyzy 10 ай бұрын
Бұл жолы Дарханның емес, Нұрмаханның ой-өрісіне таңқалдым🔝🤩
@adikgemer6961
@adikgemer6961 10 ай бұрын
Өте керемет тақырып қозғалды , Дұрыс Қазақ тілі🇰🇿 әрдайым бірінші орында тұруы керек Осындай тілге деген жобалар көп болсын ✊
@Zhuzi675
@Zhuzi675 10 ай бұрын
Менің ең жүрек ауыртатын тақырыбымның бірі. Мен өзім қызмет көрсету саласында жұмыс жасаймын,мектеп жасындағы жас өспірім ,Қазақ балдар келіп,қазақша түсінбей,мәңгүрттеніп отырады🤦🏻‍♀️Келер ұрпақ,болашағымыздың түрі сондай мысалы.Соларды көріп,жүрегім ауырады!
@molyazhaulybay
@molyazhaulybay 10 ай бұрын
Осы шығарылымнан кейін менің бір, бұрыннан ойланып жүрген, мәселем шешілді десем болады. Өз парақшамды қазақша жүргізуге серпініс берді, бұған дейін екі тілді болған. Ұят әрине, бұл мәселе өздігінен бұрыннан болмағаны. Мен үшін, әзірге ең ерекше шығарылым болды!
@galymzhanzhanykulov5571
@galymzhanzhanykulov5571 10 ай бұрын
Қуаныштымыз❤
@aikerim11
@aikerim11 10 ай бұрын
Еркебұлан, Нұрмахан жарайсыңдар. Қазақ тілім деп шырылдағандарыңа рахмет. Орыс тілінде сөйлеуге міндетті емеспіз
@bibiaiiiishaaaa
@bibiaiiiishaaaa 10 ай бұрын
Мен сатушы (продавец) болып жұмыс жасаймын. Орыс тілділер көп келеді расында. Қазақтардың да жартысы орысша сөйлейді. Тіпті, қазақ адамдар орыс тілін талап етіп тұрады.Қазақша сөйлеген өтее әдемі естіледі негізі. Бірақ, өзім кафе, магазиндерге барсам қазақ тілінде амандасып, сұрақ қоямын. Біздің жасай алатынымыз тек сұраныс қазақ тіліне. Ал әр адам қай тілде сөйлейтінін өз жеке басы шешеді. Бірақ Қазақстанда қазақ тілі бірінші болуы керек.
@Nomad-r5w
@Nomad-r5w 10 ай бұрын
ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚАЗАҚА ҒАН КЕРЕК ✊️ Бүгін біз қазақша сөйлемесек ертен тіл болмайды .Мысалы Ресей дегі Якутия Татарстан сиякты елдер олардын тілін құртқан атарын өзі орсытанып кетткен қазір жаналық қарасандар Татарстан да татар тілін алып тастап жатр 30жыл орыстандырудын натижеси. Бізді де сол күтеді кәзір ден талап етпесек ✊️
@НурланКаракойлиев
@НурланКаракойлиев 10 ай бұрын
Дархан женил карайсын такырыпка.Дарханга жаксы айтты жай гана орыс тилине конесин деп Нурмахан Еркебуланнын ойындагысын жаксы жеткизип берди. Нурмахан 👏👏👏👏
@meiir_resmi_youtube6042
@meiir_resmi_youtube6042 10 ай бұрын
Өз елімізде өзге тілді білмей жұмысқа тұра алмай қалу Өз елімізде өзге тілді білмей сапалы қызмет ала алмау Өз елімізде өзге тілді білмегенің үшін ұялу,өз тіліңді талап етуден ұялу,өзге тілде сөйлей алмайтындардың үстінен қарау Өз тіліңді талап еткенің үшін сотталып кету Жұмысшымен келісім шаттың қазақша болмауы Және бұған бәріміздің қалыпты көзқараста қалуымыз ұят, тілге деген қиянат Орыстың журналисті Қазақстанда орыс тілінің аясы тарылып бара жатыр дегенді елеп,ескергеніміз ұят негізі. Өз еліңде өзіңнің тұғырлы тілің басты, баолығы қазақша сөйлеп жүрсе тұрса оның сөзін елемес едік Осыны оқыған әр қазақ барған жерінде қазақшаны талап етіп, тіпті шу шығатындай дәрежеде талап етсе барлығы өзгереді деп ойлаймын
@Serik_Olzhas.04
@Serik_Olzhas.04 10 ай бұрын
Ауқымды тақырып қозғалды, жарайсыңдар Жігіттер👏👏👏🙌
@bekarysqz9494
@bekarysqz9494 10 ай бұрын
Мә осындай әңгіме кезіңде маған бәрібір дейтін болса жанып кетемін, ҚАЗАҚ ТІЛІ жасасың 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@User-k8u9n
@User-k8u9n 10 ай бұрын
Еркебұлан отыр 3 сөзінің бірі орысша, сен отырсың н мен ңды ажырата алмай, бірақ қазақ тілі туралы әңгімені пересіңдер
@bekarysqz9494
@bekarysqz9494 10 ай бұрын
@@User-k8u9n е щщ бот кім жазады осындай комменттарды
@s.m.8385
@s.m.8385 10 ай бұрын
Жасасы Н
@bekarysqz9494
@bekarysqz9494 10 ай бұрын
Қазаққа мін тағып отырсын бірақ сен қайдан білесін т9 бәрін қате қылып жіберетінін
@ka3908
@ka3908 7 ай бұрын
Еркебұлан рахмет! Шыныменде кез келген жерде өз тілімізді сұрау керекпіз. Болмашы нәрсе болып көрінуі мүмкін бірақ жыламағын балаға емшек жоқ… Солай жайлап өз тіліміздің тамыры тереңдей бермек
@9395.
@9395. 10 ай бұрын
Бәрі жақсы болады!!! Қазақ тілі әлі ақ биіктерді бағындырып ғылым білім тіліне айналады. Барлық Қазақстандық қазақша сайрайды.
@ЖанияОспан-щ1у
@ЖанияОспан-щ1у 10 ай бұрын
Ия расында өз тілімізге жанымыз ашымаса өзіміз сыйлап құрметтемесек кімнің жаны ашыйды, әрбір адам өзіміздің қазақ тілміз үшін қолынан келгенінің жасап тіл үшін айанып қалмауымыз керек, бәрі өз қолымызда💪🏻 Керемет шығарылым алға интеллигентна қу жасай бер шығарылымдар шыға берсін❤
@Ai_Uanai
@Ai_Uanai 10 ай бұрын
Неге прикол ұсталған жерде норм әңгіме айтылмау керек деген ой бар?! Жақсы Интеллегенттно әңгіме мен де көңілді өткізуге болатынын, Бұл жобаға актуалды проблеманы көтерген жарасымды және қтімдірек екенін көргендей болдық. Еркін мырзаға көп рахмет
@galymzhankyrykbaev2976
@galymzhankyrykbaev2976 10 ай бұрын
актуалды -> өзекті, проблема -> мәселе
@yeldosramazan
@yeldosramazan 10 ай бұрын
Бұл екі сөз де халықаралық сөз, сол үшін қатты тырыспа)​@@galymzhankyrykbaev2976
@abuarysbay
@abuarysbay 10 ай бұрын
Өте керемет менің ішімдегі мұңның бәрі шықты,мен өзім қазақ мектебінде оқимын бірәқ мектеп орыстанып кеткен маған бұл өте жаман тиеді бұл видеоны көріп ол мәселенің шешімін тапқандай болдым РАХМЕТ СІЗДЕРГЕЕЕ!!! Түсімде INTELLIGENTNO QU көріп жүрмін көрдіңіздерме түсіме кіру дәрежесіне жеткендеріңізді
@gulzadaabdukhamit
@gulzadaabdukhamit 10 ай бұрын
Еркебұлан аға қанша уақыт болды ғой бұл жобаға барғанына. Қашан шығады екен деп күтіп жүрген мен ғана ма? Еркін ағаның әрбір рилсын, әрбір сторизын қалдырмай көріп, курсын сатып алып, сол кісімен бірге дамып жатқыныма қуанамын👍). Керемет выпуск болған. Сөз саптауы ерекше ұнайды өзіме😇).
@Ермекфизика
@Ермекфизика 10 ай бұрын
Кәдімгідей қуып ақылды әңгіме айтқан күшті екен. Білім үйрететін, өнер үйрететін әңгімелер қосасыздар деп ойлаймын. Идеяларыңыз әдемі.
@nessijumagulova9852
@nessijumagulova9852 10 ай бұрын
Өте керемет тақырыпты қозғады,көп адамның ойында жүрген мәселені жеткізді,өзіміздің Қазақ тілін қолдайықшы,қазір қазақша сөйлеу Трендте🇰🇿
@НазеркеАлтынбек-с6с
@НазеркеАлтынбек-с6с 10 ай бұрын
Машаллаһ барлық шығарылымдар ішінде ең керемет шығарылым болды👍Нұрмахан мырзаның ой өрісіне кезекті рет тәнті болдым және Ғалымжан ағаның айтқан әр пікірі мен үшін құнды болды.Дархан мырза сіздің контенттеріңіздің барлығы қазақша ол үшін бөлек респект,ризамын бірақ,жұмыстан бөлек азаматтық позицияңыздада қазақ тілі номер бірінші тұруы керек екенін ұмытпаңыз.Данияр мырза барлық шығарылым бойынша әзілдің патшасы басқа айтарым жоқ😂Барлықтарыңызға респект✊Қонаққа ерекше респект,осындай азаматтар көп болсын🔥
@elzhaskemal2842
@elzhaskemal2842 10 ай бұрын
Қазағымның жастары Ғалымжан, Еркебұландай болсын Құдай қаласа
@samgats.4214
@samgats.4214 10 ай бұрын
Өте жақсы өзекті мәселе болды.Себебі қазіргі уақытта өз елімізде басқа тіл қолданылуы өте өзекті мәселе.Бұны өзімізде шешсек болады,Яғни әрбір жерге барсақ,Мысалы дүкен болсын.Қазақша сөйлеп өз құқығымызды білуіміз қажет.Нұрмахан аға айтқандай өз тіліміз тек өзімізге қажет!
@Ais-01
@Ais-01 10 ай бұрын
Шығарылым үшін рахмет! Бұйырса спонсорларың көп болсын. Бұйырса қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап етеміз.
@allendulles4444
@allendulles4444 10 ай бұрын
Спонсор-Демеуші*
@Ais-01
@Ais-01 10 ай бұрын
@@allendulles4444 Рахмет жалған кезде ойыма келмей қойды ше
@aada77782
@aada77782 10 ай бұрын
ЕРКЕСІНДЕР ОСЫ ТАҚЫРЫПТЫ ҚОЗҒАҒАНДАРЫН ҮШІН👍👍👍✊✊✊ МЫНАНЫ МЕН ҚАЙТА ҚАЙТА ҚАРАЙМЫН ЖӘНЕ ПІКІР ЖАЗЫП ОТЫРАМ ӘР ҚАРАҒАНЫМ САЙЫН.
@АсхатКалбаев-у1х
@АсхатКалбаев-у1х 10 ай бұрын
оте керемет айтылды Тил маселеси Еркебулан мырзанын когамда болып жаткан маселе..Интеллигентно ку жигиттерге саттилик дами бериндер'''
@НормальныйБала
@НормальныйБала 10 ай бұрын
Керемет шығарылым болды. Әзіл, әңгіме барлығы өз нормасында. Менде қызмет көрсету саласында жұмыс жасаймын. Ауылда өскендіктен маған орысша сөйлеу қиындау болды.(коллегаларда орысша сөйлейді) Мен мақтана алатын жайт. Мен әлі сынбадым, қазақша сөйлей беремін маған орысша айтса да. Қызмет көрсету кезінде де қазақша сөйлеймін. Ал жеткен жетістігім - жұмыста уже қазақша араластырып сөйлейтін коллегаларым пайда болды. Мен әлі сынбаймын. Мен де қазақ тілінің дамуына өз үлесімді қосып кетемін (агрессиясыз😊). Жігіттер осындай сапалы контенттер көбейе берсін. ❤
@alimsadibek9605
@alimsadibek9605 10 ай бұрын
Өте өзекті мәселе көтерілді. 👏 қос қолымды көтеріп тұрып қолдаймын.
@osken_media
@osken_media 10 ай бұрын
Шығарылымды көрмей тұрып ойланып қалдым. Бірақ не айтар екен деген ой миымда тұрды. Жалпы жігіттер өте актуальды тақырып қозғалды, екі қазақ тұрып арамызға бір орыс келсе орысша сөйлеп кетеміз. Оны мойындай білу керек. Жалпы келешек үшін қазақ тілінің дамуына ат салысқанымыз дұрыс. Керемет орта, керемет вайб. Саналы ойлар✅ Жасай беріңдер✊
@asusay9382
@asusay9382 10 ай бұрын
Менің азаматтық позициям қазір тура осындай. Тек Қазақстандық киімдерді алуға, азық түліктіде ҚР жасалған деген белгімен алуға тырысамын. Қазір Швейцариялық компанияда жұмыс жасаймын. Қазақ тілін талап етіп жүрмін өз деңгейімде. Және өз елімде өз тілімнің бірінші болуы болу үшін соғысып жүргенімді қасымдағы қазақтардың таңқала қарайтыны қынжылтады. Не үшін орысша ыңғайлы ғой деп. Химия, физика, биология қазақша аударып керек емес дейтіні.( сол салада жұмыс жасаймын)
@dau1arys301
@dau1arys301 10 ай бұрын
Бұл дұрыс екен, бірақ химия физика дегендерді қазақша аударып керек емес, себебі қазақ тілі ғылым тілі емес шынымен, көптеген терминдер қазақша баламасы тұрпайы
@asusay9382
@asusay9382 10 ай бұрын
@@dau1arys301 ғылыми терминдерді аударып қажет емес. Бірак мүлдем аудармауда дұрыс емес. Қазақшасын оқи бере құлақ үйренеді. Қалыпты нәрсеге айналады. Біз орыс тілді ақпаратқа мұқтаж болуымыз дұрыс емес. Ағылшын тіліндегі ақпарат көздеріненде сол ақпаратты таба аламыз. Оданда жаңа ғылыми жетістіктерді аудармасын күтпей оқи аламыз. Сол жаққа басымдық беру керек. Ғылым саласында 2 жыл жұмыс жасадым, аудармамен айналыстым, мен үшін химия қазақша түсінікті, таңсық дүние емес. Және ағылшын тілінен көп аударма жасауға тырстым. Себебі орыс тіліне аударылмаған тың жыңалықтар ағылшын тілінде жетерлік. Огы орысшаға аударылып, қазақ аудиториясына жетем дегенше көп уақыт кетеді. Сол себептен ағылшын- қазақ тілі болса қарыштап дауға әсері сор.
@bolatqo
@bolatqo 10 ай бұрын
Ассалаумағалейкум! Қайырлы күн! Жалпы зайырлы мемлекет болғасын тіл бостандығы бар,бірақ өзіміз ауылда өскесін қалада орыс тіл деп қалыптасып қалған.Сол үшін көбісі қалаға бару үшін орыс тілін үйренеді.Сондықтан көп қалаларда,жерлерде адам орыс тілімен амандасып,өз керегін сұрайды.Бұл қате,бірақ бұл затты біз өзіміз осылай істеп алдық және осыған біз үйреншікті болып бара жатырмыз.Сондықтан бұл жерде жұмысшыны алғанда тіл білетін адамды алған дұрыс(қазақ,орыс,ағылшын)сол арқылы кез-келген клиент өзіне ыңғайлы сөйлейді.Қазақ болса қазақ,орыс болса орыс деген сияқты.Жалпы Еркебұлан деген сияқты ой-өрісі ашық жігіттер көп болсын✊🏻 Осындай шығарылым үшін рақмет🎉
@Zhansaya_alban
@Zhansaya_alban 10 ай бұрын
Басы тәтті, соңы қатты! Жәрайсындар жігіттер! Қазақша контент көргеніме аз болды, бірақ шай әңгіменің, IQ дың барлық шығарылымын көріп шықтым. Мен бір феномен байқадым: смсті қазақша әріппен жазатын болдым, жолдасыма қоймай сіздердің стычкаларыңызды айтамын түсінсін түсінбесін. (Қарағандының жігіті) Көш жүре түзеледі деген осы шығар 👏🏻
@qaimaqtv2199
@qaimaqtv2199 10 ай бұрын
Сіз үшін қуаныштымын🙌🏻
@Kontentmaker_gulsaya
@Kontentmaker_gulsaya 10 ай бұрын
Өте керемет тақырыпты көтерді Еркебұлан мырза. Тілді халық талап ету керек деген позицияңыз қатты өтті маған. Қолдаймын. 👋
@НурсулуАбдумалик-ь8м
@НурсулуАбдумалик-ь8м 10 ай бұрын
Қазақ тілін қозғағаны ұнады дұрыс айтады Еркебұлан аға
@beyourself7726
@beyourself7726 10 ай бұрын
Еркебуланды да, Магжанды да инстадан жаксы танимын. Контенттерин казакша жургизеди, тилге жанашырлыгын испен корсетип журген азаматтар. Молодцы, рахмет жигиттерге ИҚ-ды демеуши боп қолдап жатқандарына👏🏻 Енди баскалары илип алып кетсе осыны. ИҚ-дың кунделигинде айтылып еди осы маселе... Келесиде Магжанды болек тусириниздер, толык хрон арнап🔥
@medethanjangaliev8400
@medethanjangaliev8400 10 ай бұрын
Мнау таза котеретін ангіме болт Адемі Жарайсындар Джеги👍👍
@Kontentmaker_gulsaya
@Kontentmaker_gulsaya 10 ай бұрын
Интеллигентно қудың сапасы, форматы жақсаруда. Жігіттер бір-бірін тыңдайды, бұрын у-шу еді ғой. Сосын годный кеңес беретін бопты😄👍👍. Ал атмосфераны бұрыннан жақсы бересіңдер. Рақмет.
ҚЫРАН ТАЛАПБЕК | INTELLIGENTNO QU #10
1:15:24
Qazaq Stand Up
Рет қаралды 210 М.
人是不能做到吗?#火影忍者 #家人  #佐助
00:20
火影忍者一家
Рет қаралды 20 МЛН
黑天使被操控了#short #angel #clown
00:40
Super Beauty team
Рет қаралды 60 МЛН
ҰБТ PODCAST / PRIMBETOVV, DAKE ZZZ, ANSAGAN
1:12:12
QADAZ MEDIA
Рет қаралды 80 М.
МАРАТ ОРАЛҒАЗИН | INTELLIGENTNO QU #15
1:05:11
Qazaq Stand Up
Рет қаралды 194 М.
DE LACURE | INTELLIGENTNO QU #13
1:10:17
Qazaq Stand Up
Рет қаралды 222 М.
Ермек Шынболатов | IQ техникалық кеш
1:34:21
Darkhan Ospanov
Рет қаралды 50 М.
人是不能做到吗?#火影忍者 #家人  #佐助
00:20
火影忍者一家
Рет қаралды 20 МЛН