Жеті лақ мультфильм қазақша (плейлисттарды қара)

  Рет қаралды 6,366

Узнавай-ка

Узнавай-ка

Күн бұрын

Баяғыда бір ешкінің жеті лағы болыпты. Ешкі көк майсада шөп жеп, мұп-мұздай су ішуге орманға кетеді екен. Ол кетісімен лақтары үйшік есігінің күршегін іліп алып, өздері ешқайда шықпайды екен. Ешкі өрістен келген соң, есікті қағып былай дейді:
Лақтарым, шырақтарым!
Аша қойыңдар, аша қойыңдар!
Аналарың келді-
Сендерге сүт әкелді.
Жеті лақ есік күршегін ашып аналарын кіргізеді. Ешкі лақтарын сүтке тойғызып, қайтадан орманға кетеді. Ал, лақтары есікті мықтап жауып алады.
Бір күні қасқыр ешкінің әнін естіп қояды. Ешкі орманға кетісімен қасқыр жеті лақтың үйіне жақындап келіп жуан дауысымен айқайлай жөнелді:
Балаларым, балаларым,
Лақтарым, шырақтарым,
Есікті ашыңдар,
Сүт әкелді аналарын.
Лақтар қасқырдың дауысын естіп, былай дейді:
- Естіп жатырмыз, естіп жатырмыз. Бірақ бұл анамыздың дауысы емес. Біздің анамыз жіңішке әнмен ән салады, айтар әні де басқа.
Қасқыр не істесін. Ұстаға барады да, көмейіне жіңішке тіл салып беруін сұрайды. Өлең айтқанда дауысы жіңішке шықсын деп ұста көмейіне жіңішке тіл салып береді. Қасқыр қайтадан үйдің қасына келіп, бұтаның артына тығылып қалады.
Ешкі үйіне келіп, есікті қағады. Лақтар “Бұл кім” деп сұрайды.
Ешкі оларға әнін айтып береді:
Лақтарым, шырақтарым!
Аша қойыңдар, аша қойыңдар!
Аналарың келді-
Сендерге сүт әкелді
Жеті лақ есік күршегін ашып аналарын кіргізеді. Бәрі қасқырдың қалай келгенін, өздерін жемек болғанын анасына айтып береді. Ешкі лақтарын сүтке тойғызып, кетерінде қатты тапсырып кетеді:
-Егер біреу келіп, мен айтатын өлеңді түгел айтпаса және даусы жуан болса есікті ашпаңдар!
Ешкі кетісімен қасқыр есікке келеді. Содан жіп-жіңішке даусымен әндетеді:
Лақтарым, шырақтарым!
Аша қойыңдар, аша қойыңдар!
Аналарың келді-
Сендерге сүт әкелді
Лақтар анасы келіп тұр екен деп есікті ашады. Қасқыр кіре сала лақтарға жабылып, оларды жеп қояды. Тек бір лақ ғана ошақтың ішіне тығылып, аман қалады.
Ешкі келіп, лақтарды қанша шақырғанымен ешкім жауап бермейді. Қараса, есік ашық тұр екен, үйге жүгіріп келсе, ешкім жоқ. Ошақтың ішіне қарап еді, бір лақ тығылып отыр екен. Ешкі барлық жағдайды білген соң қайғыра жылай бастайды.
Лақтарым менің, шырақтарым менің,
Есікті бөтен біреуге неге аштыңдар,
Енді міне, қасқырға жем боп қалдыңдар.
Мұны естіген қасқыр, үйге кіріп ешкіге былай дейді:
- Сен ешкі неге менен көріп жатырсың, мен сенің лақтарыңды жеген жоқпын. Көз жасыңды тый да, орманға барып серуендеп қайтайық.
Олар орманға барады. Орманда ор бар екен, ордың ішінде от жанып тұр. Ешкі қасқырға былай дейді:
-Қане, қасқыр, көрейік, мына ордан кім секіріп өтеді екен?
Олар секіре бастайды. Ешкі оп-оңай секіріп өтеді. Қасқыр болса секіріп жатып орға түсіп кетеді. Қарны оның жарылып, ішінен бірінен соң бірі аман сау лақтар анасына секіріп шығады. Осыдан кейін ешкі лақтарымен бақытты өмір сүріпті.
Сөздік:
Ешкі-коза
Жеті-семь
Лақтар-козлята
Сүт-молоко
Қасқыр-волк
Ән-песня
Жуан дауыс-грубый голос
Ұста-кузнец
Көмей-гортань
Жіңішке дауыс-мягкий голосок
Бұта-куст
Қасқыр лақтарды жеп қояды-волк съел козлят
Бір лақ тығылып қалады-один козленок спрятался
Ор-яма
От-огонь
Бақытты өмір сүріпті-жили долго и счастливо

Пікірлер: 2
@АлпамысНурпеисов
@АлпамысНурпеисов Жыл бұрын
Ё
@Бейсен-н3з
@Бейсен-н3з 5 ай бұрын
😮😢и😮😮
Brawl Stars Edit😈📕
00:15
Kan Andrey
Рет қаралды 54 МЛН
Миллионер | 1 - серия
34:31
Million Show
Рет қаралды 1,6 МЛН
“Некесіз балаңыз кешегі жігіттен бе”
18:51
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 13 М.
су асты әлемі
7:50
Узнавай-ка
Рет қаралды 6 М.
Птичья Нога Веселые Видео + Еще Анимированные Сказки Для Детей
1:12:15
Kids Baby Club Russia - Мультфильмы для детей
Рет қаралды 294
Мама Знает как Заставить Моего Бывшего Ревновать
14:56