#Жетім

  Рет қаралды 514

Сан түрлі тағдыр

Сан түрлі тағдыр

25 күн бұрын

Кедей болса да, әке-шешем 1927-1928 жылдары қолындағы малын қосып, колхозға мүше боп кіріпті. Елдің бәрі көшіп, қоныстанып үлгермей жатқан кез, трактор, соқа дегеннен хабар жоқ. Жұмыстың бәрі білек күшімен атқарылады екен.
Әке-шешем кетпенмен жер жыртып, тұқымды қолмен себеді. Ауыр жұмыстан ауырып, 1930 жылы қайтыс болады. Мен жеті жасымда жетім қалдым. Бағып-қағатын ағайын ыңғайы келмеген соң, селолық кеңес төрағасы 5-6 жетім баланы жинап алып: «Сендер оқисыңдар, білмді адам болсыңдар. Өкімет оқытады», - деді. Арын деген көкпаршы сол кісінің ұйғарымымен бес-алты баланы өгіз арбаға салып, Жамбыл қаласындағы (бүгінгі Тараз) балалар үйіне қарай алып жүрді. Жолда жыладық.
- Сендер оқисыңдар, - деп өгіз арбашы жұбатты. Жалғызаяқ арба жол. Қошан қонысы арқылы кіші Аса өзенінен өтіп, иреңдеген жолмен түнімен жүріп, (ұйықтап та қалдық) таң ата қалаға келдік.
Сүлеймен (бүгінде Билікөл көшесі), Базар, Пушкин көшелеріне тас төселген екен. Сатырлап кетіп бара жатқан аттардың тұяғынан от шығады. Соған біз қызығамыз.
Қазіргі облыстық партия, атқару комитеттері, Ленин атындағы алаң тұрған жердегі биік үлкен жар үстінде Атшабар деген базар бар екен. Етегінде екі бұлақ бар. Жардың биіктігі елу метрдей.
Жардың бір жағы ор. Оның аржағындағы жазықты өзбектер мекен етеді екен. Олардың бір-бірімен жалғасқан үйлеріне, дарбазаларына қызыға қараймыз. Балпықтың сарайы деп аталған екі қабатты біздің балалар үйі Жамбылдағы ең бірінші үй екен. Ондағылар жақсы қарсы алды. Біз мұнда 500 бала тәрбиелендік. Еденге байлардан алынған ақ киіз, текемет, кілем төселген. Соның үстінде жатамыз. Көрпені 3-4 балаға жауып тастайды.
Балалар үйінің директоры Саттарқұл
Мұстафаев бізбен анда-санда әңгімеле-сіп қояды. Жылы жүзді жан сияқты. Ертеңгілік тамақтан кейін ойнатады. Шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз. Киім жетіспейді. Мен бір жылдай қыздың көйлегін киіп жүрдім.
Көшеде құлап, қимылсыз қалған адамдар. Ісініп кеткен балалар базарда сатып отырғандардың нанын алып қашады. Бірін бірі қуып жетіп, алысып-жұлысып өліп жатады.
Үш-төрт ай тәрбиеленгеннен кейін Қарамұрт балалар үйіне көштік. Мұнда байлардың бос үйлері көп, әрі жеміс ерте піседі екен. Бізді сол үшін көшірген тәрізді. Бір топ бала тәрбиешіден жасырынып, Қарамұрт балалар үйінен Манкентке дейін пойызбен бардық. Пойызды бірінші көруіміз.
Құрметті менің сүйікті тыңдармандарым Арнама Тіркеліп қолдап кетініздер лүпіл басып пікір жазып қазақша каналдың дамуына үлес қоса отырыңыздар әңгіме ұнаса. 😍🥰🤗#аудиокітап әсерлі әңгімелер жинағы

Пікірлер
I Built a Shelter House For myself and Сat🐱📦🏠
00:35
TooTool
Рет қаралды 30 МЛН
$10,000 Every Day You Survive In The Wilderness
26:44
MrBeast
Рет қаралды 128 МЛН
Ахметбек пен Қасен.#аңыз#әнгіме
15:39
Гулжанат
Рет қаралды 412
САЙЫН МҰРАТБЕКОВ                    Аян атты жетім баланың әңгімесі #аудиокітап #әңгіме
37:53
ӘҢГІМЕ. Әсерлі қазақша әңгімелер
Рет қаралды 4,4 М.
Жалғыздың кегі...
22:55
Әңгіме әлемі
Рет қаралды 10 М.