Шетелдегі қазақ балалары, кәрі қыздар және журналистік этика

  Рет қаралды 7,443

Ainel Amirkhan (OY-DETOX)

Ainel Amirkhan (OY-DETOX)

Күн бұрын

OY-DETOX қонағы - Жанар Байсеміз, журналист, "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының авторы. Эпизодта біз "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының мақсаты, оның трансформациясы мен қоғамға жасап жатқан әсері туралы сөйлестік. Сондай-ақ, араға үзіліс жасап шыққан жобаның, осы уақыт ішінде жоба авторы Жанардың адам ретінде де, маман ретінде де трансформациясы, бүгінгі таңдағы ұят, қазақы тәрбие, жетім балалар ұғымдарының салмағы, кәрі қыздар мен қоғамдағы гендерлік теңдік мәселесі туралы да ой қозғадық.
Таймкод:
00:00 - аңдатпа мен кіріспе
02:16 - Жанар неге көп сұхбат беріп кетті?
03:53 - Qarakoz подкасы, Қанат Бейсекеев пен журналистік этика
07:00 - "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының мақсаты
12:58 - әлемнің отыз еліндегі қазақ балалары
26:32 - журналисттік зерттеу мен ұлт келбеті
30:35 - интернат жүйесі мен балалар үйінен арылу жолдары, бала асырап алу мәдениеті
36:20 - қызметке адалдық пен маңыздылықты төмендету қажеттілігі
50:38 - маман әрі адам ретіндегі Жанардың соңғы он жылдағы трансформациясы
55:12 - өзіңді ойлау мен өзгенің қамын жеу шегі бар ма?
59:53 - Атырау мен өмірдің маңызы туралы
01:12:20 - кәрі қыздар, жеке шекара мен бақыт кілті
01:20:55 - тасадағы әйелдер, гендерлік теңдік, заманауи қарым-қатынас
01:37:15 - отбасылық құндылықтар мен ажырасу салдары
01:41:12 - Жанардың Инстаграм парақшасы несімен пайдалы? Кімді қарап, кімді оқимыз?
Эпизодты KZbin арнамнан бөлек барлық подкаст платформаларынан тыңдай аласыздар! Ортақ сілтеме podcasters.spotify.com/pod/sh...
Әйнелдің инстаграмы - / ainelkai
Жанардың инстаграмы - / janar_baisemiz
OY-DETOX-ты қолдау:
Patreon арқылы - / oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!

Пікірлер: 139
@user-jy9in4ng9t
@user-jy9in4ng9t 26 күн бұрын
Жанар мәдениеті жоғары, көкірек көзі ашылған, таным көкжиегі кең ірі ТҰЛҒА! ЗАМАНЫНАН ЕРТЕ ТУҒАН АДАМ. СӨЙЛЕ, ЖАНАР, ТАЛМА, ЖАНАР,САМҒА , ЖАНАР!!!
@user-jp9ll3ol7u
@user-jp9ll3ol7u 26 күн бұрын
Жанар ханым үшін көрдім, әдеттегідей Жанар ханымның үні, сөйлеу мәнері,ақыл-ой парасаттылығы, табандылығы, еңбекқорлығы, жауапкершілігі, шыншылдығы адамды өзіне тәнті етеді, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз! Ұлт үшін жасап жүрген еңбегіңіз орасан зор, сіз арқылы білдік қаншама қаракөздеріміз мұхит асып кеткендерін, респект сізге ❤❤❤ Сұқбат алушы журналисттің сұрақтары біртүрлі көрінді.....түсінбедім Бірақ, Жанар ханымның қатысқан әр бағдарламасы мықты, қызықты, болады. Аман болыңыз қазақтың жанашыр қызы ❤❤❤❤
@oydetox
@oydetox 25 күн бұрын
Кері байланысыңызға рахмет 🙏
@Dorama_Seryals_Para
@Dorama_Seryals_Para 23 күн бұрын
Жанар ханым және Тимур Балымбетов сұхбаттасса ғой шіркін.
@user-gn6yy4th2f
@user-gn6yy4th2f 27 күн бұрын
Жанардың ойлауы, санасы өте жоғарғы деңгейде❤
@user-tm2vc4ib3x
@user-tm2vc4ib3x Күн бұрын
Ойы кең, арманы асқақ, ақылды, мейірімді, ісіне берік, еліне адал, шет жерде жүрген балаларға бас көз болып, аяушылық сезімде болуы - осы тамаша қасиеттер Жанардың бойында бар менің пайымдауымша… Бақытты бол, балам! Денің сау болсын! Үбірлі-шүбірлі бол!
@user-ro9un5kf2g
@user-ro9un5kf2g 27 күн бұрын
2018 жылдан бері Жанарды тыңдаймын...менің дамып өзімді өзім табуыма көөөп үлесін қосқан тұлға.Алғысым шексіз❤❤❤❤
@gulshatkulzhumirova7944
@gulshatkulzhumirova7944 27 күн бұрын
Жанар ханым, неткен терең әрі биік тұлға едіңіз. Өте керемет интервью. Міне, нағыз қазақы білімділік, тектілік, заманауилық, сұлулық дегенді сіз туралы айтуға болады! қазақ журналистиканың қайталанбас, дара тұлғасысыз. Осындай қазақ қыздарын көргенде шын қуанамын! Аман болыңыз!
@user-dv9cz9tz8b
@user-dv9cz9tz8b 27 күн бұрын
Жанар Байсеміз өте мықты журналист.
@gulsinamyrzakhmet
@gulsinamyrzakhmet 27 күн бұрын
Жанар ең мықты журналист 🔥🔥🔥
@user-rb2in3el7i
@user-rb2in3el7i 26 күн бұрын
Тыңдадым, көрдім, өте тамаша сұхбат болды.Негізі шетелдегі қазақ балаларын көремін. Жанардың өте білікті, қарапайым, мәдениетті,заманауи, өмірдің әр сатысынан өткен, одан тек жақсы жағын алған,қанында қазақтың рухы бар әдемі қазақтың қызы. Жүрегінде АЛЛАСЫ бар,маған ұнағаны:"Құдайға түк емес,берем десе бере салады". Екі сағ тыңдап отырдым,меніңше Әйнелде сұрақ қоюдың керегі жоқ,себебі ағынан жарылған жүрекжарды әңгіме болды. Рақмет
@oydetox
@oydetox 26 күн бұрын
Рахмет 🫶
@dmadina96
@dmadina96 27 күн бұрын
Керемет, шынайы, білімді адамның сұхбаты
@user-db8ip9ic5k
@user-db8ip9ic5k 26 күн бұрын
Жақсы әңгіме болыпты. Әйнел, Жанар рахмет! Мақсат-мұраттарыңызға жете беріңіздер. Ризамын.
@oydetox
@oydetox 25 күн бұрын
Жадыра, көп рахмет 🫶
@user-eb9mz6tx8l
@user-eb9mz6tx8l 22 күн бұрын
Жанар ,Әйнел үлкен рахмет👍
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
Рахмет 🙏🫶
@user-cg6ji3gq6o
@user-cg6ji3gq6o 9 күн бұрын
Жанар мықты журналист, рэ оны мойындау керек, әттең қазақ медиясы жұмыс жасатпаған сияқты, сол себепті осы саладан ерте кетті
@PlayService-kd9eo
@PlayService-kd9eo 25 күн бұрын
Жанар ханым өте түсінікті сөйлейді.
@user-uc2dg5oj9o
@user-uc2dg5oj9o 20 күн бұрын
Керемет Атырауды айтканда 17- 30 жаста откен омирим есиме тусип жылап алдым😢. Бакытты, бакытсыз омирим есиме тусти. Рахмет сиздерге🙏
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
Рахмет 🙏🫶
@user-ux4ci4st7w
@user-ux4ci4st7w 26 күн бұрын
Жанарды 2009 дан тыңдаймын. Нағыз маман, әдемі шипалы дауысы бар. Өзіндік келбеті бар тұлға-мен үшін.
@user-ur6js8dd8o
@user-ur6js8dd8o 21 күн бұрын
Жанар ханымды көргенде жаның тыныштанады.Шынайылық көп.Жасанды ештеңе жоқ.Жүрекпен айтқан сөзі жүрекке жетеді. Адал адам.Өзімме көп септігі тиді.Шетелдегі балалар көріп менде күш алдым.Өзімнің осындан 32 жыл бұрын жоғалтып алған бауырымды таптым.Алла ол кісіге күш қуат берсін. Ол балалар мұхит асып кетсе де ата-аналарын тауып жатыр. Аман болсын,алға қойған арман,мақсаттарыңа жете берсін.
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
Оо, бауырыңызбен қауышқаныңызға қуаныштымын ❤️
@user-iz9rt9zi2f
@user-iz9rt9zi2f 20 күн бұрын
Жанар сіңілімнің ,айтары көөөп,жан екенін түсіндім. Елімізде, ойымен ,сөзімен адамға әсер ете алатын жандар көөөп болсын❤
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
Рахмет!
@dinarabergibayeva4928
@dinarabergibayeva4928 22 күн бұрын
Білесіз бе, дәл қазір не сезіндім? Эмоциямды бір сөйлемге сыйғызуға тырысайын… Жанардың бұл сұқбаты - бірнеше күннен бері аспан ашылмай жауған нөсер жаңбырдан кейінгі шыққан күн сияқты жарқ ете қалуы жанымды жадыратты🎉❤. Сауатсыз коучтарды тыңдамасам да, инстадан арасында жылт еткен үзінділері жанымды шаршатып жүргенде мына интервьюді күні бойынк қайта-қайта тыңдап, жаным сусындап жатыр. Сауатты, тәрбиелі, интеллекті жоғары журналистер жасасын!!!! Әр маман өз ісімен айналысса болашағымыз жарқын болушы еді❤
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
Уақыт бөліп қарағаныңызға, жүрекжарды пікір қалдырғаныңызға рахмет 🙏
@user-xw8xn3dl3m
@user-xw8xn3dl3m 20 күн бұрын
Жанар керемет акылды дана білімді азаматша.Әрі отаны тілі үшін жаны ашитын Жан.Мен оо кісінің оқырманымын білерім 1,9 білмитінім 99 деп айтадыгой.Воот сол білмитын 99 зымды толық тырып жүрген жан ❤️
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
😍😍😍
@KuanishAliaskar-bg4nz
@KuanishAliaskar-bg4nz 27 күн бұрын
Жанар ханым,сіздің сухбаттарыңызды көру сондай керемет🥰😍😘😘
@user-dd5kg3hg9z
@user-dd5kg3hg9z 25 күн бұрын
@Ainel Amirkhan Жанар апай рухани бай адам, берері, айтары бар, жаныма жақын сол үшін тыңдаймын, құрметтеймін❤
@oydetox
@oydetox 25 күн бұрын
😍🫶
@user-iu6zc6ro7b
@user-iu6zc6ro7b 22 күн бұрын
Керемет, ғажап, ғаламат сұқпат болды Рахмет 💐 Құлағымның құрышы қанады Жанар әпшенің сөз саптауынан
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
Уақыт бөліп қарағаныңызға, осында пікір қалдырғаныңызға рахмет 🙏
@user-ro9un5kf2g
@user-ro9un5kf2g 27 күн бұрын
Жанар ханым, Сіздің сұхбаттарыңызды, сөйлеу мәнеріңізді, дауысыңызды сағынып қалыппыз❤❤❤❤
@user-jd3cm4rm5o
@user-jd3cm4rm5o 21 күн бұрын
Жанарды жақсы көргесін көрдим сұхбатты👍
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
Рахмет!
@user-jp9ll3ol7u
@user-jp9ll3ol7u 26 күн бұрын
Жанар ханым сізді пальтоңыздың түймесіне дейін жақсы көремін! Жасай беріңіз! Сізді журналисттің де дұрыс танымағаны жақсы болған сияқты, 😊 керемет оймен жеткіздіңіз ойыңызды❤❤❤ Айтарыңыз бар сізді сағынып қалыппыз, тікелей эфир жасаңызшы арасында❤❤❤❤
@sagadatwriter
@sagadatwriter 27 күн бұрын
Сұрақтар тіке-тіке екен, ашық сұрақтар мен ашық жауаптар екен 😊🙂👍👍👍👍
@oydetox
@oydetox 27 күн бұрын
Рахмет, Сағадат 🫶😎
@user-op1jw1xf8i
@user-op1jw1xf8i 2 күн бұрын
Жанарға респект❤❤❤
@user-ux4ci4st7w
@user-ux4ci4st7w 26 күн бұрын
ШҚБ мен үшін Жанар ханымның тұңғышы іспеттес. Жанын, барын салды бұл жобаға сөгуге хақымыз жоқ
@zhazirasauirbayeva8538
@zhazirasauirbayeva8538 22 күн бұрын
Керемет сұхбат болды. Жанар ханымды жақсы көрем, сауатты журналист, рухани ұстаз.
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
Уақыт бөліп қарағаныңызға, осында пікір қалдырғаныңызға рахмет 🙏
@user-dx3nc7ki6x
@user-dx3nc7ki6x 24 күн бұрын
Керемет сұхбат! Маған өте әсерлі болды! Сұхбат барысында 2 рет көзіме жас келді, себебі Жанар Байсеміздің шынайылығы әсер етті ме әлде біздің қоғамда Жанар Байсеміздей адамдар барына шүкіршілігім оянды ма білмеймін.......
@oydetox
@oydetox 24 күн бұрын
Мақпал, әсеріңізді ортаға салғаныңызға рахмет!
@user-mx1bt4jd5x
@user-mx1bt4jd5x 26 күн бұрын
Жасым 57де,25ж педагог болып,10ж жұмыссызбын,зейнеткерлікке жете алмадым-ау деген ой мені де мазалайды,мектеп пән бергісі келмейді,пара сұрайды,менде де бұл өмірге тек жұмыс істеу үшін келген жоқпыз деген ой.
@manshuk7540
@manshuk7540 22 күн бұрын
Уф, керемет сұхбат, әзірше бір сағатын тыңдап паузаға қойдым, Жанардың желідегі жазылушысымын ғой, ШҚБ түгел көрдік, Жанардың шығармашылық өмірін үзбей бақылаймын! Сұхбат үшін алғыс Әйнел ханымға! ШҚБ сияқты бұл сұхбат құдды бір терапия ретінде жүрекке өтеді. Жанардың рухани биік ой толғауы енді керемет, жоғарғы дәрежеде. Қәзіргі қоғамды өтірік (өсек) подкаст, сухбаттардан шаршап кеттік. Өзім іздеп жүріп сухбатын тыңдайтын тек 4-5 адамдар бар шығар! Журналистер, сухбат алушы жандар көп оқып, жан жақты әзірленіп, рейтинг қумай, тіл байлыққа мән беріп, деңгейді көтерсе деген тілек. Қазақша, әсіресе әйелдер жүргізетін каналдар көбейсін! ❤
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
Уақыт бөліп қарағаныңызға, осында пікір қалдырғаныңызға рахмет 🙏
@user-kh9zp7tu4r
@user-kh9zp7tu4r 22 күн бұрын
Жанар ханымды тыңдай бергің келеді өзіне баурап алатын қасиеті бар, әрбір сөзі жүректі қозғайды❤
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
🙏❤️
@user-eo9gx5bb1n
@user-eo9gx5bb1n 18 күн бұрын
Айнельдің сұрақтары біртүрлі болды, Шетелдегі балалар хабарын толығымен көрмегені түсініксіз,егер осы тақырыпта сұхбатқа дайындалу үшін түбегейлі зерттеу керек, хабардағы сұрақтардың түсініксіз болу төркіні осыдан сияқты.Жанар өте керемет журналист,сөз саптауы,да ойын жеткізуі де, негізі осындай журналисттер сөйлесе тынбай тыңдасаң да жалықпайсың.Шетелдегі қазақ балалары хабарын жаңа шығарылымын асыға күтемін,балаларды дұрыс тәрбие, рухани тәрбие беру керек екендігін түсіндім.❤❤❤
@oydetox
@oydetox 18 күн бұрын
Рыскүл, кері байланысыңызға рахмет 🫶
@user-eo9gx5bb1n
@user-eo9gx5bb1n 18 күн бұрын
@@oydetox Айнель,Сізге де көп рақмет,жалпы сыпайы журналист екеніңіз көрініп тұр, сыпайы ибалы журналисттер аз🥰🌷❤️
@zhazirasauirbayeva8538
@zhazirasauirbayeva8538 22 күн бұрын
Жанар ханымның ойларымен яғни көзқарастарымен 100% келісем
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
Рахмет!
@user-sf6rz6tn5d
@user-sf6rz6tn5d 26 күн бұрын
Жанар ханым❤
@user-ux4ci4st7w
@user-ux4ci4st7w 26 күн бұрын
Бала тапқандікі емес, баққандікі деген осы жоба көз жеткізді
@user-pg4tc8mc6b
@user-pg4tc8mc6b 27 күн бұрын
❤Жанар 💓❤️❤️
@user-dx3nc7ki6x
@user-dx3nc7ki6x 25 күн бұрын
Бір демде қарап шықтым. Мен Жанар Байсемізді 2018 жылдан оқимын, көп нәрсені ол кезде түсінбедім деңгейім жетпеді. Қазір қазір сол кездегі сөздердің мәнін мағынасын түсініп жатқандаймын. Көп тәрбие алдым, алып та келе жатырмын. Ешкімнен естімеген нәрселерді білдім, сұрақтарыма жауап алдым, адами құндылықтарды үйреніп келемін.
@oydetox
@oydetox 25 күн бұрын
Күшті!
@kalamkasmeirembekova2767
@kalamkasmeirembekova2767 25 күн бұрын
Айнел, сізді көріп қалып, “қандай екен? Әйнел подкаст жүргізеді екен ғой?” деп қарап бастап едім, соңына дейін табан аудармай қарадым. Тілді шұбарламай сөйлегендеріңіз ұнады. Жанар ханымды бірінші рет тыңдадым, инстаграмына да жазылмаған екенмін. Бірақ әңгімесі терең, ойлы. Атыраудағы оқиғасын айтқанда тіпті жанды жеріме тигендей болды. Мағыналы әңгіме үшін үлкен рахмет!!!!❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤
@oydetox
@oydetox 25 күн бұрын
Қаламқас, уақыт тауып көргеніңізге, жылы лебізіңізге рахмет ❤️
@user-qr6pv9lw3z
@user-qr6pv9lw3z 27 күн бұрын
Керемет шығарылымдардың бірі. Қонақтың әрқилы ойлары. Бір ұғым мен екінші ұғымды толқынды түрде ұштастырып ойлай алуы, солай өмір сүруге ұмтылуы ұнады. Менің ұстанымдарыма жақын болғасын болар!🤍
@oydetox
@oydetox 27 күн бұрын
Рахмет 🙏🫶
@ainurkelekenova9935
@ainurkelekenova9935 27 күн бұрын
Керемет түсіндіріп бердіңіз өзім өте жақсы түсіндім Жанар ханым❤
@galiaraiymbekova650
@galiaraiymbekova650 27 күн бұрын
Ой Жанар ханым, қайда жоғалып кеттіңіз
@GulzhanatAmanzholova
@GulzhanatAmanzholova 15 күн бұрын
Анел сизге коп дайындалу керек
@rabigasatybaldy8701
@rabigasatybaldy8701 27 күн бұрын
Өте жақсы сұқбат болған екен.
@albinasariyeva9766
@albinasariyeva9766 25 күн бұрын
Екеуіңіз де мықтысыздар 👍
@oydetox
@oydetox 25 күн бұрын
Альбина, рахмет 🙏
@user-jw9mv1ok6q
@user-jw9mv1ok6q 27 күн бұрын
Жанар құрбым❤❤❤
@kaussarbrazda684
@kaussarbrazda684 24 күн бұрын
Керемет сұхбат
@oydetox
@oydetox 24 күн бұрын
Кәусар, рахмет!
@user-tt5lk4yl1u
@user-tt5lk4yl1u 18 күн бұрын
ШҚБ жобасынан не түсінгенімді жазайын,кез келген адам өмірде өз мәнін таппай жаны жай таппайды,ештеңе жер бетінде жасырын қалмайды дегенге сәті келген жоба.Ақыл парасаты мол адамның жүрегіне ғана осындай ізденіс беруінің арқасында,жасырын қылмыстар ашылады.Бұл енді Тәңірден ба әлде хас шебер маманның ісі ме өздеріңіз тон пішіңіздер.Түбін іздемейтін,түпсіз хайуан ғана!!!
@oydetox
@oydetox 18 күн бұрын
Уақыт тауып шығарылымды қарағаныңызға, осында пікір жазып жатқаныңызға рахмет 🫶
@Oppo-ip3zd
@Oppo-ip3zd 24 күн бұрын
ШҚБ бағдарламасын бүкіл бөлімдерін бір деммен көріп шыққанмын. Таусылмаса екен дедім. Айнел ханым. Көруге кеңес беремін.
@oydetox
@oydetox 24 күн бұрын
Рахмет 🙏
@user-zw7rl3pr8i
@user-zw7rl3pr8i 25 күн бұрын
Керемет🔥
@user-bj6fy4if2s
@user-bj6fy4if2s 15 күн бұрын
Айнел, сізге көп рахмет! Соңына дейін тыңдап, Жанар ханымды ШҚБ нан бөліп жаңа қырынан таныттыңыз. Әсіресе, рухани әңгімелері шынымен де керемет екен. Көп ой түйдім. Бұл кісімен рухина поскасттарыңызды тағы да серияларын түсіресіз деген ойдамын. Жанар ханымды өте қатты құрметтеймін, сүйсініп тыңдаймын.
@oydetox
@oydetox 12 күн бұрын
Гүлжазира, көп рахмет ❤️
@aisulubazarbay7896
@aisulubazarbay7896 22 күн бұрын
Жанар ханымды лакдаун 2019 жылдан бері сүйіп көремін. Мен Құдайға қойған сұрақтарымды сіздің парақшадан таптым. Менімше, сізді маған Жаратушы өзі жолықтырды. Сізбен бірге рухани даму процесіндемін🙌🏻
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
Уақыт бөліп қарағаныңызға, осында пікір қалдырғаныңызға рахмет 🙏
@ab.barbershop
@ab.barbershop 22 күн бұрын
КЕРЕМЕТ СҰХБАТ👍🙏рахмет
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
Рахмет 🙏
@user-ju4mq2yp2g
@user-ju4mq2yp2g 23 күн бұрын
Жанар ханымның микрофоны дұрыс шықпай қалып жатыр(
@userv15326
@userv15326 12 күн бұрын
Шетелге қазақ баласын сатуды заңмен тиым салу керек,бұрын сатқан,мысалы балалар үиінен,роддомнан қызметерлерін сотқа тарту керек.Бірақ авторитарлық,жемқор мемелекетте ондай тәсілдер мүмкінбе?.
@user-wr7uc8db6v
@user-wr7uc8db6v 21 күн бұрын
Карантин кезінде хабардан ШҚБ көріп қалдым бір үзіндісін, ол кезде Испанияда түсірілген сюжет еді, сонда менің әбден таң қалғаным “менің қазақ ағайындарым өзіміздің қаракөз бауырларымызды шетел асырып жүрген ба? Жетімдер үйі мәселесін білемін, түсінемін. Дегенмен, бұндай әрекет ол балалар үшін екі есе сатқындық қой! Алдымен туған анасы баласын тастайды, сосын туған отаны оны белгісіз шетелге асырып жібереді! Недеген надандық, қандай опасыз сатқындық!” деп әбден жылаған едім. Жанар ханымның бұл жобаға әбден беріліп, халықтың көзін ашып, түйсігін оятқаны үшін мың алғыс. Нағыз журналистика дегеннің не екенін, қандай екенін, қалай екенін, жоғары деңгейге көтеріп жан-жақты көрсете, жеткізе алды. Бұндай жандар ел аузында, халықтың батасында жүреді❤
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
Уақыт бөліп қарағаныңызға, осында пікір қалдырғаныңызға рахмет 🙏
@zhazirasauirbayeva8538
@zhazirasauirbayeva8538 22 күн бұрын
Жанар Бейсемізді 2018 жылдан бері оқимын. Ол кісіні шынайылығы, жағымды дауысы үшін, кең танымы мен көзқарасы үшін оқимын.
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
Күшті! Рахмет 🙏
@user-ku7ii3hl5f
@user-ku7ii3hl5f 19 күн бұрын
Бұл подкастты бірінші көруім Жанар болғасын ғана. Ары қарай көрмес едім… Өйткені жүргізуші біртүрлі қызық, сауатсыз. То Сен дейді, то Сіз дейді😅
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
Пікіріңізге рахмет!
@user-mx1bt4jd5x
@user-mx1bt4jd5x 26 күн бұрын
Жүргізуші "Шетелдегі балалар"туралы бағдарламаны көрмей қонағын шақырғаны тіпті ұят екен.Қалай білмей сұрақ қояды,қалай қонағын ашады?Ж.Байсеміз өзі алып шықты бағдарламаны.
@oydetox
@oydetox 26 күн бұрын
Уақыт тауып көріп, пікіріңізді жазғаныңызға рахмет 🫶
@ain07
@ain07 27 күн бұрын
Әйнел ханым, көп рақмет! Сіздің подкаст жүргізу форматыңыз өте ұнайды❤ Жанар ханымды соншалықты жақсы білмейді екенмін, бірнеше ай бұрын америкадағы қазақ балалары туралы бір эпизод қана көргенмін, дәл қазір тыңдап отырып әңгімесін ұнаттым, рақмет! Бар болыңыз❤
@oydetox
@oydetox 27 күн бұрын
Көп рахмет 🙏🫶
@user-cz1wp2xw6n
@user-cz1wp2xw6n 27 күн бұрын
Жақсы көрем сіздерді❤❤❤
@oydetox
@oydetox 27 күн бұрын
🙏🫶
@janarbaisemisova4000
@janarbaisemisova4000 27 күн бұрын
Әйнел, көп рахмет! Ой-детокстың көрермені көбейсін!
@oydetox
@oydetox 27 күн бұрын
Рахмет, Жанар 🫶
@user-cz1wp2xw6n
@user-cz1wp2xw6n 27 күн бұрын
❤❤❤
@user-yb2wh6nl1b
@user-yb2wh6nl1b 21 күн бұрын
Даусыныз ақырын шығады микровонды жақын ұстаса
@user-ux4ci4st7w
@user-ux4ci4st7w 26 күн бұрын
Тұмар жайлы Жанар ханым түгелі мен күйдім
@user-qe5jb3fu2h
@user-qe5jb3fu2h 26 күн бұрын
Журналист ханым, ШҚБ толық көріп барып, шақырмайсыз ба, Жанар ханымнан ұят болды ғой... Бір нәрсені талқылау үшін ең әуелі зерттеу керек қой. Кешіріңіз, жеке ойым...
@oydetox
@oydetox 26 күн бұрын
Уақыт тауып көріп, пікіріңізді жазғаныңызға рахмет
@sagadatwriter
@sagadatwriter 27 күн бұрын
❤❤❤❤
@almasteleushev3568
@almasteleushev3568 12 күн бұрын
Сәлеметсіз бе Айнель. Осы жасаған проект сізге алғыс білдіремін, ол арқылы ана тілімді үйреніп жатырмын. Әр шығарылымды тыңдаймын. Бірақ iTunes платформда сіздің қонақтарыңыздың бірнеше соңғы бағдармаларда дыбысын сапасы нашар, орташа немесе тыныш естіледі, секіреді, есту үшін дыбысты максимум деңгейіне көтеру керек. Рақмет.
@oydetox
@oydetox 12 күн бұрын
Алмас, уақыт тауып, менің эпизодтарым арқылы қазақ тілін жақсартып жатқаныңызға рахмет! Мен үшін бұл үлкен мәртебе. Дыбыс сапасы туралы пікіріңізді түсінемін, бұл міселеге енді мұқият боламыз 🙏
@user-pg4tc8mc6b
@user-pg4tc8mc6b 27 күн бұрын
Айнел коп сойлеп сурак дурыс коя алмай отыр 😢 Жанар га жететин журналист жок дурыс сурак койып Жанарды ашып теренирек тындап одан да асерли откизуге болатын еди 😓
@oydetox
@oydetox 27 күн бұрын
Пікіріңізге рахмет 🙏
@user-mx1bt4jd5x
@user-mx1bt4jd5x 26 күн бұрын
Иә,тәжірибесі аз екені,әрі қонағының жасаған еңбегін білмей отырғаны тіпті ұят екен.
@user-qe5jb3fu2h
@user-qe5jb3fu2h 26 күн бұрын
Жанар қалжыңдап отыр, ақша үшін сұхбат бермейді
@Totunia
@Totunia 26 күн бұрын
“ШҚБ”тек бағдарлама ғана емес,түсіне білгенге терапия,жаныңды емдейсің,ой түйесің.
@user-mx1bt4jd5x
@user-mx1bt4jd5x 26 күн бұрын
Қазақтың қасіреті дер едім.Расында ұлтты көбейтетін ұрпақ неге қаңғырып түрлі ұлтқа айналуы керек еді?
@user-mx1bt4jd5x
@user-mx1bt4jd5x 26 күн бұрын
Жанды емдейтін емес,жаралайтын бағдарлама.
@user-go9fk5mn3f
@user-go9fk5mn3f 20 күн бұрын
​@@user-mx1bt4jd5x Қазақтар ешуақытта , жетімін жылатпаған және жесірін қаңғытпаған едіғой.... Қазақтың ұлттық құндылығы , қаншалықты құлдырап кеткендігін анық көрсетіп тұр , Жанар Байсеміздің ,,, Шетелдегі Қазақ баласы " - жобасы Қазақтардың - санасына сілкініс жасайтын болса, ол керемет болар еді , деп ойлаймын.....!!
@user-jt1vt9nj2z
@user-jt1vt9nj2z 22 күн бұрын
ШҚБ жобасы қараған адамға ой салмай қоймайды…
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
Рахмет!
@perizatserikbai9159
@perizatserikbai9159 17 күн бұрын
Мына журналист неге ұнамай отыр білмедім,өзімшілігі басымба қалай?)
@janarbaisemisova4000
@janarbaisemisova4000 16 күн бұрын
Солай шығар😅
@MBotik
@MBotik 20 күн бұрын
"Бәрі бәрін түсініп отыр" деп орыстар айтпақшы, түсіндік. Әйнел, супер! Мақсаты түсініксіз, қисыны күмәнді, манипуляциясы көп жобаға қатысты медиакритика жағынан орынды сұрақ қойылды, келесіде одан да өткір қылып қою керек
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
Болатбек, рахмет! Иә, ол да өзіндік жол екен, бұйырса оған да келермін 🙏
@janarbaisemisova4000
@janarbaisemisova4000 18 күн бұрын
Мен сізді түсінбедім, бағдарламаның мақсаты түсініксіз, қисыны күмәнді, манипуляциясы көп дейсіз бе?)
@turgansaitgali5574
@turgansaitgali5574 6 күн бұрын
Бала тумасандар... Оздерин билиндер Жария кылудын кажети жок картайнанда орыс кемпирлер кусап журесиндер ..
@Bahytt498
@Bahytt498 Күн бұрын
Кәзір Тоқаев қол қойып тастаған ЗАҢды журналисттер естмеүі мүмкін емес .Ол заң отбасынан баланы тартып алатын ЗАҢ.Балаға өз отбасы тұрмысы жаман болсада жақсығой,бір жері көгеріп ,немесе жарақат түссе дәрігер,мұғалім хабарлап отыру керек екен,содан кейін келіп баланы тартып алады.Енді.профессионалды отбасы құрулуға қол қойса не болады!? Шетелге кеткен балаларданда жаман болатын боп тұр
@oydetox
@oydetox 18 сағат бұрын
Заңда ондай түсінік те, норма да жоқ. Жалған ақпарат таратпауыңызды сұраймын. Ол уақытты заңды оқуға жұмсаңыз. Рахмет!
@mrrick845
@mrrick845 21 күн бұрын
Жанар ханым, монахтардың дінін ең таза деген бир ауыз сөзіңіз, сиздин билимділігіңіздің күл талқанын шығарды, адамзаттың бастауы ислам діні екенин бир зерттеп окуға кеңес беремин
@oydetox
@oydetox 19 күн бұрын
Рахмет пікіріңізге!
@user-mx1bt4jd5x
@user-mx1bt4jd5x 26 күн бұрын
Қыздар шаштарыңызды жинасаңыздар
@user-mx1bt4jd5x
@user-mx1bt4jd5x 26 күн бұрын
Әдемі қылып түйіп қоюға болады ғой.Қазақ әйелі қандай жағдайда шаш жаятынынан хабарларыңыз жоқ па?
@user-mx1bt4jd5x
@user-mx1bt4jd5x 26 күн бұрын
Аяқты айқастырып отырған да ерсі көрінеді,неге үстел ма бірдеңе қоймайды екен деген ой келеді.
@user-mx1bt4jd5x
@user-mx1bt4jd5x 26 күн бұрын
Қатты сынады деп айып етпеңіздер.
@Dorama_Seryals_Para
@Dorama_Seryals_Para 23 күн бұрын
Бұл сұхбатта қыздардың шашы мен аяғы ғана көзге түсіп ой қозғады ма?😂 Бұл жерде онсызда әйелді тұрса да отырса да кінәләу арқылы осы балалардың тасталуына бірден бір себеп екенің айтып отырса. Сіз болсаңыз осы сұхбаттың мәнісін түсіне алмай отырсыныз.😅 Қазақ десен өзіне тиеді үлкен мәселені көре алмай отырсыз.
@user-dd5kg3hg9z
@user-dd5kg3hg9z 25 күн бұрын
ШҚБ жобасын өте жақсы көремін, көп қырлы жоба @janar baisemiz ❤❤❤
@user-yr4zn1xp2o
@user-yr4zn1xp2o 27 күн бұрын
❤❤❤
@user-qe5jb3fu2h
@user-qe5jb3fu2h 26 күн бұрын
Жанар қалжыңдап отыр, ақша үшін сұхбат бермейді
@user-um7uv3rk1t
@user-um7uv3rk1t 27 күн бұрын
❤❤❤
I MADE A CARDBOARD SWING!#asmr
00:40
HAYATAKU はやたく
Рет қаралды 31 МЛН
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 4 СЕРИЯ
24:05
Inter Production
Рет қаралды 661 М.
Мань*к напал на девушку😳
1:00
Kino_sh
Рет қаралды 3,4 МЛН
Nika wanted to find a best friend, but... #cat #cats
0:21
Princess Nika cat
Рет қаралды 29 МЛН
Мужика перекрасили тату машинкой в черный цвет 😰 #фильм #сериал
1:00
To the end 😱
0:37
Pir Ovezov
Рет қаралды 16 МЛН
15.05.1992💔🥀 #подпишись #засалтанат
0:10
Дело Бишимбаева .!.
Рет қаралды 424 М.