Рет қаралды 201
Файзолла Сатыбалдыұлы 1883 жылы белгілі дін қайраткері Сатыбалды ишан Ғабдолла ұлының отбасында дүниеге келген. Троицкіде және Бұхарада діни білім алған. 1901 - 1906 жылдары Торғай қаласындағы уездік мешіт, медреселерде Науан хазірет, дамолла Байту, Бейіс хазірет, Оспан қожа т.б. қайраткерлермен бірге қызмет жасайды. 1906 - 1918 жылдары Батпаққарада Сатыбалды ишанның мешіт-медресесінде ұстаздық құрып, 1923 - 1928 жылдары мешіттерде имамдық етеді. 1928 - 1935 жылдары нағашысы Міржақып Дулатовпен бірге айдауда болады. Туған жері Батпаққараға көшіп келген 1946 жылдан өмірден өткен 1959 жылы дейін қуғын-сүргіннен көз ашпайды.
Ф.Сатыбалдыұлы артына мол поэтикалық мұра қалдырған, араб, орыс әдебиеті үлгілерінен тәржімелер жасаған. Қ.Халидтің «Тауарих Хамсасын» аударған. "Айқап", "Қазақ", "Ақжол" газеттеріне жазбалары жарияланған. "Заман-ай" атты әні бар.