Франциядағы қазақ дәрігерінің арманы

  Рет қаралды 3,655

Gulmariya Barmanbekova

Gulmariya Barmanbekova

7 ай бұрын

Қазақтан бала тауып, қазақ етіп тәрбиелей алмай жүргендер көп. Француздан бала тауып, балаларын қазақ рухымен тәрбиелеп жүрген Жанардың медицина ғылымындағы жетістігі өз алдына бір бөлек. Елде жүріп түк бітірмейтіндер бар. Шетелде жүрген Жанардың ұлтына жасаған жақсылығы екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Қысқасы, шығарылымды қараған соң осының бәріне көз жеткізесіздер.

Пікірлер: 69
@user-sq6bg1kt6u
@user-sq6bg1kt6u 18 күн бұрын
❤Жанар қазақтың өте біртуар ұлтжанды, нағыз мықты қызы
@Nuriya_ongarbaeva
@Nuriya_ongarbaeva 7 ай бұрын
Керемет айтылған .Туған еліне келген қазақ халқының қызының сағынышын естіп толқисың Казақстаның қара домалақ еліне келіп , білім қуып барып , елінің атын жарқырата шығарған қазақ қызы аман болсын. Гүлмария көп алғыс
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 7 ай бұрын
Иә, елде жүргенде елдің қадірін біле бермейміз, өкінішке қарай.
@janaraturebayeva-havard5441
@janaraturebayeva-havard5441 7 ай бұрын
Ақ ниетіңізге алғыс айтам, туған еліміз аман болсын
@user-lc7jk1xk4y
@user-lc7jk1xk4y 15 күн бұрын
Казак кыздары мыкты о бастан.
@user-pz8ee1ou4c
@user-pz8ee1ou4c 5 күн бұрын
ЖАНАР! БАҚЫТТЫ БОЛСЫН! ҚАЗАҚ ЕЛІН ҰМЫТПАҒАН! ҰЗАҚ ҒҰМЫР ТІЛЕЙМІН!БАРЛЫҚ АРМАНДАРЫНА ЖЕТСІН! ҚЫЗЫ ҚАНДАЙ ӘДЕМІ. ҚАЗАҚ ОСЫНДАЙ БОЛСЫН! ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ КӨП! ФРАНЦУЗДАР ТАЗА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ АБАЙДЫҢ ӘНІН ШЫРҚ АУДА! ҒАЖАП! АЛЛА ҚОЛДАП, НҰРЫН ШАШСЫН! КАНАЛ ИЕСІНЕ МЫҢ АЛҒЫС.САУЛЫҚ ТІЛЕЙМІН.ЖАЗЫЛДЫМ.❤🇰🇿👏 ӘМИН.ЛАЙК
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 5 күн бұрын
Жылы лебізіңіз үшін көп рақмет!
@user-hf6cg2gn6z
@user-hf6cg2gn6z 14 күн бұрын
Алғысым шексіз,Жанар көп көп рақмет,бар казак сендей болса
@aiyes7534
@aiyes7534 7 ай бұрын
Қазақстанды әлемге танытып жүрген биік тұлға, ғалым, керемет зиялы дәрігер ! Қазақстан үшін жасап жүрген бұл кісінің жобалары да керемет екен! Мұндай жобаларды шет елде жасау үшін улкен батылдық пен көп еңбек керек. Керемет жан! Өзім дәрігер болғандықтан ол кісіден үйренерім әлі де алда деп ойлаймын❤
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 7 ай бұрын
Ниетіңізге рақмет!
@tomiris3281
@tomiris3281 17 күн бұрын
Қандай керемет әйел, әр ісіне тек сәттілік, отбасына амандық тілеймін ❤
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 17 күн бұрын
Ізгі тілегіңіз үшін көп рақмет!
@user-ju3wu9fx8x
@user-ju3wu9fx8x 7 ай бұрын
Ақтобеден дұғай сәлем, тамаша 🇰🇿🌟🎼🌾🌷🌷🌷🌷аман есен жүре беріңіз, айналайын, 🇰🇿 РҚБ дәстүрге жол- Қазақ аналарының мүшесімін, болашақта Франция елінде дәстүрге жол ашылу салтанаты болғайсың, алла қолдасын 🤲✊🌷🇰🇿🎼🌾🌟🥰
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 7 ай бұрын
Жақсы ұсыныс тастадыңыз. Рақмет!
@user-in5jq6hl6u
@user-in5jq6hl6u 7 ай бұрын
Жанар,гүлмәряалларазыболсын,рақыметсендерге.денсаулықтарыңмықтыболып,арманмақсаттарыңажетугеаллажарболсын!.
@user-bb1qq1cj9p
@user-bb1qq1cj9p 20 күн бұрын
Жанар, тек қана Алға ! Алға Қазақстан !
@user-fu8ct3pj2x
@user-fu8ct3pj2x 7 ай бұрын
Алла разы болсын.Керемет фильм .Жанар ханым елін жерін сағынып елге келіп сұхбат берді.Күшті.
@BuranMusabaev
@BuranMusabaev 7 ай бұрын
Жанар қыздың өмір жолы адам қызығарлық екен.Ең бастысы қазақтығын ұмытпағаны. Демек бала кезден көрген тәрбиесі мықты болған ғой.Сол ғой өзек болып тұрған! Франция сықылды өркениетті, бекзат елде қазақтығын, ұлттық рухын жоғалтпаған Жанарға осындай қызық тағдыр иесімен таныстырған авторға мың да бір рахмет!!! Францияның Альпісімен өзіміздің Алатауды қатар көрсете отырып өрбіген әңгіме маған қатты әсер етті, көңіліме қуаныш силады! Жанардың нағашыларына тартқан сүйкімді ұл қыздарына,отбасына ұзақ бақытты өмір тіледім! Керемет!!!
@janaraturebayeva-havard5441
@janaraturebayeva-havard5441 7 ай бұрын
Мың алғыс айтам сізге
@janaraturebayeva-havard5441
@janaraturebayeva-havard5441 7 ай бұрын
Көп рахмет аға. Өзіңізге де көптеген жақсылықтар тілеймін
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 7 ай бұрын
Боран, бұл арада Альпі тауы жоқ. Шамасы, ана жоғарыдан дронмен түсірілген тау көріністерін Альпі тауы деп қалған боларсың. Ол Альпі емес. Кәдімгі өзіміздің Алатаудың қарлы шыңдары. Шымбұлақтан дронмен түсірілген.
@saryarqabalasy
@saryarqabalasy 22 күн бұрын
Родон бассейны туралы медик ретінде айтқаны өте ұнады. Францияда тұрып, қой ұстағаны қуантты. "Енді жылқы, бие аламын", -дейді. Франция студенттері Абайдың "Көзімнің қарасы" өлеңін айтқанда көзіме еріксіз жас келді. Екінші жағынан, осындай маман, ғалым, медицина ғылымдарының докторы, шетелде қалып қойғаны өкінішті.
@user-ll9mk8nn4b
@user-ll9mk8nn4b 7 ай бұрын
Өте керемет Гүлмариям апай тамаша керемет үлкен рақмет Жанара Сіз өте суперсіз❤
@ulttyq_qazyna
@ulttyq_qazyna 7 ай бұрын
Франсия еліне Абай атамызды таныту -бұл ерлік деуге болады,нағыз ұлтының жанашыры ,елін сүйетін бірегей жанның еңбегі ,Жанар ханымға мың ал🎉ыс 👏🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 7 ай бұрын
Жанардың ұлт үшін жасаған еңбектерін бір шығарылымның аясында айтып тауысу мүмкін емес. Жалғасын күтіңіздер.
@user-nq6by2zx9q
@user-nq6by2zx9q 7 ай бұрын
​@@gulmariyabarmanbekova7349❤ГУЛЯ ФРАНЦИЯДАН КЕЛГЕН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНЫҢ КИНОСЫН КӨРІП РИЗА БОЛДЫМ . ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ ТҰРЫП АНА ТІЛІН БІЛМЕЙТІН БІЛСЕ ДЕ СӨЙЛЕМЕЙТІНДЕРДІ КӨРІП ІШТЕН ТЫНАМЫЗ ҒОЙ СОЛАРҒА САБАҚ БОЛСЫН ❤❤❤ . ӨРКЕНІҢ ӨСІП АЛЛА ДЕНІҢЕ САУЛЫҚ БЕРСІН ДЕП ТІЛЕЙМІН❤❤❤
@user-nq6by2zx9q
@user-nq6by2zx9q 7 ай бұрын
Жалғасын күтеміз аман бол .❤
@user-zx9qg9nw8c
@user-zx9qg9nw8c 6 ай бұрын
Қазак ушін еңбегі зор болса оны еселесе екен Семей полигоны қазакка жасалған геноцид фашизм екенін дәлелдеген Енді Балхашка АЭС тағы салып жатыр екінші Чернобыль халыктың екінші аяғы минада отырады осы мәселеге неге қарсылыгын айтпайды Аз ғана белсенділер Елім жерім сатылмасын жемкорлар кетсін қайыршы қазағым болмасын деген батырлар белсенділер ғана АЭС ке қарсы болып жатыр қалған қазакка ел жер Отан ұлт тағдыры көк тиын ба бок карны тойса қурбан айт шукір тәубе
@user-en3tz4sk4d
@user-en3tz4sk4d 5 ай бұрын
Жанар сіңліміз, шет елде-шет жерде жүрседе өз тілін, салт-дәстүрін ұмытпай адал қызмет атқарып жатыр екен. Еңбегіңіз табысты болып, аман болыңыз! Гулмария ханым, түсіріліміңіз өте тамаша! Осындай жанымызға жағымды түсіріліміңізді көріп қуанып жүре берейік! Сізге өте ризамын🙏
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 5 ай бұрын
Иә, алыста жүрсе де ұлты үшін ішкен асын жерге қоятын қазақтың осындай Жанар деген қызы бар!
@user-fu8ct3pj2x
@user-fu8ct3pj2x 7 ай бұрын
Смотрела на одном дыхании.Молодец Жанар не забывает свои корни.Я за неё загордилась.Тәте Вам үлкен рахмет. Ждём продолжения.
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 7 ай бұрын
Жуырда жалғасы даяр болып қалар. Монтаж жүріп жатыр.
@nurdyu3415
@nurdyu3415 21 күн бұрын
Жанар керемет адам екен канатыныз талмасын талпынына бериниз уршык иргенде жунди орап алатын шуйке деген керек асыкпай жунди созып отыру ушин
@RaushanAijanova
@RaushanAijanova 6 ай бұрын
Жарайсын, казах кызы!
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 6 ай бұрын
Рақмет!
@user-sy4ld2cy2h
@user-sy4ld2cy2h 7 ай бұрын
Шет жерде жүріп, қара басының қамын ойлаудан асып, түсінде елін-жерін көретін бір адам болса, осы Жанар қыз болар-ау! Жаны да, ары да таза, тағлымы мол осындай жанды арқау еткен еңбегің үшін зор ризашылығымды қабыл ал, Гүлеке!
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 7 ай бұрын
Рақмет, Кәзира!
@user-in5jq6hl6u
@user-in5jq6hl6u 7 ай бұрын
Жанр,гүлмәряалларазыболсын.алламықтыденсаулық,ұзаққұмырберіпармандарыңажетәңдер.аллаһымәрқашанжарболсын!.
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 7 ай бұрын
Сізге де көп рақмет!
@user-fo6og6fi6w
@user-fo6og6fi6w Ай бұрын
Ой,осындай адам суйсинетин казак кыздары,просто молодец,ризашылыгымды билдируге соз таба алмай турмын.
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 Ай бұрын
Иә, біздің халықта Жанардай мықты қыздар баршылық.
@user-ju3wu9fx8x
@user-ju3wu9fx8x 7 ай бұрын
Қандай керемет
@user-yb3kh7yw8w
@user-yb3kh7yw8w 7 ай бұрын
Керемет, Қазақ деп соққан жүрегіңнен айналдым Жанар сіңілім . Осындай, кереметті❤❤ түсіріп елге паш етіп жүрген Гүлмәрия апайға Алла Тағалам разы болсын.
@user-bn4dr5ro2y
@user-bn4dr5ro2y 7 ай бұрын
Ой, Гүлеке, «Қолда барда-алтынның қадірі жоқ» дегендей Жанардың әңгімесінен кейін Еліміздің өзіміз мүлде елемей кеткен небір қадір-қасиетін іштей болса да мойындағандай болдық! Жанар жат жерде жүрсе де өзін тұлға ретінде мойындата алғанының өзі неге тұрады! Сөйте тұра әлі де мойнына қаншама «іске асырсам екен» дегендей міндет-мақсатты жүктеп отыр! Қайда жүрсе де аман жүрсін, қазақтың қара домалақ қызы!👏👍🌹🌺♥️
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 7 ай бұрын
Осындай азамат қыздарымыз көп болса ғой.
@user-yz9vf3oh7n
@user-yz9vf3oh7n 7 ай бұрын
Гүлеке қашан да жақсылықтың жаршысысыз. Жанар ханым мақтауға да,мақтануға да лайық жан екен! Қазақ тілі-ана тілім деп,отаным ордам деп толқытса,дәрігерлік талапты да айырып ашып айтып көңілімізді толтырды! Жарайсың қазақтың шетелдегі қарлығашы!
@user-fc5kz2jm7c
@user-fc5kz2jm7c 4 күн бұрын
Қандай керемет үлгі тұтарлық адам.Армандарың орындалып бақытты бол тек сәттілік тілеймін Жанар
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 4 күн бұрын
Иә, әр қазақтың қызы Жанардай болса жаман болмас еді.
@user-ss7kk1ws5q
@user-ss7kk1ws5q 7 ай бұрын
Қандай керемет,еңбегіңіз жанып,Алла өзіңізге қуат берсін,қалық үшін қызмет ете беріңіз❤
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 7 ай бұрын
Рақмет!
@user-sq6bg1kt6u
@user-sq6bg1kt6u 7 ай бұрын
ЖАНАРды,қазақтың АЛТЫН қызы десем артық бағалағандық емес.Көпке,әсіресе қазақ қыздарына, үлгі боларлық тұлға екенін мойындаймыз. ГҮЛЕКЕ,сізге мың алғыс,шаршамай-талмай ЖАНАРды "мұқым" жұртқа таныстырып жүргеніңіз үшін.Екеуіңізге де алла жар болсын әрдайым!!!
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 7 ай бұрын
Сізге де көп рақмет! Тележурналистика менің өмір бойы шұғылданған сүйікті ісім. Ендігі жерде көрермендерге тағлымды дүниелерді ұсыну қазақ қызы ретіндегі перзенттік парызым санаймын.
@janaraturebayeva-havard5441
@janaraturebayeva-havard5441 7 ай бұрын
Ақ тілектеріңізге алғысымды айтам🌿🌿🌿
@otemuratcagwndwqov2272
@otemuratcagwndwqov2272 7 ай бұрын
Керемет! 🎉
@user-qe7ei5ut4j
@user-qe7ei5ut4j 3 ай бұрын
Гулмариям шет жерде енбек ет1п журген казак квздарын, улдарын оз1н1н енбектер1нде коб1рек баяндап окырмандарын куанта берер1не сен1м1м1з зор. Оган Гулмариямнын калам тартысын ар1 шыгарылымдарын кор1п коз жетк1зуге болады. Енбег1н жана берс1н! 11:17
@ukilay_akhmet
@ukilay_akhmet 7 ай бұрын
керемет! 😍🙌🏼
@user-wi5lf9il5o
@user-wi5lf9il5o 7 ай бұрын
"Өзі жақсы адамға бір кісілік орын бар",-деген тәмсілді қазақ атам бекер айтпаған болар. Қазір дөңгеленген дүниенің қай бұрышына барсаңыз да қазақ ұлтының өкілдерін көптеп кездестіретін жағдайға жеттік. Негізі жаһандану үдерісімен не қызметтік жағдаяттармен бақытын шетелден тауып жатқан жандарға түсіністікпен қараған дұрыс болар. Танымал журналист-қаламгер Гүлмария Құлиясқызының көпшілік назарына ұсынып отырған телефильмі көрген адамды бей-жай қалдырмасы анық. Фильмнің желісі Францияның РЕНН қаласында тұратын өз отандасымыз Жанардың бөтен елдегі ерен еңбек жолына арналыпты. Еуропаның мәдениеті ең жоғары саналатын Франция мен Қазақ елінің үздік дәстүрлерін бойына сіңірген Жанардан биік талант пен мықты маманның озық үлгілерін көргендей боламыз. Бұл орайда Жанардың жүріп өткен жолы шын мәнінде ерлікке пара-пар жол екеніне көз жеткізе түсесіз. Ал осы бір әсерлі фильмді дүниеге әкелген Гүлмарияны қазақ елінің аса көрнекті журналистерінің бірі екенін атап өткен артық болмас. Қалаған тақырыбын терең талдай білетін Гүлмария бұрыннан-ақ қалың оқырманы не көрермені елеңдеп күтіп отыратын бірегей үздік, ойы ұшқыр қаламгер. Алайда, "әлемнің көзі мен құлағы" аталған көптеген танымал журналистеріміздің атақ-марапат дегеннен үнемі қағажу қала беретіні көңілге кішкене селкеу түсіретінін айтпасқа болмас? Мұндағы ойымыз - ақпарат саласындағы үздіктердің ерен еңбектері еленсе деген базына, біздікі..... Әйтпесе, кейбір "қазан қырғыштың" қырындай ғана кітапша не ешкім оқымайтын том-том кітап авторлары: "маған Еңбек Ері атағын берулерің керек немесе мен жоғары атаққа лайықпын, менен асқан талант жоқ",-деп кеуделерін сабалап шыға келетінін талай көріп жүрміз. Олармен салыстырғанда Гүлмария Құлиясқызы үздік журналист-қаламгер ретінде көпшілікке кеңінен танымал болғанына қарамастан табиғатында мейлінше парасатты, жоғары мәдениетті жан. Оны халық жақсы көреді. Халқы сүйген азамат қашан да биік марапатқа лайық! "Жақсыны жақсы",-деу керек, ағайын. Бір айта кетерлік мәселе: Гүлмария елімізде Жиһангерлік журналистиканың дамуына үлес қоса отырып, оған өз мектебін қалыптастырып үлгерді. Оның дүние жүзінің бірнеше елінен әзірлеген репортаж-хабарларын қалың көпшілік жылы қабылдады. Демек, болашағы зор бұл салаға барынша ат салысып жүрген үлкен журналист Гүлмария әріптесімізді көпшілік боп қолдап, оған биік табыстар тілейік! Сағындық Нұрекеев, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының иегері , КСРО Телевидение және радио үздігі
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 7 ай бұрын
Ниетіңізге ризамын! ❤
@janaraturebayeva-havard5441
@janaraturebayeva-havard5441 7 ай бұрын
Ақ ниетіңіз маған бата сияқты әсер етті аға. Гүльмәрия тәтенің журналистикалық еңбегі жастарға өнеге екені рас, еңбегі биіктен көріне берсін. Өзіңізге зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін🌿🌾
@user-lm6lv3ut1z
@user-lm6lv3ut1z 17 күн бұрын
Гулмариям Жанармен хабарласудын рети калай болар екен .Бизде семьямызбен Европада турамыз .вацап номерин жазсаныз ,алде озниздин .Содан сон биртндеп хабарласуга болар еди .
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 17 күн бұрын
Аты-жөніңіз бен тел. нөміріңізді осында қалдырыңыз, сізге өзім хабарласайын.
@user-bb9rx4ou4e
@user-bb9rx4ou4e 13 күн бұрын
БИЗДИН КАЗАКСТАННЫН БИЛИК БАСЫНДА ОТЫРГАНДАРЫНА ,БИЛИКТИ,ДАРЫНДЫ,БИЛИМДИ,ШЫНГЫЛ АДАМДАР КЕРЕК ЕМЕС.ОЛАРГА НАДАН,ТОПАС,,БИЛИММИЗ ,ОТИРИКШИЛ,ЖАЛАКОР,КИСИ ОЛТИРГИШ,БУЗАКЫ ,ПАРАКОР АДАМДАР КЕРЕК. КАНШАМА БИЛИКТИ ,ДАРЫНДЫ КАЗАКТАРЫМЫЗ ШЕТ ЕЛ АСЫП КЕТИП ЖАТЫР. ОКИНИШКЕ ОРАЙ ОСЫЛАЙ
@user-sq6bg1kt6u
@user-sq6bg1kt6u 18 күн бұрын
Қадірменді оқырман-көрермен осыны қарап отырған.ХАЛАЙЫҚ, мәселе кімге тұрмыс құрғанында ма ЖАНАРдың.Неге бір жақты ойлайсыздар,?Жанардың білімін,қабілетін,еліне, жеріне,халқына деген сүйіспаншілік махаббатын неге бағалап құрметтемейсіздер??
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 18 күн бұрын
Өздерінің ел мен жер үшін тындырған түгі жоқ. Аяқ асты патриот болып шыға келетіндер бар ғой.
@user-fw5ir3js4s
@user-fw5ir3js4s 20 күн бұрын
Қазақ елінде туылып жат елдің жырын жырлап француз туқымын көбейтіп сол елге қызымет етіп жатсың шынымен ултшыл қазақ болған болсаң қолыңның ушын басқа ултың азаматына устатпас едің кісі жерінде султан болғанша өз жеріңде ултан бол.
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 19 күн бұрын
Әр ұлттың ішінде жақсысы да жаманы да болатынын мен айтпасам да білетін боларсыз. Адамның бәрі - бір Жаратушының пендесі. Жаһанданған заманда қалаңыз мейлі, қаламаңыз араласу болады. Бұған бас қатырғанша салт-дәстүріміз бен тілімізді сақтап қалуға тырысқанымыз абзал. Ал Жанарға келсек, французданған жоқ. Керісінше французды қазақтандырып жүрген мықты қыздарымыздың бірі. Өз елімізде медицинадағы жетістіктерге жол ашу мүмкін болмаса, бөтен елдің жетістігін неге пайдаланбасқа? Алдағы уақытта Жанардың шетел медицинасының озық әдістерін өз елімізге алып келмесіне кепіліңіз бар ма?
@user-fw5ir3js4s
@user-fw5ir3js4s 20 күн бұрын
Бундайларды қазақ елінде жарнамалап көрсеттүдің өзі келешек өсіп келе жатқан қазақ қыздарына кері әсерін тигізеді енді осыған еліктеген казақ қыздары шет елдіктерге күйеуге шығады бул былай қарасаң жарнама секілді сен кім болсаң сол бол өз еліңе қызымет жасамаған соң не керегі бар.
@gulmariyabarmanbekova7349
@gulmariyabarmanbekova7349 19 күн бұрын
Жанардың қазаққа сіңірген еңбегін қазаққа күйеуге шыққан қыздардың кез-келгені жасай алмайды. Французбен тағдыр қосқан екен деп, елге сіңірген еңбегін ұмыта салайық па? Қазаққа дәп Жанардай жақсылық жасаса, маған десе африкалыққа шықсын, құрметтеуге дайынмын. Мәселе адамның ұлтында емес, адамдық болмысында.
@user-yn2du1yz3b
@user-yn2du1yz3b 18 күн бұрын
​@@gulmariyabarmanbekova7349 менің ойым дұрыс емес шығар,мен нацист немесе шовинист емеспін, бірақ бұрынғы ата бабаларымыз надан емес деп ойлаймын қызын еркелетіп, ұлттың тазалығы үшін деп қызын басқа ұлтқа бермеген.шамасы келгенше ұлдарына да басқа ұлттан қыз алдырмауға тырысқан, сол аталарымыздың еңбегінің жемісін көріп отырмыз құдайға шүкір.Сіз неге өз ойыңызды өзгелерге тықпалайсыз, тисеңіз өзіңіз тие беріңіз басқа ұлттқа басқа қыздарда шаруаңыз болмасын.
Osman Kalyoncu Sonu Üzücü Saddest Videos Dream Engine 170 #shorts
00:27
Tom & Jerry !! 😂😂
00:59
Tibo InShape
Рет қаралды 53 МЛН
Khóa ly biệt
01:00
Đào Nguyễn Ánh - Hữu Hưng
Рет қаралды 20 МЛН
ЖАЙЛАУДАҒЫ НОУ-ХАУ
15:25
Gulmariya Barmanbekova
Рет қаралды 141 М.
ТАУ ЖАЙЛАҒАН МИЛЛИОНЕР
21:12
Gulmariya Barmanbekova
Рет қаралды 321 М.
ҮЙ ІЗДЕП ЖҮРМІН...
12:23
ATAJURT KAZAKH HUMAN RIGHTS Serikzhan Bilash
Рет қаралды 72 М.
Нұржан Қалжан кімдерге қапалы?
1:03:49
ASSYLTAS TV
Рет қаралды 18 М.
Бүкіл халықты жылатқан Айдана үйлі болды. Кел, татуласайық.
9:58
Көңілбай Шукенов | Конилбай Шукенов | Блог
Рет қаралды 25 М.
Қосағыңмен қоса ағар | Алдараспан 2024 | Жаңа бағдарлама | 🔥🔥🔥
27:07
Алдараспан театры-Нуржан Толендиев
Рет қаралды 189 М.
Дәрігер жүрегіндегі Абай бейнесі
28:08
Gulmariya Barmanbekova
Рет қаралды 565