Кейде аспанға ұмтыламын мен... Тастап бұл есептелген әлемді, Бұл көңіл жол іздейді әлі де, Күнде сынап шаршаған әлімді... Үшкір тастармен төселген соқпақ Ұмытпағандай аяқтан тамған қанның дәмін... Көздерім сөнген керек емес ем.. Жүрек пен сеземін айналамды.... Қ-сы: О.Е.О Түн мұңын шертеді, ал мен онымен бірге, О.Е.О Жасайтыным көп асықпаймын қайтуға жерге... О.Е.О Ғарышқа ғашықпын маған сәулесін шашқан... О.Е.О Уайымдама... сағынсаң дауысым қалады... Жүгім көп емес, өзіммен алатын шексіз сапарда, Жүктің керегі де жоқ сапарға шығатын адамға, Белгісіз жол, серігім белгілі арманым, Кұлаққабым, кроссовкам бәрі біледі сол баяғы... Сұрақтарым кейде орынсыз, кейде шектен шығады, Өзім де білемін олардың бәріне жауап таба алмаймын, Бәрібір жүректің жарасына тамған дәрі бұл, Сол себептен де осы өнерге есепсіз әлі кұлмын, Тұрмын түннің бауырында жұлдыздарға қолымды созып, Жауап берші түн...уақыт кетті ма менен де озып?! Қайда жоғалды ішімдегі жалындаған отым??? Айт кім кінәлі бұған, жоқ мен жалынбаймын тоқтат! Мүмкіндіктерім мыңнан асады,әлі үлгеремін, Үміткерлік дәрежесінен де көтерілдім термен, Үнсіздік сенен де жақсы әуірі тозақтың, Үндемей жүрген тілімді басында сен ғой козғалтқан! Енді көздерімде сөнген керек емес ем... Суық айналамды ыстық жүрегіммен сеземін...
@mrardo4657 Жыл бұрын
Брат осы мәтінді репке қосып оқысам рұқсатпа? Авторы сіз ба?