Жігерлендіру…Көтер қане басыңды… Мұхтар Шаханов

  Рет қаралды 18,735

Baimenov:

Baimenov:

Күн бұрын

Сен жыладың жігітім
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.
Сен жыладың,
Сезімің жасып ағып,
Кіп-кішкентай балаңды қасыңа алып,
Қырмызы күнім өтті деп.
Сенгенім сатып кетті деп.
Сен жыладың:
Аңғармай қалдым орды деп,
Қадамым сәтсіз болды деп,
Бір қатты соққы алдым деп...
Бақытсыз болып қалдым деп.
Сен жыладың:
Мен бірақ селт етпедім,
Білем сені тағдырдың ерке еткенін,
Білем сені өр көңіл, жомарт едің,
Енді бүгін... қалай бұл кер кеткенің?
Жә-жә жарар,
Өткен күн оралар ма?
Қарау керек бауырым саған алға.
Басыңдағы бөрік пе орамал ма?!
Бөрік болса, ауыс тез басқа күйге,
Көз жасыңды көрсетпе жас сәбиге.
Көз жасыңды көрсетпе, сұранамын,
Әй, әй жігіт, сен маған ұнамадың.
Жас нәресте көруге тиісті емес, Әкесінің еңкілдеп жылағанын,
Әкесінің тым күйреп құлағанын.
Ерлік пенен ездіктің жолы қатар
Екеуінің арасы бір-ақ адым.
Көз жасыңды көрсетпе сұранамын.
Көтер, қане, басыңды!
Қалай бұның,
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?
Көтер, қане, басыңды!
Күніңді босқа өткізіп пе едің,
Тағдырың неге сыр айтты сараң?
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық деп кім айтты саған?
Кім айтты саған?
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақ көйлек кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш
Қайтадан гүлдемейді деп.
Кім айтты саған?!
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды деп,
Асылды қорлатпайды деп...
Тоқырау білмес айбыны
Адалдық деген әлемнің ұлы байлығы
Бетіне жиған ұятты
Әйтсе де, кейде ол кінәмшіл бала сияқты.
Тірлікте осы баланы
Өкпелететіндер бар да,
Жұбататындар бар.
Жек көретіндер бар да.
Ұнататындар бар.
Арын сатып қорлайтындар бар да,
Жанын сап қорлайтындар бар.
Қиналып бекер алаңдадың-ау.
Ойыңды шығар өріске.
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау.
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес, ендеше
Мұхтар Шаханов
#мұхтаршаханов #көтерқанебасыңды #жігерлендіру#мотиватция #спикер #железныйчеловек #shorts #қазақшапоэзия #бақыт #қалқаман Сарин #поэзия #shorts #қазақшаөлең #жақсыадамсыз #адам #мұқағалимакатаев #макатаев #сөз #қарасөз #қазақшаәндер #жыр #лирика #керемет #туындылар #өлеңдер #СанжарҒұлама #поэт #поэзия21века #ақын #ақындар #жаным #жүрек #СаятАбенов #ерекшетуынды #сен #қалам #қазақстан #қазақ #алға #сөзбенсаз #лирика2020 #лирика #байменовжангелды #baimenovjangeldi #автор #жақсылық #жаңылыктар #жақсының #сөзі #ерекше #өлеңдерсен
#ауыл #қазақша_поэзия #ауылым
#қарағанды #актобе #алматы #астана #атырау #актау #орал #костанай #көкшетау #семей #кызылорда #сезім #ғашықтар #сіздер #казакшапоэзия #Ақзер, #жаңбыр
#жаңбыр #жауын #тыныштық #relax #relaxing #relaxingmusic #rain #дождь #длядуши #длятебя #спокойнаямузыка #спи #sleep #sleepmusic #sleepingmusic #sleeping #yoga #meditation #meditationmusic #spa #ерекше #ақындар #ақын #сөзі #мұқағали #мұқағалимақатаев #кереметадам #уақыт #shorts #kazakhstan #оскемен #бейнеу#тыңда #елдісүю#өлеңсөз#поэзияәлемі #әлем
#елге барсам
#ауыл
#елді_сағындым
#ауылым
#Қазақша_өлең
#қазақша_поэзия

Пікірлер: 38
@user-kazzahh
@user-kazzahh Жыл бұрын
Мухтар агамыз Аныз Адам гой ширкин, 100 жасасын🤲🏻
@user-fy8me6ww3l
@user-fy8me6ww3l 2 жыл бұрын
Қандай керемет, шынымен көңілің құлазып,құзғынға қарның ашқанда, жігерің құм болып,шакалдар талап жатқанда, ішің ғыж-ғыж қайнап, айтатын сөзің өзіңде қалып,көкірек сайрап жатқанда дем беретін өлең құдыреті 🙏🙏🙏🙏
@user-ib8fq4ey8c
@user-ib8fq4ey8c 2 жыл бұрын
Түсінген адамға керемет өлең екен.
@user-ue3im6wu6j
@user-ue3im6wu6j 8 ай бұрын
Мен Мұхтар ағамыздың кітабы Ғасырларды безбендеу деген кітабын оқыдым өте керемет.Ағамыз жайлы кино түсіруге болады.Егерде. Маган режиссер болу мүмкіншілік туса мен агамнын барлық поэзиясына Жане ашамыз жайлы.кино түсірер едім.Бундай кісілер Қазақтын нағыз жұлдыздары.Ғасыр адамы десек болады
@user-ej4bt4lq6x
@user-ej4bt4lq6x Жыл бұрын
Керемет ! Қандай әдемі шығарылған өлең . Мұхтар аға мың жасаңыз . Деніңіз сау , өмір жасыңыз ұзақ болсын . Өлеңіңіз түсінген ер балдарға қандай күш қуат береді . Керемет .
@user-ip9cm9je7z
@user-ip9cm9je7z 3 ай бұрын
Керемет шынымен жигер.беретин олен екен Рахмет рухы бийк сиздей аталарымыз коп болсын
@user-ue3im6wu6j
@user-ue3im6wu6j 8 ай бұрын
Мухтар Агамыз Бір ғасырда бір рет дүниеге келетін адамдардын қатарында.Омірде адамдардың барлығы осындай болатын болса Қазақстан жоғарғы деңгейдегі ел болар еді.Бірақ барлық Қазақстандықтар Мухтар ағамыздай шыншыл Жане адал болалмайды.
@user-ht9xb8ou5u
@user-ht9xb8ou5u Жыл бұрын
Сен жыладың, жігітім, Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын, Қайтпады деп, Жұртқа еткен жақсылығың. Сен жыладың, Бір қатты соққы алдым деп, Бақытсыз болып қалдым деп. Жә, жә, жарар, Өткен күн оралар ма, Қарау керек, бауырым, саған алға, Басыңдағы бөрік пе, орамал ма?! Көтер қане басыңды, қалай бұның?! Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?! Көтер қане басыңды! Күніңді босқа өткізіп пе едің? Тағдыр неге сыр айтты сары-ау, Өмірдің барлық сәтсіздіктерін Бақытсыздық - деп кім айтты саған?! Кім айтты саға?! Тұлпарды сүрінбейді деп, Асауды мінілмейді деп, Ақ көйлек кірлемейді деп, Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп. Кім айтты саған?! Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп, Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп, Биікті ардақтайды, асылды қорлатпайды деп. Қиналып бекер алаңдадың-ау, Ойыңды шығар өріске! Өзің-ақ айтшы, ғаламда мынау, Жетудің бәрі жеңіс пе? Жігітке арман жеткізіп пе еді, Өз сорын өзі жеңбесе. Өмірдің барлық сәтсіздіктері Бақытсыздық емес, ендеше.
@Baimenov
@Baimenov Жыл бұрын
😘
@user-te3xg2fj4i
@user-te3xg2fj4i Жыл бұрын
рахмет .кем болма.
@user-dc5sb9fy5s
@user-dc5sb9fy5s 2 жыл бұрын
"Қазакка быткен Мұхтарлардың бары бірдей күрескер ме!?" деген ойға қалдым
@user-xj9ds5nv3w
@user-xj9ds5nv3w 2 ай бұрын
Шаханов 👍👍👍
@user-vb7rp6mv7c
@user-vb7rp6mv7c 3 жыл бұрын
Мыкты создерго
@Fantasticgame-v2z
@Fantasticgame-v2z Жыл бұрын
👍🏻👍🏻
@erjanabdualiev1963
@erjanabdualiev1963 9 ай бұрын
Мұқағали Мақатаевтың өлеңі ғой.
@user-fc9ow2od6z
@user-fc9ow2od6z 2 ай бұрын
МҰХТАР ШАХАНОВ жазған емес пе?
@user-sg2dt9zy6b
@user-sg2dt9zy6b 3 жыл бұрын
👍👍👍👍
@БибиЖетпесбаевна
@БибиЖетпесбаевна 4 ай бұрын
Кімнің өлеңі М Шахановпа әлде М Макатаев па екеуінде де бір өлең болуы калай
@Baimenov
@Baimenov 4 ай бұрын
Мұхтар Шаханов
@user-ox7bz2vr8f
@user-ox7bz2vr8f 3 жыл бұрын
Жылама Шах брат
@user-xd5es5hs7x
@user-xd5es5hs7x Жыл бұрын
Бұл М Мақатаевтың өлеңі
@Baimenov
@Baimenov Жыл бұрын
Жоқ олай емес
@user-wv3wr3vu3m
@user-wv3wr3vu3m 6 ай бұрын
Осы.жыр Мұқағалидікі емеспе?
@Baimenov
@Baimenov 6 ай бұрын
Қой жоқ
@user-wv3wr3vu3m
@user-wv3wr3vu3m 6 ай бұрын
@@Baimenov Дәу де болса Мұхаңдікі.
@user-ww3kp4pb2n
@user-ww3kp4pb2n 11 ай бұрын
Макатаевтын олени бул
@Baimenov
@Baimenov 11 ай бұрын
)))
@AbzalKoken
@AbzalKoken Жыл бұрын
Оқыған кім екен?
@Baimenov
@Baimenov Жыл бұрын
Білмедім, білсеңіз жазып кетіңіз . Жазып қойайын
@AbzalKoken
@AbzalKoken Жыл бұрын
@@Baimenov сол білмеген соң сұрадым
@Baimenov
@Baimenov Жыл бұрын
Ескі запись менде таба алмадым
@Aida-o8u
@Aida-o8u 11 ай бұрын
Əннің аты қандай екен , жазып жібересізбе өтініш.
@Baimenov
@Baimenov 11 ай бұрын
@gulysanam білмедім
№1 “ӨМІР” туралы ең таңдаулы поэзия жинағы😍
20:13
Қайсар Берікұлы
Рет қаралды 202 М.
Новый уровень твоей сосиски
00:33
Кушать Хочу
Рет қаралды 1,4 МЛН
Көтер,қане басыңды
1:30
ДИНАРА ханым
Рет қаралды 866 М.
Жақсы мен жаман
3:41
Мейрамбек Беспаев - Topic
Рет қаралды 40 М.
Өмір деген…қазақша поэзия
2:19
Baimenov:
Рет қаралды 52 М.