Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның ұлттық мәселелерге өткір үн қатуы - 1992 жыл

  Рет қаралды 141,784

Tarlan KZ

Tarlan KZ

Күн бұрын

Халық жазушысы, Шерхан Мұртаза дүниеден өтті...
1989-1992 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992-1994 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып қызмет атқарды. Ол ҚазКСР Халық депутаты (1990-1993). ҚР Жоғарғы Кеңесінің (1994-1995), ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-ші шақырылым (1999-2004)депутаты болған.
Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Жазушының шын есімі - Шері. Қазақтың айбарлы, қайратты жыртқыш аңы - барысқа байланысты қойылған.
Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті. Шерхан Мұртаза 8 жасында қазіргі Жуалы ауданы өзі туған Талапты ауылындағы мектептің бірінші сыныбына барған. Әкесіне ерте айырылған бала оқу мен еңбекке ерте араласады. Балалық шағы да соғыстың тауқыметті кезеңдерімен тұспа-тұс келген. Сондықтан болар жазушының түсіне жиі балалық шағы оралып отырған. Тауқыметті кезеңдерді бастан өткізген соң болар, жазушының балалық шағы бала көңілмен өтпеді.
Шерхан Мұртаза - әлем әдебиетінің классик жазушыларының шығармаларын аударған аудармашы. Ганс Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын, Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін қазақ тіліне тәржімалады. «Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді.
Шерхан Мұртаза алты жерде бас редакторлық қызмет атқарған. 1970 - 72 жылдары «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және «Жалын» альманахының бас редакторы, 1972 - 75 жылы «Жұлдыз» журналының бас редакторы, 1980 - 89 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1989 - 92 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1989 жылдан-«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы. «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы. Лениншіл газетіне бас редактор болып келгенде 30 мың таралыммен таралған газеттің оқырманын 150 мыңға жеткізді. Қазақстан ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» таңғы ойын-суықтық бағдарламасы Шерхан Мұртазаның идеясымен ашылған.

Пікірлер: 331
@bakhytlotus7833
@bakhytlotus7833 6 жыл бұрын
Санасы бар адам мынадай жан айқайды естігенде өксіп жылайды. Көзге жас келтіріп, жүректі ауыртатын жан айқай. Бірақ мына залда отырған өңшең топас ешектер ме? Күліп сайқы мазақ етіп отырғой. Осындай ағамыздың жан айқайын еститін құлақ, ұғатын жүрек болмағаны кезінде өте өкінішті. Жалпы тілін қадірлемеген адамдар келесі өмірінде мақау болып туылады. Мына залда отырған адамдардың бəрін соқыр, керең, мақау, ақылсыз десек тура дəлелдеме болар. Ағамыздың жаны жəннəт төрінде болсын деп жаратушы иемізден тілек тілеп, дұға ету. Мүмкін жан айқайын сол жақта жеткізіп, Аллах қабыл етсе. Тілімізде, елімізде көркейіп шыға берер талай шыңның биігіне.
@tabarakzakixan5020
@tabarakzakixan5020 6 жыл бұрын
Қазақтың маңдаиына біткен жарқырап турған жулдызы еді Ағып тусты-ау иманды болыңыз шер Аға!
@kairatkairat3561
@kairatkairat3561 6 жыл бұрын
Жаны жаннатта болсын кокемиздин. Аумин
@СаматПашикеев
@СаматПашикеев 6 жыл бұрын
Шерхан Атамнын жаткан жерi жайлi болсын, иманы дос болсын! Кандай мыкты азамат, пай- пай, арты узiлмесе екен деп тiлеймiн. Шерагамдай жазушы, журналист, когам кайраткерлерi Казагымда кобейсе екен.
@ҚұсағаҚабдөс
@ҚұсағаҚабдөс 4 жыл бұрын
Нұрсұлтан Жалтақбаев бізді, аяққа басып, "ұлы" орыс халқының шовенистік саясатына, қазақты, бұқтырып берді.Жалтақбаевың саясаты бізді қайда әкелгенін көріп отырмыз. Өзгерген не бар? Керісінше асыранды текешіктер Басымыз ға секіріп шығып жатыр. Біз қашанғы ай қарап отыр береміз? Бұл сұрақ жоғарыда отырған көкелерге қойылған сұрақ. Намыс қайда ағайындар???
@МарксистМарксист
@МарксистМарксист 4 жыл бұрын
Жатқан жеріңіз жайлы болсын Шер аға.Отырғандардың 99 пайызы мәңгүрттер ай қайран қазағым қайда барамыз.
@zhumabeknurlat9854
@zhumabeknurlat9854 6 жыл бұрын
е қайран атам ай . жаныңыз жаната болсын !
@ЕрболТлегенұлы
@ЕрболТлегенұлы 5 жыл бұрын
Қайран Шераға қазақтың маңдайына біткен жұлдызсыңғой. Жаның жаннатың төрі болсын.
@КамилаЖартыбаева-е5в
@КамилаЖартыбаева-е5в 6 жыл бұрын
Қаншама жыл тіл деп шырылдаған ағамызда өттіау өмірден, әлі күнге дейін сол тіліміздің өркені өспедіғой.
@күн-ш1я
@күн-ш1я 6 жыл бұрын
Сол айтқаны келді тілсіз жансыз поспортсыз мангүрт деген ұлт пайда болды тілде жоқ дінде жоқ
@Kz_portal.88.89
@Kz_portal.88.89 4 жыл бұрын
Ия бырақ алдеде өз тылымызге жанашырлары аз айтсан өзыңе шабады өз қазағым кым қай тылде сөйлесын өзы быледы деп сен өз тылыңды бырыншы орынға қой қурметте деп айтсан неше сөздер өзыңе тиеды ұлттық сана бызде қалмаған орысқұл боп қалған өкынышты
@narmahanmuhtarulu7149
@narmahanmuhtarulu7149 4 жыл бұрын
Арысым ай арысым, жағымпаздану дегеннен қандай пәк, бір туар азамат атамыздың жатқан жері жайлы болсын
@хуанкарэ
@хуанкарэ 6 жыл бұрын
Сіздің сөзіңізді тыңдап алып жылап отырмын...Намысты биік еткен Қайран Арысым, Ағатайым ай..
@_narbekovaaa_1418
@_narbekovaaa_1418 5 жыл бұрын
Айналайын ай. Осындай ағаларымызды құрметтейтін, қастерлейтін өзің секілді жастар көбейе берсін.
@ЕрнатКадрахманов
@ЕрнатКадрахманов 4 жыл бұрын
Нағыз арыстан періште ғой.
@darkpubgmobile1556
@darkpubgmobile1556 4 жыл бұрын
Алтын ағамай
@опшмдаваи
@опшмдаваи 6 жыл бұрын
😭😭😭 қайран атамызый қазақтың қара нары сыздей жанашыр азамат қайта туар мекен 😭😭😭😭😭😭😭😭
@кайсартолкын
@кайсартолкын 5 жыл бұрын
Кайран шер агам. Бундай батыр адам мың жылда быр туады
@КазынаНокат
@КазынаНокат 5 жыл бұрын
Қазақтың арыстаны жатқан жерын жарык,жанат бағы болсын.Йманды болсын..
@РозаАхметова-я5у
@РозаАхметова-я5у 6 жыл бұрын
Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын Шерхан аға!Шіреніп отыр ғой күліп, табақ бет арсыздар😤😒😶тырнағының кіріне де тұрмайсыңдар, оңбағандар 😤Орыстарға жағымпазданып ыржалаң, ыржалаң етіп отыр.Өздері мазақ брлып отырғандарын білмейді ау, шамасы😐Бұндайда жылау керек, жылау....Қалай ел боламыз, мынадай қорқаулар үкімет басында отырса? 😥😥😫😩
@magzhan.kz.5421
@magzhan.kz.5421 3 жыл бұрын
Осы ағамызға қашан ескертеіш орнатып , қалалардан көше атын береміз .Қолдайсыздарма.Жатқан жері жайлы топырағы торқа болсын.
@Белгісізжан-д7м
@Белгісізжан-д7м 5 жыл бұрын
Айналайын,Ағатайым-ай!Сіздей тағы бір екі ұл болғанда қазақтың маңдайына. Көзіме еріксіз жас үйіріледі.
@СерикказыЕшенгазин
@СерикказыЕшенгазин 5 жыл бұрын
Арқасына өшпес сөз қалдырып, қазақ тілін тұғырын отырғызам деп ерінбей еңбек еткен ағамыз! Жаны жәннәттә болсын иманы жолдас болсын! 🤲
@АсылбекСейдазимов
@АсылбекСейдазимов 5 жыл бұрын
Шерхан Мұртаза ағамыздың иманы саламат болсын. Алла тағала қабірін құран нұрымен нұрландырсын. Алладан рахым, пайғамбардан(с.ғ.с) шапағат болсын. АМИН
@күн-ш1я
@күн-ш1я 6 жыл бұрын
Сол ыржаңдап отырған дардың бəрі намыссыз тас соқыр саңыраулар екенғой əлі отырған млион жалақы алып
@УлданаМолдабаева-в9щ
@УлданаМолдабаева-в9щ 2 жыл бұрын
Керемет! Бұдан артық не айтуға болады?!Өз ұлтын өзі сыйламайтын,өз тілін,ана тілін, яғни анасын сыйламайтын, өз-өзін сыйламайтын азаматтар жоғарғы басшылықтарда жур деген сөз!!!
@АділбекШындықұлы
@АділбекШындықұлы 10 ай бұрын
Жатқан жері ЖҰМАҚТАН болсын ,ШЕР аға. Біз мың өліп мың тірілген Қазақпыз. Тіліміз әлі ақ биіктен көрініп , елімізде тек Қазақ тілі болатынына сенімдімін . Ол тек шын тәуелсіздікке шығып толық ресей отарынан шығармыз .ол үшін билікке әділ ұлтжанды ұлтшыл азаматымызды әділ сайлаумен билікке орналастыруымыз керек. Билігіміз әлі ресей тағайындауларымен келе жатырмыз. Билігімізді ресей билігі ноқталап байлап отыр.
@seytinbetauez333
@seytinbetauez333 6 жыл бұрын
Намыс жоқ біздің шенеунік сымақтарда
@diaskabdollaev7953
@diaskabdollaev7953 3 жыл бұрын
Намыз бизде жок,халыкта жок
@damirkordabaev5663
@damirkordabaev5663 6 жыл бұрын
бакул болыныз шындык создин жебеси Шер ага
@GabiGabi-pi5fc
@GabiGabi-pi5fc 5 жыл бұрын
Ол кездері демократия бар екенғой
@НурболНурбол-я5н
@НурболНурбол-я5н 6 жыл бұрын
Жатқан жеріныз жаилы болсын
@botabotagoz4534
@botabotagoz4534 4 жыл бұрын
Қазақтың басынада жақсы күндер туар. жақсы азаматтар жетерлік ҚАЗАҒЫМДА.
@БагдатЖуманулы
@БагдатЖуманулы 5 жыл бұрын
Қайран ағамай өте жеткізіп айттыңыз. Мында бір рахмет сізге.
@ҚоңыратҚұрбан
@ҚоңыратҚұрбан 5 жыл бұрын
Əруағыңнан айналдым Шерхан ата,қайтейік қадіріңе жете алмаппыз гой, ақылыңды тыңдатпапты, тыңдай алмаппыз! Жаратушы Ұлы Аллахымыз жатқан жеріңізді жайлы еткей жакын көріп танымайтын болсамда, атыңызға қаныкпын Ата! Сіз айтқан ана тілімізде бұл кунде науқастанып, мугедек хəлде 21 ғасырға аяқ басқан, əлі сол қолдаусыз, қорғаусыз,"жəрдемақысыз" тіршілік ушін күресіп жатыр! Бірақ күн өткен сайын қартайған қариядай қайраты қайткан куйде баз кешіп жатыр! Сіз арман еткен қазаққа,тілге, иманға, теңдікке,егемендікке,бақуаттылыққа жеткізсін бізді, ұрпағымызды,жерімізді Я,Раббым!
@АзаматАрман-п8ь
@АзаматАрман-п8ь 5 жыл бұрын
Бұл кісімен талай дəмдес дастархандас болып едім. Өте мықты адам еді.
@эльмирасапахова-г1м
@эльмирасапахова-г1м 5 жыл бұрын
казахтын жыртысын жырткан, алтын атам, Шер ата мен Шаханов екеуин коштайтын азаматтар болса ,казактар кулагына куйса
@nurbolatkuzenbay1272
@nurbolatkuzenbay1272 4 жыл бұрын
АССАЛАМУАЛЕКУМ ага зиараты кайжерде орналаскан
@yertayasqaruly5192
@yertayasqaruly5192 Жыл бұрын
Әттең мен сол кісімен бір жолыға алмай қалғаным ай 😢
@abubakrkkuatbek8728
@abubakrkkuatbek8728 5 жыл бұрын
1943 жылы Бауыржан Момыш ұлы атамыз туған ауылына Жуалыға келген .Сонда жұрт Бəукең келді деп клубқа жиналыпты . Сонда 5жасар бала анасының етегіне оралып тұғанын көріп.Бəуке атамыз жанағы баланың көзіне тік қарап."Жеңеше мына баланы өлтіріп алма ,мына баладан бір нəрсе шығады "депті.Сол бес жасар бала Шерхан Муртаза атамыз екен.
@Ali-lk6rz
@Ali-lk6rz Жыл бұрын
Кумасай билимин шамалы екен Шерхан 1932 жылы туылган 1943 онын жасы 11де болган
@beka2059
@beka2059 6 жыл бұрын
Табақ бет ешекмилар күліп отыр
@beisenali.aqmadiyar
@beisenali.aqmadiyar 6 жыл бұрын
Жаныңыз жаттатта болсын . Қазақтың Шер ағасы !
@ЖанарШаймерденова-н8в
@ЖанарШаймерденова-н8в 6 жыл бұрын
👍👍
@АраХисн
@АраХисн 5 жыл бұрын
Өйстіп шындықты айтатын адам қалмады ғой 😭😭😭😭😭
@ЕсетЖумаханов-з9б
@ЕсетЖумаханов-з9б 6 жыл бұрын
Шерага жылайтынак соз айттыгой. бираак мына ... кулип отыр.
@ғабитмилланерОразбаков
@ғабитмилланерОразбаков 5 жыл бұрын
Шерхан атамыз Бауыржан Момышұлы атамыздың тəрбиесын көрген жанында көп журген екеуіде құли елі шымырдан шыққан екі аңыз кісілер Алла мыйірімі болып жəндері жаннаттан болсын аумин нағыз қазағым деп еңіреген жандар мен солардын ұрпағымын шымыр құлимын мақтанамын осындай аталарыммен қазақтан шыққан 3 данышпан Тұрар Рысқұлов Бауыржан Момышұлы Шерхан Муртаза шымыр ышынде құли əр қазақ білуі керек.
@БолатБолатвич-н5ю
@БолатБолатвич-н5ю 5 жыл бұрын
Қазақ өзін қазақпын десе өз жерінде міндеті түрде қазақ тілінде сөйлейеп. Басқа ұлтқа үлгі болу керек.
@ЖанСулейменов-т8о
@ЖанСулейменов-т8о 5 жыл бұрын
Шер ага!жаныныз жаннаттан болсын!ертен кияметте жуздери жаркындардын катарынан кылсын!!Батыр агамыз-ай!!
@БакытжанДжексенбаева
@БакытжанДжексенбаева Жыл бұрын
ҚАЙРАН ШЕР АҒА. 😢😢😢 СІЗДЕЙ НАҚ СОЙЛЕЙТІН АҚЫЛДЫ ,ОЗ ҚАЗАҚ ЕЛІН ЖАҚСЫ КОРЕТІН АЗАМАТТАР ТАҒЫ БОЛАДЫ МА ЕКЕН. ЖАНЫҢЫЗ ЖАННАТТА БОЛСЫН.😢
@fanarkabukali5992
@fanarkabukali5992 5 жыл бұрын
ия иманды жаныңз жаннатта болсын дəл қазыр сіздеи адам керек осы елге
@ЕсетЖумаханов-з9б
@ЕсетЖумаханов-з9б 6 жыл бұрын
жумактан болсын жайыныз.
@ЖамагатШалаш
@ЖамагатШалаш 3 жыл бұрын
Шераға жаныңыз жәннәттә болғай. Шерағаңдай ұлтжанды азаматтың шам алып іздейтін шығармыз.
@КайракбайШыманов
@КайракбайШыманов 5 жыл бұрын
Ее Аға таиымаи Елимдеп енрген ер ағам иманды болсын
@ШынгысханЖакыпбеков
@ШынгысханЖакыпбеков 5 жыл бұрын
Не деген жанашырлық,қалғандарына қарным тойса жетер деп шікірейіп отыр, қазақ тілі қазаққа ғана керек!!!
@azamatuni2394
@azamatuni2394 Жыл бұрын
Қазақ үшін осыдан артық не деп шырылдайды. Қайран аға! Жатқан жерің жәннәт болсын. Әттең менің орысқұл мәңгүрттерім. Сендерге ұлттық сана сезім қашан қалыптасады шіркін!!...
@lamakeio3943
@lamakeio3943 3 жыл бұрын
Қазақ тіл мемлекеттік жəне жалғыз қазақ тіл басқа əңгіме жоқ бүні қөзғамаукерек Шерхан Мүртаза ңағыз жанашар қазақ
@АскарНурсултан-о2р
@АскарНурсултан-о2р 5 жыл бұрын
Қайран атамыз жаныңыз жəннəтта болсын
@АсабаЕРМЕКМУНСЫЗБАЕВ
@АсабаЕРМЕКМУНСЫЗБАЕВ 4 жыл бұрын
Бари кулип отыр, ал агамыз болашак туралы шырылдап айтып жатыр, кайран Шерагам ай жаткан жерин жайлы болсын
@Құрмаш
@Құрмаш 5 жыл бұрын
30 жыл болды тіл мәселесі әлі шешілмеді! өкінішті!
@ИмангалиЕсенгалиев
@ИмангалиЕсенгалиев 2 жыл бұрын
Отырган казактардын кулип отыр ,нагыз мангуртер ,соларды депутардеп санаймыз ,халыкты ойлайттеп ,булар нагыз казактын жауы деп ойлаймын ,кандай намысы жок кисилер ,Соны корип отырып Калай биз Халык боламыз ,агамыз сиз манги естмизде каласыз ,жаткан жериниз жайлы болсын ,сиздей тулга казир жок бизде ,осылай кете берсе ,бизде болашак жок деп санаймыз ,тил жогалса ,ел жогалады
@beka2059
@beka2059 6 жыл бұрын
Жаныңыз жәннатта болсын қайран ағам
@konisbaevisagali5521
@konisbaevisagali5521 4 жыл бұрын
Шіркін Шер ағам ай қазақтың қамын жей-жей өттің ау өмірден . Жатқан жерің жылы, топырағың торқа болсын. Алла тағала жаныңызды жаннаттың төрінде қылсын.
@beka2059
@beka2059 6 жыл бұрын
Қайран сабазым шырылдап ақ айтқан екен бірақ мына табақ беттерге миларына ештеңе қонатын емесқой
@РазияКушкарбаева
@РазияКушкарбаева 5 жыл бұрын
Қайран ағамыз , шындықты айтып жеткізе алмай кетті.Осы кісідей бола алмады ғой , қазіргі депутаттар ,. 1 000 000теңге алып ундемей отырады .Қорқып.
@RustemToylibaev
@RustemToylibaev Жыл бұрын
Тарлан десе тарлан
@СуйменбайТазабеков
@СуйменбайТазабеков 3 жыл бұрын
Керемет шындыкты бетке айтат сөзіндін түбін түсирет.
@СейтбекБеркин-ю9щ
@СейтбекБеркин-ю9щ 5 жыл бұрын
Қайран Шер аағам ай, қазақ боп туып қазақ өлдің. Шер ағамдай қазақ деп жылап қазақ боп туған болсақ, қазағым өмір бойы шалқып өмір сүрер еді. Өкінішке орай ел билеген ағаларымыз дейміз бе аталарымыз дейміз бе, бійлік қолда тек өз жағдайын жасап қалта томпайтуда. Қара халық жайына қалды. Талай зұлмат қуғын сүргін аштық көрген қазақ елі, қазақ халқы бұған төтеп берді. Енді бізге еш дағдарыссыз өмір сүруімізге ешкім еш уақытта кедергі жасай алмайды. Мысалы жаңа өзен қанды қиғасы, құйтырқы саясаты жүзеге аспай қалды Енді қазақстсан халқы қазақ халқы, жер байлығын елдің байлығын өз мүлдемізге пайдаланатын боламыз. Араб әмірлігіндегі шейхтер құсап өмір сүретін боламыз, бұған еш күмән жоқ.
@Kz_portal.88.89
@Kz_portal.88.89 4 жыл бұрын
Рахмет Алла разы болсын қазақ тылы қолдағаны нағыз қазақ болған Жаныңыз жаннатта болсын Алла раһымына алсын
@АлимАсан-п3в
@АлимАсан-п3в 6 жыл бұрын
Кайран Шер агам!
@ЕрмакАли
@ЕрмакАли 6 жыл бұрын
Халыктын камын ойлаймын деген шенуник, Шераганын созине кулгени неси, себеби олар тусинип турган жок Шерага не маселе котерип турганын, БИР КЕМ ДУНИЕ ДЕСЕЙШИ !!!
@ШынгысханЖакыпбеков
@ШынгысханЖакыпбеков 5 жыл бұрын
Шырылдаған бозторғай, қайтейін тіліміз байлаулы! Қайран ағам-ай!
@А21Самсунг-ь1й
@А21Самсунг-ь1й 4 жыл бұрын
Қайда әділеттілердің ұрпақтары?Керемет білімі терең парасатты азамат!!!Осындай намысты азаматтар,патриоттар бар ма? Қандай керемет адам!!!Қазақтың біртуар азаматы!!!
@ДиханбайКорганов-э2я
@ДиханбайКорганов-э2я 5 жыл бұрын
Шерхан ага жаткан дерин жанна та болсын
@nurbekabdikarimov7375
@nurbekabdikarimov7375 5 жыл бұрын
Сол кезде үкімет тізгіні Сергей Терещенкода болса, іспен сөздің арасы алыстап кеткен екенгойй
@aishegulkakibai5702
@aishegulkakibai5702 5 жыл бұрын
Енди корип отырмыз осынын барин! Билиминизден, намысыныздан, енбегинизден айналдым! Нагыз ел жанашыры!
@РахметБ
@РахметБ 5 жыл бұрын
Кәзірде өзгерген жоқ.билікті өзгерту керек.
@СаламатСекетаев-и8в
@СаламатСекетаев-и8в 6 жыл бұрын
Шер ага жаныныз жанната болсын
@нако2010ергеш
@нако2010ергеш 3 жыл бұрын
Шер Аға!!! Жатқан жеріңіз жайлы болсын! Қазақ үшін, қазақ ұлты үшін жанын беретін бір ғасырда бір рет туатын ерекше азамат еді!
@ЖанадилСейдалиев-н2щ
@ЖанадилСейдалиев-н2щ 4 жыл бұрын
Алла разы болсын иманы жолдас болсын Аминь
@СалдатБулаг
@СалдатБулаг 5 жыл бұрын
Иманды болыңыз қандай асыл сөздермен жеткізіп айтыңыз қазақ тілінің мұңын .
@ЖАНДОСКАМБАРБЕКОВ-ш9я
@ЖАНДОСКАМБАРБЕКОВ-ш9я Жыл бұрын
Неткен мықты азамат болған Шерағамыз! Қазір ондай адам жоқ, туылмайды ау жақын арада((
@nurikbro6492
@nurikbro6492 5 жыл бұрын
Ойхой дүнйе-ай!! Қашанғы чырылдай берер екенбіз... сөзіңіз ақылдының ақылында мəңгі болады ғой ....
@калампырАманова
@калампырАманова 5 жыл бұрын
Тіліп аиттау жараисын ага .жаткан жери жаилы болсын
@asylbektuietaev1356
@asylbektuietaev1356 4 жыл бұрын
Қазақ жанашыры, батыр атамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
@АлмазянНар
@АлмазянНар 5 жыл бұрын
Герой, просто герой!!!!!!!!!!!!
@АкмаралСадвакасова-х9н
@АкмаралСадвакасова-х9н 5 жыл бұрын
Иманды болсын 🤲🏻
@sherkhanrysbekuly2829
@sherkhanrysbekuly2829 7 ай бұрын
әруағыңнан айналайын Шераға.. Алла алдыңнан жарылқасын, жатқан жерің жайлы жарық болсын. Жұмақтың төрінен орын алғайсың
@ЕрқанатКенжебеков
@ЕрқанатКенжебеков 4 жыл бұрын
Əй қазақтың баласы,осындай азаматтарды,толғататын бір қатын қашан туар екен?
@МадиШөмекей
@МадиШөмекей 2 ай бұрын
Шер аға шерлі болды, Шер аға шырлдап өтті, Шер аға Қазаққа өл-өлгенше еңбек етті. Шерхан Мұртаза атамыздың жаны жаннатта болсын! Алла қабырын Құран нұрымен нұрландырсын әмин 🤲
@ayazgultemirova246
@ayazgultemirova246 6 жыл бұрын
Жаны жаннатта болсын Аумин
@КурбанКылышбаева
@КурбанКылышбаева 5 жыл бұрын
Ayazgul Temirova і
@КурбанКылышбаева
@КурбанКылышбаева 5 жыл бұрын
3
@КурбанКылышбаева
@КурбанКылышбаева 5 жыл бұрын
Ayazgul Temirova 8
@КурбанКылышбаева
@КурбанКылышбаева 5 жыл бұрын
Ayazgul Temirova с
@qipshaqqazaq3395
@qipshaqqazaq3395 5 жыл бұрын
Қайтыс боларының алды 10 жылдан артық көрінбей кетті, неге екен., кім біледі?
@БекдосЕркебаев-ц2т
@БекдосЕркебаев-ц2т 5 жыл бұрын
Ауылда жүрді менің ауылымда тұрады бұл Шер аға
@alashkazak2521
@alashkazak2521 5 жыл бұрын
Алтын адам Шерхан аға
@ЕрдаулетҮмбетай
@ЕрдаулетҮмбетай 5 жыл бұрын
Шерағаңның ойын сабақтасам, "басшы біреу болса, қалғаны тіреу болады" ары қарай "басшы екеу болса, бірін бірі іреу болады".
@НурбекНурбосын
@НурбекНурбосын 4 жыл бұрын
Нағыз қазағым деп журегі елжірейтін ағамыз нағыз приздент болатын ағамыз еді
@АлібекАБС
@АлібекАБС 4 жыл бұрын
Ай данышпан атамыз ай,казирги уакытта керек болып турсын Шерхан ата!
@zhtolendi
@zhtolendi 4 жыл бұрын
Алла Тағала рахымына алсын!
@ДаниярТемирбек-с8э
@ДаниярТемирбек-с8э 5 жыл бұрын
Серікболсын Әбілдин ағада отыр ғой
@НазараЖолымбет
@НазараЖолымбет 5 жыл бұрын
Бәріне біз қазаұтар өзіміз кінәліміз. Біз малмыз, намыссызбыз. Әйтпесе анау өзбектер Тәуелсіздік алысымен сразу іс қағаздың бәрін өзбекшеге аударды.Сосын тура былай деді:- Біз өзбек мемлекетін құрамыз кететіндер қазір кетсін, кейін шекара жабылады деді де шекараны жауып тастап бәрінің паспортына өзбек деп жазып біразын ассимляциялады. Оның ішінде қаншама миллион қазақта бар. Негізі қазақты бұған дейін де ташкентті бізден алатын кезде өзбектендірген болатын. Қазіргі кезде өсімін қосып айтар болсақ 7-миллиондай қазақ өзбек болып жазылып кетті. Және оларға көшпенді өзбек деген өтірік тарих жасап беріп, бәрін соған сендіріп отыр. Міне халық болам ел болам деген мемлекет осылай жасауы керек. Енді қытай тілін енгізбей тұрғанда тез қимылдап тілімізді тұғырына қондырмасақ, және қытай экспанциясына қарсы тұрмасақ құримыз. Бұл ащщы шындық.
@binukaalzhanbay958
@binukaalzhanbay958 6 жыл бұрын
Храпунов деген албасты отыр ғой. Сол кезде жұмыстан шығарып жіберу керек еді
@zaureshbasykaraeva4042
@zaureshbasykaraeva4042 6 жыл бұрын
Қазақ тілінің мазақ тіл екені мына ыржалаңдап отырған ыржақайлардан-ақ көре беріңдер.Ой, сорлылар!
@ЕрболКадиргалиев-й3ю
@ЕрболКадиргалиев-й3ю 6 жыл бұрын
Шерхан ага
@miss__poshy3651
@miss__poshy3651 5 жыл бұрын
Тарихта кушти тулгалар калган екен гой, осы кисиге ескерткиш койылатын шыгар,
@алаш-ю8г
@алаш-ю8г 4 жыл бұрын
Қаибетерің мен күліп отырсыңсар түңілмеи
@КумискулПилмахамбетова
@КумискулПилмахамбетова 5 жыл бұрын
АЙНАЛАЙЫН КОКЕ ҚАЙДА ЖУРСИН !!!
@ИбатуллаСатыбалдиев
@ИбатуллаСатыбалдиев 5 жыл бұрын
Шер агамыздын корегендилигинде соз жок.
@gamer-ff763
@gamer-ff763 4 жыл бұрын
айналайын арысым жаның жанатта болсын,
@didar9241
@didar9241 5 жыл бұрын
Баяғыдан бүгінге дейін қаншама орыстар өздері тағы өзге елде тұрып өз тілінде сөйлеп, одан қаласа бізге дауыстарын үдетіп сөйлейді. Сол өтірік пе соның бәрі?
@ГУЛЬБАРШИНЖумашева-ф7е
@ГУЛЬБАРШИНЖумашева-ф7е 5 жыл бұрын
ОРАСТАР ЕСІНЕП ОТЫР ҚЕЛҒЫП МҮЛЬГІП ОТЫР ҚАЗАҚ АЗАМАТТАР ОТЫРҒАН қалмай қолдайалмай қорқыт жалтақтар
@СерикКабиев-о3н
@СерикКабиев-о3н 5 жыл бұрын
Уа шіркін Шерхан атамыз еліміздің жан ашыры болған екенау.Орныңыз жұмақтан болғай.Енді міне қазіргі топастар ана тілімізді жою əрекетінде,жерімізді сатты, өз халқына оқ атты . Ел қарғысын алған есектер. УА АРАҚ ҚОЛДАЙГӨР ҰЛТЫМЫЗДЫ.
@МаксатЖуманов-д8р
@МаксатЖуманов-д8р 5 жыл бұрын
Шер Ага жаткан жерыныз жайлы болсын нагыз казахтын акыны жазушысы атак данктын барин сыз сиякты адамдарга беру керек еды кашан багымыз ашылады екен
@АманбекЖумагалиев
@АманбекЖумагалиев 4 жыл бұрын
Бірреуі бір шын ниетімен қол соқпайды әй😤😤😤...
@ЛазатАбдымомынова-р2ю
@ЛазатАбдымомынова-р2ю 5 жыл бұрын
Меним Алтын агатайым сол,жаткан жерин жанатта болсын!Сиздей аулие ,батыл ,шыншыл кисилер дал осы казирги танда коп болса гой,ширкин! Ел ушин енбек еттиниз ,сизди кадир тутпайтын казак жок,сиз манги ел есиндесиз агатайым! Аксайдын аузынан анырап аккан тап таза молдир суындай, Сол ауылдан сиздей ,Бауыржан атамдай шындык ушин,ел ушин жанын киятын азаматтар шыгады деп сенемин.Ойткени сол ауылда тарбие мыкты!
@НазираБердалиева-м1з
@НазираБердалиева-м1з 5 жыл бұрын
Шер аганын созин тындауга лайыкты адам отырган жок,бари ширенип маз болып жетисип отыр. Шынымен тусинсе жылар еди отырып. Бундайларга жаксы соз кор болып кетти Кайран Шер ага😟
@cartoons2676
@cartoons2676 4 жыл бұрын
күлкі емес көкжөтел ғой бұлардікі.
@maidanasenov6217
@maidanasenov6217 5 жыл бұрын
Алла қолдасын Қазақ тілі дамиды
@МаратСатаев-м3ф
@МаратСатаев-м3ф 5 жыл бұрын
Жатқан жеріңіз жайлы болсын атамызға
@qipshaqqazaq3395
@qipshaqqazaq3395 5 жыл бұрын
Бір басшы болу керек дегені дұрыс-ақ, мәселе қандай басшыда ғой.
@Маржанамзеева-о8н
@Маржанамзеева-о8н 5 жыл бұрын
Шерхан атамыз тiрi болганда. Халыктын бiржагына шыгар едi.жаткан жерiнiз жайлы болсын!.Аумиiн.
@yqylasseisenali9159
@yqylasseisenali9159 5 жыл бұрын
Қазағым аман болсын үлы халық екенбізғой
@amantayainabekova6816
@amantayainabekova6816 Жыл бұрын
Ой нағыз жанашыр атамыз қазақ тілі үшін, қазақ үшін жанын берген ұлтшыл азамат еді. Қалай терең сөйлейді аға. Ғажап адам , сөз саптауы ерекше ғой шіркін.
Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы. «БІРЕГЕЙ». Деректі фильм
41:04
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 9 М.
Trick-or-Treating in a Rush. Part 2
00:37
Daniel LaBelle
Рет қаралды 47 МЛН
風船をキャッチしろ!🎈 Balloon catch Challenges
00:57
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 87 МЛН
БІРЕГЕЙ. Шерхан Мұртаза
41:19
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 16 М.
Самый богатый человек в Вавилоне. Джордж Клейсон. Аудиокнига целиком
3:44:13
Полезные книги. Аудиокниги для жизни
Рет қаралды 3,3 МЛН
ბაკურ გულუას ისტორია - ნაწილი II - საქართველოს დაბადება
2:33:39
Антон Павлович Чехов.  Три года.  аудиокнига.
3:57:42
Литература аудиокниги
Рет қаралды 3,5 МЛН
Самый богатый человек в Вавилоне. Джордж Самюэль Клейсон. [Аудиокнига]
3:44:33
Аудиокниги издательства - AB Publishing
Рет қаралды 1 МЛН
Trick-or-Treating in a Rush. Part 2
00:37
Daniel LaBelle
Рет қаралды 47 МЛН