Рет қаралды 13,036
Арнамызға жазылып, қоңыраушаны басуды ұмытпаңыз 🔔 / @halyq-uni
«Халық Үнін» бірге жеткізейік!
_________________________
Өткен аптада ForteBank хабарландыру жариялап, сынға қалды. Хабарландыру мәтінінде "қазақ тілін білу міндетті емес" деген талап бар. Осыдан кейін әлеуметтік желіде банк қызметінен бас тартуды ұсынып жатқандар бар.
Дауға ұласқан хабарламадан кейін ForteBank мән-жайды түсіндіріп, әрекеті үшін кешірім сұрады. Қаржылық ұйымның айтуынша, хабарландыруды жасанды интеллект әзірлеген. Алайда банктің жауапты қызметкері оны тексермеген.
"Тіл мәселесі, оның ішінде қазақ тілі елімізде өте маңызды екенін білеміз және түсінеміз. Болған жағдай үшін жын жүректен кешірім сұраймыз. Мамандарымыз шұғыл түрде тексеріс жүргізіп, қателік роботтан кеткенін анықтады" деп жауап берді банк баспасөз қызметі.
Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса ХАЛЫҚ ҮНІ тілшісіне берген жауабында мұндай даулардың шешімі "Мемлекеттік тіл туралы" заң қабылдау деп есептейтінін айтты.
_________________________
Бізбен байланыс:
Сайт - halyq-uni.kz/
Instagram - / halyquni.media
Telegram - t.me/halyquni
TikTok - / halyquni
Біздің жобалар. Сілтемені басып көріңіз ⬇
• Ozgeshe podcast
• AQ Soile - сұхбат
• Ащы шындық
• Жанайқай
#мәжілісдепутаты #ҚазақТілі