Жыламайтын еркектер, ойынқұмар портреті | лудоманияны емдейтін қазақтілді жалғыз психолог

  Рет қаралды 4,224

ХАЛЫҚ ҮНІ

ХАЛЫҚ ҮНІ

Күн бұрын

Арнамызға жазылып, қоңыраушаны басуды ұмытпаңыз 🔔 / @halyq-uni
«Халық Үнін» бірге жеткізейік!
_________________________
Қазақстанда құмар ойынның жетегінде кеткен жастар да, оның ішінде қыз-келіншектер де көбейген. Лудоманияға шалдыққандар өртеңге шыққан шөптей көбейсе де, оларды емдейтін орталықтар өте аз. Әсіресе, құмар ойынның соңынан кеткен қазақтілді адамдарды емдейтін, оларды дұрыс жолға салатын орталықтар жоқтың қасы. Бұл туралы Қазақстанда лудоманияны емдейтін жалғыз қазақтілді психолог Серікгүл Сәли айтып берді.
Психологтың айтуынша, адамдардың басым бөлігі ақша үшін емес, сезім үшін ойнайды. Серікгүл Сәлиге жүгінгендердің арасында танымал адамдар да бар. Психолог көтерген осы және басқа да мәселелерді сұқбаттан көре аласыз.
00:00 Анонс
00:49 Амандасу
01:40 Қазақ қоғамының тамырына балта шауып жатыр
02:45 Ауыр жұмыс ауруды асқындырады
04:03 Ауру адамның еркінен мықты
05:45 Төрт құбыласы тең адам тәуелді болмайды
07:59 Ойынқұмар қыздар, әйелдер көбейіп жатыр
11:48 Емдеуде қандай әдістер қолданылады?
14:07 "Олар - барып тұрған эгоистер"
16:01 Анасының қартайып кеткенін көзі ашылғанда ғана көреді
17:41 Соғыстан қалған психология - сезімнен жұрдай болу!
22:05 Оларды емдеу - тапсырмадан басталады
25:07 Қазақтілді орталарда өте қатты дендеген
27:48 Қазақы отбастарының 95%-ы өтіріктің ішінде өмір сүреді
31:25 Жазылу ықтималдылығы - 70%
32:59 Арасында танымал тұлғалар көп
34:58 Букмекерлік кеңселер қарқын алған бизнес әрі ең ірі демеушілер
40:29 Республика партиясының мүшесі хабарласам деп жоқ болып кетті
41:18 Бәс тігу орындарының табысы 600 млрд теңгеден асты
44:23 Қандай қызметтегі адамдар келіп емделеді?
47:43 Емдетуге жұмсалатын ақшаның бір бөлігін мемлекет төлеп берсе...
52:00 Емделгеннен кейін еркіндікті біртіндеп қана береміз
53:00 "Автобустың рулі" бейсанасындағы монстрдың қолында
54:19 Қоштасу
_________________________
Бізбен байланыс:
Сайт - halyq-uni.kz/
Instagram - / halyquni.media
Telegram - t.me/halyquni
TikTok - / halyquni
Біздің жобалар. Сілтемені басып көріңіз ⬇
• Ozgeshe podcast
• AQ Soile - сұхбат
• Ащы шындық
• Жанайқай
#букмекерлікКеңсе #лудомания #ойынқұмар

Пікірлер: 42
@user-ep3fi5ll8c
@user-ep3fi5ll8c 10 ай бұрын
Өкіметке айтып, арыз жазып, интернеттегі онлайн кредит беретінді тоқтаттыру керек,лохотронды құрту керек!!!
@user-uv4iq2zo7u
@user-uv4iq2zo7u 2 ай бұрын
Осы құмар ойыны болмағанда менің жағдайым бөлек болар еді. Амалдап өз өзіммен күресіп жатырмын. Иншалла жеңемін!!!
@user-bz3if1hk5p
@user-bz3if1hk5p 10 ай бұрын
Тамаша! Серікгул ханым сізге рахмет. Сіз қаншама адамдардың көзін ашуына көмектесіп жүрсіз. Қаншама аналар, әйелдерге одан қалды тәуелділерге сізге алғысым шексіз. Ісіңізге сәттілік, аман болыңыз. Халық үні телеарнасына рахмет, істеріңізге сәттілік
@GulmiraOtenova-qw4es
@GulmiraOtenova-qw4es 10 ай бұрын
Серікгул ханым жұмысыңыздың берексін берсін
@user-jb6zy2jl4b
@user-jb6zy2jl4b 26 күн бұрын
Онлайн қүмар ойынын күндік пайызға несие беретін банктерге шектеу қою керек.Құрыдық қой,күйреп,құтқармаса қазақтың құруына тағы бір себеп болады.
@GulmiraOtenova-qw4es
@GulmiraOtenova-qw4es 10 ай бұрын
Керемет сұхбат, жұмыстарыңызға сәттілік, бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып тұр, интернет желісіндегі ойын, займ беретін рекламаларды шектеу керек, Мемлекет тарапынан тез қолға алса екен
@muhasalah4805
@muhasalah4805 5 ай бұрын
Мен бардым сауығуға бірақ қоя алмадым ! Шыққан күні қайта ойнап кеттім .не істесем болады енді !өлсем ғана тоқтайтын сяқты осы ойын ! Барлығанан айрылдым .тек қана Тезірек өлгім келеді ! Жауыма да тілемеймін осы тәуелділікті ! Шаршадім өте қатты .10 жылдан асты осыған кіргеніме .тозақ өмір ,өтріктен шаршайсың .әрдайым тәуекелде жүресің .басқа әлемде жүресің .қарапайым барына қанағат ететін ,ақшаның ,туған туыстың ,жақындарының ,барының қадірін білетін адамдарды көрсем қызығамын өте ,жылаймын соларды көріп ,құмарлыққа салынбай жүрген кездерім есіме түседі …қандай бақатты едім сол кездерде ! Жоламаңыздар бұл бәлеге! Сау болыңыздар !
@user-gz8bs6zn3x
@user-gz8bs6zn3x 10 ай бұрын
Ойын аппараттары, есірткі саудалаушы, спирттік ішімдік өндірушілерімен сатушылары қандай күнәға батып жатқанын білеме екен, біреулердің көз жасымен, өлім құшып жатқандардың арқасында байып, нан жеп отырғандар. Қалай арамдықпен келген ас қалай тамақтарынан өтеді екен. Зардап шегіп жатқандардың орнына өздеріңді, бала-шағаңды, бауырларыңды, туған туысқандарыңды қойып көрдіңдерме? Елдің қарғысына ұшырап бала-шағаңның, ұрпағыңның өмірі быт-шыт болмасына кепілдік бересіңдерме? Ойланыңдар???
@user-fo4bk1nt8g
@user-fo4bk1nt8g 4 ай бұрын
Ауру екенимди кыруар карызга батканда бир ак тусиндим казир токтаттым бирак сондада ауага ушкан карыз акшаны есиме алсам омирден тунилип кетем
@user-jb6zy2jl4b
@user-jb6zy2jl4b 26 күн бұрын
Қарыз алып ойнау,( пайызға несие алып,қарызға батып,адамнан қарыз),соңы не болады екен,пайыз өсуде,сататынның бәрі сатып болды,енді сонша қарызды қалай төлейді.
@user-wj1vs7fr1f
@user-wj1vs7fr1f 2 ай бұрын
Насыбаиды құртамыз деп заң шығарғанша осыны құртпаима өкмете ми жоқ осы
@user-cy4ud9ft1s
@user-cy4ud9ft1s 10 ай бұрын
Серікгүл,бұл проблемадан қалай құтыламыз????? Адамдар бұл проблеманы Өкімет деңгейіне көтеру керек . Қазақтардың Жаңа АУРУы!!!!!!!
@sssssss3526
@sssssss3526 10 ай бұрын
Істерінізге Алла берекесін берсін, коп рахмет сіздерге. Астанадағы мекен жайды жазсаныздар жақсы болар еді.
@user-ye9qd3oe1o
@user-ye9qd3oe1o 10 ай бұрын
Айлык аз сосын,женил акша табам деп ойлайды,олардын да себептери коп
@user-ep3fi5ll8c
@user-ep3fi5ll8c 10 ай бұрын
Адресіңізді толық жазып жіберіңізші, телефон бәрін өтінеміз!!!
@user-th8nq9mw4p
@user-th8nq9mw4p 10 ай бұрын
Халыктын жумысы жоктыктан, семьясын асырай алмай, кредитке батып кеткен сон, амалдары болмай женiл Акша табу ушiн Ойынга Калай кiрiп кеткенiн бiлмей калады. Бул Кузыр деген ауыру.
@user-wl8oe7wx5d
@user-wl8oe7wx5d 9 ай бұрын
Ия, бұл ауру! Қазір жастардың ішіндегі улкен шешуі жоқ мәселе, мемлекет жағынан көмек болмаса әр отбасы ауру адаммен бірге құрдымға кетері анық. Өкіметтің көмегі керек, сіздің( психолог ) айтқаныңыз тұп тура, айтқандары өтірік, алғандары кредит , адамшылық қаситетен жұрдай. Өмір сүргілері келмейді, көбнесе өлгілері келіп тұрады.Өте қиын жағдай, өздерінің ауруға шалдыққанымен қоймай , отбасын уайым қайғыға, әбігерге салады. Бұндай күн кешкеніңше , өлгің келсе өл ал дейтін жағдайға жеткізеді. Басқа салмасын, қазіргі кезде ең қарқын алып келе жатқан пробема.... тездетіп бұл мәселемен күресуді мемлекет қолға алуы керек. Дабыл, дабыл, дабыл !!!
@user-wb5fj9xh1y
@user-wb5fj9xh1y 10 ай бұрын
Серікгүл Сали деп инстадан тауып аласыздар немесе Көмек психологиялық орталық деп. Астана қаласы Жәнібек Тархана 17
@user-vz7bz1hj8t
@user-vz7bz1hj8t 10 ай бұрын
Жаксы айтты
@user-mn1kn6tc2n
@user-mn1kn6tc2n 10 ай бұрын
Ассалаумағалайкум, өте керемет бағдарлама екен. Астанадағы бұл кісінің мекен жайын жазсаңыздар керемет болар еді.
@user-xs4fb5tq7t
@user-xs4fb5tq7t 3 ай бұрын
Адрес жазсаңыз отініш
@user-xs4fb5tq7t
@user-xs4fb5tq7t 3 ай бұрын
Хотя телефон
@user-kg5ke3xr6g
@user-kg5ke3xr6g 27 күн бұрын
Адрес қалай кімге хабарлауға болады
@user-do1zk4td8n
@user-do1zk4td8n 10 ай бұрын
Калай ойнасада ол дурыс емес. Кумар ойындарды жабу керек . Тамырымен курту керек.
@wec36
@wec36 10 ай бұрын
Алматыдасыздарма?
@jandosbaidilda6530
@jandosbaidilda6530 10 ай бұрын
Букмекер дегенді жою мүмкін емес, бірақ ретін тауып шектеу керек.
@user-fo4bk1nt8g
@user-fo4bk1nt8g 4 ай бұрын
Алланын атымен ант етип койдым деп соз берип. Уакыт оте кайта барып койып журдим оз ойым Алланын каргысына калдымба деп ойлайм казир катты кыйын жагдайдамын оган ешкимди киналамай барине озим кинали 😢
@user-dl3mj4wq7r
@user-dl3mj4wq7r 10 ай бұрын
Телефон номері Адресі жоқ па
@user-wj1vs7fr1f
@user-wj1vs7fr1f 2 ай бұрын
Менің де келіншегім осыған кіріп кетті енді менімен ажырасамдеп арыз жазып ажырасты енді емдетеиін десем көнбеит не істеим туыстарына аитып емдетеиік десем олар көнбеит
@user-ci4si4oh9x
@user-ci4si4oh9x 10 ай бұрын
Колга алса жаксы болар еды .Тубегейлы курту керек
@user-cj9yn8xy4f
@user-cj9yn8xy4f 10 ай бұрын
Жоқ.қоймады Енді.ток.етері.еміңіз.қанша Озім.туыстарымнан.жасырмаймын
@user-jx7ol4dp6m
@user-jx7ol4dp6m 7 ай бұрын
Коюга болады озим койдым((( Лото клуп ойнап 15 милион уткыздым 1 жарым жулда
@user-kd7xi7hz5z
@user-kd7xi7hz5z 6 күн бұрын
Игроманды наркоман мен алкоголикпен қосып емдегенде бириники бирине жұқпай ма
@wec36
@wec36 10 ай бұрын
Мекемеңіздердің адрес, телефоны барма?
@wec36
@wec36 10 ай бұрын
Серикгулмен қалай байланусуға болады?
@user-de6gv9yw4n
@user-de6gv9yw4n 2 ай бұрын
Серыкул Калай сыздын телефоныныз керек Калай табамыз адресыныз
@senbek1972
@senbek1972 10 ай бұрын
Бұл маманның байланыс номерін қалдыру керек қой астына
@user-fo4bk1nt8g
@user-fo4bk1nt8g 4 ай бұрын
Еее х Алла осы ойындарды токтатын бийлик бар болсагой коп адамдар айтуы мумкин ойнама озин киналисин деп бирак бир нарсени есинизге алыныздар бул ойын кумарлык бирак сатте кирип кетуниз мумкин
@user-fo4bk1nt8g
@user-fo4bk1nt8g 4 ай бұрын
Азарт деген каттты еми жок ауру бул тусинген басынан откен адамдар тусинеди мен озим казир омирмен коштаскым келеди бирак онай емес
@user-np7ik1kl9s
@user-np7ik1kl9s 20 күн бұрын
Шыда родной енди жолама
@user-fo4bk1nt8g
@user-fo4bk1nt8g 20 күн бұрын
@@user-np7ik1kl9s амал жок брат шыдау керек
@Aa-xk1rq
@Aa-xk1rq 3 ай бұрын
Инстаграмнан Астана қаласынан Көмек сентр деп іздеп көрсеңіз ,тел.нөміріне хабарласып,осы психологтың нөмірін сұрауға болатын шығар
Eccentric clown jack #short #angel #clown
00:33
Super Beauty team
Рет қаралды 23 МЛН
小路飞姐姐居然让路飞小路飞都消失了#海贼王  #路飞
00:47
路飞与唐舞桐
Рет қаралды 95 МЛН
Психологқа қашан көріну керек? | Ләйлә Сұлтанқызы
45:13
Laila Sultankyzy / Ләйлә Сұлтанқызы
Рет қаралды 15 М.
Eccentric clown jack #short #angel #clown
00:33
Super Beauty team
Рет қаралды 23 МЛН