HTML+CSS+JS соңғы сабақ [ТЕСТ ТАПСЫРУ]

  Рет қаралды 172

ҚАЗАҚША САБАҚТАР

ҚАЗАҚША САБАҚТАР

3 ай бұрын

Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама НТТР (Hyper Text Transfer Protocol - гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері - интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wide Web қызметі пайда болды. WWW (World Wide Web)-ні «Дүниежүзілік өрмек», кейде қысқа түрде Web (веб) деп атайды.
Web-бет - бұл мәтіннен, графикалық иллюстрациялардан, мультимедиалық нысандардан тұратын құжаттар жиынтығы.
HTML гипермәтіндік тілін 1989 жылы Тим Бернерс-Ли ұсынғаны белгілі. Тегтер программалау тілдеріндегі «BEGIN END» жақша ұғымдарына жақын және жергілікті айнымалылардың HTML атауларының арасындағы амалдардың аймағын білдіреді.
НТМL тілінің атқаратын қызметі. Web-беттері экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенімен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды, өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерді пайдаланады.
HTML - гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді web-беттер түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.
Тегдегеніміз не?
HTML тiлiнде колданылатын командалар «тег» деп аталады. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз.
Web-бет туралы түсінік. Web-сайт - бір тақырып бойынша біріктірілген және гиперсілтемелер бойынша байланыстырылған құжаттар жиынтығы. Web-беттер жиынтығы, әдетте, web-бет, сайт атауы мен мекенжайы жазылған бума түрінде серверде орналастырылады.
Web-құжат - тегтермен толықтырылған мәтіндік файл, оның мәтіндерін бір-бірімен байланыстыра отырып, белгілеуге мүмкіндік беретін HTML тілі.
Web-сайт - екі негізгі компонентті қамтитын ақпараттық жүйе.
Олар:
1) Көрсету компоненті (front-end). Оған мазмұнының көрінісі кіреді (беттер өлшемі, графика, аудио, мәтін).
2) Жүзеге асыру компоненті (back-end). Көрсету компонентіне негіз болатын сценарий, серверлік компоненттері бар кодтар жатады.
Сайтты жоспарлау кезеңдері:
- Сайтты қандай мақсатта жасауды анықтау;
- Сайтта қандай ақпарат орналастыру керектігін анықтау;
- Қажетті ақпаратты жинақтау;
- Сайттың дизайнын белгілеу;
- Сайттың логикалық құрылымын дайындау;
- Сайттың физикалық құрылымын ойластыру, сайтты құрайтын бөлек файлдарды бумаларға бөліп алуды жоспарлау.
Web-сайт жұмысын ұйымдастыру кезеңдері:
- Жоспарлау;
- Элементтерді жасақтау;
- Программалау;
- Тестілеу;
- Жариялау;
- Жарнамалау;
- Бақылау.
Тестілеу - сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі. Тестілеу кезеңінде
сайттың дұрыс жұмыс істеуі, оның ішінде:
• сілтеменің жұмысы;
• мәтіндегі қателер;
• навигацияның тиімділігі;
• пошта және басқа формалардың дұрыс істеуі;
• графикалық файлдардың ашылуы тексеріледі.

Пікірлер: 2
@user-xh7jk8cd5c
@user-xh7jk8cd5c 3 ай бұрын
Керемет ісіңізге сәттілік
@user-hs5nl2nl8x
@user-hs5nl2nl8x 3 ай бұрын
Неге бәрін талдамадыңыз
Скрипт қолдану (JavaScript) [ҰБТ информатика]
11:39
ҚАЗАҚША САБАҚТАР
Рет қаралды 204
Я нашел кто меня пранкует!
00:51
Аришнев
Рет қаралды 2,1 МЛН
WHO DO I LOVE MOST?
00:22
dednahype
Рет қаралды 78 МЛН
Tom & Jerry !! 😂😂
00:59
Tibo InShape
Рет қаралды 60 МЛН
CSS-ті қолдану артықшылықтары [ҰБТ информатика]
9:08
ҚАЗАҚША САБАҚТАР
Рет қаралды 269
Практикалық жұмыс №1 (JavaScript) [ҰБТ информатика]
9:53
ҚАЗАҚША САБАҚТАР
Рет қаралды 337
Селектор түрлері [ҰБТ информатика]
18:31
ҚАЗАҚША САБАҚТАР
Рет қаралды 277
HTML сурет қою [ҰБТ информатика]
16:20
ҚАЗАҚША САБАҚТАР
Рет қаралды 363
HTML кестелер құру [ҰБТ информатика]
15:25
ҚАЗАҚША САБАҚТАР
Рет қаралды 316
ҚЫЗДАРҒА ҰНАУДЫҢ 9 ЕРЕЖЕСІ
6:27
Kuanhan
Рет қаралды 16 М.
Я нашел кто меня пранкует!
00:51
Аришнев
Рет қаралды 2,1 МЛН